Синоптиктер 23-25 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды. Осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады.
Ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С-қа төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді.