Жағдайы төмен отбасыларға компьютер үлестіру мәселесі пысықталды⠀⠀

0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы орта мектеп директорларының жиыны өтті.

«Орта мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» атты тақырыптағы жиында қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы У.Байдуанов осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар мен білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарының жай-күйі жөнінде баяндама жасады.⠀⠀

Сонымен қатар, Алмас Садубаев мектеп басшыларына жаңа оқу жылында жағдайы төмен отбасыларға компьютер үлестіру және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдайды зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, әкім орынбасары оқушылардың патриоттық, мәдени бағыттағы тәрбиесін күшейту, кітапханалардағы кітап қорын көбейту арқылы оқушыларды кітап оқуға баулу мәселесі төңірегінде бірқатар тапсырмалар берді. Жиын барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.