Жамбыл облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы барысында қызыл кітапқа енген жануарларды атқан аңшылар ұсталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы прокуратурасының бастамасымен республикалық «Охотзоопром» аңшылық инспекциясы және​ облыстық полиция департаменті қызметкерлерімен бірігіп, өңірдегі заңсыз аңшылықты анықтауға бағытталған іс-шараларды атқару барысында Қамқалы ауылына жақын маңда Тараз қаласының 31 және 36 жастағы тұрғындары Suzuki маркалы мотоциклімен ұсталды. Аталған азаматтардың көлігін тексеру кезінде 2 дана өлі қарақұйрық аңына ұқсас жануардың денесі мен бір денесіз жануардың басы, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді», — делінген хабарламада. 

Анықталған дерек аудан прокуратурасының арыз-шағымдарды есепке алу тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі («Заңсыз аңшылық, жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау») бойынша тергеу шаралары басталды.​ Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Exit mobile version