Бұл билік ұлттық мүддені қорғайды, жемқорлықпен күреседі, тәуелсіздік үшін барын салады деп үміттенудің қажеті жоқ.
«Қазақтың жері — Ресейдің сыйы» деген сөздің төркіні қайдан шықты? Назарбаевтан. Оның өзі «қазақтың мемлекеттілігі болған жоқ, барлығы 1991 жылдан басталады» деген жоқ па еді? Былтыр қазіргі президент Тоқаев «Ресей Орталық Азиядағы жетекші рөлге ие болуы тиіс» деп құлдық санадағы мәлімдеме жасады. Бұларды тілдерінен тартқан кім? Қазақстанның басшылары осындай сөз айтып тұрса, Ресейдің империяшыл күштері басынбағанда, қайтеді?!
Басқа мәселеден мысал келтірейік. Өткен аптада Financial Times -та Құлыбаев туралы зерттеу жарияланды. 53 миллион доллар табысты қалай тапқанын егжей тегжейлі зерттеген. Неге билік үнсіз? Жемқорлықпен күресетін мекеме қайда? «Жемқорлардың басына қара бұлт үйіріп жатырмыз» деп жиыннан жиын өткізіп жатыр. Ал нақты іс қайда қалды?
Сол сияқты Өтемұратовтың бір өзінен 5 миллиард долларға тұратын байлық табылғанда билік тағы үнсіз қалды. Олигархтың басынан бір тал шаш түскен жоқ. Жабулы қазан жабулы күйінде. Осыны көре тұра, бұл билік мемлекеттік мүддені қорғайды, халықтың мәселесін ойлайды деп айта аласыз ба?
Несиелік амнистияны қанша уақыттан айтып келеміз. Миллиардтағы табылып жатса да, «ақша жоқ» деп міз бақпауда. Демек, бар мәселе — осы билікте. Күресуіміз тиіс. Шындықты ашық айтуымыз керек. 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне емес, алаңға, митингке шығуымыз қажет. Өз тағдырымызды, елдің мәселесін өзіміз шешуіміз керек!
Несиелік амнистия жариялансын десек, жерді қорғағымыз келсе, саяси реформаларды жүзеге асыру үшін күресуіміз тиіс! Сонда жеңеміз! Көп қорқытады, терең батырады. Біз миллионбыз, олар — ат төбеліндей топ.
Бұл жазба саяси белсенді Жанболат Мамайдың Facebook парақшасынан алынды
P.S: Жазба авторының пікірі Tarazy.kz сайты редакциясының көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.