Автор: admin

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)– Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ұлттық ірі компаниялардың бірі. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің 4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған. 2008-ші жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Бірақ компанияның басты құрылымы өткен ғасырдың 90 жылдарының ортасында тұр. Бастаптапқыда Ұлттық банктің бір құрылымы болып саналатын бұл ұйым 1996 жылы еншісін алып «Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы» ЖАҚ болып құрылған болатын. Алғашқыда банктік қаржы ұйымдары үшін байланыс қызметтерін көрсеткен болатын. Компания алғашқылар қатарында электронды почта қызметтерін, интернет байланыстарын мемлекеттік органдар мен…

Read More

Биыл Шыңғыстаудан шыққан қазақ әдебиетінің асқар биігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дана да, дара да, кемелді кемеңгер, ғұлама ойшылдың шығармашылығын насихаттауда қоғамның рухани жағынан дамуына, мәдениетін көтеруге ықпал ететін мәдени орта – кітапханалардың алатын орны ерекше. Осындай игі шаралар легі Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жалғасын тапты. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Абай Құнанбаевтың шығармалары, ақын жайлы жазылған кітаптар, мақалалар, ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»,…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевпен «Азамат жолы-ар жолы» атты онлайн сұхбат өтті. Сұхбатта Равиль Қуанышбайұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянына, күресу жолдарына, қай салада сыбайлас жемқорлық фактілерінің жиі кездесетініне, күресу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарға, «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтары мен «Адалдық сағаты», «Парасаттылық мектебінің» мақсат-міндеттеріне тоқталды. Сонымен бірге оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарына онлайн кеңес алып, департаменттің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Онлайнда жыл басынан бері облыс бойынша 54-ке жуық сыбайлас жемқорлық фактілерінің тіркелгенін, олар бойынша тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны айтылды. Тосыннан қойылған сауалдарға Төлебаев…

Read More

Таразда таяу арада жаңа сауда үйі мен 2 көтерме-тарату орталығы ашылады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев нысандардағы жұмыстармен танысты. Кәсіп иелерін алаңдатқан мәселелерді тыңдап, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. Төле би көшесінде орналасқан «Grand Passage» сауда үйі ашылған соң, жаңа жұмыс орындары пайда болып, жергілікті бюджетке мол қаражат түседі. Мұнда азық-түліктің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің көтерме саудасына ең үлкен аумақ берілетіндіктен, баға тұрақтылығын сақтауға арналған логистикалық орталық қызметін де атқарады. – Бұл жердегі көтерме сауда Тараз ғана емес, бүкіл облыс халқын қол жетімді бағадағы сапалы, сондай-ақ сертификатталған тауармен тұрақты әрі жыл бойы қамтамасыз етеді. Сауда үйінің жалпы аумағы 50 мың шаршы…

Read More

Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Нұраддин Рақай коронавирус жұқтырған. Бұл туралы оның жары Маржан Рақай Facebook желісінде жазды. Алайда Нұраддин Рақай коронавирусты жұқтырғаны туралы кездейсоқ па әлде жарының әлеуметтік желіде жазба қалдырғаннан кейін ғана ресми түрде жазылған хаттаманы бір апта өткен соң ғана алған. «Жолдасым Нурадин Ракай дан коронавирус анықталды деп ауруханада жатқанына бүгін тура жеті күн болды. Ешқандай ауру белгілері жоқ. Тестті 21 мамыр күні күндіз тапсырған. Сол уақытта күні бойы жұмыста жүрді. Түнгі он бір жарымда СЭС мамандары телефонына қоңырау шалып, одан COVID-19 анықталғанын, қазір келіп алып кететіндерін жеткізді. (осы аралықта мен үшін күмән туғызғаны, қорытындының тура сол күні…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас ақын, журналист, жас сазгер, әнші Нұрлан Әбдікәріммен «Тыңда дала үнімді» атты онлайн поэзия кеші өтті. Кеште жас ақын онлайн келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, қазіргі өлеңдердің құрылымына, өлең өлкесінде жүрген жас ақындардың шығармашылығы туралы ой қозғады. Поэзияға соңғы төрт жылда келгенін, яғни, туған жерге табаны тигеннен бастап, қалам тербегенін толғаныспен жеткізді. Аға буын өкілдерінен үлгі тұтатын азаматтары, олардың шығармашылығына тоқталды. Кездесу барысында журналист ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға азаматтық позициясын танытып, телеарна тілшісі ретінде сюжеттерінде билік пен халық арасында кей оқиғалардың ойынан шықпай қалған сәтінде қиналатынын да жеткізді. Осы жерде ақын жанының…

Read More

27 мамырда Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің облыс тұрғындарымен онлайн-режимде есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде өткізілді. Жанат Сүлейменов баяндама барысында азаматтарды жамбылдық полицейлердің жұмысының негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. 2020 жылдың 4 айында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 34,9 пайыз ға төмендеді: ұрлық саны – 46.8 пайызға, тонау дерегі – 18.5 пайызға, қарақшылық оқиғасы – 60 пайыз ға, бұзақылық – 21,2 пайыз ға, мал ұрлығы 14,6 пайызға төмендеді, — деп атап көрсетті Жанат Сүлейменов. Жыл басынан бері пәтер ұрлығын жасаған 44 адамнан тұратын 7 қылмыстық топ…

Read More

31 мамыр — ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осындай атаулы күннің қарсаңында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тарих ғылымдарының кандитаты, доцент Сейдахан Бақторазовпен «Мәңгілік мұң-шерлі шемен» атты онлайн сұхбат өтті. Онлайн сұхбат барысында тарихшы «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындарының да зардап шеккеніні, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырағанына тоқталды. Сонымен бірге Сейдахан Уәлиұлы Оңтүстік өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарының өміріне тоқталып, олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болғандығын және олар көрген азапты жылдар туралы, тарихтың ақтаңдақ беттерінің талай…

Read More

Қордай ауылының жұмыссыз азаматтарының, жұмыс іздеушілердің, жалпы ауыл тұрғындары арасында, Жұмыспен қамтудың жол картасы және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы 100-ден аса азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 100-ден астам азаматтың ішінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша құрылыс жұмыстарына 35 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 20 азамат тартылды. 15 азамат жұмыс берушіге сұхбаттасуға жолданды, сонымен қатар 30 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант және шағын несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Read More

Жамбыл облысының орталығы — Тараз қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бірнеше нысандарды аралап, жаңа 15-шағын ауданның құрылыс барысымен танысты. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жыл бойы мәдени және әлеуметтік шаралар өткізіледі. Жұмыс сапары Абай көшесінің бойында орналасқан үйлердің жағдайынмен танысудан басталды. Биыл мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбетін қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ. Ол үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген. «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Қасбеттері мен шатырын…

Read More