Автор: admin

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәліметінше, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 300-ге жуық әртүрлі жоба онлайн форматқа көшірілді. Бұл турал inbusiness.kz хабарлайды. «Барлық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында танымдық форматта тақырыптық іс-шаралар, конференциялар, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу конкурстары, поэзия кештері, семинарлар және басқа да әртүрлі форматты іс-шаралар онлайн режимінде ZOOM, BBB, Classroom, Teams, Webex платформаларында және әлеуметтік желілерде өткізілді. «Абай және рухани мұра» атты халықаралық конференциясы да Zoom-да өтті. Оған шетелдік және қазақстандық абайтанушы ғалымдар қосылды», – деді министр. Сондай-ақ, Абайға арналған спектаклдер онлайн режимде театрлардың ютуб каналынан көрермендерге жол тартуы тиіс.…

Read More

2020 жылдың 5 айында Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Өңірде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», ИИДМБ, «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да даму бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономиканың барлық дерлік сегментінде оң қарқын байқалады – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғада ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы 2,9%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6%-ға, құрылыс көлемі 8,7%-ға өсті. Биыл Жамбыл облысында 550 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі, 34 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша 23 жоба іске асырылуда,…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өмірін шығармашылыққа арнаған жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлымен «Сөз майданының сардары» атты онлайн сұхбат өтті. Сұхбат барысында Көсемәлі Сәттібайұлы бала арманының жетектеп алып қала Алматыға апарғанын, Ұлттық университетте қазақтың ұлы ұстаздарының дәріс алғанын, алғаш қызмет жолын аудандық газеттен бастағанына тоқталды. Журналистикада жүрген жылдарын, оның ішінде Шыңғыс Айтматов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов тағы да басқа алып тұлғалармен болған сұхбатын, мақала жазудағы үлкен ізденістерін, жазуға адалдық, өмірдегі тәжірибесімен бөлісті. Отбасы жылулығы, құндылығы, бала тәрбиесі төңірегінде келелі ой қозғап, ел намысын қорғап жүрген боксшы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Олжастың Әлем чемпионы,…

Read More

Жамбыл облысы бойынша бүгінгі таңда 894 ҮЕҰ жұмыс істейді десек, олардың белсенділері маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тұрақты түрде атсалысып келеді. Биыл 130-дан астам жобаны іс жүзінде нақты жүзеге асыруға бюджеттен бір миллиард теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы мәселелерді бірлесе шешуі тиіс. Бұл туралы өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерімен өткен кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баса айтты. Аймақ басшысының қоғамдық бірлестіктер жетекшілерімен алғашқы ресми кездесуі болғандықтан басқосуда сөз алғандардың қарасы қалың болды. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлдара Нұрымова бірлестіктің жұмысы туралы қысқаша баяндады. Сонымен қатар ол әйелдер альянсы биліктің өкілетті органдарындағы өз үлесін…

Read More

Экономиканың кез-келген саласында істің алға басуы елдегі ішкі-сыртқы ахуалға байланысты болатыны карантиндік шектеулер кезінде айқын сезілді. Ал тұрғындардың тұрмыс жағдайы ай сайынғы тұрақты табыстарына тәуелді екені, айтпаса да түсінікті. Ендеше елімізде жарияланған төтенше жағдайлар кезеңінде, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаулар әлі де жеңілдей қоймаған шақта өңірдегі еңбек қатынастары қалай қалыптасып отыр? Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселелер қаралды. Облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904-і ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбай тұрғандықтан біз секілді 10904 адам қашықтықтан, 4109-ы толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр.…

Read More

Өңірде «AULIEATA-MEDIA»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, облыстың БАҚ саласында біршама құрылымдық өзгерістер орын алғандығын бұрын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық «Ақ жол» газетіне арнайы келіп, облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Арай» жастар газетінің ұжымымен кездесіп, жаңа құрылымның мақсат-міндеттері қахында, қазіргі баспасөзге қойылатын талаптар  жайлы кеңінен баяндады.                                               -Басылымдарды бір медиа құрылымына топтастырудағы басты мақсатымыз орталық қаржыландыруға оңтайлы жағдай жасау. Сол арқылы журналистердің табысты жұмыс жүргізуіне мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта қаламақыны, үстемақыны көбейту жағдайын да қарастыратын боламыз. Бұл бір жағынан заманның талабы. Облыстағы үш газеттің де өзіндік тарихы бар. Журналистер қашанда халық пен биліктің арасындағы…

Read More

Бүгінде Жамбыл облысының елді мекендерінің 57,8 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. 2023 жылы облыс тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров хабарлады. Ағымдағы жылы 17,4 миллиард теңгеге 50 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жыл соңына дейін 34 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тиісті қаржы «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында қарастырылған. Сумен жабдықтау нысандарының басым бөлігі Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында салынатын болады. 2021-2023 жылдары 84 елді мекенге жүздеген шақырым су құбыры тартылады десек,…

Read More

Бүгінгі қала көлемінде өткізілген сенбілікте көше бойындағы 48 шақырым арық жүйелері тазалариылып, 81 техникамен 203 тонна күл-қоқыс шығарылды. Жалпы сенбілікке 5600 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, қаланың орталық және магистральді көшелеріндегі санитарлық тазалық жөніндегі сенбілікке «КазтТрансГаз Аймақ» кәсіпорны да белсенді атсалысуда. «КазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері жаңа 15 мөлтекауданды абаттандыруға жұмылдырылған. Мөлтекаудандағы көшелерге фрезерленген асфальт бетон төселуде Сонымен қатар мөлтекауданның аумағы тазартылуда. Облыстық басқармалар мен қалалық мекемелер қаланың орталық және магистральді көшелерінде санитарлық тазалық жөніндегі сенбілікке белсенді атсалысуда. Сүлейменов, Балуан Шолақ, Пушкин көшелерінің бойында облыстық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік бағдарламалр, ауылшаруашылық,қаржы, сәулет және құрылыс бөлімдері көше бойындағы…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінде өткен жиында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің бес стратегиялық бағытын іске асыру жайы талқыланды. «Тараз» ӘКК-нің жаңадан тағайындалған төрағасы Олжас Қаржауов өз баяндамасында ағымдағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Бірінші бағыт – лизинг және несие арқылы техника сатып алу үшін корпорация 107 кәсіпкермен жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін олар жалпы құны 2,4 миллиард теңгеге арнайы техника сатып алған десек, мерзімі өткен берешектің мөлшері 182,8 миллион теңгені құрап отыр. Дегенмен, борыштарды өтеу жұмыстары қазірдің өзінде нәтижесін беруде. Атап айтсақ, алғашқы кезеңнің өзінде 15 миллион теңге төленген. Баяндамашы ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдеріне лизинг алушылардың мәселелерін бірлесіп…

Read More

Биыл Жамбыл облысы Талас ауданында 77 жобаны жүзеге асыруға  5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сәрсенбі, 3 маусым күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аталған ауданға  жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын тексерді. Аймақ басшысы алдымен орталықтандырылған су құбырының құрылысы аяқталуға таяу қалған Майтөбе ауылына барды. Мердігер ұйым «Пырақ-Құрылыс» ЖШС нысанды маусым айының соңында тапсырмақ. Нәтижесінде елді мекендегі барлық 328 аула таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді. Ол медициналық қызметкерлер мен күндізгі стационарда ем алып жатқан науқастарды әңгімеге тартты. Одан әрі облыс әкімі шалғай орналасқан Қараой ауылына…

Read More