Автор: admin

2020 жылдың 1 тамызынан бастап Тараздағы автобустардың салондарына электрондық жол жүру картасы арқылы төлем жасауға арналған валидаторлар мен терминалдар кезең-кезеңімен орнатылатын болады.Осылайша, қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жол жүру үшін электрондық карта арқылы төлеу кезінде жол ақысы барлық жолаушылар үшін – 65 теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) 30 теңгені құрайды. Ал, электрондық картасы жоқ азаматтар жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейтін болса, жол жүру құны барлық жолаушылар үшін 130 (жүз отыз) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) үшін 65 (алпыс бес) теңге мөлшерінде болады.«SAPARCARD» электрондық жол жүру төлем карталарын 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап қаладағы бірнеше нүктеден сатып алуға болады. Электрондық жол жүру…

Read More

2020 жылдың 17 шілдесі күні сағат 08:00-де мониторинг бойынша Жамбыл облысы аумағында COVID-19 ауруының 2522 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші — 218,1 құрады. Тіркелген жағдайлардың ішінде симптомдары бар 1061 (42,1%), симптомдары жоқ 1461 (57,9%) науқас. 1461 адамның ішінде симптомсыз аурумен Тараз қаласында – 672, Байзақта – 102, Жамбылда – 86, Жуалыда – 46, Меркіде – 47, Қордайда – 140, Т.Рысқұловта – 38, Сарысуда – 105, Таласта – 45, Шуда – 47, Мойынқұмда – 12 оқиға тіркелді. Республиканың басқа өңірлерінен әскерге шақырылушылар арасында 117, басқа өңірлердің тұрғындарынан 4 оқиға орын алды. Симптомдық белгілері жоқ және COVID-19 ауру ағымының…

Read More

Мамандар адамның дәл қазіргі сәтте қандай күйде екенін, не мазалап жүргенін анықтау үшін психологиялық тесттер ойлап тапқан. Әрине, барлығы әркімнің түйсігіне, сезіміне, ойына байанысты. Ендеше түйсігіңіз бүгін не дейді екен, тыңдап көрелік. Суретке назар аударыңызшы. Ең бірінші нені аңғардыңыз? Алма Алманы байқадыңыз ба? Демек сізге қазір ешнәрсені ойламай, тынығу қажет. Сіз өте жомарт, мейірімді жансыз. Кез келген нәрседе қате жібермес үшін өте ұқыпты әрекет етесіз. Әдетте алма жомарттықтың, сабырлылықтың, даналықтың белгісі. Бойыңыздағы күш-қуат, жігер, ынта сізді әрдайым алға жетелейді. Өміріңіз де алмадай дәмді болмақ. Көбелек Бірінші көбелекті байқадыңыз ба? Сіздің ойыңыз да, өзіңіз де позитивке толы жансыз. Бір сөзбен айтқанда,…

Read More

Кеше Тараз қаласы аумағында карантин кезінде жұмыс жасап жатқан нысандарға кезекті рейд жүргізілді. Адам өміріне қауіп төндірген індет жайлы күн сайын ескерту жасалып жатса да, қауіпсіздік шараларын елемейтіндер әлі де бар. Мұндай заңсыздықтардың жолын кесу мақсатында шаралар қабылданды. ⠀ Осылайша, Тараз қаласы әкімінің орынбасарлары жетекшілік еткен мобильдік топ қаладағы Қойгелді көшесінде орналасқан «Гараж» сыра дүңгіршегі, Жамбыл даңғылындағы «Мәди», Бәйдібек баба көшесі мен «Бәйтерек» (13) шағын ауданындағы азық-түлік дүкендері мен Абай даңғылындағы «Мета» бары карантин талаптарын бұзып, тыйым салынған уақытты жұмыс жасап тұрғаны анықтады. Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан «Нұралы» базарының аумағындағы дүңгіршектер де түнгі уақыттағы сауда-саттықты тоқтатпаған. Аталған нысандар бойынша тиісті…

Read More

Осыдан тура 25 жыл бұрын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы айтулы күнге мерейтойлық медаль белгіленген болатын. Ол елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Осы орайда Жамбыл облыстық әкімдігінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерейтойлық медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Медальдар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, қоғам белсенділеріне берілді. — ҚХА-ның негізгі міндеті – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ұлтаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық…

Read More

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала ішіндегі жолды жаппауды сұраған әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Кадрлардан видео авторының бір топ адамға келіп, сондағы әйелден «Қызылорда әкімі сіз бе?» деп сұрайды. Оған видеодағы әйел даусы «иә» деп жауап береді. — Сіз келе жатырмын деп жолдың бәрін жаптырдыңыз ба?- Жоқ.- Маршруткадан бізді тоқтатып тастап, түсіңдер деді, ауруханаға жаяу келдік. — Мен жолды жабыңдар демедім, жолды ашыңдар.- Халықты қорлайсыздар, халықпен бірге емессіздер. Әдемі киімдерді киіп алып, анда-мында келіп, дым да бітірмейсіздер. Машинаға тығылса, халық арасында жүрмесе, несіне әкім? Кейін Қызылорда облысы әкімі баспасөз хатшысының парақшасында Гүлшара Әбдіқалықованың…

Read More

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Сондықтан, келесі «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады. Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілуде. Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде көрсетілуде. Бейне-дәріс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды. Онлайн форматта өткен осы іс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды. Оның тәрбиелік маңыздылығы туралы өңірлердегі…

Read More

Жамбыл облысының орталығындағы № 5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі аймақтық дәрігері Хахарова Роза короновирустық инфекцияның алдын алу, жіті репираторлық вирусты инфекция мен пневмонияны емдеу жолдарын түсіндіреді. Дәрігер коронавирустың алғашқы белгілері пайда болған уақытта қандай маңызды жағдайларды өткізіп алмауды, айтады. Тәжірибелі маман осы ауруды жұқтырмаудың жолдарын, алдын алуды түсіндіреді. Роза Хахарованың айтуынша, қобалжуға не қорқуға жол беруге болмайды және дәрігерге қаралмастан антибиотиктерді салуға қатаң тыйым салынады екен.

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пандемияға байланысты жағдайдың ушыққанын айтып шаһар тұрғындарына Үндеу жасады. Кімнің болсын жақындары мен таныстары індеттен қайтыс болу жағдайы күнде орын алып жатқандығын жасырмай айтты. Осы ретте қала басшысы тұрғындардан талаптарды қатаң сақтап, әр азамат алдымен өзі және отбасының қауіпсіздігіне назар аударуын өтінді.

Read More

Сенбі, 4 шілде күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Сарысу ауданына барды. Аудан активімен болған кездесуде аймақ басшысы ауданның жаңа әкімін таныстырды. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Бақытжан Жақсылықов Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды. Бердібек Сапарбаев жаңа әкімге экономиканың барлық саласында өсімді қамтамасыз етіп, өндіріске, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікке айрықша назар аударуды тапсырды. — Сарысу ауданында алдыңғы қатардан көрінуге қажетті барлық мүмкіндік бар. Ол үшін әкім ведомствоға қарасты барлық мекемелердің жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырып, қоғам белсенділері және кәсіпкерлермен өзара ынтымақта жұмыс істеуі керек, — деді Бердібек Сапарбаев. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың…

Read More