Автор: admin

В Таразе проводится ОПМ “Таза Қазақстан”, передает Polisia.kz. Во исполнение указания Министра внутренних дел РК местной полицейской службой УП города Тараз на территории областного центра с 25 июля по 30 августа проводится республиканское оперативно-профилактическое мероприятие “Таза Қазақстан”. Цель мероприятия – обеспечение чистоты улично-дорожной сети, выявление, пресечение экологических правонарушений и улучшение экологической обстановки в городе. По словам начальника Отдела местной полицейской службы УП города Тараз Сабита Мамытбекова, с начала проведения ОПМ в областном центре выявлено 128 нарушений по статье 204 КоАП РК (торговля в неустановленных местах); 119 – по статье 505 КоАП РК (нарушение правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов,…

Read More

Жамбыл облысында «Ғылым таппай мақтанба» атты делфилік ойындар байқауы басталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Adyrna ұлттық порталына сілтеме жасап. Байқау «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бастау алып отыр. Байқаудың мақсаты – Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, шығармашылыққа бейім жандарды дәріптеу болып отыр. Байқаудың міндеттері: Жастардың ізденісін артыру;·Абай есімін дәріптеуге баулу;· Жастар шығармашылығына көңіл бөлу;· Ақын-жазушылар, абайтанушылар, журналистер, суретшілер, видеографтар, зерттеушілер, әншілермен байланыс орнату арқылы кәсіби мотивация беру;· Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау.…

Read More

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы 65 жасына қараған шағында өмірден озды. Аяулы әріптес, асыл ағаның қазасы қабырғамызды қайыстырды! Марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Шәбден Тілеумұратұлы 1956 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келді. Ол өзінің саналы ғұмырын Жамбыл облысының жандану жолына арнап, оның саяси өміріне өлшеусіз үлес қосты. 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Әр жылдары ауылдық округ әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының орынбасары еді. Тас…

Read More

Қазіргі таңда Германия мен Қазақстан арасында тікелей тұрақты әуе қатынасы болмағандықтан, барлық гуманитарлық көмек «репатриациялық» чартерлік рейстермен Майндағы Франкфурт қаласынан жеткізіледі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі Германияда тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынның атынан әлеуметтік желідегі тарап жатқан бейне материалдардан соң осындай мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Біздің қазақ диаспоралары мен отандастарымыз тарапынан Германияның түрлі қалаларында, соның ішінде Мюнхенде орналасқан Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүктер Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығында жинақталып, содан кейін ғана бір үлкен партиямен елге жолданады «,– деп жазған сыртқы саясат ведомствасы – сонымен қатар, құрамында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар бар жүктердің тиісті сертификациялық…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Татулық пен түсіністікке, жақсылық пен жанашырлыққа шақыратын қасиетті мейрам құтты болсын. Пандемия біздің елімізде де қиын жағдай тудырды. Жақынынан айырылып, туған-туысының денсаулығына алаңдағандар қаншама. Әйтсе де, бүгінде карантин талаптарын күшейтудің арқасында коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар көрсеткіші азайып келеді. Сондықтан, қазір сақтық шараларына басымдық беру маңызды. Осы орайда, сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізге қауіп төндірмеу мақсатында Құрбан айт кезінде қаладағы барлық мешіттер жабық болып, құрбан шалу qurban2020.kz сайтында өтінім беру арқылы жүзеге асырылатынын және айт намазы оқылмайтынын естеріңізге салғым келеді. Бұл сіз бен біздің амандығымыз үшін амалсыздан қабылданып…

Read More

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік пакеті табысталды. Еске салсақ, өткен аптада басталған аталмыш акцияның бірінші күнінде мұндай жинақ 200 отбасыға берілген болатын. Бұл жолы қаланың 11-округіне жататын Құмшағал, Шөлдала секілді аумақтағы арнайы санаттағы отбасылар азық-түлікпен қамтылды. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады. Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған.

Read More

Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы өңірдегі БАҚ өкілдерімен бірігіп, 2020 жылдың 27 шілдесінде Тараз қаласында орналасқан бірқатар дәріханалар бойынша күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көптеген дәріханаларда халық көп қолданатын антибиотиктер, вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектер табылмаған. Алайда, аталған дәрілердің орнын алмастырушы препараттар бар екені анықталды. Айта кету керек, барлық дәріханаларда бетперде жеткілікті, кезек саны азайған.⠀⠀ Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев аталған жедел штаб, Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, карантиндік режимді сақтау мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, карантиндік режимді сақтамаған Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс»…

Read More

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қала кәсіпорындары 135 млрд 538,8 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2019 жылы – 139 765,6 млн теңге), физикалық индекс көлемі 100,0 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд 226,7 млн теңгеге кем өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (359,7 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 376,8 мың теңге болып қалыптасты (2019 жылы – 389,9 мың теңге).Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: өңдеу өнеркәсібінде 106 млрд 52,0 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 99,9% құрады (2019 жылы – 112 188,9 млн теңге);кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 414,6 млн теңге немесе нақты көлем индексі 81,7% құрады (2019 жылы…

Read More

Бүгін қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы орта мектеп директорларының жиыны өтті. «Орта мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» атты тақырыптағы жиында қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы У.Байдуанов осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар мен білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарының жай-күйі жөнінде баяндама жасады.⠀⠀ Сонымен қатар, Алмас Садубаев мектеп басшыларына жаңа оқу жылында жағдайы төмен отбасыларға компьютер үлестіру және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдайды зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, әкім орынбасары оқушылардың патриоттық, мәдени бағыттағы тәрбиесін күшейту, кітапханалардағы кітап қорын көбейту арқылы оқушыларды кітап оқуға баулу мәселесі төңірегінде бірқатар тапсырмалар берді. Жиын барысында қойылған сұрақтар…

Read More

Тараз қаласында үйі өртеніп, үш баласымен далада қалған анаға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа баспана берілді. Ағымдағы жылдың 1 маусымында Мичурин көшесінде орналасқан үйден өрт шығып, соның салдарынан Мария Кириакиди далада қалған болатын. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалпы көлемі 100 шаршы метр үй аумағының күлі көкке ұшқанын анықтады. Кәмелет жасына толмаған үш баласы бар ананың тілсіз жаудың кесірінен қиын жағдайға ұшырап, тентіреп қалғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тез таралды. Бұл оқыс оқиғаға қатысты шұғыл әрекет еткен облыстық әкімдік Марияның отбасына жатақхана ұсынған болатын. Алайда, азаматша бұл ұсыныстан бас тартты. Бірақ, облыстық және қалалық әкімдіктің атсалысуымен…

Read More