Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 14 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Бүгінгі жағдайға байланысты жаңаша айтысқа да етіміз үйренді» — Қару Нұрзат

    «Бүгінгі жағдайға байланысты жаңаша айтысқа да етіміз үйренді» — Қару Нұрзат

    Азаматтық пікір 31.08.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қызылорда өңірінің тумасы, біршама республикалық айтыстарда Бас бәйгені қанжығалап жүрген, сонымен қатар, бүгінгі заман талабына сай «Оnline айтыс» жобасының бас жүлдегері атанған, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық  одағының мүшесі Нұрзат Қару жайлы білеміз бе?

    Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, оның ішінде елдің мұңы мен зарын ертеңге жеткізетін, қазақ дегенде қадіріңді бір ауыз сөзбен келтіріп, құрметіңді де арттыра салатын айтыс өнерінің орны ерекше. Киелі өнерді жанына серік еткен арудың жетістік жолы да айрықша.

    Нұрзат айтыс өнеріне келуіне өзінің ата-анасы себепші болғанын айтады. Себебі әкесі де, анасы да өнерден кенде емес екен.

    • Айтыс өнері алдымен ата-бабаларымыздан дарыған болуы керек. Әйтпесе, жайдан жай қазақтың қанына сіңісіп кетпесе керек-ті.  Жалпы әкем де, анам да өнерден кенде емес. Сол кісілердің де тәрбиесі болар қолыма домбыра ұстатқан. Одан бөлек студент кезімізде университеттің атынан жарыстарға қатысып жүріп айтыс көшіне еріп кеттік.

    «Қыз балаға айтыстың жүгін көтергеннен нардың жүгін көтерген оңай шығар» — дейді Нұрзат.

    • Қашаннан өнер жолы кімге болса оңай емес екені белгілі. Дегенмен, айтыс өнері жүре үйреніп кететін, болмаса жаттап алатын дүние емес. Ал осындай өнердің ішінде қыз балаға айтыстың жүгін көтергеннен нардың жүгін көтерген оңай шығар. Кейбір жандарға оңай көрінуі мүмкін, бірақ, өте қиын. Айтыста айтқыш болып жүргеніміз сол жүктің салмағын сезінгеннен кейін де шығар.

    Қазіргі ел басына төнген нәубет қай салаға болмасын айтарлықтай кедергі келтірді. Біраз танымал тұлғаларымыздан көз жазып қалдық. Нұрзат та бұл пандемияның ұлттық өнерге көп кесір тигізгенін айтады.

    • Пандемияның айтыс өнеріне көп кесірі тиді. Қаншама іс шарамыз өтпей қалды. Буырқанып жатқан өнерді сыртқа шығаратын да себеп керек қой. Жағдайға байланысты жаңаша айтысқа да етіміз үйренді. «ОНЛАЙН Айтыс» жобасын ұйымдастырып, сол жерде Бас жүлде алдым. Онлайннан офлайнға өткенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен.  Бәрі қалпына келетін шығар. Болашақта айтыс бүкіл жын ойнақтың орнын ауыстырып ең биік шыңда тұрады деп елестетемін өз басым, — дейді.

    Нұрзаттың айтыс өнеріндегі қарым-қабілетін аға-ұстазы, айтыстың алдаспанына айналған ақын Ринат Заитов қаршығаға теңейді.

    • Нұрзат қыздардың қаршығасы ғой. Кез келген ұшып бара жатқан құсты іліп түсетін қаршыға! Сырдың жырын әбден сіңірген, қара өлеңнің уызына жарыған деп ауыз толтырып айтып жүрмін өзім. Әселхан апасындай кейде шақпалығы бар, Әсия апасындай ақпалығы бар біз Нұрзат қарындасымыздан болашақта үлкен үміт күтеміз, — дейді танымал айтыскер ақын.

    Біз де Нұрзатқа шығармашылық шабыт, айтыс өнерінде тек биіктен көріне беруді тілейміз!

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025

    Мурал салуға дайындық пен зор тәжірибе керек – Сұлтан Аманжол

    31.08.2021

    Ұрпақтар сабақтастығы

    24.08.2021

    Мойынқұм тумасы Литва университетінің грантын жеңіп алды

    23.08.2021
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.