Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.
Кездесуге күні кеше аталып өткен облысымыздың сексен жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды оқиғаларды насихаттауға белсене атсалысқан 80 журналист пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Өз кезегінде 14 журналист облыс әкімінің «Облысқа сіңірген үлесі үшін» белгісімен марапатталды.
Басқосу барысында аймақ басшысы жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірдің айтулы мерейтойының өз деңгейінде өтуіне атсалысқаны үшін төртінші билік өкілдеріне деген алғысын білдірді. Өз кезегінде журналистер де облыс басшысына көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді. Өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек еткен БАҚ өкілдері жемісті жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беруін тіледі.
Еркін форматта өткен жылы жүздесу естелік суретке түсумен түйінделді.