Назарбаев Байбекті қабылдады

0

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, – деп хабарлайды Тұңғыш Президент сайты.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Елбасына Jas Otan жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстарын баяндады.

Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.