Author: admin

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған. «Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының отағасы жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан кәмелетке толмаған барлық бала улы газдан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия…

Read More

Бүгін Бас прокуратурада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің (бұдан әрі – Комитет) цифрлық жобаларының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов іс-шараны аша отырып, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, өтініштермен жұмыс бойынша жобалар іске асырылғанын атап өтті. Олар мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық статистиканың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған. Журналистерге «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» цифрлық жобаларының мүмкіндіктері және…

Read More

Жамбылдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті саналады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков айтты. Спикердің айтуынша, аймақ бойынша көктемгі мерзімде су басуы мүмкін 38 елді мекен бар. Олардың 28-і су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен, ал 10-ы тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ. «Облыс көлемінде 156 гидротехникалық құрылыс нысандары орналасқан. Оның ішінде республикалық меншікте – 41, жеке меншікте – 9-ы бар. 2017-2020 жылдарға…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 1 мен 25 аралығында оқырмандар арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Жамбыл оқулары байқауын жариялайды. Байқауға облыстың барлық сатыдағы тұрғындары қатыса алады. Байқаудың қатысушылары өз жұмыстарын #Жамбыл облыстық арнайы кітапхана, #Жамбыл Жабаев 175 жыл хештегімен әлеуметтік желіге (фейсбук, инстаграм) жариялауы тиіс. Әділқазылар қатысушының шығарманы…

Read More

Былтыр Жамбыл облысы салық кірістерінен 113 млрд.теңгеден асатын қаржы түсірді. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Caғитов айтты. Спикердің айтуынша, 113 млрд. теңгеден асатын қаржы бұл республика және облыс бюджеттеріне түскен жалпы қаржы. Оның ішінде облысқа тоқталар болсақ, кіріс қаржы 79 млрд. 417 млн теңгеден асады. Бұл белгіленген жоспардан 6 жарым млрд. теңгеге артық орындалды дейді. Пайыздық көрсеткішпен жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы 109,1 %. Ал республика бюджетіне 33 млрд. 837 млн. теңгеден аса қаржы түскен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 млрд. теңгеден асатын артық түсім. Былтыр барлығы 2180 салықтық және кедендік тексерулер…

Read More

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тұрғыны аймақта жылу ағытылғанын, үй салқындап кеткеніне шағымданды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жамбыл облысының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде тараған видеода Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны өңірде жылу мен ыстық су ағытылғанын айтады. «Қазір пәтердемін. Үйде минус температура сияқты, күртемен жүрмін. Кеше жылу мен ыстық суды ағытып тастапты. Бүгін 10 ақпан. Далада қар, үй салқын», – дейді ролик авторы. Tengrinews.kz порталы мән-жайды білу үшін облыстық әкімдікке хабарласты. Әкімдік қызметкерлері Жаңатас қаласында жылу ағытылмағанын, тек 9 ақпанда жылыту құрылғылары істен шыққанын айтты.  Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от…

Read More

Жамбылдық полицейлер шаруаға жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында сағат 21:10 шамасында Шу ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз біреулердің аудан орталығынан 85 шақырымдық жерде орналасқан фермасынан 86 бас жылқы үйірін ұрлап айдап кеткендігі туралы арызданған. Осы оқиғаға байланысты Шу аудандық полиция бөлімімен екі жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Кәсіби жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлермен барлық 86 жылқы әр түрлі аумақтардан табылып, иесіне жинап, қайтарылды. Қазіргі кезде мал шаруашылығының қожайыны жылқылардың ұрланып кетуіне байланысты шағымданбайтынын айтып, полиция қызметкерлеріне жылқыларын іздестірудегі жедел әрі кәсіби жұмыстары үшін алғысын білдірді. Жамбыл облысының Полиция департаменті…

Read More

Тараз тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өзінің бейнежазбасында ер адам Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовке және полиция қызметкерлеріне Жұмаділов көшесінің бойында жасанды кедіргілер орнатқаны үшін алғыс білдірді. Көп балалы әке, Төрткөл массивінің тұрғыны Жанат Сүлейменовтің қабылдауында болып, балалардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін Жұмаділов көшесі бойында қажетті жасанды кедергілер орнату өтінішімен жүгінген болатын. Бұл көшеде бірнеше көпбалалы отбасы тұратыны, ал көлік ағыны көп болғандықтан, онымен жүру қауіпті болып отырғаны кездесу барысында сөз болды. Өтініш білдіргеннен кейін, екі тәулік өткен соң Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен жасанды кедергілер орнатылды. Ер адамның айтуынша, осы жасанды кедергіні…

Read More

Байзақ ауданында жергілікті полиция бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел кеңесте Жамбыл облысы ПД Штабының бастығы Алмаз Байжарасов баяндама жасап, ол Байзақ ауданында ұрлық санының көрсеткіші 45%-ға қысқарғанын, қарақшылық шабуылдар мен бопсалау деректеріне жол берілмегенін атап өтті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 11 қылмыс дерегі ашылған. Келесі кезекте, Байзақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Досымбек Мұсаев 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Өз баяндамасында қылмыстар санының 15,2%-ға, ал қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстар саны 19%-ға төмендегеніне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының 60%-ға, ал кәмелетке толмағандармен…

Read More

Жаңатас қаласының тұрғындары жамбылдық полицейлерге көршісін құтқарғаны үшін алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 ақпанында Сарысу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Абзал Асаубайға Жаңатас шағын ауданының тұрғындары көмек сұрап жүгінді. Олардың көршісі, 60 жастағы ер адам бірнеше күн бойы пәтерден шықпаған және телефонына жауап бермеген. Мазасызданған көршілер учаскелік полиция инспекторын шақыруды шешті. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкері Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерін есікті бұзуға шақырады. Олар пәтердің ішіне кіргенде еденде ес-түссіз жатқан адамды көреді. Учаскелік инспектор жедел жәрдем бригадасының келуін күтпей, ер адамды көрпеге жатқызып, құтқарушылардың көмегімен өз автокөлігімен ауруханаға жеткізу үшін төменге…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Эльмира Мырза-Ғалимен «Әлемді құтқаратын қуат – әйелдің мейірімі» атты онлайн сұхбат өтті. Сұхбатта қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы, еліміздің дамуында нәзік жандылардың орны, отбасылық құндылықтар, отбасыдағы әкенің рөлі мен баланың пікірімен санасу жайлы өзекті әңгіме өрбіді. Кешегі Ұмай мен Қызай ананың ерлікке толы нәзіктігі, бүгінгі Фариза мен Күләштің нәзік те, ерлікті насихаттайтын жырларына тоқталды. Сұхбаттың маңызын арттырып, Фариза ақынның өлеңі де оқылды. 25 жылдық тарихы бар «Jambyl-Taraz»…

Read More

Былтыр Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 504,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандиар Сейсебаев айтты. Ал 2019 жылы облыс 464,8 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Облыста биыл 85 195 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеуге алыныпты. Оның ішінде нақты жұмыс істейтіндері 69 338 бірлікті құрап отыр. Спикер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына да тоқталды. Бұл бағдарлама басталғалы бері жалпы сомасы 75,5 млрд. теңгені құрайтын 203 жоба бойынша жұмыстар жүргізілді дейді. Бүгінгі күнге оның 73,6 млрд.теңгені құрайтын 154 жобасы мақұлданған. Әзірге жалпы құны 49,5 млрд.теңгені құрайтын 143 жоба қаржыландырылыпты. Бағдарлама аясында 3 мыңға…

Read More

Соңғы жылдары облыстағы Экология департаментіні бей-берекет орналасқан қалдықтарды анықтауды ғарыштық бақылаумен жүзеге асырып келеді. Ал алған нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға оларды жою жөнінде нұсқамалар беріп отырады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев айтты. Спикердің сөзінше, департамент зертханасымен былтыр ластаушы көздерден 722 сынама алынып, 2455 химиялық талдаулар жасалған. Оның ішінде ауа атмосферасынан 648, су ресурстарының ластануын бақылау бағытында 68, жердің ластануы бойынша 6 сынама алынып, талдаулар жасалған. Былтыр табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 808,7 млн. теңге жоспарланып, 559,5 млн. теңгесі игерілген. Бұл 69% көрсеткіш. Өңірде өткен жылы ауа атмосферасына қалдық шығаруға 125…

Read More

Бүгін, 2021 жылдың 01 ақпанында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев былтырғы жылдың қорытындысы бойынша №1 және №2 округ тұрғындары алдында онлайн форматта есеп берді«Өткен жылы басталған пандемия жұмысқа кері әсерін тигізді десек те, қаламызда Президент тапсырмаларына сәйкес жәнеоблыс әкімінің қолдауымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл ішінде атқарылған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамудың оң динамикасы қалыптасып отыр. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 12 нысанды іске асыруға 2 млрд. 495,6 млн. теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылуда. Олар, 2019 жылдан өтпелі Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, Жауғаш батыр көшесінің…

Read More

Облыс бойынша 18-64 жастағы 659 722 тұрғын бар. Оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартуларды ескере отырып вакцинациялауға 593 700 адам жатады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. «Ақпан айында бірінші партиямен ресейлік «Спутник V» вакцинасымен 5000 тұрғынды, наурыз-маусым айлары аралығында 95 000 тұрғынды вакцинациялау жоспарлануда. Қалған 493 700 облыс тұрғындарын отандық вакцинамен вакцинациялау жоспарлануда. Вакцинаны енгізу үшін көлемі 0,5 мл өздігінен бекітілетін шприцтердің 1 187 400 данасы қажет» деді, басқарма басшысы.Айта кету керек, биыл жамбылдық тұрғындарды вакцинациялаудан өткізу үшін, қажетті көлемде вакцина мен шприцтерді алуға 2,5 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалады…

Read More

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда пандемия басталған уақыттан бері үкімет халықты COVID-19 инфекциясынан қорғау бойынша шаралар қабылдады. Елде карантин енгізілген соң, бұқаралық іс-шаралар, мерекелер мен тойларды өткізуге тыйым салынды. Бұл вирустың таралуына тосқауыл мүмкіндік берді. Тараз қаласы бойынша мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған мейрамханалар мен дәмханалардың иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды. Жалпы 259 хаттама толтырылып, оның 244-і сотқа жолданды және тағы 15 хаттама өңдеу сатысында тұр. Жалпы рестораторлар бюджетке 51 761 500 теңге төледі. Алайда, мейрамхана иелері толтырылған хаттамаға қарамастан карантин талаптарын бұзуды жалғастырған жағдайлар да болды. Бұл жастар арасында кең танымал «Salvador» ресто-бары мен «Fashion M Club» түнгі клубы. Осыған байланысты…

Read More

Как вы знаете с началом пандемии в Казахстане, правительством были приняты меры по защите населения от COVID-19. С началом карантина было запрещено проведение массовых мероприятий, праздников и тоев. Это позволило сдержать распространение вируса. Мониторинговыми группами по городу Тараз были составлены административные протоколы по отношению к руководителям ресторанов и кафе, которые нарушали санитарно-эпидемиологические требования. Было составлено 259 протоколов, из них 244 уже произведены и 15 в стадии обработки. Суммарно рестораторами было заплачено 51 761 500 тенге в бюджет. Однако были случаи, когда рестораны продолжали нарушать требования несмотря на составленные протоколы. Это ресто-бар «Salvador» и ночной клуб «Fashion M Club», которые популярны…

Read More

Биыл 26 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық қолөнерімізді насихаттай отыра, қайырымды іс жасауға баулу мақсатында «Жылулық сыйла» атты қайырымдылық көрмесі өткізілді. Волонтерлар жылында қарт волонтер атанған Сәуле Төребекованың жетекшілігімен жұмыс атқарып отырған «Айсәуле» құрақ құрау курсы құрамы арнайы дайындаған жұмыстарын жиылған көпшілікке ұсынды. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі. Осы кереметтей қолөнер бұйымдарын сатып…

Read More

Әлемне тізесін батырғнюаникоронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары күн санап қайтадан көбейіп келеді. Халықаралық сарапшылардың мәлімдеуінше, қарапайым ғана сақтану талаптары яғни, халық көп шоғырланатын орындарға бас сұқпау, антисептик сұйықтығын жиі қолдану, бетперде режимін сақтау індеттің дендеуіне едәуір тосқауыл болса керек. Бұл ережелерді халыққа хабарлау – ортақ міндет екені айтпасақта түсінікті. Осы орайда Жамбыл ауданында 2 мобильдік, 1 мониторингтік және 17 ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері үздіксіз жұмыс жасауда. Олар сауда орталықтарына, азық-түлік дүкендері мен халық көп шоғырланатын орындарға жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарына басымдылық беріп, ойын-сауықтан әсіресе, алдағы мереке күнгі жиындардан таса болу керектігін ескертуде. Сонымен қатар, күні кеше…

Read More

Тараз қаласының аумағында одан әрі шектеу шаралары туралы Қаулы « 22 » қаңтар 2021 жыл №375 Тараз қаласы Мен, Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алтынбасова Рита Омирхановна, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36 баптары, 1 тармағының, 4 тармақшасы және 38 бабы, 2 тармағының 3 тармақшасы, 102, 104, 107 баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Ресубликасы Бас…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желілерінде жаңалық жаршысына айналған «AQJOL» газетінің жұмысымен кеңінен таныстыру мақсатында басылымның бас редакторы Оралхан Дәуітпен «Жаңалық жаршысы – «AQJOL» онлайн сұхбат өтті. Онлайн сұхбат барысында Оралхан Әбдірашұлы қарашаңыраққа айналған «AQJOL» газетінің құрылу тарихына тоқталып, журналистік әлемге қадам басқан алғашқы жылдарының естелігімен бөлісті. Журналистикамен қатар жазушылық қабілеті бар қаламгер өзінің шығармашылығынан хабардар ете отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оқырман көзайымына айналған тырнақалды туындыларынан мысал келтіріп, шығармашылығын әлі де шыңдай түсетіндігін жеткізді. Жазушының өмірдің өзінен өрілген әзіл әңгімелері, сан алуан тақырыптағы хикаяттары әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Одан әрі басылымның экономика және ауылшаруашылық бөлімінің редакторы,…

Read More

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Үкімет сайты. Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс Жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымгер-оқытушы болып бастаған. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған. 1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2012 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары – ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2013-2015 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары – Шымкент…

Read More

Биыл қаңтарынан бастап еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсті. Мәселен күнкөріс деңгейі 34 302, айлық есептік көрсеткіш 2 917, ең төменгі жалақы 42 500 теңге болып белгіленді. Ал, толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңге болса, базалық зейнетақы төлемі ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Зейнебеков айтты. Тиісті нормалар президент қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда жазылған. Спикердің сөзінше, биыл зейнетақы 7%-ға өсіп отыр. Ал, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 46…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Коронавирусты инфекцияның кең таралуының алдын алу және карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Тараз қалалық әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ мейрамхана, дәмхана, караоке залдары секілді адамдар көп шоғырланған және түрлі отбасылық жиындар өту қаупі бар нысандарда рейд жүргізуді жандандырылатынын хабарлаймыз. COVID-2019 инфекциясынан өзімізді және жақындарымызды сақтау үшін түрлі жиын-тойлар өткізуден және мұндай шараларға қатысудан аулақ болуды сұраймыз. Тараз қаласының əкімдігі

Read More

Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауанына қарасты Қызылқайнар ауылы 70 жылдан кейін су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен аққан тіршілік нәрін тұтынып келген болатын. Сапалы ауыз суға қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жамбыл ауданында 42 елдімекен болса, оның 29-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Енді олардың қатары тағы артты. Бүгін 3000 мың тұрғыны бар Қызылқайнар ауылы ауыз суға қосылып, тұрғындардың қуанышы еселенді. Жоба- мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында 740 млн 760 мың теңге бөлініп, 950 аулаға су жүйесі тартылды. Қызылқайнарлықтар осы күнге дейін Кеңес тұсында тартылған ауыз суды пайдаланып…

Read More

Бүгін жетінші шақырылымдағы Жамбыл облыстық депутаттарының алғашқы сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы болып Махметғали Сарыбеков сайланды. Бірінші сессияны Мұқаш Ескендіров жүргізді. Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Студенттік жылдары «Қазақстан мектебі», «Студенческий меридиан» журналдарында табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану, экология проблемаларының педагогикалық аспектілері жайында мақалалары жарық көрді. Педагогика және психология проблемалары жөніндегі студенттік жұмыстардың Бүкілодақтық /Махачкала, 1974ж./ және жас ғалымдардың Республикалық байқауларына /1978ж./ қатысып, жеңімпаз атанды. Ұстаздық еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы,…

Read More

Қала әкімі анасымен бірге дауыс беру учаскесіне бардыБүгін Қазақстан Парламентінің мәжілісі мен мәслихатына депутаттарды сайлау басталды. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев №53 орта мектептің базасында орналасқан сайлау учаскесіне өз анасымен бірге барып, таңдау жасады. Қала басшысы дауыс беру нысанына алғашқы болып келгендердің бірі болғандықтан, сайлау учаскесіндегі салтанатты сәтке қатыса алды: Қазақстанның мемлекеттік Гимні орындалып, елдегі саяси шараға қатысушылар патриоттық сезіммен рухтанды. Сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық сақталған нысанда өз таңдауын жасағаннан кейін қала әкімінің анасы осы науқанға атсалысып жатқандарға арнап бата беріп, елдің тыныштығы мен дамуына тілектестік білдірді. Жалпы, Қазақстанда барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау…

Read More

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Жалпақтөбе ауылында 180 орынды мәдениет үйі халық қажетіне берілді, – деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Небәрі үш айда тұрғызылған өнер ордасына Бердібек Машбекұлы тікелей бастамашы болған. Құрылыс сапасын назарға алып, өз бақылауында ұстады. Бұл көріністен әкімнің сазгердің рухына деген ыстық ықыласы, ерек құрметі сезіліп тұрғандай. Өйткені, халыққа тамаша әндер сыйлап, елдің сүйікті сазгеріне айналған композитор, вальс каролі Шәмші Қалдаяқов осы ауылда 18 жыл тұрып, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ал ауыл тұрғындары ұлы сазгердің осында тұрғанын әрдайым мақтанышпен айтып, себезгі естеліктерін жастарға жеткізіп отыратын көрінеді. Дүнген ұлты өкілдерінің…

Read More

Бүгін Меркі ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасының ашылу рәсімі өтті. Андас батыр ауылдық округі, Гранитогор ауылында 120 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Салтанатты сәтте аудан әкімі Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, аудандағы биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биыл Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда төрт мектеп күрделі жөндеуден өтсе, бір білім ордасы бой көтеріліп, беріліп отыр.Ауылдың қариялары мен тұрғындары сапалы, заманауи талаптарға сай соғылған мектепке ризалықтарын білдірді. Жобалық құны 505 млн теңгені құраған нысанды «Темір-Строй Сервис и К» компаниясы 20 мамырдан құрылысын бастап, алты айдан аса уақыт құрылыс жұмыстарын жүргізген. Салтанатты ашылу сәтінде…

Read More

Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды. Бүгін Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстың эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Айтуынша, соңғы 2 аптада облыс бойынша КВЭ 235 жағдайы тіркелді. Oның ішінде симптомдық ағымы бар 125 науқас, симптомсыз ағымы бар 110 науқас. Шектеу шаралары әлсіреген сәттен бастап, яғни 17 тамыздан бүгінгі күнге дейін 2 802 рейд жүргізілді, 14317 нысан тексерумен қамтылды, бұзушылықтар 906 нысанда анықталды. Бұл ретте жиі кездесетін кемшіліктер бетперделік режимді, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамағаны, бұқаралық іс-шараларды өткізгені үшін 490 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл…

Read More

«Nur Otan» кандидаты Мұратхан Естаев таяуда Мойынқұм ауданының Биназар және Айдарлы ауылдарының жұртшылығымен кездесті. «Есіктен есікке», «Кандидат қонақ», акциялары Канвансинг, экспромт кездесулер нәтижесінде көптеген үйлерді аралап, білім саласының мамандарымен жүздесіп, Аула клубтарында жергілікті тұрғындарды сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылында 102-ге келген әжей тұрады. Айдарлы ауылында ғасырдан да ұзақ өмір сүрген апамыз менің ата-анамды танып, солардың баласы емессің бе деп сұрағанда, өзім абдырап қалдым. Сүйегі асыл деген осы шығар. Өткен ғасырдың барлық қызығы мен шыжығын көрген кісі ретінде, өмірі оңай болды деуге ауыз бармайды. Балалары, немере мен шөберелеріның ортасында мәз-мәйрам боп жүр.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды. Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді, – деп хабарлайды әкімдік сайты. Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті. «Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеп жатыр. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ өзіміздің қазақстандық вакцинаны да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүріп жатыр. Қазақстандық вакцина…

Read More

Алматыда түнгі клубтың кіре берісінде ер адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Департамент таратқан хабарламаға қарғанда, оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні Алмалы ауданындағы түнгі клубтардың бірінде болған. «Достар арасында туындаған қақтығыс саладарынан 1991 және 1992 жылдары туған екі ер азамат пышақталды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» делінген полиция департаментінің хабарламасында. Сонымен қатар полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын да хабарлады. «1985 жылы туған күдікті ізін суытпай ұсталды. Үш ер адам бірге ішімдік ішкен. Ішімдік ішу негізінде туындаған ерегес жанжалға айналды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі…

Read More

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» титулын жеңіп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында 1-24 желтоқсан аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша Жұлдыз Абдукаримова бірінші орынға ие болды. Ол осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардан қолдау көрсетуін сұраған еді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) Айта кетейік, Қайрат Нұртастың әйелінің Instagram желісіндегі парақшасында 2,3 миллионнан аса қолданушысы бар. Төрт баласы бар – екі ұл және екі қыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) «Әлем ханым» – бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыс құрған ханымдарға арналған жыл сайынғы сұлулық байқауы ретінде…

Read More

Алғаш «Шаншар» театрында өнер көрсетіп, кейін «Шымкент шоу» арқылы танылған актер Берік Тұрсынбеков қызықты оқиғаларын баяндады. Өмірдегі жеңісі мен жеңілісі, күйзелісі мен қиындықтары туралы айтты. Қыз үшін төбелескен кездерін еске алды. Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды.  Берік Тұрсынбеков мектепте тәртіпті бала қатарында болды. Үйде де тәртіп бұзбайтын бала болып өсті. Мұны ұстаздары мен бауырлары растайды. Гуманитарлық пәндерді жақсы оқыған. Абайдың өлеңдерін жақсы білген. Домбыра тартып, мектептің іс-шараларына белсене қатысыпты. «Мен өте тәртіпті оқушы болдым. Менен үлкен Серік деген ағам болды. Ол өте сотқар еді. Ауылдың бандиті десем де болады. Оны бұзықтығы үшін әкем үш күндеп үйден қуып жіберетін еді. Мен керісінше тәртіпті…

Read More

Бүгін тұрмысқа шыққан волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуі кім екені белгілі болды. Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайдың жазуынша, Алтынбекова Саят Салманұлы деген адаммен некесін қидырған. «Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелірін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!» деп жазды дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы. Бұған дейін Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазған еді. Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.

Read More

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның өзі Instagram парақшасында хабарлады. Алтынбекованың Instagram парақшасындағы жазбасына қарағанда, ол сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған . «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазды волейболшы. Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.

Read More

Өзбекстанның Наманган облысында 16 жастағы бойжеткен өзін алып қашып кетпек болғандардан сытыламын деп көлік жүріп бара жатқанда секіріп, мерт болды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Олардың жазуынша, дәрігерлер қыздың ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмғанын хабарлаған «Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Нарын ауданында болған. 18 және 23 жастағы екі жігіт құрбыларымен бірге пәтер жалдап, оқуға түсуге дайындалып жүрген қызды үйінен ұрлап әкеткен. Полиция қызметкерлері бұл ақпараттан хабарсыз екенін айтқан. Қаза болған қыз Үшқорған ауданының тумасы екені айтылады. Оқиғаға байланысты «Адам ұрлау» және «Қауіп-қатерге тігу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған» деп жазды Азаттық радиосы.

Read More

Әуесқой бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіповтің туған інісі қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. «Қазақстанның бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтың туған інісінің өмірден озуына байланысты көңіл айтады. Мұндай қымбат адамды жоғалту аса ауыр. Отбасының қайғысына ортақтақпыз» делінген бокс федерациясының хабарламасында. 23 жастағы Жүсіпов Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының тумасы. Ол бокстан жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, ересектер арасында Әлем және Азия чемпионатының жүлдергері, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы.

Read More

Адам тағдыры алуан кесетлі келеді ғой. Шекаралар ашылып, әлем жаһандану үрдісін бастан кешіп жатқан тұста, сан түрлі әңгімелерді естіп жататынымыз анық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де Кариб теңізінің бір бұрышындағы Багам аралдарына кетіп, жуырда ғана елімізге келді. Қиырдан оралған отандасымыздың есімін белгілі және белгісіз себептерге орай, «Е» деп алуды жөн көрдік. 1993 жылы еліміздің күнгей аймақтарында дүниеге келген оның 2018 жылдың қаңтар айына дейінгі өмірі бізге беймәлім. Білетініміз, сол жылы ресейлік туристік компаниялардың бірінің көмегімен Қазақстаннан Доминикан Республикасына он күндік демалысқа аттанған. Мұхиттың арғы бетіндегі Доминиканда тоғыз күн демалып, одан әрі жеке ұшақпен Багам аралдарына заңсыз ұшып кеткен. Кейіпкеріміздің пайымына…

Read More

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Майғазиевтың жазуынша, ол бұл қызметке Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен тағайындалған. Әнші бұған дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарған болатын. 45 жастағы Майғазиев Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің түлегі. Ол – 2001 жылдан бері Қазақстанға танымал «МузАрт» тобының мүшесі. Майғазиев қазақ эстрадасында жеке орындаушы ретінде де танымал. Әнші…

Read More

Суицид жасап қайтыс болған ішкі істер министрлігі академиясының 19 жастағы курсанты Саламат Өтегенов қайғылы оқиғаға дейін ата-анасынан ірі көлемдегі ақша жіберуді сұраған. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлады. Жігіттің анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессия тапсыру үшін ұлы 80 мың сұраған. Ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған. Ата-анасы курсант екінші курсқа барғанда жылдам берілетін кредит рәсімдегенін білген. Олар қарызды өтеп, не үшін алғанын білмек болған. Ол ата-анасына жүк түсірмеу үшін займ алғанын жеткізген. Саламат қайғылы оқиғаға дейін әдеттегіден әлдеқайда қомақты ақша сұрай бастаған. Ата-анасы 3,5 ай ішінде 630 мың теңге жіберді. Соңғы тәулікте ағасына: «Егер дәл қазір ақша жібермесең, қолымнан немесе аяғымнан айырыламын»…

Read More

Айтыскер ақын, қоғам белсендісі Ринат Заитов өзінің Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат берді. Ол сұхбат барысында өзінің өткен жылы болған президент сайлауында не себепті Әміржан Қосановты қолдағанын, 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауында қандай позиция ұстанатынын айтты. Заитовтың айтуынша, өзін ЖСДП және Адал партиясы мүше болуға шақырған. Бірақ қос саяси ұйым да өз талабына сай келмегендіктен, мүшесі болуға келіспеген.

Read More

Олимпиада жүлдегері жамбылдық полицейлерге тамаша қызметі үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Қазақстандық еркін күрес балуаны, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері және чемпионы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысының полицияларына жылқы ұрлығына байланысты қылмысты жедел түрде ашып бергендері үшін видео түсіріп, алғыс білдірді. Естеріңізге сала кетейік, Ақжүрек Таңатаров полицияға Т.Рысқұлов ауданының жайылымынан белгісіз біреулердің 26 жылқысын ұрлағаны туралы арыз түсірген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы, 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Т.Рысқұлов ауданының полицейлері бұрын мал ұрлығы үшін екі рет сотталған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Жылқылар…

Read More

Жамбыл облысында 471 сайлау участкесіне бақылаушылар қатысады. Бүгін ӨКҚ-ң ақпарат алаңында өткен брифинг барысында «Жастар-зертеу» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Парида Мамедова демократиялық сайлау процесінде бақылаушылардың болуы маңызды екенін айтып, олардың дайындығына тоқталды. Оның айтуынша, биыл біздің бақылаушылар 492 участкілердің 471-не қатысады. Біз дауыс беру күні бір мезетте бірнеше сайлау учаскелерінде сайлау процесінің заңдылығын қадағалайтын 110 мобильді бақылаушыларды дайындадық. Тренинг облыстың барлық аудандары мен Таразда өтті. Ол жалпыға бірдей қабылданған халықаралық бақылау стандарттарына сәйкес өткізілді. Сайлау алдындағы кезеңде және дауыс беру күнінде бақылаушылардың қызметін үйлестіру үшін штаб құрылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында Мемлекеттік арбитраж комиссиясының 206 бақылаушысы оқытылған. Олар таңертеңнен бастап…

Read More

В 2020 году в Жамбылской области проведено 91 аудиторских мероприятий. Из них: выявлены нарушения на общую сумму 53 млрд. 729 млн. 800 тенге. Об этом сегодня на брифинге РСК рассказал руководитель департамента внутреннего государственного аудита по Жамбылской области Дуйсенбаев Алмас Елтаевич. По словам спикера, департамент внутреннего государственного аудита по Жамбылской области, как уполномоченный орган по внутреннему государственному аудиту проводит ежегодный аудит финансовой отчетности администраторов бюджетных программ и государственных учреждений и аудит соответствия использования средств республиканского и местных бюджетов, соблюдения законодательства Республики Казахстан о государственных закупках, государственном имуществе, бухгалтерском учете и финансовой отчетности, аудиторской деятельности и камеральный контроль государственных закупок. По…

Read More

Бүгін, 21 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,6 миллиард евро қарыз алу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады. Ақорданың жазуынша, қарыз коронавируспен күрес және ел экономикасын қалпына келтіру шараларына алынып отыр. Азаттық радиосының жазуынша, қараша айының соңында Қазақстан парламенті мәжілісі Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1 570 396 000 евро (шамаммен 1,9 миллиард доллар) қарыз алу туралы заңды мақұлдаған. Еврибор+0,50% үстемақысымен берілетін бұл қарыздың 908,5 миллион евросын Азия даму банкі, 661,8 миллион евросын Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ұсынып отыр. Қазан айында Қазақстан қаржы министрі Ерулан Жамаубаев 2021 жылы…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевпен «Ұлы дала әуендері» атты ән кешін өткізді. Кешті Бахыт Қысатайұлы әсем әнмен ашып, өнер жолына келген сәтіне тоқтады. Киелі сахнада өткен 33 жылында аға-әпкелерден көрген жақсылығы, ұстаздан көрген шапағатын ерекше толғаныспен айтты. Өнерге алғашқы баулыған әке мен ана болса, бүгінде өзі де бірнеше шәкірт тәрбиелеген ұстаз, өнерлі отбасы екені де айтылды.Облыста аспаптарда ойнайтын кәсіби мамандар даярлайтын оқу орының жоқтығы, нағыз мамандардың марапатқа кеш ұсынып жататынына да қынжылысын да жеткізді. Ел басына күн туып,…

Read More

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Намыс» қозғалысының белсенділері Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің алдына барып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы Азаттық Рухы порталы хабарлады. Порталдың Youtube арнасында жарияланған видеода қозғалыс белсенділері Ресей депутаттарының Қазақстан териториясына қатысты айтқан мәлімдемелерін айыптап, Павлодар мен Петропавлдың атауын өзгертуді талап еткен. Президент Тоқаевтан осыған мұрындық болуды сұраған. Белсенділері өздері қойған талап орындалмайтын болса, Павлодар мен Петропавлға барып митинг өткізетіндерін айтқан.

Read More

Кеше ағылшын боксшысы Каллум Смитті жеңіп, екінші орта салмақта WBC және WBA титулдарын иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегін үш айдан кейін Мексикада өткізбек. Бұл туралы «Канелоның» бапкері Эдди Рейносон Boxing Social порталына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Альварес келесі жекпе-жегінде екінші орта салмақта өткізуді жоспарлап отыр. «Келесі жекпе-жекті үш айдан кейін Мексикада өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші орта салмақта Билли Джо Сондерс немесе Калеб Плантқа қарсы белбеу біріктіретін кездесу өткізгіміз келеді. Оның өткен айқасына өте ризамын, қалай шабуылдағанына, өзінікін жүргізе алғанына. Бәрінен бұрын жеңіске қуаныштымын. «Канело» салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы екеніне күмән жоқ. Ол карьреасын аяқтағанда, бокс тарихындағы ең мықтылардың бірі…

Read More

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева экодүкен мен экобаспахана ашты. Бұл туралы Назарбаеваның өзі Instagram парақшасында жазды. Оның жазуынша, экодүкен мен баспахана кеңсе тауарларын өндірумен және сатумен айналысады. «Кеңсе таураларын саудалауға араналған экодүкен мен эко баспахана ашу идеясы кездейсоқ келген жоқ. Мен бұған дейін 2022 жылы біздің команда Қазақстанда алғашқы экологиялық мектепті ашады деп жазған едім. Сонымен, біздің мектепте біз өзімізден бастаймыз! Бәрін! Бұл дегеніміз, асханада экологиялық таза өнімдер болуы керек (сондықтан біз жылыжайымызды ашамыз), сыныптарда өңделген шикізаттан жасалған кеңсе тауарлары қолданылуы керек, ал үлестірме материалдар мен авторлық құралдар эко-қағазға басып шығарылады» деп жазды Назарбаева. Бұған қоса, ол…

Read More

Жуырда бірігетіні хабарланған қазақстандық Jýsan Bank пен АТФ Банктің бірігуіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Ғалымжан Есенов пен қызы Айжан Есімованың ажырасуы себеп болған. Бұл туралы бірнеше халықаралық БАҚ-та жарияланған мақалаларға шолу жасаған Азаттық радиосы хабарлады. Азаттықтың жазуынша, америкалық Globenewswire.com сайты Jýsan Bank өзінің бәсекелесі АТФ Банкті сатып алғанын хабарлаған. Globenewswire.com сайттың жазуынша, АТФ Банкінің иесі Ғалымжан Есеновке тиесілі KNG Finance холдинг компаниясы АТФ Банкіндегі өзінің 99,76 пайыз үлесін Jýsan Bank-ке түгел беріп, біріккен банктің акцияларына ие болмақ. Бұл үлестің қанша екені әзірге белгісіз. «АТФ Банкін сатуға қайтарылуы қиын қарыз және оның иесінің…

Read More

Түркияның Газиантеп қаласындғы коронавирус ауруханасында жарылыс болып, арты өртке ұласып, салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның сөзіне сілтеме жасаған Анадолу агенттігі хабарлады. Агенттіктің жазуынша, жарылыс Санко университеті ауруханасының жан сақтау бөліміндегі жасанды тыныс аппаратындағы ақаудан болған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Тірі қалған науқастар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірі жолда қайтыс болды. Аурухана басшылығының мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың жасы 56 мен 85 аралығында.

Read More

Бүгін Техаста (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақтағы (76,2 киллограм) WBA Super, The Ring, WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуін иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол Смитті жеңген соң журналист қойған сұраққа жауап беру барысында айтты. Журналист «Жуырда Геннадий Головкин жеңіске жетті. Болашақта сіздердің үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін бе?» деп сұрақ қойды. «Мен ешкімнен қашпаймын. Мен ең мықтылармен жұдырықтасамын. Егер бұл жекпе-жекті қабылдауға мүмкіндік болса, мен оны қабылдаймын. Бірақ мен мықтылармен жұдырықтасатынымды көрсеттім» деп жауап берді…

Read More

Қоғам белсендісі Әсия Төлесова «PROGRESS» деп аталатын жаңа саяси партия құрмақ. Бұл туралы Төлесованың өзі Instagram парақшасында жазды. Белсенді қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. «Біз, Әсия Төлесова мен Әлия Жолболдина, PROGRESS саяси партиясын құру ниетімізді мәлімдейміз. Бүгінгі Парламентте олардың мүдделері жоқ деп ойлайтындар бізге қосылыңыз!» деп мәлімдеді белсенді. Ол партияның құрылуы 18 Желтоқсанда әлеуметтік желілерде тікелей эфирде талқыланатынын айтты. «Тәуелсіздік күні құтты болсын! Біздің тәуелсіздігімізді атап өтудің жолы-оны қорғау!» деді Төлесова. 35 жастағы алматылық белсенді Әсия Төлесова – совет өкіметі кезінде сталиндік репрессияның құрбаны болған қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіров пен мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың шөбересі. Көпшілікке Төлесова былтыр көктемде Алматыда жол…

Read More

Аудан әкімі Мейірхан Азатұлы барша меркіліктерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік –экономикалық өсуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткені үшін бес азаматты «Ауданның Құрметті азаматы» медалімен наградтады. Әнші, сазгер, музыкатанушы, Меркі жерінің тумасы Бәбіжанова Бағланға ауданның «Құрметті азаматы», меркілік әнші Оңал Азаматоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді. Кешке арнайы шақырумен келген ақын Маралтай Райымбекұлы Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, көптің қошеметіне бөленді. Шарада мерекелік концерт тарту етіліп, өнерпаздар патриоттық әндермен халыққа көңіл сыйлады.

Read More

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Менің Туым. Менің Отаным! » атты акция аясында қала тұрғындары акцияға қолдау білдіріп, көп қабатты тұрғын үйлерге Мемлекеттік туды ілді. Бұл азаматтардың патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау болып табылады.

Read More

Қазақстанның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет биыл қайтыс болған жиен немересі Айсұлтан Рахат туралы айтты. «Өкінішке қарай, биыл біз маған қатты ұқсайтын бір немеремнен айырылып қалдық» деді Назарбаев өзі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» фильмінің үшінші бөлімінің аңдатпасында. Назарбаевтың Айсұлтан туралы «Штрихи к портрету» фильмінің үшінші бөлімінде айтады. Бірақ ол бқлім әлі көрсетілген. Биыл тамызда 30 жасқа шыққан шағында Лондонда қайтыс болған Айсұлтан Назарбаев – Қазақстан сенатының экс-спикері, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі марқұм Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ресми мәлімет бойынша, Айсұлтан Назарбаев жүрек талмасынан қайтыс болған. Оның өлімінен кейін Назарбаев жария түрде ешқандай реакция…

Read More

1990 жылдары Қазақстан территориясында бөлек мемлекет құрғысы келгендер болған. Бұл жөнінде елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Хабар» телеарнасында өзі жайлы көрсетілген «Штрихи к портрету» фильмінің екінші бөлімінде айтты. «Бізде астыртын ниет ойлағандар болды. Белгілі бір территорияда қандай ұлттар көп тұрғанына байланысты «өзіміздікін» (мемлекетті – авт.) құрайық» дегендер болды. Бұл бөлек әңгіме, өте қауіпті. Оралда казактар, Шығыс Қазақстанда да. Сосын арандатушылар Ресейден келіп, «осында келіңіздер, өзіміз, территорияларыңызбен» дей бастады. Мұның бәрін қиын жағдайда басу керек болды, бірақ, құдайға шүкір, бұл мәселелердің бәрін шеше алдық. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында, Өскеменде бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің қатысуымен «Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі» атты Тәуелсіздік дастарханы өтті. Іс-шара басталмас бұрын кітапхана қызметкерлері «Желтоқсан желі» әнін шырқап, келген қонақтарды қарсы алды. Тәуелсіздік дастарханында Желтоқсан құрбандарына құран оқылды.Тәуелсіздік дастарханына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Құттыбаева, қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлері қатысты.Шара Желтоқсан оқиғасының куәгері, «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің онлайн сұхбат беруімен жалғасты.1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматының алаңындағы адам төзгісіз жағдайды ауыр күрсініспен еске…

Read More

Жамбыл облысында 1,1 млн тұрғынның 896 998-і немесе 79,1% сақтандырылған. Қалған 239 224 адам сақтандырылмаған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева баяндады. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Жамбыл облысында сақтандырылмағандардың саны 280 мың болса, желтоқсан айында 25%-дан 20% дейін қысқарған. «Сақтандырылмағандарды құрылымына қарай бөлетін болсақ, 118 мыңнан астамы – БЖТ төлеушілер. Олар төтенше жағдай кезінде бір реттік жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеп, кейін тоқтатып тастаған болуы мүмкін. Тағы 67 825 адамның әлеуметтік статусы белгісіз, яғни өткен 11 айда олардың атына бірде-бір рет төлем түспеген. Сақтандырылмағандардың 43 103 – жұмыскерлер. Кейінгі…

Read More

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты»Қайрат Нұртас, Бейбіт Қорған сынды әншілерге есірткі затын апарып беруге көмектестім» деген журанлист Гаухар Мұсаға қатысты шешім шығарды. Судья Қажымұқан Мекемтас оны айыпты деп танып, 3 жыл 6 айға соттады. Сот шешіміне сай, Мұса жазасын орташа қорғалған түрмеде өтейтін болды. Ол осыған дейін есірткі тасымалдады деп айыпталған еді. Алайда сот оған «есірткі табуға көмектесті» деген айыппен шешім шығарған. Прокурор оны 12 жылға соттауды сұраған. Бұған дейінгі сотта Гаухар Мұса өзінің бірнеше эстрада әншісіне есірткі алуға көмектескенін айтқан еді. Осыған байланысты судья істі тергеу кезінде Нұр-Сұлтан қалалық полициясы дұрыс тергеу жүргізбегенін атап өтті. Олар Мұсаның сөздері…

Read More

Бұл билік ұлттық мүддені қорғайды, жемқорлықпен күреседі, тәуелсіздік үшін барын салады деп үміттенудің қажеті жоқ. «Қазақтың жері — Ресейдің сыйы» деген сөздің төркіні қайдан шықты? Назарбаевтан. Оның өзі «қазақтың мемлекеттілігі болған жоқ, барлығы 1991 жылдан басталады» деген жоқ па еді? Былтыр қазіргі президент Тоқаев «Ресей Орталық Азиядағы жетекші рөлге ие болуы тиіс» деп құлдық санадағы мәлімдеме жасады. Бұларды тілдерінен тартқан кім? Қазақстанның басшылары осындай сөз айтып тұрса, Ресейдің империяшыл күштері басынбағанда, қайтеді?! Басқа мәселеден мысал келтірейік. Өткен аптада Financial Times -та Құлыбаев туралы зерттеу жарияланды. 53 миллион доллар табысты қалай тапқанын егжей тегжейлі зерттеген. Неге билік үнсіз? Жемқорлықпен күресетін мекеме…

Read More

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомоның бұрынғы кеңесшісі Линдси Бойлан өзінің бұрынғы бастығын «жыныстық зорлық жасады» деп айыптады. «Иә, Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо мені ұзақ жыл бойы жыныстық жағынан қорлады. Көбі мұны көрді және бейжай қарады. Мен не күтетінімді ешқашан білмедім: жұмыстағы сұрақтар (бұл өте жақсы) немесе сыртқы келбетіме байланысты қысым көрсету. Немесе екеуі де бір әңгімеде ме? Бұл көптеген жылдарға созылды» деп жазды Бойлан Twitter парақшасында. Америкалық «Wall Street Journal» газеті 36 жастағы Бойлан өзінің әлеуметтік желідегі посттары туралы нақтылау сұраған хабарламаларға жауап бермегенін жазды. Басылымның жазуынша, ол бұл жағдай туралы журналистермен сөйлеспейтінін айтқан. Ал Кумоның өкілі Кейтлин Жируар…

Read More

15 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінің екінші бөлімі көрсетіледі. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады. «Штрихи к портрету» – Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, оның тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Фильм эксклюзивті сұхбат негізінде жасалған. Естеріңізге сала кетейік, фильмнің бірінші бөлімі 1 желтоқсанда көрсетілген. Онда Назарбаев қуғындағы банкир, оппозиялық саясаткер Мұхтар Әблязов жайлы, сондай-ақ өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесі туралы айтқан еді.

Read More

Иран билігі диссидент журналист Рухолла Замды өлім жазасы үкімімен дарға асты. Бұл туралы 12 желтоқсан күні ISNA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады. Сайттың жазуынша, Иранның революция соты журналисті «зұлымдық пен зорлықты таратты» деп айыптаған. Рухолла Зам негізін қалаған AmadNews сайты мен Telegram-канал 2017 жылғы наразылық кезінде халыққа қарсылық акциясының өтетін уақыты жөнінде хабар беріп, Иран шенеуніктерін масқаралайтын ақпарат жариялап отырды. Ирандағы 2017 жылғы наразылық 2009 жылдан бергі ең ірі қарсылық болды. Сайлау нәтижесінен кейін елде толқу болып, полиция мыңдаған адамды қамауға алды, 25 адам қаза тапты. Зам Парижде тұрып, сол жақтан жұмыс істеген. Бірақ кейін Иран билігі оны…

Read More

Ресейдің «Первый канал» мемлекеттік арнасының эфирінде Ресейдің мемлекеттік думасының білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы – Ресей тарапының сыйлығы» деп мәлімдеді. Бұл пікірді ол өзі жүргізетін «Большая игра» бағдарламасының Совет өкіметінің құлауына арналған «Беловежье» деп аталған шығарылымында айтқан. «Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстан мүлде қоныстанған жоқ. Олар өмір сүрді, бірақ әлдеқайда оңтүстікте. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы – бұл Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы» деді Никонов.

Read More

DAZN стриминг қызметі 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің нақты уақытын жария етті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады. DAZN-ның хабарлауынша, Қазақстан уақытымен андеркард жекпе-жектері сенбі, 19 желтоқсан таңғы 04:00-де басталады , ал Головкин – Шеремета айқасы 07:00-ге жоспарланған. Дегенмен, кардтағы жекпе-жектердің қалай аяқталарына байланысты кесте уақыты өзгеруі де мүмкін. Жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Головкин-Шеремета кездесуінің андеркартында тағы қазақстандық боксшы Әли Ахметов та жұдырықтасады.

Read More

Былтыр ақпан айында үйі өртеніп, бес қызынан айырылған Евгений Ситер мен Жанымгүл Ситер ұлды болды. Бұл ақпаратты өзінің Facebook парақшасында экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров хабарлады. «Жанымгүл жүкті болған кезде, көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!» деп жазды Бердіоңғаров. Былтыр 4 ақпанында Ситерлер жалдап тұратын Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 ықшам ауданындағы жер үйден өртеніп кеткен. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала қаза тапқан еді. Осы оқиғадан кейін елде көп балалы аналардың наразылығы басталған.

Read More

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына 5 партияның филиалынан 523 кандидаттың тізімі ұсынылып, толық тіркелген. Олар 206 мандаттық орын үшін саяси сынға түспек. Бұл туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ӨКҚ ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты. Сайлаушылардың нақты саны 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 720 365 адамды құраған. Ал, облыс халқының саны 1 млн.136,9 мың адам екенін ескерсек, халық қалаулыларына таңдау жасайтындардың қарасы қалың деген сөз. -«Ал, 5 партияның тізіміне келер болсақ, олардың барлығы өз үміткерлерін 100 пайыз тіркеді. Айталық, «Nur Otan» 390 , «Ауыл» 44, «Ақ жол» 44, «ADAL» – 31 және «Қазақстанның халық партиясы» – 14 кандидатын тіркеді.…

Read More

2020 жылғы 8 желтоқсанда сот ағымдағы жылдың ақпан айында Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын бастады.Айыптаушылардың сауалнамалық деректері, әрбір сотталушының тағылған айып бойынша ұстанымы анықталды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі. Жаппай тәртіпсіздікке шақыруымен байланысты эпизод қарастырылды, сондай-ақ жәбірленуші М.Дывтың мүлкін ұрлау фактісі бойынша эпизодты қарау басталды. Осы эпизодтар бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындап, айғақтар берді. Сот тарапынан процеске қатысушылардың аудармашылармен қамтамасыз ету, сотталушылардың туыстарын қосымша қорғаушы ретінде тану туралы өтініштеріне рұқсат берілді.Сот талқылауы жалғасуда, дәлелдемелерді зерттеу процесі жүріп жатыр. Сот отырысы айыптаушылармен мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық…

Read More

Бүгін, 11 желтоқсанда Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының мердігері – Tranco Zhezkazgan теміржол компаниясының екі жүзден астам жұмысшысы митингіге шықты. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады. Азаттықтың мәліметінше, жұмысшылар еңбек жағдайына наразы. Олар айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен. Компанияның жергілікті басшылығы жұмысшылар көтерген мәселені қарастыруға уәде еткен. Бірақ наразылар «Қазақмыс» корпорациясы басшылығының келуін талап етіп отыр. «Қазақмыс» корпорациясы – Қазақстанда мыс өндіретін ең ірі кәсіпорын. Бұл корпорация мыстан өзге алтын, күміс, қорғасын шығарады. Корпорацияға елдегі ең бай адам Владимир…

Read More

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 2873 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 35,2%-ға төмендеген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал былтыр бір жыл ішінде 4437 қылмыс дерегі тіркелген болатын. Айта кету керек, биыл тонау, есірткі қылмысы, қарақшылық және ұрлық қылмыстары едәуір төмендеген. Алайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 92,8%, қасақана өлтіру 100%-ға өсіп отыр. Мұндай қылмыстардың ашылуы былтыр 64,9%, биыл 81,5%-ға төмендеген. Өңірлік коммуникациялар қызметі

Read More

Қаланың өнеркәсіп саласы жыл соңына дейін  272 млрд.  260,2 млн. теңгеге өнім өндірмек. Былтыр бұл көрсеткіш 275 млрд. 280,2 млн. теңге  болған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал ауыл шаруашылық саласында өнім өндіру көлемі 8 млрд. 992,3 млн. теңгені құраған. Бұдан өзге салаларда да оң өзгеріс болатынын айтты. Мәселен, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 296,4 мың шаршы метрді құрайды екен. Бөлшек сауда тауар айналымы 242 млрд-тан асады деп жоспарланып отыр. Биыл Таразда салықтан түскен түсім де ауыз толтырып айтарлық. Мемлекеттік бюджетке 41,3 млрд. теңге салық пен өзге де міндетті төлемдер түскен. Оның ішінде, облыс бюджетіне…

Read More

2020 жылы Таразда «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша  3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде оның 47-сі жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Қалған 7 үйдің кілті 2021 жылы табысталады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады. Ал алдағы уақытта 15-ші мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары толықтай аяқталатын болса, онда 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үй болады. Қазір онда 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, 2019 жылдан өтпелі 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 10 арендалық және 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. -«Жоғарыда аталғандарды қорытындылай…

Read More

«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында   4 нысанды іске асыруға 1 млрд. 304,0 млн. теңге қарастырылған, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қомақты қаржыға өткен жылдан қалған Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың құрылысы жүргізілді. Ал «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі қараша айының соңында аяқталған. «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі мен Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары келесі жылға жалғаспақ. Әкімнен шаһар шетіндегі саяжайлар мен тұрғын алқаптардың инженерлік инфрақұрылыммен қашан қамтамасыз етілетінін сұрадық. «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан…

Read More

Биыл 10 қаңтарда әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде бастау алды. Елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден аса іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар. Жамбыл облысында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай түрлі…

Read More

Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған көптеген шаралар онлайн форматта өтті. Жамбыл облысы да ұлы ақынның 175 жылдығына орай түрлі шаралар өткізді. Жыл басында Абай шығармаларын оқу челленджінен бастап, бүгінде «Абай оқулары» республикалық байқауы, Абайдың тілі – менің тілім!, «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» челленджі, «Хакім Абай» атты ақын шығармаларының аудармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындаудан облыстық Online байқауларда облысымыздың тұрғындары белсенді атсалысып жүлделі орыннан көрінді. 24 ақпанда…

Read More

Кеше Нұр-Сұлтанда жылдың қорытынды айтысы дәстүрлі «Алтын домбыра” өз мәресіне жетті. Оған жыл бойығы айтыстарда үздік өнер көрсеткен сегіз ақын қатысты. Бас жүлдені қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов иеленді. Ол «Алтын Домбыра» айтысын үшін рет ұтқандықтан, алтын жалатылған арнайы домбыраны өзіне алды. Қазылар алқасының шешімімен, бірінші орынды Бекарыс Шойбеков, екінші орынды Еркебұлан Қайназар, үшінші орынды Серік Қуанғанұлы иеленді. Бекарыс Шойбековке «Айтыстың ақтаңгері» деген арнайы атақ та берілді. Ал Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Абзал Мақаш және Қазірет Бердіханға арнайы жүлде бұйырды. Ал Жансая Мусина Assyltas қоғамдық қорының стипендиясын иеленді.

Read More

07.12.2020, 16:46 Қызылорда облысында аудандық соттың төрғасы қол астындағы судьяны төсектесі болуға шақырған. Қарамағындағы келіншекті дегеніне көндіре алмаған сот төрағасы қудалауды бастаған, деп хабарлады Azattyq Rýhy сайты. Сайттың жазуынша, «Қорлық көрдім» деп хабарласқан Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбайдың айтуынша, оған бастықтары қарауындағы сот істерінен пайда табуды да тапсырған. «Мен бұл заңсыздықты Қызылорданың өзінде шығара алмайтын болған соң, Шымкент қаласына келдім. Бұрынғы бастықтарым қызметінің өсуіне байланысты ауысып кетті, мен олардың тарапынан ондай әрекетті мүлдем көрген емеспін. Шиелі аудандық сотының төрағасы болып М., Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып Қ. 2017 жылы тағайындалды. Сонда маған «Сіз қандай сұлу келіншексіз», «Сіз менімен бірге шай ішесіз…

Read More

Қазақстан президенті Қысым-Жомарт Тоқаев жарлығына сай, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық биыл жеті адамға берілмек. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.

Read More