Лох-Несс көлінде көпметрлі жыланбалық өмір сүретін секілді, оны осы күнге дейін құбыжыққа теңеп келген, – деп хабарлайды «ТВ-звезда».
Лох-Несс көліндегі алып жаратылыстың видеосы жарияланды.
Желі қолдаунышылары осы видеоның Шотландия суларында құбыжықтың бар екен растайтын бірден-бір дәлел.
Жаңа Зеландиядағы Отаго университеттерінің мамандары видеода алып жыланбалық түсірілгенін айтады. Оның ұзындығы он метрден асуы мүмкін.
Жергілікті балықшылар кеңесі ғалымдардың осы пікірімен келіседі.
«Шындықты айту керек – сіз жыланбалық кепінде алып нысанды көрген кезде, сіз ойыңызға бұл Лох-Несс құбыжығы деген ойға келетініңіз анық», – делінген видеоның сипаттамасында.
Видеоны 11 мың адам тамашалап үлгерген. Daily Star басылымының мәліметінше, көптеген адамдар мұның әйгілі құбыжық емес, жай ғана жыланбалық екеніне сенгісі келмейді.