Қазақстан құрамасының футболшысы Ұлттар лигасындағы матчта алаң ортасынан гол салды

0

Қазақстан құрамасының футболшысы Айбол Әбікен Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда Албания құрамасының қақпасына алаң ортасынан гол салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Матч Тиран қаласында 15 қараша кешке болды. 

Бұл ойынның 24-минутында болды. Оған дейін Қазақстан құрамасының қақпасына екі доп салынған. Әбікен алаңның дәл ортасында қарсыластарынан допты алып шығып тепті. Ал қақпашы доптың «бұлай аяқ астынан» келетінін күтпегендей, ұстай алмай қалды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының тарихында мұндай гол болған емес, деп жазады Vesti.kz басылымы.

Матчта Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Ойыннан кейін Қазақстан төрт ұпаймен квартеттің соңында тұр. Топтағы бірінші орынға сегіз ұпаймен Албания құрамасы шықты.

Михаил Билектің ойыншылары келесі матчты Алматыда 18 қарашада Литва құрамасымен өткізеді. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.