Пятница, 2 октября

Боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Tarazy.kz ҰОК-қа сілтеп.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл — Қазақстан құрамасының бокс додасындағы алғашқы алтын медалі, сонымен қатар, Қазақстанның бокстан Азия ойындарында кейінгі 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі.

Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.

Exit mobile version