Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

      18.03.2026

      Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

      18.03.2026

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық жігіттің өлер алдындағы хатынан үш полицейдің есімі табылды

    Жамбылдық жігіттің өлер алдындағы хатынан үш полицейдің есімі табылды

    Өңір тынысы 26.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы тұрғынының айтуынша, полицейлер жұбайынан қыз зорлау қылмысын мойнына алуды талап еткен. Жамбыл облысының тұрғыны жұбайының өліміне полицейлерді кінәлап отыр. Айтуынша жасамаған қылмысын мойнына артуға тырысып күш көрсеткен.

    Александра Минголимова жұбайым жазықсыз түрмеде отырғысы келмеген соң, өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Полицейлердің қалай күш көрсеткенін марқұм хатқа жазып қалдырыпты. Шындыққа жете алмай шырылдаған артындағы туыстары әділдік іздейді, деп хабарлады «Астана» арнасы. 

    Жақындарының айтуынша, Дмитрийді 31 наурыз күні Байзақ ауданындағы үйінен тараздық тәртіп сақшылары алып кеткен. Оған қызға қатысты зорлық дерегі бойынша қылмысты мойнына алуды талап етіпті. Бұл жайында марқұм хатқа жазып қалдырыпты.   

    «3 полицей 200 мың теңге береміз, 2 жыл отырып шығасың деп үгіттейді. Ол оған көнбейді. Жасамаған қылмысты күш көрсету арқылы «мойныңа ал» деп сабап тастаған. Ол өзінің соңғы хатында осыны жазған. Оқ өтпейтін кеудеше кигізіп, бильярд таяғымен ұрып, қатты қорлайды. Денесінде электр шокермен қинаған жара іздері қалып қойған», — дейді марқұмның жұбайы Александра Минголимова.

    Зайыбының айтуынша, отағасы сол кеткеннен тек түңгі он екіде отбасына оралған. Ертесіне түстен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Александра құзырлы органдағылар «адам өліміне» қатысты істі де жіті қарамады дейді. Полиция болса мұнымен келіспейді.

    «Минголимов Дмитрийдің «өзіне қол жұмсау» дерегі бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Маусым айының 30-ы аталған істің қылмыстық құрамы болмауына байланысты іс өндірістен тоқтатылды», — деп түіндірді Жамбыл облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ноян Қиымбеков.

    Тергеушілер хатта айыпталған 3 полицейдің үстінен тексеру жүргізгендерін де хабарлады. Тек «түк таппадық» деп отыр. Шындық іздеп шарқ ұрған Минголимовтар әулеті, марқұм болған отағасының мәйітіне эксгумация жасауға бел буған.

    Айта кетейік, 27 жасында суицид жасаған Дмитрий пластик терезе жасайтын цехта жалданып жұмыс істеген. Оның артында қалған екі ұлы мен зайыбы полицейлер қызметтік бабын асыра пайдаланса да, түк болмағандай жұмыстарын істеп жүргеніне күйінеді.   

    полиция суицид

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Астанада референдумнан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

    15.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.