Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 16 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Асқар Мырзахметов облыстағы 10 ауданды аралау үшін іс-сапарға шықты

    Асқар Мырзахметов облыстағы 10 ауданды аралау үшін іс-сапарға шықты

    Өңір тынысы 19.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгінде ел қазынасындағы қаржы 30 триллион ға жуықтайды. Қолдағы мәліметтер ге сүйенсек осы қаражаттың жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады екен. Демек мемлекет бұхараға мейлінше жағдай жасап отыр. Үкіметтен берілетін жәрдемақымен күн көрісін айырып отырған ағайынға қосымша табыс көзін табу керек па? Менің ойымша әбден керек. Мәселен Жамбыл облысы халқының 70 пайызға жуығы ауылда тұрады. Шалғайдағы жұртшылықтың жағдайын жақсарту үшін не істемек керек? Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен наурыз айында атқарушы биліктің жұмыс алгоритмі бекітілді.

    Алгоритмде жоғарыдағы мәселелер толығымен қамтылды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда «Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың маңызы айрықша. Өйткені мемлекет бұған дейін жұртшылықты киім-кешек, азық-түлік, құрылысқа қажетті құрал жабдық, фармацевтика өнімдері, өндірістік құрылғылар мен жабдықтар, электроника, тұрмыстық техникалық секілді халық күнделікті тұтынатын кез келген негізгі тауарлармен қамтамасыз етуге келгенде импортқа тәуелді болып келген еді.

    Енді, міне Елбасының тапсырмасынан кейін «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту ісі жедел қолға алынып, оны әрбір өңірде жүзеге асырудың тетіктері іске қосылды. Өңірлік кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелеріне қолдау көрсету арқылы біз сырттан келетін тауарларды нарықтан ығыстыра аламыз. Ол үшін іскер азаматтармен бетбе-бет жүздеіп, кімге қандай қолдау қажеттігі жөнінде ауызба-ауыз пікірін тыңдап, өңірлік кәсіпорындардың әлеуетін көзбен көру маңызды. Бұдан бөлек, аудандардағы әрбір елді мекендердегі әрбір үйді есепке алып, олардың ішінде бау-бақшасын игере алмай отырғандарға да қолдау көрсету негізгі жоспарға енген.

    Мақсат – ауыл тұрғындарының картоп, қияр, қызанақ секілді бау-бақша немесе көкөніс өнімдері мен айран-сүтін, ет, жүн, тері секілді бұйымдарын әр ауылдық округте құрылатын кооперативке өткеру арқылы қолдау көрсету. Сонда ғана жұрт керегін алыстан іздемей, тауарын өз ауылында тиімді бағаға өткеруге мүмкіндік алады. Бұл ауылдық округтерді дамытудың ең тиімді жолы. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасарлары Мұратхан Шүкеев пен Нұржан Календеров және облыс әкімдігінің 14 басқармасының басшысылары облыстағы 373 елді мекенді жеке-жеке аралап, кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесу өткізуді бастады.

    Асқар Исабекұлы облыс аудандарын аралау барысындағы жұмыс сапары Меркі ауданындағы Ақтоған ауылынан бастау алды. Түсінікті тілде айтсақ, бұл жұмыс сапарының негізгі нәтижесі әрбір ауылдың әлеуметтік паспортын және ауылдардың экономикалық дерекқорын дайындау. Осы талап жетегімен өңір басшысы сол аудандағы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы №18 мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен, кәсіпкерлік және шаруа қожалық басшыларымен кездесіп, Жамбыл ауылындағы әрбір үйді аралады.

    Т.Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылындағы №7 мектеп ғимаратында ауыл тұрғындары, кәсіпкерлік және шаруа қожалық басшыларымен де жүздесіп бұл ауылдың да әрбір ауласын аралап, тұрғындардың тұрмыс деңгейін, өз бау-бақшасын игерудің мүмкіндігін зерделеді.

    Бұдан кейін Меркі ауданындағы жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмінің және «Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралмақшы. Облыс әкімінің бүгінгі жұмыс сапары Меркі ауданымен түйінделіп, ертең Қордай ауданында жалғасады.

    Асқар Мырзахметов

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.