Жамбыл облысында “Аманат” қоғамдық ұйымы жұмысын бастады

0

«Аманат» қоғамдық ұйымының жұмысы 17-ші мамырда басталды. Ал бүгінде оның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Аманат» азаматтық платформасының Жамбыл облысы штабының төрайымы Парида Мамедованың қатысуымен өткен  баспасөз конференциясында айтылды.

Ағымдағы жылдың 17 мамыр – 29 мамыр уақыт аралығында  ТИК ҚАК өкілдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы штаб мүшелерімен кездесулер, олардың дауыс беру күніне дайындалған тексеру мақсатында сайлау учаскелеріне бару сынды31 іс-шара өткізілген.

Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен тәуелсіз бақылаушылар үшін тренингтер өткен болатын.

Айта кетейік, бүгінде «Аманат» базасында 459-ден астам бақылаушы оқытылып, толық қамтылу үшін бақылаушылардың жеткілікті саны дайындалған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.