Author: admin

2023 жылы Алакөлдің Жетісу облысына қарасты жағалауында 1,6 млн турист демалған. Бұл – елдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Бүгінде Ақши және Көктұма аймағында 302 демалыс орны қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін сегіз орын іске қосылады. Бұл туралы Жетісу облыстық Кәсіпкерлік және инновациялық, индустриялық даму басқармасы мәлімдеді. Басқарма басшысының орынбасары Данияр Ысқақовтың айтуынша Алакөлге қатынайтын көліктің барлық түрі реттелген. Астана мен Алматыдан және Талдықорғаннан аптасына 28 рет 3 түрлі рейс жүзеге асады екен. «Оның ішінде 2 рейс субсидияланған, олар «Алматы-Үшарал» және «Талдықорған-Үшарал», 1 коммерциялық «Астана-Үшарал. Жекелей айтсақ, Алматыдан «Оңтүстік аспан» әуе компаниясы аптасына 10 рет ұшады. Билет бағасы 18000 теңге.…

Read More

Алматы облысының Есік қаласында Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында тоғызқұмалақтан “Абай жүлдесі” Алматы облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Турнирге түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, мәслихат қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Алматы облысындағы 9 аудан мен 2 қаладан 40-тан астам ойыншы 7 тур бойы бақ сынасты. Ашылу салтанатына Алматы облыстық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрбеков Болатжан мен Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Жарас Ниязбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі. “Тоғызқұмалақ – бұл біздің ұлттық құндылығымыз, мақтанышымыз. Ақыл-ойды дамытатын зияткерлік ойын. Бұл – ұлы ойшыл Абай жақсы көріп ойнаған…

Read More

Алматы облысы Талғар ауданының Өстемір ауылында демеушілердің көмегімен спорт алаңы салынып, ауыл халқына пайдалануға берілді. Аталған Workout спорт алаңы ресми ашылды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Салтанатты іс-шараға Өстемір ауылының тұрғындары мен Талғар ауданы әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы, облыстық маслихат депутаты Гүлжан Нұрбекқызы, Respublica партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Жарас Ниязбек, республикалық “Ер-Намысы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин және басқа да танымал тұлғалар мен белгілі азаматтар қатысты. Аудан әкімі мен Respublica партиясы атынан “Сеніз көл” демалыс орнының иесі, кәсіпкер Ким Виталий және Талғар ауданының денешынықтыруды және спортты дамыту орталығының басшысы Жандос Аянбекұлы арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп,…

Read More

Әскери өмірдің айбыны саналатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 32 жыл қатарынан ел игілігі мен қоғамдық қауіпсіздік жолында табанды түрде қызмет етіп келе жатыр. Ширек ғасыр бойы өз қызметін мінсіз атқарған қуатты құрылымның қатары биыл да жас сарбаздармен толығып отыр. Өткен сенбіде Алматының қақ төрінде орын тепкен5571 әскери бөліміне кеше ғана аяқ басқан жас сарбаздардың ант қабылдау шарасы өтті. Әскери ант қабылдау – Қарулы Күштердің қатарына қосылған әрбір жас сарбаздың басынан өткеретін рәсімі. Көпшілік алдында ел қорғауға әзір екендерін салтанатты түрде мәлімдеудің жауапкершілігі жоғары екені белгілі. Осы күндері 2024 жылдың бірінші шақырылым сарбаздары әскери бөлім аумағында түрлі оқу әдістемелік жиындарына қатысып,…

Read More

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы филиалы жыл басынан бері қалалық көше желілерінің сапасын тексеріп, жол құрылысы жұмыстарына бақылау жүргізуде. Мекеме 2024 жылдың  қаңтарында «Алматы қаласы бойынша қалалық мобильдік басқармасы» КММ-мен көше-жол желісі бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге 150 млн.теңгеге келісімшарт жасалды. Ведомствалық сараптама жүргізуге 90 млн тг бөлінді.   Жыл басынан Алматының 8 аудан әкімдіктерімен  80 млн.тг ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеру бойынша келісімшарт жасалды. 2024 жылдың басынан ЖАСҰО Алматы филиалының мамандары 158 тексеріске шықты. Жолдағы асфальт қабатынан, құрылыс барысында 240 сынама алынды. Осы алынған сынаманың 28-і талаптарға сәйкес болмай шықты. Тексеріс барысында түрлі деңгейдегі 90 ақау…

Read More

Алматыда Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерін патрульдеу кезінде өзін күдікті ұстаған адамды ұстады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 4 шілдеде сағат 22.35-те «Алмалы» ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Ғабдулла мен Еркебұлан Шакманмен бірге күдікті азаматты байқады. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның біртүрлі әрекетін байқайды. Осыдан кейін олар полиция қызметкерлерін азаматты ұстау орнына шақырды. – Сыртқы тексеру кезінде полицейлермен бірге біз пакеттен арнайы иісі бар өсімдік тектес затты тауып…

Read More

Жетісулықтар, әсіресе Талдықорған қаласының тұрғындары көпқабатты үйлерінің ауласын гүлденген баққа айналдыруда. Олар үйдің кіреберіс тұсына жыл сайын сан түрлі гүлдер өсіруде және бұл гүлдер қара суық түскенше өңін бермейді. Зейнеткерлердің еңбекқорлығының арқасында «Самал» шағын ауданындағы №11 үйде өсімдіктердің 60-тан астам түрі өсіп тұрған бұл ауланың «Үлгілі» атағына ие болуы да ғажап емес, Ольга Серебренникова әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды. 11 жыл ішінде әуесқой бағбан жүздеген түрлі гүл өсіріп келеді, оның өз туған жері мен өз қаласына деген сүйіспеншілігі көпке үлгі болып отыр, мұндай игі іс бос жатқан жер учаскесін тиімді пайдалансақ деген ниеттен басталған дейді. Облыс…

Read More

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бесінші орынбасарын тағайындады. Бұған дейін қаланың Алатау ауданын басқарған Азамат Қалдыбаев енді Досаевтың орынбасары, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Азамат Қалдыбаев Алатау ауданына 2020 жылдан бастап әкім болды. Еңбек жолын 2007 жылы Бостандық ауданындағы #2 сотта жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Ұлттық Банк бөлімшелерінде, “Самұрық-Қазына” қорында, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясында қызмет еткен. Ерболат Досаевтың Асқар Амрин, Әсем Нүсіпова, Бейбіт Шаханов және Әлішер Әбдіқадыров сияқты төрт орынбасары бар. Алматы әкімдігіндегі тағы бір өзгеріс – Жетісу ауданының әкімі болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды. Жылқыбаева бұл қызметке дейін қаланың білім басқармасын басқарды. Ол лауазымда 2019 жылдан бері еңбек…

Read More

Грек прокуратурасы 21 маусымда Идра аралындағы өрт шыққан кезде жеке яхтаның жолаушысы болған сегіз қазақстандыққа айып тақты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат «Катимерини» газетіне сілтеп.  «Яхтада 10 қазақстандық болған, кәмелетке толмаған екі  жолаушыға айып тағылған жоқ. Грекия билігі Қазақстаннан көмек сұрады, өйткені яхтаны жалға алушылар тергеуге дейін Грекиядан кетіп қалды. Айып жаңа дәлелдердің табылуына байланысты тағылды, оларды прокурор өрт болған жерде тергеу барысында анықтады. Өрт сөндірушілер өрт шыққан шығанақта отшашу қалдықтарын тапты», – деп жазады газет.  Айта кетейік, өрт 21 маусым күні кешке Идра аралының Бисти ауданындағы орманда басталды. БАҚ хабарламаларына сәйкес, өрттің себебі яхтадан атылған сигнал ракетасы немесе отшашу болды. …

Read More

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылында сұранысқа ие болатын мамандықтарды жариялады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат ведомствоның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған дерекке сенсек, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттар қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп.  – Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді. Сонымен қатар биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың…

Read More

Алматыда 6 шілдеге дейін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында субұрқақтар маңын жинау мен тазалау жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66-сы коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-ы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Әлинұр Бәкеновтың айтуынша, коммуналдық меншік иелігіндегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді. Субұрқақтарды ай сайын кестеге сәйкес жиналады. Жабдыққа ревизия жасалады, тостағандар арнайы құралдармен жуылады. Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу…

Read More

Сот алқасы экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Qaz365.kz  сайтына сілтеме жасап. Апелляциялық шағымда Бишімбаевтың ісін судьялар Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұханова кірген сот алқасы қарады. Қаулының қарар бөлігін төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева оқыды. «Сот алқасы Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», – деді судья. Еске салайық, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты аппеляциялық сот отырысы болды. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «сот үкімді заңсыз шығарды» деп атап өтті. Айта кетейік, 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева…

Read More

«Қазтелерадио» алаяқтардың тұрғындарға хабарлама жіберуі жиілеп кеткенін еске салып, сақтық шараларына шақырды. Белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеу керегін айтты, деп хабаралайды Tarazy ақпарат. «Компанияның барлық жұмыскерлері мен серіктестерін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Қоғам басшыларының атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз. Қоғам басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз»,- делінген хабарламада. Компания осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қоғамның Қауіпсіздік қызметіне мына байланыс нөмірі…

Read More

Елімізде 1 наурыздағы уақыт ауысуынан кейін жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  БАҚ өкілдері министрден: «Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз? Еңбек министрлігінің жоспары қандай?», деп сұрады. «Министрлікке осы мәселеге қатысты хаттар түсіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеу үшін жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін…

Read More

Алматыда тұңғыш рет БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистер арасында «BAQ TOGYZQUMALAQ” атты турнир өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Assyl Tas қорының қолдауымен ұлттық құндылықты дәріптеу, тарихы терең зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарының БАҚ өкілдері қатысты. Ойыншылардың көбі тоғызқұмалақты алғаш рет ойнады. Сол себепті 2 күнге жоспарланған жарыстың бірінші күні тәжірибелі жаттықтырушылар шеберлік сабақтарын өтіп, журналистерге тоғызқұмалақтың қыр-сырын үйретті. Турнирге жалпы саны 40 қатысушы тіркелді. Тілшілер мен редакторлар, блогерлер мен телерадио саласының қызметкерлері турнирде топқа бөлініп сынға түсті. Жарыс төрешілері ойын барысын қадағалап, турнирдің тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен…

Read More

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында Қазақ-Қырғыз арасындағы достық жалауы желбіреді. Грек-рим және Еркін күрестен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бишкекте Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Канат Бегалиев пен Нұрбақыт Теңізбаевтың құрметіне жастар арасында грек-рим және еркін күрестен халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтақтасты нығайту мақсатында аталған жарысқа қос елден 10 салмақ дәрежесінде 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатына қазақ елінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевты қолдауға Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков бастаған спортшының достары мен қолдаушылары арнайы келді. Өз кезегінде Ерболат Сарабеков Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің…

Read More

Қазақстан Республикасы Парламентіндегі “Бір ел – бір мүдде” депутаттық тобы ел бірлігін арттыруға ықпал етер жаңа жобаны таныстырды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында, артынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбындағы отыз үшінші сессиясында Мемлекет басшысы іргелі ұлттық құндылықтарды, негізгі идеологияларды және ұлт имиджін айқындайтын базалық бағдарларды ілгерілету бойынша бірқатар міндеттер қойған болатын. Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентіндегі «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының өкілдері ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобаға бастамашылық жасады. Бұл Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ барлық…

Read More

Бүгін Қазақстанда вейптерді сатуға және таратуға тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Президент 19 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Бұл құжат бүгін күшіне еніп отыр. Заңның Мәні мен Маңызы Жаңа заңға сәйкес, шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынған. Вейптердің айналымына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Қылмыстық Жауапкершілік Сату және Тарату: 200 АЕК дейін айыппұл; Сол мөлшерде түзеу жұмыстары; 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар; 50 тәулікке дейін қамауға алу. Әкелу және Өндіру: 2000…

Read More

Алматының Түрксіб ауданындағы Закарпатская көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған көшенің жол жабыны ауыстырылып, жаңа асфальт қабаты төселуде, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы филиалының мамандары жолдың орташа жөндеу жұмыстарына белсене қатысып, жол салу барысын қадағалауда. Мекеме инженері Досжан Сұрапбергеновтің айтуынша, орташа жөндеу жұмыстарына полимер титан қоспасы пайдаланылуда. “Біздің мекеме Алматы қаласының Мобильді басқармасымен бекітілген келісімшарт аясында жол салуда құрылыстың сапасына сараптама жасап жатыр. Жол қабатынан сынамалар алынуда. Орташа жол жөндеу барысында тиісті технологиялардың сақталуы, құрылыс материалдарының сапасы тексерілуде. Тағы бір айта кетер мәселе, жол салуда полимерлі қоспа қолданатын нысандарға біздің орталық ерекше назар аударады.…

Read More

Енді қазақстандықтар коммуналдық төлемге қарыз болса, шетелге шыға алмауы мүмкін. Себебі жыл басынан бері 165 алматылық осындай берешегі үшін шетелге ұша алмай қалған. Олар жылу ақысын уақытында төлемеген, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Бұл туралы «Алматы Жылу Жүйесі» мекемесінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Хабарламада алматылықтардың жылу үшін жалпы қарызы 2,1 млрд теңгеге жеткені айтылады. Жыл басынан бері қалада жылу ақысын төлемегені үшін 1610 абонент желіден ажыратылды. Жылу мен ыстық суға қарыз 1212 тұтынушыға заң орындары арқылы шектеу қойылып, 355 банктық есепшот бұғатталған. Ал 165 азаматтың шетелге шығуына тыйым салынды. «Қазір күн сайын «Алматы Жылу Жүйесі» мекемесіне қарызы бар тұрғындарды ыстық судан…

Read More

Меккеде қажылық парызын өтеу барысында жүздеген адам қаза болды. Қазақстаннан қажылаққа аттанған отандастар дін аман. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Ағабек Қонарбай мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Жыл сайын қажылық кезінде мүфтият қажылық миссия құрамын жасақтап, Сауд Арабиясына бірге аттандырады. Оның құрамында дәрігерлер, БАҚ өкілдері, уағызшылар мен дінтанушылар болады. «Қазақстан қажылық миссиясы қасиетті Мекке жерінде ұлы сапарға келген отандастарымыздың дін аман екенін хабарлайды», – деп жазды Ағабек Қонарбай. Қажылық миссиядағы дәрігерлер тобына жетекшілік ететін Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталыққа 14-16 маусым күндері 703 қажы жүгінген. Олардың көбі жүрек, қантамырлары, жоғары және төменгі тыныс жолдары және асқазан-ішек ауруларына шағым…

Read More

Алматыда университет аумағындағы субұрқақ жанында жігіт өлі табылды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға ҚазҰУ маңындағы субұрқақ маңында орын алған. БАҚ мәліметінше, марқұм жігіт университет студенті емес. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттің жүрегі тоқтап қалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «Аталған факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады қалалық полиция.

Read More

Блогер Думан Ерқанат ісін ҚР Жоғарғы Соты қарап, Алматы қалалық сотының ақтау үкімінің күшін жойып, кәсіпкерді қайтадан бес жылға соттады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. “ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулы енгізеді. Думан Ерқанатқа қатысты Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ақтау үкімінің күші жойылсын. Думан Ерқанатқа қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының нөмірі 2-ші аудандық сотының 2023 жылдың 13 қыркүйегіндегі айыптау үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Думан Ерқанат дереу сот залынан күзетпен ұстауға алынсын. Жазаны өтеу мерзімі күзетпен ұсталған күннен бастап, 2024 жылдың 18 маусымынан бастап есептелсін», – деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының…

Read More

Қазақстандық байланыс операторларына иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС катарлық инвесторларға 1,1 млрд долларға сатылғанын Үкімет мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Қос байланыс операторының сатылатыны, акционерлермен, инвесторлармен келіссөз жүріп жатқаны бұған дейін де айтылып жүрді. Алайда келісімшарт сомасы мен Катардың инвесторларына нақты сатылғанын Үкіметте мәлімдеді. Келісімшарт сомасы – 1,1 млрд доллар. Инвестор Power Internetional Holding компаниясы байланыс инфрақұрылымына 300 млрд теңге салуға міндеттелген. Бұл туралы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді. «Катарлық жаңа инвесторлардың келуі – бұл маңызды қадам, жаңа бастама, жаң инвестиция. Нарықтағы бәсекелестікті арттыру. Базалық инфрақұрылымға да инвестиция салу жоспарда бар», деп түсіндірді министр. Алдағы бес жылда…

Read More

Қазақстанда Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірін бөліп, қайта құру жоспарлануда. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Үкімет қаулысы әзірге жоба күйінде. Онда Туризм индустриясын құру туралы жазылған. «Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрамынан Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылсын», – делінген құжатта. Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу жөніндегі жаңа комитет «салалық мәселелерді дербес және жедел шеше алады». Қаулы жобасының салыстырмалы кестесінде Президенттің 30 мамырдағы қаулысын іске асыру мақсатында жаңа комитет құрылып жатқаны айтылған.

Read More

Қазақстанда АҚШ доллары қымбаттап жатыр. 17 маусым күнгі валюта бағамы бойынша доллар өсті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа белгілінген бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 452,92 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 17 маусымдағы ресми бағамы – 450,79 теңге. kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 453,52 теңге, сату 455,02 теңге көрсетіп тұр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 452,01 теңгеден сатып алынып, 457,00 теңгеден сатылуда. Еске сала кетейік, 14 маусымда KASE биржасында доллар бағамы 450,79 теңге болып белгіленген.

Read More

Думан Ерқанат – Америкадағы National American University-де Іскерлік басқару магистрі атанған кәсіпкер. Ол Қазақстанға оралғаннан кейін DK Trading атты академия ашып, биржа саласында табыс табудың негіздерін үйретеді. Осылайша қаржылық сауатты арттыру жолында еңбек етіп жүрген кәсіпкерге «қыз зорлады» деген жала жабылған, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Qaz365.kz сілтеме жасап. Оқиға 2022 жылдың 4 желтоқсанында болған. Алматылық қыз блогерден жыныстық зорлық көргенін айтып, шағым түсірген. Алматы соты Думан Ерқанатты 5 жылға соттау туралы шешім шығарады. Алайда, күдікті өзінің кінәлі екенін мойындамай, аппеляциямен бостандыққа шығады. Дегенмен, «жабулы қазан жабулы күйінде» қалмай, жәбірленуші тарап Жоғарғы сотқа шағым түсірген. Кәсіпкер оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын…

Read More

Алматы облысында 19 елдімекенде тұратын 120 мың халық жағымсыз иіспен күн кешіп жатыр. Себебі Алматыдан шығатын бүкіл кәріз қалдықтары Іле ауданына келіп тазарту орталығына құяды. Ол тазарту жүйесі 1974 жылы пайда болған. Ал қаладан келетін шайынды суды тазартатын “Тоспа су” мекемесі 1955 жылы құрылған. Осы маңдағы Н.Тілендиев, Қараой, Ащыбұлақ, Жәпек батыр, Қосөзен, М.Түймебаев сияқты бірнеше елдімекен жыл өткен сайын ұлғайып, тазарту орталығына барынша жақындаған. Жағымсыз иістен әбден зардап шеккен халықпен Respublica партиясының өкілдері кездесті. Мән-жайды толығырақ білу мақсатында партияның орталық аппарат басшысы Бақытбек Хамит, партияның Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының төрағалары, Алматы қаласы мен облысының мәслихат депутаттары мәселе туындаған аймаққа…

Read More

– бір реттік шарғаға алынған кредит, – ертең құны болмайтын затты алуға жұмсалған кредит, – қарызды жабу үшін (кредит үстіне) алынған кредит. Бұлардың қай-қайсы да адамға ешқандай экономикалық пайда, құндылық әкелмейді. Ол адамды тек қарыз шыңырауына түсіре береді, түсіре береді. Ең үлкен проблема – сізге психологиялық ауру алып келеді. Мұндай психологиялық дерт бар. Қазір Қазақстанда «бұл кредиттен қалай құтылам» деп уайым жетегінде жүрген 1,5 млн адам бар. Бізде 9 млн адам экономикалық белсенді десек, былайша айтқанда, соның шамамен 12 пайызы дейік, осындай күнделікті уайым үстінде жүр. Осындай уайымда жүрген адамның қолынан ештеңе келмейді. Жұмысын да дұрыс істей алмайды, кітабын…

Read More

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Александр Лукашенко Беларусь президенті болып тұрғанда ол елге мүлде бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзі де, өзге армениялық шенеуніктер де Александр Лукашенко президент болып тұрғанда Беларусь еліне бармайтынын айтты. Мұны барлық ақпарат агенттіктері жарыса жазуда. Пашинянның айтуынша, Лукашенко армян халқынан кешірім сұрауы тиіс. «Келесі қисынды қадам – Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу. Ол оқиға қашан орын алатынын біз өзіміз шешеміз. Ол мүмкін бір айдан кейін, мүмкін, бір жыл, үш жылдан соң болуы да ықтимал», деді Никол Пашинян. ҰҚШҰ құрамынан Арменияның шығатыны туралы Пашинян жақында мәлімдеді. Естеріңізде болса, 2023 жылы қаңтар айында Армения ҰҚШҰ…

Read More

Атақты футболшы Лионель Месси соңғы жетістіктері мен кәсіби мансабынының аяқталуы, өзі өнер көрсететін соңғы футбол клубы жайында айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Аргентиналық форвард жуырда ESPN арнасына сұқбат берген. Футболшы осы айда 37 жасқа толады. Ол 2023 жылдан бері америкалық «Интер Майами» клубында өнер көрсетіп жүр. Бұл оның Еуропадан жырақта ойнап жүрген алғашқы клубы. «Дәл қазіргі уақытта бұл менің соңғы клубым шығар деп ойлаймын. Өмір бойы доп теуіп, футбол ойнап келемін. Доп тепкен ұнайды. Жаттығуларды да, жарыстарды да жаным сүйеді. Аздаған үрей бар бойымда, мұның бәрі аяқталады ғой. Футболды жанымдай жақсы көрем, бірақ мұның бәрінің уақыты шектеулі екенін сеземін», деді…

Read More

Алматының “Алатау” дәстүрлі өнер театрында аңызға негізделген феерия жанрындағы “Qulan” спектаклі таныстырылды, деп хабарлайды Tarazy Көпшілікке аян «Ақсақ құлан» – даналықтың, күштің және қайтпас рухтың символы іспеттес. Осындай халық аңызынан шабыт алған пластика мен сазды әуен қойылымда біртұтас ағымға тоғысып, оқиға көркемдік  шешімдермен баяндалған. Бостандық пен әділет үшін күресті суреттейтін, батылдық пен ерік-жігерді баса көрсететін спектакль визуалды ерекше әсемдікпен ұсынылады. Аңызда кұланның құлынынан айырылуы – адамның да өз баласынан айырылуындай қайғымен тең екенін көрсетеді. Кейде биліктің ауыр жүгін арқалай алмай, істің шегі мен шетін сезбей, қателікке бой алдырғанда, тағдыр қалай жөнге салмақ? Бұл оқиға – табиғат заңына қарсы келіп, адами…

Read More

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсталған азамат сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Қаржылық мониторинг агенттігі анықтағандай, ол былтыр қой басының саны мен ұрықтандыру жұмыстарына қатысты жалған деректерді ұсынып, субсидия алған. Кооператив төрағасы табысын көбейту мақсатында субсидиялау талаптарын ескермей, мемлекет қаражатының бір бөлігін өз қажетіне жұмсаған. Сот үкімімен заң бұзған азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен кооператив төрағасы мелекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі…

Read More

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды кешенді түрде жаңарту бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында премьер-министр Олжас Бектенов жаңа қаулыға қол қойды. Онда Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының жылу желілерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына Үкімет қорынан 9 млрд. теңге бөлінетіні туралы жазылған, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Павлодар қаласындағы ТМ-13 жылу желісінің 2,5 шақырымын салуға 3,6 млрд. теңге жұмсалмақшы. Бұл Павлов – Шевченко – Катаев көшелерінің бойындағы үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Онда 41,5 мың халық тұрады. Ал Екібастұзда ТМ-1 және ТМ-3 жылу желілерінің 4 шақырымын жөндеуден өткізбекші. Оған 3,6 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар желіге қосылып, 4 мыңдай адам…

Read More

Алматыдағы метро жолаушылары енді жолақыны арнайы сканерге қарап, ешқандай картасыз, смартфонсыз, тек бет-әлпетті көрсету арқылы төлей алады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Бұл туралы Almaty_joly телеграм арнасы жазды. Ол үшін бар болғаны метроға кіргенде “Face Pay арқылы төлем” деген турникетке жақындап, камераға қарау  қажет. Жолақы Halyk қосымшасына тіркелген картадан автоматты түрде алынады. Бірақ қолданушы қосымшаның төлемдер деген бөліміне картаны тіркеп қоюы керек. «Face Pay – бұл заманауи ең қолайлы және ең қауіпсіз төлем жүйесі. Оған карта немесе смартфон қажет емес. Face Pay жүйесі бет-әлпетті дәл танитын жасанды интелекттің көмегімен жұмыс істейді. Ал төлем бірнеше секундта жүзеге асады. Бұл жүйе метрода жолаушы…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали мен Көлік министрі Марат Қарабаев бірлескен кеңесте жол құрылысы саласындағы өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол құрылысы саласында 64 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеп, 70 адамды әшкереледі, 38 адам сотталды. Залал сомасы 8,8 млрд теңгені құрады. Негізінен қылмыстар парақорлық, қаржы жымқыру, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерімен байланысты. «Жол жұмыстары сапасының төмендігі құрылыстың барлық кезеңдерінде (бюджеттік жоспарлау, жобалау, сметалық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, техникалық қадағалау, қабылдау, пайдалануды бақылау) жүйелі жемқорлық тәуекелдерімен байланысты», деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Read More

Бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған Бағдат Мусин енді «Қазақтелеком» АҚ басқарады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының Telegram арнасында жазылды. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада. Бағдат Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетінде «Есептеу техникасын бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алған. 2006 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдайды. Еңбек жолын 2004 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі бас инженері…

Read More

Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн. Сонымен қатар Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты. Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар кездесуде ҰҚШҰ…

Read More

10 маусымда ерекше балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған «All ability Camp» спорттық-мотивациялық лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 200 бала қатысады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.   Жоба мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету. Лагерь қатысушылары 7 күн бойы Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында 5 кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен бочча, теннис, футбол, корнхол және садақ ату сияқты бейімделген спорт түрлерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, олар өмірге құлшынысты арттыру дәрістері мен ойындарына қатысады. Жобаның ерекшеліктерінің бірі оның мүгедектігі бар балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да бағытталуы, атап…

Read More

Көпшіліктің талабына орай Қазақстанда уақыт қайта ауысуы мүмкін. Себебі E-Petition.kz сайтында сағатты қайта ауыстыруды талап еткен азаматтардың саны қажетті мөлшерден асып, петицияны ҚР сауда және интеграция министрлігі қабылдады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Қазақстан аумағында осы жылдың 1 наурызында бірыңғай сағат белдеуі ресми түрде енгізілген. Алайда соңғы уақытта тұрғындар тарапынан наразылық жиі айтылуда. Себебі бүкіл ел аумағына 1 сағаттық белдеуде болу қолайсыздық тудырған. Осыған орай, E-Petition.kz сайтында қол жинау басталды. Қажетті 50 мың қолдан асқан соң Үкімет халық талабына құлақ асуы тиіс. ҚР сауда және интеграция министрлігі петицияны қабылдап, қарастыруды бастағанын мәлімдеді. Арнайы жұмыс тобы құрылатынын, оның құрамына арнайы мамандар, үкіметтік…

Read More

“Теріскей бізге аманат” деп солтүстік өңірге адамдарды көшіруге үндеп жүрген белсенді Бурахан Дақанның Қызылжар маңындағы Сергеевка ауылындағы үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Оның айтуынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Қызыл жалын баспананы түгел шарпып, барлық дүние мүлік өртеніп кетіпті. Отбасы мүшелері сыртқа шығып үлгеріпті, ешкім зардап шекпеген. Ештеңесіз қалдық деген Бурахан көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүрмін дейді. “Бөрі арығын білдірмес, сыртқы жүнін қампайтып” демекші, өздеріңізден көмек сұрап тұрмын, ағайын! Бір қабат киіммен ғана сыртқы жүгіріп шықтық. Басқа киім-кешек, дүние отқа оранды. Мұндағы үйлер ағаштан салынған. Ал сырты мынадай пеноплекспен қапталған…

Read More

Жуырда Парламент қабырғасында депутаттар ұлттық ойын тоғызқұмалақ атауын «тоғызат» деп өзгертуді ұсынған еді. Ал бүгін бір топ қоғам белсенділері «Қазақстан барысы» атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат агенттігі.  «Ұлы қазақ» деп аталатын қоғамдық бірлестік Алматыда жиын өткізді. Өткен жылы ұйымды заңды түрде Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігі деп тіркеуден өткізген белгілі кәсіпкер Құсман Шалабаев еді. Құсман Кәрімұлы Алматы қалалық Қазақ тілі қоғамына жетекшілік етеді. 2023 жылы АҚШ-қа бір топ азаматпен барып, Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігін таныстырып, тұсауын кесіп, сол ұйымның басшысы атанып қайтқан. Сол бірлестіктің ұйымдастыруымен Алматыда жиын өтті. Басқосуға қонақ ретінде белгілі тарихшылар, түркітанушылар мен алаштанушылар, этнографтар мен өнер…

Read More

«Қазгидромет» РМК 9 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Күндіз Алматы, Қызылорда, Жетісу облыстарында күн қатты ысиды. Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Абай өңірінің батысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады. Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде өрт…

Read More

Мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің бірі саналатын Құрбан айт биыл 16 маусым күні басталатын болды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы ҚМДБ мәлімдеді. Бұған дейін биылғы Құрбан айт мерекесі 17 маусымға тура келетіні айтылған. Діни басқарманың айтуынша, күнтізбедегі атаулы датаны дәл анықтау үшін айдың тууын бақылау керек екен. “Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал…

Read More

Швейцариялық Glencore Plc компаниясы Қазмырыш (Казцинк) тау-кен компаниясындағы өзінің 70% үлесін Қытай инвесторларына сату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұл ақпаратты әуелі Bloomberg өз дереккөзіне сілтеме жасап таратты. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР АҚШ «шетел агенттері» туралы заң қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды Сонымен қатар, Glencore Қазмырыштың иелігіндегі Васильковское алтын кен орнын сату процесінде. Бұрын бұл активті жеті жыл бұрын да сатпақ болған. Негізгі фактілер: Сатылатын активтер: Қазмырыштағы 70% үлес және Васильковское алтын кен орны. Әлеуетті сатып алушылар: Қытайдан келген инвесторлар. Үлестің мәні: Glencore компаниясының 70% үлесі бірнеше миллиард долларға бағалануы мүмкін. Сату процесі: талқылаулар алдын-ала сатыда және мәміле жасасуға жеткізілмеуі де мүмкін. Glencore…

Read More

АҚШ билігі Грузиядағы демократияның шегерілуіне қатысы бар деп таныған ондаған азаматқа, соның ішінде «Грузин арманы» билеуші партиясының мүшелеріне, Парламент мүшелеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне виза шектеулерін енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер ақпарат таратты tarazy.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап. АҚШ «шетел агенттері» туралы заңға қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды ⁣ АҚШ билігі Грузиядағы демократияның шегерілуіне қатысы бар деп таныған ондаған азаматқа, соның ішінде «Грузин арманы» билеуші партиясының мүшелеріне, Парламент мүшелеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне виза шектеулерін енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер хабарлады, деп хабарлайды Reuters. ⁣ ⁣…

Read More

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz сайты Ulysmedia.kz сілтеме жасап. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 54-тен ұлғайту жоспарлануда. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы – 100-ден 120 пайызға дейін өседі. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды…

Read More

Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Tarazy.kz сайты Qaz365.kz сілтеме жасап. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырды. Оның аясында Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасын да көрді. Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның «Scripta Maneant» баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр. Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.…

Read More

Бүгін Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдап, президенттің қол қоюуына жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасаған tarazy.kz Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, мемлекеттік емес БАҚ құралдарына да гранттар бөлінеді. Сондай-ақ жаңа заңда мынандай түзетулер бар: БАҚ-тағы материалдарға талап қою мерзімі бір жылды құрайды; • Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды. • Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді. • Үшінші, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. • Төртінші, БАҚ қызметіне…

Read More

Қазақ қызы Назгүл Балмұхан Бельгияда Брюссель парламенті депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсіп жатыр, – деп хабарлайды Tarazy.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.  Ол осы жексенбіде өтетін Парламент сайлауына, Бельгияның ашық фламандтық либералдар және демократтар партиясының атынан түсіп, бақ сынамақ. Қарағандының тумасы 90-жылдардың басында жұмыс бабымен Бельгияға барып, сол жерде отбасын құрған. Екі баланың анасы. Брюссельдегі сотта орыс, ағылшын, француз, нидерланд тілдерінен тәржімалайтын аудармашы. Қазір партияластарымен бірге саяси науқанға қызу дайындық үстінде. – Брюссель парламентіне өтіп жатсам сайлаушылардың күнделікті тұрмысын жақсарту үшін көп іс атқарар едім. Сондай-ақ мен Брюссель мен Астананың, Бельгия мен Қазақстанның парламенттік делегацияларының арасындағы достық қатынасты дамытуға бар күш-жігерімді саламын, -…

Read More

Алматы облысының бюджеттік кірістері аймақ міндеттемелерін орындауға жеткілікті, сондықтан қосымша қаржыландыру бөлінбейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов депутат Жанарбек Әшімжанға жауабында айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат 7kun.kz-ке сілтеме жасап. «2024 жылы Алматы облысына республикалық бюджеттен 325,6 млрд теңге, оның ішінде субвенциялар – 183,6 млрд теңге, 142 млрд теңге түрінде мақсатты трансферттер қарастырылған. Сондай-ақ 2024 жылғы республикалық бюджетте 27,8 млрд теңгеге ағымдағы несиелер көзделген. Айтылғандарды ескере отырып, облыс бюджетінің кірістері жеткілікті деп есептейміз», – деп жауап берді Премьер депутаттық сауалға. Бектенов атап өткендей, Алматы облысындағ қаңтар-сәуір айларындағы жоспар бойынша жергілікті бюджеттің өз кірістері 101,4% орындалды — жоспар бойынша 170,3 млрд…

Read More

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері күнделікті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында көлік жүргізушілері тарапынан ұдайы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауда. Бейнежазбалар арқылы анықталған көлік құралдарының жүргізушілері құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, олармен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көлік құралдары айып тұрағына қойылды. Әлеуметтік желідегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол ережелерін бұзу оқиғалары көбінесе 18-28 жас аралығындағы жүргізушілер тарапынан контент жинау мақсатында бейнежазбаға түсіріле отырып жасалады. Айта кетерлігі, олар өз әрекеттерімен өзге көлік жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығына қандай қауіп тудырып отырғанын ескермейді. Жолдағы қауіпсіздікті, ең алдымен, сіздің жауапкершілігіңіз қамтамасыз ететінін есте сақтаңыз. Жол қозғалысы ережелерін елемеудің соңы қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.…

Read More

Голливуд актері Кристиан Оливер және оның 10 және 12 жастағы екі қызы Кариб теңізінде ұшақ апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ сайтына сілтеме жасап. Бейсенбі күні 51 жастағы актер қыздарымен бірге Бекия аралындағы әуежайдан Сент-Люсияға шағын бір моторлы ұшақпен ұшып шыққан. Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай ақау шығып, арал маңындағы мұхитқа құлаған. Сент-Винсент пен Гренадин жағалауы күзеті құтқару операциясын бастады, бірақ нәтиже шықпады. Құтқарушылар судан төрт адамның, оның ішінде ұшқыш пен екі баласы бар америкалық жолаушының мәйітін шығарды. Апаттың себебі анықталып жатыр. Желіде ұшақ апатының видеосы пайда болды. Куәгер түсірген кадрлардан шағын ұшақтың «тұмсығымен» төмен құлдилап, қатты жылдамдықпен суға…

Read More

Шымкентте бірқатар ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланып ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды otyrar.kz. Полицияға алғашқы хабарлама 4 қаңтарда сағат 18:00 шамасында түскен. Абай даңғылы бойында денесінде көптеген жарақаты бар 48 жастағы ер адам табылды. Тұран аудандық полиция қызметкерлерінің шапшаң әрекеті арқасында, зардап шеккен адамды уақытында ауруханаға жатқызуға мүмкіндік туды. 4 қаңтарда 1975 жылы туған науқас N1 қалалық ауруханасына жеткізілген. Науқастың денесінде бірнеше пышақ жарақаты анықталды. Сонымен қатар мойынның алдыңғы тұсы да жараланған. Ауруханаға жеткізілген науқаста ауыр дәрежедегі жедел постгемаррагиялық анемия да анықталды. Операциядан кейін науқас реанимация бөліміне ауыстырылды. Шымкент…

Read More

Автокөлік жолдарының құрылысында міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады.Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл тұрғыда Президент жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ал жол саласының ардагері, ғалым Әбді Қиялбаев Көлік және коммуникация министрлігі жеке құрылып, жол саласын сол министрлік еншісіне бергені құптарлық әрекет болды деп санайды. Гончаров атындағы Алматы жол академиясында…

Read More

Волонтерлік қызметті дамыту азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал ететін үлкен күш. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазақ халқының «Асарының» бүгінгі жалғасы, мұқтаж жандарға жәрдемдесу, қоғамды жақсартуға арналған сан жолдарды пайдала отырып, өз көзқарасын жеткізу жолы. Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар. Бүгінгі күні волонтерлік бағыттары кеңіп, түрлі сала мамандарын біріктіретін бұл ұғым өмір сүру стиліне айналып үлгерді. Жас ұлан ұйымы өз бастауын алған кезден бастап, жастар мен жасөспірімдерге осы моральдік қағиданы ұстап, қоғам игілігіне қызмет көрсетуді дәріптеп келеді. Қызметтік жолында түрлі волонтерлік шаралар мен жобалар ұйымдастырып, тіпті мультфильм…

Read More

Республиканское общественное объединение «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан» объявляет о начале общенационального проекта «Birgemiz: Bilim». Проект реализуется по заказу Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан при поддержке НАО «Центр поддержки гражданских инициатив». Целью общенационального проекта «Birgemiz: Bilim» является повышение уровня цифровой, финансовой, языковой, компьютерной грамотности различных групп населения, в том числе в сельской местности, через привлечение волонтеров и использования неформального подхода. Для достижения цели пройдет отбор 2000 волонтеров со всей Республики Казахстан. Волонтеры пройдут специальное обучение и будут проводить обучающие мероприятия, мастер классы, семинары-тренинги в сфере цифровой, финансовой, языковой, компьютерной грамотности для различных групп населения. На сегодняшний день продолжается регистрация волонтеров…

Read More

Алматының негізгі көшелеріне орташа жөндеу жүргізем деп халықтың наразылығына тап болған қала әкімдігі жол төсеу жұмыстарын жалғастыруда. Қарсылыққа қарамастан Абай, әл-Фараби даңғылдарына жаңа асфальт жабыны төселді. Енді қаланың солтүстігіндегі елдімекендерге қатынайтын күре жолдың бірі – Сайын даңғылына (Мөңке биден солтүстік бағытқа) да жаңа асфальт қабаты төселді. Бір ерекшелігі – биыл жол жабыны жаңа технологиямен төселуде. Жолдың қызмет мерзімін ұзарту, тегістігін сақтау мақсатында полимерлі асфальтбетонға титан қосылған. Ал жолда қолданылатын материалдардың сапасын тексеру, технологиясын бақылау Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына жүктелген.    2023 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен көше-жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу…

Read More

Бүгін, 26 маусымда Жамбыл облысы, Гвардейский оқу орталығында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен «Jiger» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында әскери-далалық лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба тұңғыш рет пилоттық жоба ретінде Алматы қаласы және Жетісу облыстарында жүзеге асырылып жатыр. Әскери-далалық лагерьге 18-ден 24 жасқа дейінгі Алматы қаласының жұмыспен қамтылмаған 30 жасы қатысуда. Лагерь 17 күнге созылады. Лагерь аясында әскери оқу-жаттығу жұмыстары, жастардың далалық машықтарын пысықтау, жеке құрамға жаңа техникаларды таныстыру, оқу-жаттығу барысында жауынгерлік техникамен қару жарақтың түрлерімен танысу, әскер бөлімдерін және әскер түрін соғыс тәртібіне…

Read More

Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты. Сол себепті де қоғамда мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан, мемлекет мүддесіне қызмет ету қашанда оңай емес екенін ескерсек, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптың да жоғары екендігі айтпаса да түсінікті. 2013 жылдың желтоқсанында елімізде «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілген болатын. Содан бері жыл сайын мемлекеттік қызметшілер күні аталып…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты. Қазақстан үшін Түркияның стратегиялық маңызы зор. 1991 жылы Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш мойындаған ел – Түркиямен бірге бүгінде саяси, экономикалық, тарихи, мәдени, сауда-саттық салаларында ынтымақтастық күшейген.…

Read More

Инклюзивный или доступный туризм предполагает доступные туристические направления, продукты и услуги для всех людей, независимо от их физических, интеллектуальных особенностей или возраста. Но на сегодняшний день большинство туристических операторов и объектов не предлагают свои услуги для людей с инвалидностью, несмотря на то, что 70% людей данной категории хотели бы путешествовать по Казахстану и зарубежным странам (согласно исследованию общественного фонда «Аржан»). Решением этой проблемы занимается общественное объединение «Батыр», которое реализует проект по продвижению инклюзивного туризма. Организация проводит инклюзивные туры по Акмолинской области для людей с инвалидностью с учетом их потребностей и возможностей. Инициатива является частью проекта «Байтақ жер», который реализуется Фондом Евразия Центральной…

Read More

1 июня 2023 года возобновил работу единственный в мегаполисе открытый спортивный бассейн «Денсаулық», на базе Факультета Спорта и туризма Южно-Казахстанского университета имени Мухтара Ауэзова. Старейший бассейн Шымкента, построенный еще в 1970 году и никогда не нуждавшийся в рекламе, стабильно привлекал большое количество посетителей. Здесь проводились тренировки спортсменов и крупные соревнования. Последний капитальный ремонт бассейна был более 20 лет назад. Бассейн, соответствующий олимпийским стандартам, имеет длину 50 метров и разделен на 8 дорожек. Глубина изменяется от 1,70 м на старте до 5 метров на финише, что также позволяет использовать его для прыжков с трамплина. В распоряжении посетителей три трамплина разной высоты:…

Read More

БҰҰ мен Halyk қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіреді. АЛМАТЫ, 31 мамыр 2023 жыл – Бүгін Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында”Reuse. Recycle. Reduce” тұрақты сән және өнер шарасыөтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Біріккен Ұлттар ҰйымыныңҚоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және елдің жетекші банкі Halyk ұйымдастырып, кеңаудиторияны тартып, қатысушыларды пластикалық ластануға қарсы жаһандық күреске қосылуға шабыттандырды. Halyk Alañy алаңында өткен шара барысында қонақтар Молдақұл Нарымбетов пен Саид Атабековтің қайта өңделген материалдардан жасалған арт-инсталляцияларының бірегей көрмесін тамашалады. Бұлөнер туындылары пластикті қолдану мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты түрлі проблемаларды айқын көрсетті. Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – жас дизайнерлердің жаңа қағидасы бойынша жасағанкиім топтамасының…

Read More

Қазақстанда төрт ай ішінде өрттен 146 адам қайтыс болған,-  деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство жылдың төрт айында республика бойынша тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу жариялады. Шолудағы дереккке сүйенсек, жыл басынан бері «112» пультіне халықтан 2 102 612 қоңырау келіп түскен. 3 875 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, 486 адам зардап шеккен. Соның ішінде 151 адам қаза болып, 1 миллиард 272,75 миллион теңгеге материалдық нұқсан келген. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан 185 адам қаза болған. Техногендік сипаттағы жағдайлардың басым бөлігі (85,7 пайыз) өндірістік және тұрмыстық өрттен болған. Төрт айда 3…

Read More

Тараз қаласында «Smart City Servise» ЖШС-гі тарапынан қосымша 10 бірлік «Golden Dragon» маркалы автобустар пайдалануға берілді. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қоғамдық көліктердің жағдайымен танысты. – Облыс орталығында автобустардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында биыл жыл соңына дейін 70 автобусты ел игілігіне ұсынуды жоспарлап отырмыз. Өткен айда 23 жаңа қоғамдық көлік жеткізілсе, бүгін тағы 10 автобус пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы ілкімді істер әрі қарай да өз жалғасын табады. Біз әрдайым халықтың жоғары сұранысына ие, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсететін тасымалдаушы серіктестікпен тығыз жұмыс істейміз, – деген Бақытжан Орынбеков автобус жүргізушілерінің мәдениетін жақсартып, олардың еңбекақысын арттыру қажеттігін де жеткізді. Жалпы сыйымдылығы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен Соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Бақытты бала шақтан – жарқын болашаққа!» атты салтанатты шараға қатысты. Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 гимназияда өткен мерекелік шарада аймақ басшысы барша балаларды құттықтап, жас түлек пен оқушыларға, ұстаздарға деген ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ, өткен оқу жылы табысты аяқталғанын атап өтті. – Облыстағы 492 мектептегі 248 мыңнан аса оқушы кезекті оқу жылын табысты аяқтап отыр. 12 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда. Биылғы оқу жылында облыс оқушылары халықаралық, республикалық деңгейдегі білім, спорт, өнер байқауларында айтарлықтай жетістіктерге жете білді. Атап айтсақ, Республикалық…

Read More

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесі құрылып, оның алғашқы бас қосуы Алматы қаласында өтті. Мұндай кеңестің мақсаты – әр аймақтағы филиалдарда еңбек етіп жүрген жастардың басын қосу, мансабының жоғарлауына жағдай жасау. Сонымен қатар, салаға қажетті кадр дайындау. Себебі еліміз бойынша еңбек нарығында жолшы, инженерлер, зертханалық жұмыспен айналысатын мамандар жетіспейді. Кеңестің ашылу салтанатына сапа орталығының басшылық құрамы, Алматы қалалық және облыстық филиал басшылары қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қалидың сөзінше, автожол саласында кадр дайындайтын оқу орындары елімізде жеткілікті. Өкініштісі, түлектердің басым көпшілігі мұндай мамандықтарға түсуге құлық танытпайды. Бүгінгі…

Read More

Биыл 10 маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға келген жанкүйерлер қауымы футболмен бірге рухани азық алып қайтады. Қызықты мәдени және көркем өмірімен, дәмді дәмімен, тарихи орындарымен, қайталанбас қалалық сәулетімен, қыз-қыз қайнап жататын түнгі өмірімен және ойын-сауық-сауда орындарымен баурап алатын Ыстамбұл туристер мен жанкүйерлерді асыға күтеді. Чемпиондар фестивалі УЕФА Чемпиондар лигасының финалын тойлайтын Чемпиондар фестивалі 2023 жылдың 8-11 маусымы аралығында Ыстамбұлдағы Йеникапы фестиваль алаңында ұйымдастырылады. 2023 жылғы УЕФА елшілерінің абсолютті чемпиондары турнирі 9 маусым күні сағат 16:00-де өтеді. Түркияның ресми туризмді таныстыру платформасы GoTürkiye сол күні Крис Луно B2B Ceaus,…

Read More

Германияның Кельн қаласында басталған Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының жетекшілерімен кездесу өтті. Бұл келелі кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайынов және Австрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Нидерланды, Венгрия, Польша, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізіп, Қазақстанда қарқынмен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжей айтып берді. «Алдымен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіздерге деген зор ықыласы мен ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Біздің ең үлкен байлығымыз…

Read More

Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының тұрғындары зиянкестерден зәбір көруде. Зиянкесті залалсыздандырып көрген. Нәтиже бермеген. Тұрғындар «ауыл ішіндегі диірменді алысқа көшірмей зиянкестен құтылмаймыз» деп әкімдік алдына жиналды. Көпшілікпен кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды аяғына дейін тыңдамай көлігіне мініп қашпақ болды. Ашынған жұрт айғайға басып оны көліктен түсіріп алды, деп хабарлайды Astana.tv. Аудандық шенеуніктер бір ай ішінде шыбын-шіркей мәселесін шешеміз деп уәде берді. Қамба қожайыны халық талабын орындамаса, диірменді ауыл сыртына шығаруға шешім шығарамыз деп отыр.

Read More

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін қанша адам сотталғаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігі Massaget.kz порталының ресми сауалына берген жауабына сәйкес, осы жылдың төрт айында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған 352 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Департамент сотталғандарға қатысты арнайы шаралар қолданылатынын мәлімдеді. «Сотты болғандардың тұрғылықты жерін, мінез-құлқын, оның ішінде интернет желісіне қосылған байланыс құралдарын электронды бақылау түрінде жүзеге асырылады», – делінген ресми жауапта. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бері 114 сотталған адамға электрон бақылау қолданылған.

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер әкімнен Президент резиденциясының тағдырын сұрады. Әкім қазірдің өзінде Мемлекет басшысының резиденциясы білім басқармасы балансына берілгенін, онда балалар үшін жыл бойы жұмыс істейтін лагерь ашу жоспарланып отырғанын айтты. «Осы пионер лагерін қамтуға жергілікті бюджеттен 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлдік. Қызметкерлер болады, жақын арада жөндеу жұмыстары басталады, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр. Жоспарымыз мынадай: 50 адамға арналған жыл бойы істейтін пионер лагері. Ғимарат бар, оқу сыныптарын қайта жабдықтаймыз, қосымша жиһаз аламыз.Қаржыландыру, азық-түлік, еңбекақы мәселелері шешілді. Ұсақ құрылыс жұмыстарын бітірсек, жазда…

Read More

21 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан (ЖИТС/СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні атап өтіледі. Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – қоғам назарын адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының таралуы және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысында жыл басынан бері АИТВ инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталған. Ал, өткен жылдың осы кезеңінде 25 адам тіркелген болатын. Облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясын жұқтырған 328…

Read More

При содействии и организации Южно-Казахстанского университета им.М.Ауэзова состоялась ярмарка вакансий для выпускников «Жас маман-2023». Всего в ярмарке приняли участие около 190 компаний по всей республике, которые предоставили студентам более 1300 вакансий. В их числе ТОО «Рахат Шымкент», ТОО«Фудмастер», ТОО «Борте милка», ТОО «Бал текстиль», ТОО ДП ЦЕНТР, АО СП Акбастау, ТОО АППАК, ТОО СП ЮГХК, ТОО «Asia trafo», ТОО «Казфосфат» (г.Тараз), Департамент полиции г. Астаны и другие учреждения по всей республике. Цель ярмарки-расширение доступности рабочих мест для молодежи и выпускников, упрощение процесса найма для работодателей путем привлечения достойных кандидатов и содействия их трудоустройству. «Университет становится площадкой, где работодатель встречается со…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы мен цифрландыру басқармаларының басшыларының есептерін тыңдады. Кондоминиум нысанын тіркеу жұмыстары туралы облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев баяндады. Ол тұрғын үй қорын жаңғырту аясында 2011-2022 жылдар аралығында құны 16,8 млрд теңгегені құрайтын 557 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Биыл облыс орталығында жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 44 тұрғын үйді жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі аудандарды тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасымен қамтуды тапсырды. Бұдан кейін, облыс кімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат…

Read More

Қазақстанға 50 миллион теңгенің смартфондарын заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, 7 мамырда ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға келе жатқан ҚР азаматы тізгіндеген жолаушылар микроавтобусын тоқтатқан. «Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы – 50 миллион теңге шамасында», – делінген хабарламада. Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Read More

Президенттің туған күніне қатысты сұраққа баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған. «Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», – дейді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. Сәрсенбі, яғни 2023 жылғы 17 мамыр күні Мемлекте басшысы 70-ке толады. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 12 мамырда Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді.

Read More

Ыстамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз күлесі ғимараты күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Ыстамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта ашты. Босфор бұғазының жағасында орналасқан мұнара енді мемориалдық мұражай ретінде қызмет етеді. Қыз мұнарасы біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда қазіргі Үскүдар жағалауынан шамамен 20 метр қашықтықтағы аралда Босфор арқылы өтетін кемелерді басқаруға және салық жинауға арналған кедендік бақылау бекеті ретінде салынған. Бұл кішкентай аралда Шығыс Рим императоры Мануэль Комненос…

Read More

Қазақстан құрамасында бес боксшы финалға шықты. Әлем Чемпионатының финалында кімдер өнер көрсетеді? Мырзағали Айтжанов шәкірттері жартылай финалда жеңілмеген жалғыз құрама. Өзбекстанның екі боксшысы, Куба және Ресейдің төрт боксшысы және Франция құрамасының бір боксшысы қола жүдегер атанды. Бокстан ӘЧ финалында мына елдердің боксшылары сынға түседі. 🔹 Өзбекстан – 7 боксшы🔹 Қазақстан – 5 боксшы🔹 Куба – 4 боксшы🔹 Ресей, Франция – 2 боксшы🔹 Грузия, Моңғолия, Бразилия, Қытай, Әзербайжан және Италия – 1 боксшы Барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жектер 🥊 48 келі:Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Сахил Алахвердови (Грузия) 🥊 51 келі:Белал Беннама (Франция) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) 🥊 54 келі:Махмұд Сабырхан (Қазақстан)…

Read More