Автор: admin

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Мемлекеттік рәміздер күні аясында пәтер кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған 90 адамға «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған пәтер кілттері табысталды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Пәтерлер жетім балалар, мүгедектер, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасылар, сонымен қатар әлеуметтік жағынан халықтың осал тобындағы басқа да санаттарға жататын азаматтарға берілді. 5 қабатты екі тұрғын үй Арай-2 шағынауданында орналасқан. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. — Біздің елде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам тараздық жаңа қоныс тойын тойласа, биыл облыс орталығын…

Read More

Тарихы бай, ерекше мәдени-тарихи орындар мен табиғи ресурстарға ие бола тұра Жамбыл облысы әлі күнге дейін туризмді дамытуда бірқатар кедергілерді кешіруде. Өткен тарихы терең өңір алдында барша қазақстандықтар мен шетелдіктерді тартуға қабілетті қазіргі заманға лайық туризм индустриясын құру мәселесі тұр. Бұл туралы басқосу барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев атап өтті. Туризм саласындағы кадрлар тапшылығы, автожолдар сапасының нашарлығы, жол бойындағы сервис деңгейінің төмендігі секілді туризмнің дамуына кедергі келтіретін көптеген мәселелер облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты сараланды. Туризм басқармасы осы орайдағы мәселелерді шешу үшін туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуде. Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың айтуынша, бұл бағытта бірнеше жобаны…

Read More

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 28 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді. Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз қаласында «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акция аясында авто-мото-велошеру, ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық…

Read More

Балық шаруашылығын дамыту мәселесі Жамбыл облысы үшін маңызды күйінде қалып отыр. Бүгінде балық өсірудегі аймақтың бұрынғы даңқын жаңғырту жолында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Жамбыл ауданының «Сандель» шаруа қожалығының балық тәлімбағы аумағында өткен семинар-кеңес барысында саланың жағдайы туралы жан-жақты сараланды. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен облыстың әр түкпірінен балық жемін өндіретін компания мамандары қатысты. «Сандель» шаруа қожалығы аквамәдениетпен 2005 жылдан бері айналысып келеді. Инкубациялық цехта кәсіпорын 100 миллион дана дернәсіл мен 10 миллион дана шабақ өндіреді. Шаруашылық басшысы Дилмурат Хусаин-Ахуновтың айтуынша, екі жыл ішінде дернәсіл өндірісін 150 миллион…

Read More

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғалар бәріне сабақ болуы керек. Ол тұрмыстық жанжалдың этникалық сипатқа ие болып кетуінің мүмкін екендігін көрсетті. Ал бұдан соң осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдағы мәселелерге егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырған болатын. Алайда, қандай да бір себептермен, бұл бағытта жұмыстар әлі күнге жүйеленбей отыр. Облыс әкімдігінде өткен жиында ұлтаралық келісім мен татулыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева өз баяндамасында биыл 21 мың адамның қатысуымен 202 іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. — Бұл шаралардың нәтижесі қайда? Ешқандай оң өзгерістерді байқамадым. Бәрі сол қалпында. Тұрмыстық жанжалдарға ұлтаралық сипат…

Read More

Жақын күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарлануда. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады. Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршруттық автобустар мен парктерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер өз қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады. Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіре алады, жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Сондай-ақ,…

Read More

Бүгін «Қайқармет» базарының алдында жиналған сатушыларға Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Сейсебаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған базарда қаланың аумақтық округтерінде құрылған мониторинг тобының мүшелері (әкімдік, полиция қызметі, Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарамасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары) зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде дене температурасын өлшеуге арналған құралдың (тепловизор) болмауына орай 1 күн мерзім ішінде аталған кемшілікті қалпына келтіру ұсынылды. 2020 жылы 3 маусым күні сағат 9.00-де аталған жерде мониторинг тобының мүшелері қайта зерделеп, аталған кемшілік жойылған жағдайда тисіті нысанның дайындық актісін береді. Соған сәйкес аталған базар жұмысқа қосылатын болады.

Read More

Әсілінде, балаларды қуантудан, олсрдың шаттық-күлкісінен асқан бақыт болмас, сірә. Бірінші маусым Балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы 4 нысанға бас сұғып, жастармен жүздесіп, балаларды қуантты. 1. Алдымен аймақ басшысы жастармен «Birgemiz: Asyl mura» орталығында кездесті, онда олар ерікті болудың қыр-сырын үйренбек. Жастар бастамаларының орталығында еріктілердің жұмысын үйлестіруге арналған алаң бар, фронт-офис жұмыс істейді, онда жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша кеңестер беру жұмыстары жүргізілуде. Орталықта 60 адамға арналған бөлме (кабинет), кинозал, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану орны және жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Кездесу барысында облыс әкімі карантин кезінде «Біз біргеміз» ұранымен мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуге…

Read More

Аким Жамбылской области Б. Сапарбаев посетил ряд новых детских и социальных объектов. Сначала Глава региона встретился с молодежью в центре «Birgemiz: Asyl mura»,  в котором они обучаются  волонтерству. В центре молодежных инициатив функционирует площадка по координации работы волонтеров, куда сможет обратиться каждый желающий и Фронт-офис, в котором ведутся работы по оказанию консультационной помощи по основным направлениям молодежной политики. В центре имеются кабинет на 60 человек, кинозал, и релакс зона, и Центр обслуживания молодежи. При встрече аким области поблагодарил волонтеров за труд во время карантина, где все под одним девизом «Біз біргеміз» помогли всем нуждающимся доставкой продуктовых корзин. Также, в честь…

Read More

Жамбыл облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын облыс көлемінде кең ауқымда атап өтіп, іс-шараға облыс кітапханаларын қамтуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Мәселен, облыс әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту, халықтың тұрмысын, рухани және әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету мақсатында жүзеге асатын «Сөзден — іске» жобасына кітапханадан енген «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы асында Жамбыл аудандық Айша бибі ауылдық кітапханасында, Қордай ауданы Қарасу, Масаншы, Әлжан ана ауылдық кітапханаларында «Ғылым – шындық, сопылық – сұмдық. Бұл – ақиқат…» атты әдеби…

Read More