Автор: admin

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абайтану ғылымына ғұмырын арнаған абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Толық адам» ілімінің негізін қалаушы Мекемтас Мырзахметұлының 90 жас мерейтойына орай «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі, Мекемтас Мырзахметұлының ғылымдағы шәкірті, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерттеуде үлкен жұмыс атқарып жүрген зерттеуші Әлімбай Аманұлы Найзабаевпен «Ғылымға ілтипат — ғалымға құрмет» онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесуде Әлімбай Аманұлы екі дәуірде өмір сүріп, рухани тұтастық байланыстырған ұлт зиялылары Абай мен Мекемтас шығармашылығының терең дария екеніне тоқталып, Мекемтас Мырзахметұлының 123 негізгі ғылыми тақырыбы Абайтануға арналғанын, Абай шығармашылығын қуанғандар мен сынағандар, оның…

Read More

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы Тараз қаласына 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып 405 тұрақты және  5 666 уақытша жұмыс орындарымен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, шаһарда жұмыс қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға адалдан нан табуға мүмкіндік берді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізіліп, 14 млрд. 231,2 млн.теңгеге 347 жобаның жеңімпаздары анықталған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен қаладағы бірқатар мәселелер өз шешімін табуда. Қазір 163 көпқабатты үйлердің алдындағы аулалар, 96 көше мен…

Read More

2020 жылдың 18 маусым күні сағат 10.00-ден бастап Жамбыл даңғылындағы Коммуналдық базардың алдында қала әкімі, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері тарапынан көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде. Көшпелі қабылдауға келген азаматтар өздерінің сұрақтарына нақты жауаптар алуда.

Read More

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік экономиканың қай салаларында белсенді енгізілуде және оның дамуы жолында қандай кедергілер туындауда? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селектрлік кеңесте талқыланды. Басқосуға өңір басшысы бейнеконференция режимінде қатысып отырды. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс 238 жобаның бірыңғай базасы құрылған болатын. Айта кетейік, МЖӘ тетіктері денсаулық сақтау, білім беру, спорт, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беруде. Тиісінше, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы да жақсара түсуде. Мәселен, осы әдіс арқылы №1 қалалық ауруханасына ангиограф, ал Шу аудандық ауруханасына компьютерлік томограф алынған. Бизнес пен мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың арқасында балабақшалар санын көбейту мәселесі де тиімді…

Read More

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың қабылдауына осы уақытқа дейін 11 азамат жазылды. Азаматтардың түйіткілді мәселесін тыңдаған қала әкімі Мелиоратор көшесі жол, ауыз су саласы бойынша зерделеу жүргізу үшін тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берді. Сонымен қатар базардағы кәсіпкерлер базардың жұмыс уақытын және қоғамдық көлік қозғалысының уақытын созу туралы өтініштерін жеткізді. Көшпелі қабылдауға прокуратура, полиция ХҚКО өкілдері қатысуда.

Read More

Жамбыл облысында орналасқан базарларда тұрақты түрде дезинфекциялық шараларды ұйымдастырып отыру талабының орындалуы бойынша бүгін Тараз қаласындағы ірі базарлардың бірі «Ауыл Береке» базарындағы жағдайға бақылау жүргізілді. Жалпы базар аумағы 11,1 гектарды құраса, оның ішінде сауда алаңы 74 мың шаршы метрді құрайды және барлығы 3 мыңнан аса сауда орындары бар.Базар басшылығының ұйымдастыруымен бүгін барлық сауда орындарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, бұл жұмыстарға 22 жұмысшы жұмылдырылды.

Read More

Құрметті қала тұрғындары! Мемлекеттік бағдарламалар қала шеңберінде қалай орындалуда? Жобалардың жүзеге асырылуы мен жай-жапсары жайлы түсіндіріп өтсек. Алдымен сіздердің назарларыңызға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қала бойынша орындалу барысы туралы баяндаймыз. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы Таразда 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып 405 тұрақты және 5 666 уақытша жұмыс орындары ашылмақ. Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, қалада жұмыс басталып та кетті. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізілді. Оған 14…

Read More

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция бірлесе рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд нәтижесінде карантин режимін бұзып, рұқсатсыз жұмыс істеп тұрған 1 бассейн, 2 автокөлік жуу орталығының егелеріне айыппұл салынды. Қалалық штабқа мамандар тарапынан аталған бизнес нысандарын жабу туралы өтініш жазылып, өзге кафе, ресторандарға карантин нормаларын сақтау бойынша ескерту жұмыстары жүргізілді.

Read More

Бүгін Тараз қаласының «Қант зауыты» аумағында қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аталған шараның мақсаты облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып, жергілікті атқарушы орган басшылары халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болатын. Алқаптың тұрғындары жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, тұрғын үй шаруашылығы саласы бойынша сұрақтарына жауап алып, аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар Тараз қаласының прокуратура, жергілікті полиция, ХҚКО-ның мамандары тұрғындармен тілдесіп, жеке мәселелерімен қабылдау өткізіп, тиісті жауабын беретінін жеткізді. Ашық аспан астында өткен шара көптің көңілінен шығып, осындай қабылдаулар көптеп ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Аталмыш шара…

Read More

2020 жылдың 15 маусым күні сағат 10.00-ден бастап «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабы, Целиноград көшесіндегі «Дәмді себет» сауда орталығының алдында қала әкімі, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері тарапынан көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде.

Read More