Author: admin

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылды чемпиондық жекпе-жек өткізуден бастағысы келеді. Бұл туралы боксшының өзі Twitter парақшасында жазды. Ол өз жазбасында промоутері Боб Арум мен менджері Эгис Климасқа қайрылған. «Боб Арум, мен барлық чемпионның тас-талқанын шығаруға дайынмын! +1 чемпион жасайық! Мурата, «Канело», Чарло, Андраде? Оңай жұмыс! Эгис Климас, 2021 жылды чемпиондық жекпе-жектен бастайық» – деп жазды Әлімханұлы твиттердегі парақшасында. Әлімханұлы жұдырықтасатын орта салмақтағы танымал чемпиондық белубеулер төрт боксшыға тиесілі. Олар: мексикалық Сауль Альварес (WBA Super және WBC Franchise), америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) және қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO). 27 жастағы Жәнібек Әлімханұлы 2016 жылдан…

Read More

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни «Нұр-Отан» партиясынан шығарылды. Бұл ақпартты «Нұр-Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы хабарлады. Кеше бірнеше БАҚ Нидің қылмыс жасап ұсталғанын хабарлаған. «Мәслихат депутаты Аркадий Ни заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталған соң партиялық бақылау комиссиясы оны партия билетінен айыру мәселесін қарауды ұсынды. Облыстық саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни партия қатарынан шығарылды» делінген партия филиалының хабарламасында. Нидің нақты қандай қылмыс жасағаны әлі белгісі. Ақтөбе облысының полиция департаменті Tengrinews.kz сайтына Аркадий Нидің қандай қылмысқа қатысты күдікке ілінгенін былай түсіндірген: «Жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасағаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты (ред. департамент депутаттың аты-жөнін атамаған) сотқа дейінгі тергеу жүріп…

Read More

Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының тұрғыны хабарласып, ертемен жоғалған жылқысын іздеуге кеткен 55 жастағы жолдасының үйіне оралмай жатқаны туралы айтып, көмек сұраған. Егде кісінің аязды күні адасып, үсіп қалу қаупін ойлаған полицейлер шұғыл түрде шара қабылдап, іздеу жұмыстарына кіріседі. Аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов 5 жол талғамайтын көлік пен 10 полиция қызметкерінен тұратын жедел-іздестіру топтарын құрып, тез арада нұсқаулық беріп бағыттама бойынша жібереді. Нәтижесінде, жоғалған жылқысын іздеймін деп адасып, астындағы аты әбден қалжырап, өзі қатты тоңып қалған малшыны полицейлер түнгі сағат 23.00 шамасында Шымкент тас жолының бойындағы Түркістан ауылдық учаскесі маңынан табады. Оның жоғалып кеткен малын іздеп ауылдан алыстай…

Read More

Тәуелсіздік алғалы бергі 30 жылға жуық уақытта еліміздің қаржы жүйесі қалыптасқанымен, тұрғындардың қаржылық сауаты артып кете қоймады. Бастапқыда көпшілігі нарықтық талаптарды түсіне алмады. Себебі посткеңестік елдерде «жеке меншік» ұғымының өзі санаға жат саналатын. Құлаққа түрпідей тиетін. 80 жылдай «ортақ мүлік», «ортақ қазына» деген солақай идеология халықтың бойындағы кәсіпке бейім қабілетті жойды. Қазіргі тілмен айтқанда, төскейге төрт түлігін өрбітіп, айналасындағыларды да жұмыспен қамтып отырғандарды «малшы», «жалшы» ұстады деп айыптаған соң, бара-бара «Ақша ең маңызды мәселе емес» деген қағида қалыптасты. Әйтпесе, «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» дейтін қазақ жалдамалы еңбекті қызмет көрсетудің бір саласы деп қарағаны анық. Жалпы қаржы жүйесінің…

Read More

Оппозиция белсендісі, оппозициялық «Дат» газетінің құрылтайшысы, журналист Ермұрат Бапи Ринат Заитовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат беріп, ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократтар партиясы) төңірегінде болып жатқан дау туралы айтты. Оның айтуынша, ЖСДП шетелге қашып кеткен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың қолына өткен және қазір бұл саяси ұйым ҰҚК-ның бұйрығын орындайды. Сонымен қатар Ермұрат Бапи Рысқали өткен жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «тоқалын ұстап алып», сол арқылы экс-президентке қоқан-лоққы көрсетіп, өзінің дүние-мүлкін қайтарып алған.

Read More

25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл ақпаратты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) Twitter парақшасында хабарлады. Ұйымның мәліметінше, Ахметовтың жекпе-жегі 18 желтоқсанда Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық Камиль Шеремета кездесуінің андеркартында өтеді. Оның қарсыласы – 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора. Гонгора кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13-інде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Ал Әли Ахмедов кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен. Қос боксшы арасындағы чемпиондық жекпе-жек екінші орта салмақта (76 килограм) өтеді. Он екі раундқа жоспарланып отыр.

Read More

Берік Бегалиев Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Берік Дүйсенбайұлы 1989 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы дүниеге келген. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маманының көмекшісі болып бастаған. 2010-2012 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығының кеңесшісі қызметін атқарып, 2012-2013 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметінде болды. 2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар орталығы директорының орынбасары қазметін атқарды. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа…

Read More

Ел арасында «Сары Алмаз» лақап атымен танылған Несіпбай Нәсеновтың әкесі Болатбек Нәсенов Ринат Зайытовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасында алғаш рет ұлы жайлы көлемді сұхбат берді. Болатбек Нәсеновтың айтуынша, Несіпбай – өзінің бірінші әйелінен туған ұлы. Сөзінше, ұлы туған соң бірнеше айдан кейін әйелімен ажырасқан, Нәсіпбай шешесінің қолында өскен. «Несіпбайды қатты жақсы көрдім. Айырылысып кеткеннен кейін күнде барып тұратынмын. Барсам, ана әйел ( ред. Өзінің әйелін, яғни Несіпбайдың шешесін айтып отыр) «мынау ішіп алған» деп милицияны шақырып келеді. Мен ішпеймін. Милиция мені иіскеп, «ішпегенсіз ғой» деп айтады. Мен ол кезде 23-24 жастағы баламын ғой. Бір күні қалалық милиция басқармасының бастығы шақырды.…

Read More

Өзін Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «бас жауымын» деп атайтын қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов парламент сайлауында өз жақтастарын «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан күнгі тікелей эфир кезінде мәлімдеді. Ол не себепті «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырып жатқанын былай түсіндірді: «Не үшін Ақжол? Себебі, оның аймақтарда бөлімшелері бар, адамдары, ғимараты бар. Біз ЖСДП-ны қолдауға шақырған кезде бөлімше жетекшілері жан-жаққа бытырай қашып, тығылып, тек Алматы мен астанадағы бөлімшелерін ғана таба алдық. Көп адам өтініштерімен жүріп, қайда өткізерін білмеді. «Біз нені көздеп отырмыз? «Нұр Отан» партиясының айтарлықтай көп дауысынан айырылып, көп адам басқа партияға дауыс…

Read More

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовқа сенім артқанын, алайда ол үмітін ақтамағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында өзі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінде айтты. «Мысалы, Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі қызметіне тағайындадым. Ал ол ұрлық жасады. Түрмеге отырғыздық. Сол жерден талай рет хат жазды. Туған-туыстары мен достары да босатуды өтінді. Біршама уақыттан кейін президент өкілеттілігін пайдаланып, оған рақымшылық жасадым. Әйтпесе, түрмеде отыра беретін еді» деді Назарбаев. Экс-президенттің айтуынша, Әблязов түрмеден шыққаннан кейін банк басшылығына сұранған, Назарбаев ол өтінішін орындаған. «Ал ол не істеді? 7,5 миллиард долларды…

Read More

Ұлыбритания азаматтық соты 13 қарашада Қазақстандағы «БТА банк» ісі бойынша 5 миллиард доллардың активін бұғаттады. Бұл туралы 1 желтоқсанда америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады. WSJ мәліметінше, «БТА» банк Англия мен Уэльстің соттарында бизнес әрекеттер және дүние-мүлік бойынша жаңа адамдарды айыптап, соның негізінде Британияның азаматтық соты активтерді бұғаттау туралы шешім шығарған. Газеттің жазуынша, бұл айыптаулар қазақстандық олигарх Болат Өтемұратовқа қатысты. WSJ жүгінген сот құжаттарына сенсек, «БТА» басқалармен бірге бизнесменді де «банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті» деп айыптайды. Басылымның жазуынша, бұғатталған активтер арасында шетелдік ірі банктердегі шоттарда жатқан ақша және Мәскеуде, Венада және Қазақстан астанасында орналасқан…

Read More

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері қоғамда жиі айтылып жүрген «болашақта ел астанасы Түркістанға көшіріледі» деген пікірді теріске шығарды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында Qazaqstan арнасынан көрсетілген «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде айтты. «Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы өте үлкен, әрине…Түркиядан адамдар кеп көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса екен деп ойлайтын шығар. Бірақ біз қазір мына астанамызды ұлғайтамыз. Бұрын екі жүз мыңдай адамы бар Ақмола қазір бір миллион екі жүз елу мыңы адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан болды. Бұл атауды мен өзім ұсынған жоқпын,…

Read More

Бір кездері оппозициялық көзқараста болған қоғам белсендісі Айдос Сарым өзіне қатысты айтылып жүрген «биліктің агенті» деген әңгімелерден әбден шаршағандықтан, биліктегі «Нұр Отан» партиясына өткен. Бұл туралы Сарымның өзі «Қала мен Дала» газетіне берген сұхбатында айтты. «Айдос Сарым – «биліктің агенті» деген әңгімелер әбден шаршатты, сондықтан да осы тақырыпты біржола жабайын деген ниет еді. Жай ғана агент емеспін, билік партиясының мүшесімін, билік ұсынып отырған күн тәртібі мен реформалық бағыттың белсенді қолдаушысымын. Бұл тақырып енді үзілді-кесілді жабылған шығар деп ойлаймын. Интернетте көз майын тауысып, мені жау қылып, қызыл кеңірдек болған ағайындар енді ентігін басып, басқа шаруаға назар аудара алатын болды. Бұл да…

Read More

Whatsapp мессенджерінде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама тарап жатыр. Мәтін авторы өзін ІІМ вице-министрі етіп тағайындамаса, Ерлан Тұрғымбаевты әшкерелейтін құжат жариялаймын деп жазған. ІІМ бұл ақпаратты терістеді, деп жазады Stopfake.kz. Хабарламада ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұған еш қатысы жоқ. «30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С.Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды.Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы…

Read More

Республиканское общественное объединение «Единая детско-юношеская организация «ЖасҰлан» в рамках проекта «ReStart» работала горячая линия по оказанию юридических и психологических консультаций. Граждане страны через службу сети получили консультации от юриста на тему информационной безопасности и защиты цифровой репутации граждан. По линии вопросов, поступивших в ходе проекта, совместно со специалистом-юристом разработана инструкция по информационной безопасности граждан. Данная инструкция содержит информацию, предназначенную для информационной безопасности граждан через специальные пункты. ПРАВИЛА ПОВЕДЕНИЯ В СЕТИ Не полагайтесь на приватность (закрытый аккаунт). Любая скрытая информация может стать общей. Многие пользователи социальных сетей уверены, что, сделав свой профиль закрытым, могут публиковать всё что угодно. Воздержитесь от публикации…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қоғам көшінен көз жанарынан айырылған жандарды қалдырмай, ол кісілерді қоғамдық ортаға тарту мен өзін-өзі дамытуға, нығайтуға, өз бетінше ізденулерін тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Логос» онлайн кітапхана жұмысын бастады. Іс–шарада кітапханашы онлайн кітапхана 2018 жылғы 12 сәуірде Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында волонтерлік жобасы аясында көру қабілеті шектеулі адамдар үшін ұйымдастырылғанын айтып, облыстың зағип оқырмандарын кітапханаға тіркеп, нәтижесін терең түсіндірді. Онлайн кітапханаға тіркелу – зағип оқырмандар үшін ұялы телефон арқылы әлдеқайда жеңіл. «Логос» онлайн кітапханасына біздің арнайы кітапханаға тіркелу арқылы оқырмандар 14359 автордың 69 жанр бойынша 61 мыңнан…

Read More

Ербол Болатұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаметі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратты Yyedilov Telegram каналы таратты. Ашық деркөздердегі ақпаратқа қарағанда, Ербол Назарбаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың ұлы. Ол 1983 жылы туған. Интернетте оның бұған дейін қандай қызмет атқарғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ Қазақстан қаржы министрлігіне қарасты қаржылық есептілік депозитарийі сайтында Ербол Назарбаевтың «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы үлескерлернің бірі екені көрсетілген. Ол сайттағы ақпаратта Жанат Қанағатқызы Назарбаева да «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы үлескерлерінің қатарында. Жанат Қанағатқызының Назарбаев әулетіне қатысы бар я жоғы белгісіз. Қазақстанды 30 жылға жуық билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың…

Read More

Интернет және жаңа технологиялар біздің өмірімізге тереңінен еніп кетті. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны күн санап өсуде, пайдаланушылар арасында жастар мен балалардың үлесі өте жоғары болып келеді. Өкінішке қарай, интернет кеңістігінде пайдалы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар көптеген зиянды қосымшаларды да кездестіруге болады. Көбінесе, осындай зиянды қосымшаларға медиасауаттылықтың болмауынан жас балалар тіркеліп жатады.       Осы орайда, «Жас Ұлан» бірыңғай жастар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «ReStart» жобасы аясында «Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау» тақырыбында жоба шеңберінде интернетке тәуелділік бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын.    Әлеуметтік зерттеудің мақсаты…

Read More

Цифрлық тәуелділікті зерттеу қазіргі заманғы қоғам жағдайында ерекше өзекті болып табылады, себебі ақпараттық толқынның өте көптігі, өз кезегінде адамның психикасына қатты әсер етеді. Интернетке тәуелділік мәселесі жеке адамның психологиясын қаншалықты өзгерткендігін көпшілік түсіне бермейді. Заманауи адамның әр күні ұялы телефон мен Интернет арқылы хабарламалар жіберу мен қабылдау, жаңалықтар парақшаларындағы ақпараттарды талдау мен танысу, жауап қайтару, пікір қалдырумен өтіп жатады. Толассыз ақпараттарды қабылдауда интернетсіз өмірді елестету мүмкін емес. Ал  ондағы шектеулер, байланыстың және WI-FI-дың жоқтығын қазіргі адамдар бостандықты шектеу ретінде қабылдайды, кейбіреулер үшін бұл «өлім жазасымен»  де тең деп айтуға болады. Осыған сәйкес, интернетке тәуелді мінез-құлықты зерттеу бүгінгі таңдағы өте өзекті…

Read More

2020 жылдың наурыз айынан бастап «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» волонтер жылы аясында «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасын іске асыра бастады. Жобаның мақсаты – мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға волонтерлерді тарту. Елімізде карантинге байланысты онлайн-режимде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған викторина, «Әлемдік мұра» челленджі сияқты іс-шаралар өткізілді. «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған каверлер байқауы өтті. Байқауға барлығы жүзден астам орындаушылар қатысты, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан отыздан астам жас таланттар бар. Байқаудың жүлде қоры 430 мың теңгені құрады. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар…

Read More

Ғылым мен техниканың дамыған заманында кез келген жұмысты интернет арқылы орындау қалыпты жағдайға айналды. Қазіргі таңда интернетке тәуел­ділік әлемдегі ең басты мәсе­лелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды әлеммен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында «ReStart» жобасын бастады. Шілдеде басталған жоба қараша айының соңына дейін жалғаспақ. Негізгі мақсаты – жастарға, балалар мен ата-ана­ларға виртуалды кеңістіктің қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Жоба шеңберінде жастар мен балалардың интернетке тәуелділігін анықтау әдістемесін әзірлеп, түрлі тақырыптар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар пулы құрылды. Сарапшылар интернетке тәуелділікті анықтау бойын­ша әлемдік тәжірибедегі қол­даныстағы әдістемелерге және…

Read More

Қазіргі таңда интернетке тәуелділік әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр. Интернетке тәуелді жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды қарым қатынаспен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «ReStart» жобасы аясында танымал суретші, иллюстратор Аңсаған Мұстафамен бірлесіп интернетке тәуелділік тақырыбында арнайы туындыларын жасап шығарды. Интернетке тәуелділік тақырыбындағы арнайы 20 сурет туындылары еліміздің 13 аймақтық парақшаларына салынып, желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Желі қолданушыларының көбі суреттердің қазіргі заманның шындығын бейнелеп отырғандығымен бірден келісті. Туындылардың негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдерге, ата-аналарға арнайы суреттер арқылы интернеттің зиянды тұстарын көрсету болып табылады. Қазіргі уақытта интернетке тәуелді адам…

Read More

Жамбыл облысында 24 жастағы Әйгерім Әбдірайым есімді қыз туған әкесі Әмзе Әбілқасымовпен 24 жылдан кейін көрісті. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасының «Қымбат жандар» бағдарламасының сюжетінде айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйгерімнің айтуынша, ата-анасы ол сәби кезінде ажырасып кеткен. Нағашыларының қолында өскен ол 2015 жылдан бастап туған әкесін іздей бастаған. Тұрмыс құрған соң осы бағдарламаға келуді шешкен. «Әкемді іздеуге анам қарсы болды. Олардың не үшін ажырасқанын білмеймін, әкеме ешқандай өкпем жоқ. Тек мені неге іздемеді екен деген бір ғана сұрағым бар», – дейді Әйгерім. Телеарна мәліметінше, Әмзе Әбілқасымов Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны. 2001 жылы екінші рет шаңырақ көтерген. Жары Майра екеуі 2 қыз…

Read More

Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары «Жұмыспен қамту жол картасы” мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көруде. Атап айтқанда, бағдарлама аясында елдімекендер абаттандырылып, жолдары жөнделіп жатса, бір жағынан ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болдs. Мәселен, “Үшбұлақ” өндірістік кооперативінің аумағында орналасқан «Барзани» каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 38,827 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар қазіргі таңда аяқталу үстінде. Қосақ ауылындағы Астана, Алатау, Нұрлы жол, Қосқұдық және М.Мәметова көшелеріне түнгі жарық орнатылды. Оған 16,0 млн. теңге қаржы жұмсалды. Сарыкемер ауылының 9 көшесіне (К.Орынқұлов, Жиделі, Р.Медеулов, Досымбеков, Үшбұлақ, Ф.Гаджиев көшелері және Сәтпаев, Қ.Рысқұлбеков, Байзақ батыр бұрылыстары) орта жөндеу жұмыстарына 83,121 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстарының аяқталуы күтілуде. Сондай-ақ,…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Сәбенұлы Мағзымбековпен «Кәсіподақ күші-бірлікте!» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбат барысында Ерұлан Сәбенұлы кәсіподақтың негізгі қызметі, мақсаты мен міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Облыста 65 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар екенін, жылына 8 мыңнан астам шағым-арыздар келіп түсетінін айтты. Сын сағатта кәсіподақ екі жақтың да мәселесіне баса назар аударып, екі жақты пікірді тыңдайтындарын, кәсіподақ төрағасы болу – көшбасшылықпен қатар мықты заңгер және мәмілегер екенін жеткізді.Ұжымдық және еңбек шарттарын талдап, жылына өтетін семинар, тренингтердің маңыздылығын атап, «Кәсіподақ үйірмесінің» жұмысын түсіндіріп,…

Read More

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы жыл санап өркен жайып келеді. Бүгінде аудандағы кәсіпкерлер түрлі бағыттарды дамытып, өнімдері халық арасында ерекше сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, Бурыл ауылдық округінде сан түрлі саланы кәсіп етіп табыс тауып жүргендердің арасынан ұлттық дәстүр мен салт-сананы ұрпақ жадында қайта жаңғыртып жүрген тігінші Айнұр Қаржаубайқызының бағыты ерекше. Тігіншілік саласын дамытып, осы арқылы табыс тауып, одан қалса туған ауылындағы қыз-келіншектерге тігіншіліктің қыр-сырын үйретуді ниет еткен жанның ісін көпке үлгі етуге болады. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Айнұр Қаржаубайқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы өзінің «Келіндер академиясында» қыз-келіншектерге тегін тігін курсын ұйымдастырған болатын. «Тігіншілік курсы екі буынға арналып 2 ай бойы…

Read More

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ШАРУАШЫЛЫҚТАР ИГІЛІГІ ҮШІНАуданның ауыл шаруашылығы саласы дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады. Осы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33 млрд. 890,5 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7 % құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5 млрд. 235,6 млн. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,9 % құрады.Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 55 514 гектарды құраса, оның 26 511 га суармалы, 29 003 га тәлімі.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығын жеңіп алған облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымын құттықтады. «Облыстағы «Ақ жол» басылымы үздіктерді ұлықтайтын ұлттық «Үркер – 2020» сыйлығының иегері атанып, жамбылдық журналистер мәртебесі биіктей түсті. «Жылдың үздік газеті» номинациясын иеленген басылым ұжымын осы айтулы жеңіспен құттықтап, көшбасшы газеттің алар асуы азаймауына тілектестік білдіремін. Сөзсіз, бұл «Ақ жолдың» алғашқы да, соңғы да жеңісі емес. Себебі, цифрландыру дәуірінде заман ағымына сай бейімделе отырып, өзінің өзге басылымдар бет түзейтін үлгілі келбетін сақтай алған газеттің талай марапатына куә боларымыз анық», – деді қала басшысы.

Read More

Мысырлық дайвер Саддам әл-Килани әлемдік рекорд орнатты, ол Қызыл теңізде 143 сағаттан аса уақыт бойы су астында болған, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Еgyptindependent.com басылымына сілтеме жасап. 29 жастағы жігіт әріптестерінің, жанкүйерлерінің және өзі тұратын Дахаб қаласының тұрғындарының қуанышына орай Гиннестер рекорды кітабына енетін болады. Килани су астындағы саяхатын 5 қарашада бастаған. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ресми БАҚ өкілдері болмағанына қарамастан, Дахаб қаласының жүздеген тұрғындары, туристер және дайверлер Киланидің теңіз түбінен шыққанын күтіп тұрды. Килани дайвинг бойынша әлемдік рекорд орнату үшін ұзақ жылдар бойы дайындалған. Ол Мысыр аумағынан бөлек жерде су түбіне түсуден бас тартқан, ол арманына өз елінде жеткісі келген. …

Read More

Қазақстан құрамасының футболшысы Айбол Әбікен Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда Албания құрамасының қақпасына алаң ортасынан гол салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Матч Тиран қаласында 15 қараша кешке болды. Бұл ойынның 24-минутында болды. Оған дейін Қазақстан құрамасының қақпасына екі доп салынған. Әбікен алаңның дәл ортасында қарсыластарынан допты алып шығып тепті. Ал қақпашы доптың «бұлай аяқ астынан» келетінін күтпегендей, ұстай алмай қалды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының тарихында мұндай гол болған емес, деп жазады Vesti.kz басылымы. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Vesti.kz – Живи спортом 🇰🇿 (@vestikzsport) Матчта Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды.  Ойыннан кейін Қазақстан төрт ұпаймен квартеттің соңында тұр. Топтағы…

Read More

Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Қымбат жандар» бағдарламасында анасы мен қызы 55 жылдан кейін қауышты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бақытгүл Айменбетова ана құшағынан айырылып, перзентханада қалған. Кейіннен оны перзентханадан бір отбасы асырап алған. Алайда Бақытгүл 20 жасында туған анасы өзінен бас тартқаны туралы құжатты тауып алады. Оның бір арманы – анасын іздеп табу болған. Табылған құжат арқылы деректер іздеуге кіріскен. «Перзентхананың мұрағаты өртеніп кетті. Бізде нақты деректер қалмады. Тек аты-жөні жазылған және тұрып жатқан мекенжайы көрсетілген. Бірақ ол мекенжайда үй болмады», – дейді ол. Бағдарлама ұжымы Бақытгүлдің анасын табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізген. Шығыс Қазақстан облысынан Таразға оқуға түсемін деп келген Бақытгүлдің анасы…

Read More

Жамбыл облысында жезөкшелікпен айналысатын притон жойылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі. Жаңатас қаласында Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ашқан 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлімі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, 12 адам ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша құқық бұзушылық анықталған. Бір адам «сутенер» ретінде, екі әйел жезөкшелікпен айналысқаны үшін тіркеуге алынды.

Read More

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы өңірдің барлық ауданында бастау алғаны баршаңызға мәлім. Жамбыл ауданында игілікті іске бейіл берген тұрғындар 10 ауылда баспана көтеріп жатыр. Соның бірі – Айша бибі ауылындағы керемет үлгідегі тұрғын үй. Бүгінде құрылысы толығымен аяқталған, – деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Баспана кілтін табыстау рәсіміне қатысқан Бердібек Мәшбекұлы ауыл азаматтарын ауызбіршіліке шақырып, бағзы дәстүрімізді кеңінен насихаттап жүрген қазына қариялармен әңгімелесіп, баспана жайын сұрады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Райымбек Мұсатаевтың айтуынша, таразыда салмағы ауыр амалға жергілікті кәсіпкерлер мен көпшілік демеушілік…

Read More

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында қаулы қабылданып, шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Бүгінгі таңда, жұмыс жасап тұрған нысандарға COVID-19-ды болдырмау іс-шаралары бойынша, жасақталған мониторинг жүргізу тобының мүшелері бақылау жасап, қызметкерлер мен басшыларға санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізуде. Шектеу шараларын сақтамау бойынша жіберілген кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарға әкімшілік айыппұлдар салынуда. Аудан орталықтарында көптеген тұрғындар қорғаныш медициналық бетперделерді пайдаланбауда. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 2-6 қарашасы күндері аралығында С.Курбанбаева, М.Толбаев есімді азаматтарға дүкендерде медициналық бетперде пайдаланбағаны үшін, ал, Базарбай ауылы, «Мұлдиев» көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер Т.Абитаеваға санитариялық – дезинфекциялық режімді қамтамасыз етпегені үшін 319 470…

Read More

Мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын көріп жатқан елді мекеннің бірі – Қызыл жұлдыз ауылы. Тараз қаласымен іргелес жатқан округтің аумағы 364,0 гектарды құрайды. Түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ауылдан өткен ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдары Мәрзия Ибрагимова, Дариға Жантоқова, Мұхамедқали Нұрбаев, Сындыбала Оңғарбаева сынды 9 Еңбек Ерлері шыққан. Халықтың мұнда көп қоныстануын қазіргі таңда елді мекеннің облыс орталығына жақындығымен байланыстыруға болады. Бүгінгі таңда округте 952 аулада, 6 390 адам тұрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті салық түсімдері, атап айтқанда, жер салығы 102,9 процентке, мүлік салығы – 106,0 процентке, ал жеке тұлғаның көлік салығы – 55,8 процентке, жеке табыс салығы – 99,1…

Read More

Жамбыл облысы Сарысу ауданында тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру туралы не білеміз? Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі 9 млн 080 мың  теңгеге наубайхана ашуға несие алынды. Наубайхананың  ғимараты дайындалып, құрал жабдықтарын орнатуда. Саудакент ауылына  жоба аясында 315 ауыл тұрғынына несие беру жоспарланған.  Жоба бойынша Тараз ӘКК- на Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан 349 несие алу мақсатында құжатттар тапсырылды. Оның ішінде нақты 303 ауыл тұрғыны несиеге қол жеткізді. Президент қолдап, Үкімет мақұлдаған жобаны жұмыла жүзеге асыру-мерейлі міндет болса, жауапкершілік жүгі одан да батпан. Тұрғындардың тұрмысын арттыру-бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар Сарысу ауданындағы Байқадам ауылдық округінде…

Read More

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты назарында. Жыл басында салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерге пайдаланусыз жатқан жерлерді айналымға қайтару бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы тапсырманың орындалу барысы талқыланды. Жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы өкілдері жасаған баяндамаға сүйенетін болсақ, жоспар бойынша 70 мың гектар жерді қайтару көзделсе, бүгінде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 5390 гектар егістік және 66765 гектар жайылымдық жерлер бар. Мойынқұм ауданы бойынша тапсырма ойдағыдай орындалса, Шу, Сарысу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында игерілмеген жерлердің үлкен көлемі анықталған. Сонымен қатар, бұл істе Байзақ, Жуалы, Меркі, Жамбыл және Талас аудандарында…

Read More

Ауыл бойынша жеке қосалқы шаруашылықта: — 984 аулада 118,0 га жер бар (7 сотығы үй –жай, қора, гараж т.б құрлыстар, 12 -сотығы бау бақша болып табылады. )Пилоттық жоба бойынша ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) 118 га гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланды. Үй іргесіндегі егіске жарамды 118 га жердің 72 га яғни 40,0 гектар қызанақ және 32,0 гектар қияр өсірілді, қалған 46 га басқа бақша дақылдары. Үй іргесіндегі жерге қызанақ пен қиярдың себу материалдарын алуға «Саудакент 2019» кооперативне айналым қаражатын толтыруға 760,0 мың теңге беріліп 901 аулаға «Саудакент 2019» кооператив есебінен тұрғындарға 20 000 қызанақ көшеті мен 20 кг қияр ұрығы таратылды.…

Read More

Ауыл – алтын бесік, қасиетт іқұт мекен. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүрусапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — елбесігі» жобасы Сарысу ауданында да қарқынды жүруде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда. Бұл ретте, «Ауыл –Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда…

Read More

Айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы ұстанатын Матруди ақидасына өтті. Бұл туралы ол 3 қараша күні Алматыда өткен Ғұламалар Кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысында айтты. Бұл ақпаратты kazislam.kz сайты хабарлады. Қазақастанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен отырыста сөз алған Тазабек алдымен «Асыл арна» телеарнасының жабылатынын, арна алдағы уақытта діни бағытта хабар таратпайтынын баса айтты. Бұдан бөлек, Мұхамеджан Тазабек халық арасында күмән тудырып келген өзінің діни сенім туралы да айтты. «Бұған дейін сәләфи жолындағы жігіттермен аралас-құралас болғаным рас. Матуриди ақидасына қатысты кейбір күмәнім болатын. Алайда, соңғы жылдары оның ең дұрыс сенім екеніне, ата-бабамыз…

Read More

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округтегі ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша есеп берілді. Округ бойынша мал сатып алуға 300  өтінім түсіп, берілген несие сомасы  778 млн  311 мыңтеңгені құрады. Пилоттық жоба бойынша алынған малдан 912 бас мүйізді ірі қараның 115 бас бұқа бордақыланды. 797 бас аналық бастан 398 бұзау, 747  бас жылқыдан 373 құлын, 2235 бас майда малдан 1117 бас төлдер алынды. Алынған несие нысаналы мақсатына сәйкес  жоспар 101% орындалды. Пилоттық жоба бойынша алынған115 бас бордақыланған бұқаның 90 басы көршілес Түркістан облысы Қарабұлақ ауылына сатылып қалған 25 бас ауыл және аудан көлемінде және өзіндік тұтынуға сатылды. Жалпы бордақы малдан 18 тонна ет 1800…

Read More

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кемел бағдарламасын ұсынған болатын. Мақаладағы «ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытта ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Елбасының ұлттық рух туралы ұсынған тезисі ұлы дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналды. Жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу білім саласымен ұштасып жатқандықтан, бұл істі жаңашылдықпен қолға алу керек. Елбасының қолға алуды ұсынған «туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылып келеді. Күнгейі мен теріскейінде жоталы қырлары, кез-келген тасының түбінен мөлдір бұлағы жылғалай ағатын қасиетті қарт Қаратаудың қойнауы тұнған тарих. Ғасырлар тереңінен тамыр тартатын қазақ тарихының талай тағдырлы…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың қабылдауында болған зиялы қауым өкілдері бірқатар  ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, «Абай мектебі» мен жазушылар қауымы арқа сүйейтін тірек болатын орда ашылуы керек. Сондай-ақ сансыз бабтар мекені Сайрамның тың құпияларын ашып, тылсым тарихын зерттеу ұсынылды. Түркістанды уақыт талабы қажет ететін ұлттық кодтан ауытқымай отырып дамыту еске салынды. Өңірдің жай-күйі, мәдениет, руханият, білім, туризм салалары, өнер мен тілдің ахуалы әңгіме арқауына айналып, келелі кеңеске ұласқан басқосу барысында зиялылар өз ұсыныс-тілектері мен ойларын бүкпесіз ортаға салды. Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев Саурандағы көнеден қалған кәріз жолдары жайлы сөз етті. Әлі күнге дейін сақталған аумақты қайта…

Read More

Кәсіп бастауға шешім қабылдаған кез келген азамат енді банк бөлімшесін араламай–ақ жұмысының көп бөлігін оңай әрі жылдам шеше алады. Яғни, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар бұрынғыдай ұзақ кезекте тұрмай, үйден шықпай-ақ, еш қиындықсыз шот аша алады. Ал пандемия кезінде бұл қызметтің танымалдылығы одан сайын арта түсті. Ендеше кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндік туралы ақпараттан құр қалмаңыз. Кәсіпкерлер банк бөлімшесіне бару үшін өзінің басты жұмыстарын кейінге шегеріп, бизнесін ысырып қоюға мәжбүр, осылайша, табыс көзінен айырылады. Одан бөлек, белгілі бір банк операциясын жасау кезіндегі қағазбастылық, құжаттарды дайындау да адамдарды шаршататыны анық. Осы орайда, Halyk Bank клиенттермен тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынас жасап қана қоймай, енді тұтынушылар қолайлығына назар аударуды жөн көрген. Осы мәселені цифрлы деңгейде сапалы түрде шешу жолында Банк кәсіпкерлерге су жаңа…

Read More

Ауыл тұрғындарының қолда бар малымен мен сатып алынған малға азық дайындау үшін, «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді. «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа егіп өнімі 195 тонна және бірлескен қызмет арқылы «Мұрат» шаруашылығы мен 500 гектар жаздық арпа егіп, өнімі 325 тонна болды. Бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102 гектар, «Жанторе» ЖШС мен 32 гектар суармалы егістік алқабына дәндік жүгері егілді. «Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгеріден 48 тн өнім, 8 га көп жылдық шөптерінен 20 тн өнім алынды. Барлығы 950 га жер егістік егілді. Жалпы егістік егуге…

Read More

Түймекент ауылдық округінің тұрғындары бүгінде табыс қазанын қызу еңбекпен қайнатып жүргені аян. Бұған себеп болған аядай ғана ауладан мол табыс табуға болатынын кезекті рет дәлелдеген «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы. Бүгінде Түймекент ауылында жобаның алғашқы бағыты бойынша 1 144 аула 132,7 гектар алқаптан картоп, қияр, қызанақ сынды көкөніс жиналып, қыстық қорын жасақтап үлгерді. Баянды бастаманың көмегімен мал шаруашылығына ден қойғандар қатары артты. Тұрғындар пилоттық жоба қатысушыларына берілген жөңілдетілген несие көмегімен 630 жылқы, 2 954 ұсақ мал, 543 мүйізді ірі қара және 1 025 үй құсын сатып алды. Бұған қоса, ауыл сыртындағы жер үлестерін кәдеге жарату арқылы да…

Read More

Тараз – Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Оған көп жағынан біріншілік беріледі: алғашқы мегаполис, Қазақстанда салынған алғашқы мешіт, алғашқы медресе және т.б. 2011 жылдан бастап қалада қазба жұмыстары қайта басталды. Бұл дегеніміз, археологтарға ежелгі қаланың құпия-сырларын ашуына мүмкіндік туды деген сөз. Kaz.tengritravel.kz саудагерлердің, әуесқойлардың және қолөнершілердің мекені болған ежелгі Тараз қаласына саяхат ұсынады. Тараз қаласының негізін кім қалады? Қазіргі Тараз қаласының асфальт жолының астында көне қаланың 2 мың жылдық тарихы жатыр. Қала көптеген қанды қақтығыстар мен соғыстарды бастан өткерген, небір құпия-сыр мен таңғажайып махаббат хикаяларын жадына сақтаған, Қазақстандағы ислам мәдениетінің тал бесігі. Орта ғасырдың ұлы ақындары – Хафиз, Омар Хайям, Руми және басқалар…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «АгромашХолдинг KZ» АҚ шығарған жаңа LOVOL тракторының рөліне отырып, ескі ауылшаруашылық техникаларын жаңарту және қалпына келтіру бойынша trade-in бағдарламасын іске қосты. Қазіргі таңда облыстың аграрлық саласы шаруа қожалықтардың ұсақтығы мен техникалардың тозуы секілді екі негізгі проблеманы бастан өткеруде. Айталық, бүгінде өңірдегі 18 мың бірлік техниканың 15 мыңнан астамының немесе 80 пайызының пайдалану уақыты 10 жылдан асқан. Жоғарыда айтылған ұсақ шаруашылықтар мәселесін шешу жолында облыс әкімінің бастамасымен әр ауданда ірі ауылшаруашылық холдингтері құрылуда. Ал, екінші мәселені шешу үшін жетекші қазақстандық өндіруші компания – «АгромашХолдинг KZ» АҚ-мен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Бүгінде қостанайлық кәсіпорын бүкіл республика бойынша өзіндік…

Read More

Үстіміздегі жылы аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан бірқатар ауқымды істер жүзеге асырылуда. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі тоғыз ай көрсеткіші бойынша 4199,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,2% құрады. Ал, келесі он айға жоспар 4356,9 млн. теңгеге жоспарланып, меже бойынша нақты көлем индексі 100,1% күтілуде. 4377,6 млн. теңгеге болжанған меженің жылдық жоспарын он айдың қорытындысымен орындау жоспарланып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9 айға 16071,5 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 147,9%-ды құрап отыр. 10 айға жоспар 17338,2 млн. теңге болса, нақты көлем индексі 147,3% күтілуде. Жоспарланған 22769,6 млн. теңге жылдық межені асыра орындалуы жоспарда. Бөлшек…

Read More

Облыс орталығындағы ұлы ғұламамен аттас көшеде Абай бейнелері пайда болды. Тараздың негізгі көшелерінің бірі саналатын Абай даңғылының бойына ағартушы ақынның суреті ілініп, көше көркін кіргізе түсті. Тараз көшелерінің аты берілген Төле би, Жамбыл, Әл-Фараби секілді қазақтың біртуар тұлғаларының да фотосуреттері бағаналарға бекітілетін болады. Айта кету керек, биылғы жылы Тараз көшелерінің күрделі және орташа жөндеуден өтуімен қатар, қазіргі уақытта «Smart City» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шаһар көшелерін сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру барысында түнгі Тараз түрлене түспек. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 29 Окт 2020 в 11:57 PDT

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Jambyl» радиосының жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы Әлімқұловпен «Қайнар бұлақтан нәр алған тұлға» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбатты Бақытжан Советұлы әкесі, лирик ақын Совет Әлімқұловтың өлеңімен бастап, өмірден ерте кеткен әкесінің алдындағы перзенттік парызы, архивтен тапқан еңбектері жайлы толқып айтты. Өмірдің қиын сәттері мен көңіл толмайтын кездерін ащы сатирамен түйрей жөнелетін Бақытжан Әлімқұлов өзінің өмір жолына кеңінен тоқталып, жарыққа шыққан кітаптарын, сатираға қанша жасында келгенін, шығармашылықпен айналысатын уақыттарын әңгімелеп берді. Қоғамның ең өзекті мәселесі, таусылмайтын тақырыбы сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы ойын айтып, арнаған…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің мәжілісінде өңірдің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары сараланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жыл басынан бері экономиканың тұрақтылығы сақталып тұрғанын баса айтты. Аграрлық секторды қоспағанда, барлық салалар бойынша көрсеткіштер республикалық деңгейден жоғары. Баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалардағы жұмыстарға тоқталып өтті. Айталық, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 3,8 пайызға өссе, экономикалық өсім 2,3 пайызды құрады. 433,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді десек, бұл жоспардан 9,5 пайызға жоғары. 230,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 8,2 пайызға жеткен. Сонымен бірге инфляция деңгейі 4,8 пайызды, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Бұл…

Read More

Алдағы бес жылда Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілетін болады. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Оның айтуынша облыстағы төрт қалада 394 мың тұрғын немесе 88 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Қалған қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Тараз қаласында 6 жоба, Шу қаласында 8 жоба әзірленуде. Жалпы жобалар құны 9 миллиард теңгені құрайды», – деді Құдайберген Қорғанбаев. Ал, облыстың ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындардың 75 пайыздан астамы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамсыз етілген. Жыл басынан бері 9 елді мекенде тұратын 13100 адам орталықтандырылған ауыз…

Read More

2020 жылғы 15 қазанда облыс әкімі, облыс прокуроры, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р. Жүрсіновтің, Ұлттық экономика вице-министрі А. Шаимованың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Е. Үстеміровтің және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілі Д. Нұрпейісовтің қатысуымен бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңестің жұмысына облыстық құқық қорғау және бақылау органдарының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары, бизнес-қауымдастықтар мен ассоциациялардың өкілдері қатысты. Облыс әкімі Б.М. Сапарбаев кеңесті аша отырып, Мемлекет басшысының пандемия жағдайында ғана емес, сонымен бірге болашаққа бағытталған бизнесті қолдау қажеттілігі туралы тапсырмаларын жеткізді. Облыс прокуроры Н.М. Әбдіров Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының жұмысы кәсіпкерлердің…

Read More

Биылғы жылы еліміздегі карантин шараларына қарамастан, аудан орталығы мен ауыл және ауылдық округтерде құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан білім беру, таза ауыз су, мәдениет, спорт, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым нысандары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларымен құрылыстарына 2 885 449 теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдымен үстіміздегі жылы құрылысы жүріп жатқан нысандарға тоқталсақ. Биыл білім беру саласы бойынша Бурыл және Қостөбе ауылында екі жоба жүзеге асырылуда. Бурыл ауылында сметалық құны 1181,647 мың теңге, оның ішінде, конкурстық құны 1 051,987 мың теңгені құрайтын 300 орындық орта мектеп құрылысын «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Мердігер мұндағы құрылыс…

Read More

Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз  иемдену  болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жанжақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. қылмыстық  жауапқа  тарту  және  айыпты  деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және…

Read More

Өткен демалыс күндері Тараз дүкендерінде нан бағасы 5-10 теңгеге өскен еді. Бұл шешім жергілікті билікпен келісілмеген күйі қабылданған. Жедел штаб қазір жағдайды жан-жақты зерттеп жатыр. Облыс әкімдігі тарапынан шұғыл шара қабылданғанның арқасында дүйсенбі күні ірі сауда орындарында ас атасы бұрынғыдай 85 теңгеден сатыла бастады. Тек аулалардағы шағын дүкендердің кейбірінде нан 5-10 теңгеге қымбатырақ босатылып жатыр. Қалада негізгі 6 наубайхана бар. Олардың бесеуі бағаны өсіру туралы шешімге келген көрінеді. Нанның қымбаттауын олар солтүстік өңірлерден келетін ұн құнының өсімімен түсіндіріп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев тұрғындарды сабырға шақырып, жағдайдың реттелетінін жеткізді. – Мониторинг кезінде бірқатар нан өндірушілері нан бағасын 85-тен 95…

Read More

Бүгінгі таңда, ауданымызда аудан әкімдігі ғылым мен өндірістің интеграциясы бағытында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесіп, отандық өнімді дамыту, қолдау және жарнамалау мақсатында қоян – қолтық жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта, ауданға жұмыс сапарымен келген университет ғалымдары Сарыкемер ауылындағы №3 Байзақ колледжінде бас қосты. «Сүтті мал шаруашылығы» тақырыбын қаузаған семинарды аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков ашып, жиын қатысушыларына университет ғалымдарын таныстырды. Семинар барысында “Агродаму” басқармасының жобаларды коммерциализациялау және ақпараттық кеңес беру жұмысы бөлімінің бастығы, профессор Сауле Темірбек Қазақ ұлттық аграрлық университеті туралы мәлімет берсе, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Серғалы Мырзақұлов сиырлардың ұдайы өндірістік…

Read More

Жамбыл облысы балық шаруашылығын дамытуды мейлінше қолға алған. Қазіргі таңда облыс аумағында 121 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны болса, республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның 83-і кәсіптен нәсіп табам деген 74 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған 38 балық шаруашылығы су айдыны әзірге бос көрінеді. Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Руслан Балтаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың тамызында резервтік қордағы 13 балық шаруашылығына су айдындарын бекітіп беру конкурсы өткізілген. Конкурсқа 18 кәсіпкерден 20 конкурстық өтінім түсіп, нәтижесінде 5 кәсіпкерге 5 балық шаруашылығы су айдындары бекітіліп берілген. Алдағы уақытта қалған су айдындарына конкурс жарияланады. Жалпы…

Read More

Жарылған құбыр Қарабалаевтың қадағалауымен қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Кеше қаладағы Төле би даңғылының бойында жарылған газ құбыры тәулікке жетпей қалпына келтірілді. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бүгін таң сәріден апат орнына тағы қайтара келіп, нысандардың жылуға қайта қосылуын қадағалады. Еске салсақ, кеше, 23 қазан күні «ЖамбылТранстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында газ құбыры АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалған болатын. Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастауына тура келді. Мұның салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық,…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында ұлт өнерін ұрпаққа насихаттайтын халықаралық «Мен қазақпын» телевизиялық мегажобасының «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазы, қаршадайынан қазақтың қара домбырасын серік етіп, ұлттық музыканың қайнарынан қанып ішкен Сұлужан Әбеновамен «Ұлы дала әуендері» атты онлайн ән кеші өтті. Кеш барысында Сұлужан Әбенова Шу өңірінде туғанын, алғаш қолына домбыраны әкесінің ұстатқанын, өнер жолында әлемнің көп мемлекеттерінде болғанын, шығармашылықты шыңдауда үлкен байқаулардың алатын орны туралы айтты. Жарты жылға созылған халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасының еліміздің әр өңіріндегі дәстүрлі әнші, термеші және күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді насихаттауда жеткен жетістігіне тоқталды.…

Read More

Бүгін, 23 қазан күні «Транстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр. Төтенше жағдай салдарын реттеу және нысандарға газ беруді қалпына келтіру мақсатында облыс және қала әкімдігінің өкілдері, қала әкімінің ұйымдастыруымен жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келді. Қазір қабылданатын шаралар пысықталып жатыр.

Read More

Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Бірінші. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға…

Read More

Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында еріктілер аққайың мен шырша ағаштарын отырғызды. Жергілікті экобелсенділер карантин уақытында осы шараның қалай жүзеге асырылғаны туралы толық баяндады. «Биыл еріктілер жылы аясында республика бойынша көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын гранттары. Онда бірнеше бағыт бойынша экологиялық қозғалысты дәріптеді. Біз соның ағаш отырғызу бойынша грант жеңімпазы атандық. Енді нағыз қызық басталды, өйткені менде де, достарымда да аса бір тәжірибе болмаған еді. Ағаш отырғызуды зерттеу, еріктілер тобын құру, есеп-қисап құжаттарын рәсімдеу сынды мәселелер өз ретімен шыға берді», – дейді Айдос Қосыбаев. Айдостың айтуынша, осы шараны іске асыруға карантин жағдайы өз әсерін…

Read More

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек баяндама жасап, ағымдағы жылдың 9 айында облыста 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін және бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 9,5 пайызға артық екендігін мәлімдеді. Жалпы өңірде тұрғын үй кезегінде 32 740 адам тұрған болса, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджет қызметкерлері бар. Пәтер кезегіндегілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 24,9 миллиард теңге бөлініп, 65 көппәтерлі тұрғын…

Read More

Қазіргі уақытта аудан көлемінде суландыру жүйесін қалпына келтіру бағытында ауқымды істер қолға алынып отыр. Аграрлық сала үшін суармалы жерлердің қосымша алаңдарын енгізуге септігін тигізетіндігі белгілі. Осы мақсатта Ботамойнақ ауылдық округінде де бірқатар каналдар қайтадан қалпына келтірілу үстінде. Ботамойнақ ауылдық округі аумағынан өтетін «Төрегелді» каналының ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Канал ауылдық округтегі қазіргі Байзақ, Ботамойнақ елді мекендерінің жоғарғы бөлігі, Қазақстан Темір жолы мен «Алматы – Ташкент» автомагистралінің астынан өткен немесе қазылған. Канал ауылдық округті суландырып, егіншілікпен айналысу үшін Күнбасұлы Мәмбет батырдың ұйымдастыруымен шамамен XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында қазылып, Мәмбет батырдың ұлы Төрегелдінің атымен аталған. «Төрегелді» каналы кешегі Кеңес дәуірінің…

Read More

В селе Мойынкум Жамбылской области волонтеры посадили березы и ели. Местные экоактивисты с удовольствием рассказали, как осуществили это мероприятие во время карантина. «Мы как жители этого села, хотели внести свой вклад в родную землю. В этом году в рамках Года волонтеров по всей стране реализуются многие проекты, в том числе мини гранты общенационального проекта Birgemiz: Taza Alem. Там по нескольким направлениям поддерживалось экологическое движение. Мы решили поучаствовать в двух проектах. Будем очищать от мусора берега реки Шу и посадим деревья. Мы не смогли оказаться в числе победителей в первом проекте. Потом, мы выиграли грант на посадку деревьев. Самое интересное началось…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев мониторингтік топ жүргізген рейд барысында мейрамханалардағы тойда мемлекеттік қызметкерлердің бар екені анықталса, тиісті шара қолданылатынын айтты. Шаһар басшысы бұл қалалық әкімдіктегі қызметкер болса, жұмыстан босатылуы бек ықтимал екенін ескертті. Сондай-ақ, басқа мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын «тойшыл» азаматтар әшкере болып жатса, тиісті басқарма, департаментке ұсыныс хат жолданады.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорларындағы 18 сурет қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала алтыны» археологиялық көрмесін аралап көргеннен кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті. Президент ұлт зиялыларымен қасиетті топырақта, тарихи маңызы зор Семейдің төрінде жүздесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік пандемияға тап келсе де, ұлы баба рухы алдындағы…

Read More

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды ел президентінің сайты. «Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісімге тұрмайды. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!», – делінген Жээнбековтің үндеуінде. Қырғызстан конституциясына сәйкес президент…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның сахналық бейнесін сомдаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілханмен «Абай болып ой кештім» атты онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында Асқарбек Сейілхан Абай өлеңдерінің құрылысына, маңыздылығына, қоғамды тәрбиелеудегі аса құндылығына тоқталып, бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен бірге театр сахнасына келген жылдарын, журналистикада атқарған қызметі, өмірлік ұстанымдары жайлы кең толғанып әңгімеледі. Кейінгі кездегі мәдениетке, театрға деген көрерменнің көзқарасына, жас әртістердің сахна майталмандарынан сабақ, шеберлік дәріс алудың орнына, той жағалап кеткеніне қынжылатынын, оларға үлкен…

Read More

Жаңа орталық Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының базасында ашылды. «Дұрыс тамақтану» орталығының жетекшісі, Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының диетологы Баян Баймұратованың айтуынша, орталықта азаматтарға дұрыс тамақтану бойынша ақпарат беріледі. «Бүгінде дұрыс тамақтану мәселесі өзекті болып отыр. Бұл қоршаған ортаның бұзылуына, организмге қоректік заттардың жеткіліксіз түсуіне және дұрыс тамақтанбауға байланысты. Орталықта диетолог, эндокринолог, гастроэнтеролог және кардиолог мамандарының кеңесі ұйымдастырылған. Өйткені, дұрыс емес тамақтану үрдісі метаболизмді бұзады, бұл семіздікке, қант диабетіне, асқазан-ішек жолдары мен жүрек – тамыр жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін. Кез-келген адам орталыққа келіп, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша қажетті ұсыныстар ала алады. Мысалы, семіздікке шалдыққандарға сарапшылар тағамды салмағына, бойына, жасына және жынысына…

Read More

«Ауыл – Ел бесігі», «Дипломмен – ауылға!», «Еңбек» бағдарламалары қалай жүзеге асырылуда? Неге айрықша назар аудару керек және қай бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет? Бұл мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Аппараттық кеңес әдеттегідей және облыс әкімдігінің ресми сайтында және «YouTube» арнасында онлайн режимінде таратылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова хабарлағандай, 2019 жылы Байзақ, Жамбыл, Шу аудандарында «Ауыл – Ел бесігі» аясында 108 жоба іске асырылған. «Үш ауданда 24 әлеуметтік нысан, 55 көше, екі су құбыры жөндеуден өтті, 23 көше жарықтандырылды, төрт әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді», – деді Г.Жауынбекова. Ағымдағы жылы 29 елді мекенде…

Read More

Қалада санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік нысандары, оның ішінде тойханалар мен кафелер жабылады. «Мейрамханалар, кафелер, түнгі клубтар және басқа да кәсіпкерлік мекемелер санитарлы талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Егер де, ескерту жасалғаннан кейін қайталап талаптарды бұзу жағдайлары орын алса, кәсіпкерлік нысандарын жабатын боламыз. Ал, қала тұрғындары міндетті түрде маска режимі мен арақашықтықты ұстану керек», деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігі. Айта кетейік, 10-11 қазан күндері күндізгі және түңгі рейд барысында 49 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзғандарға хаттама толтырылды. Оның ішінде, орталықтағы «Гранд роял», «Ыдырыс», «Севинч», «Бақ береке» тойханалары да бар. Сонымен қатар, облыс аудандарында да мобильдік топтар күндізгі рейдте 100-ден астам нысандарды араласа,…

Read More

Қазіргі уақытта ер адамның есірткі қолданып отырған видеоға байланысты ақпараттың растығын анықтау үшін бірқатар тексерулер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта құқық қорғау қызметкерлері бұл оқиғаның ақ-қарасын анықтаймыз деп сендірді. Аяусыз ұрып-соғып, еркінен тыс зорлаған. Қара жұмысқа салып, күн көрсетпеген. 36 жастағы алматылық келіншек Жамбыл облысында 3 жыл бойы құлдықта болғанын айтады, – деп хабарлайды zakon.kz. Жәбірленген әйелдің сөзін келтірген Almaty.tv оған бұрынғы жұмыс берушісі зорлық-зомбылықтың сорақысын көрсеткенін хабарлайды. 36 жастағы алматылық келіншек соңғы 3 жылда көрген азабын көзі жасқа толып, еске алады. Жамбыл облысына нәпақа табу үшін барған келіншек, жұмыс берушісінің оны аяусыз қанап, зорлық-зомбылықтың сорақы түріне душар етеді деп ойламаса керек. Ал, осыдан…

Read More

ComprarAcciones сарапшылары дүние жүзіндегі ең танымал смартфонды атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылдың екінші тоқсанында смартфондардың әлемдік сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға құлдыраған, 294,7 миллион құрылғы сатылған. Смартфонның көп бөлігін Huawei (сатылымның 20 пайызы), Samsung (19,5 пайыз) және Apple (13,5 пайыз) сатқан. Төртінші орында қытайлық Xiaomi компаниясы тұр. Смартфондардың әлемде ең көп тиражбен сатылған танымал моделі iPhone 11 болды – 37,7 миллион. Екінші орында 11,4 миллион сатылыммен Samsung Galaxy A51, үшінші орында Xiaomi Redmi Note 8 (11 миллион) келеді. Бір қызығы, әлемдегі ең көп сатылатын 10 смартфонға iPhone-ның бес және Xiaomi-дің төрт моделі кіреді.

Read More

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғыс фонында Euronews арнасына эксклюзив онлайн-сұхбатында өз позициясын айтуға келісті. «Атысты тоқтатуға біржақты қол жеткізду мүмкін емес, бұл екіжақты шешім болуы керек. Сонымен қатар, оны жергілікті жерлерде орындау керек. Өздеріңіз білетіндей, Армения 27 қыркүйекте бізге шабуыл жасады, әскери позицияларымызға шабуыл жасады және инфрақұрылымымызға зиян келтірді, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Бізде армяндардың, соның ішінде баллистикалық зымырандар мен кассета бомбаларының шабуылынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза болды. Біз бірнеше рет шабуылға тап болдық. Соңғы үш айда Әзербайжанға үш шабуыл жасалды», – деді Әлиев. Пашинян бұл айыптаулармен келіспеді және өз кезегінде Әзербайжанды Таулы Қарабақта…

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, – деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Read More

Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс басшысының алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берді. Ресми жиын барысында қала басшысы бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалып жатқанын мәлімдеді. «Науаларды орнату бойынша бір жарым ай бұрын берілген тапсырма қазргі уақытта орындалып, күрмеуі бар мәселелердің де шешіліп жатыр. Тараз қаласында көше бойынша орнатуға арналған науаларды дайындайтын орындардың жоқтығына байланысты бұл жабдықтар Шымкент қаласынан жеткізіліп жатыр. Қазір көше бойына жиналған науалардың барлығы дерлік арықтарға орналастырылған», – деді А.Қарабалаев. Қала әкімінің ақпаратына сәйкес, Тараз арықтарының науаларын жаңғыртуға жасыл желектің де кедергі келтіріп жатқан жайы бар. «Бұған дейін қаланың ирригация жүйесін қамтамасыз…

Read More

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берген Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалғанын мәлімдеді. «Облыс әкімі тарапынан бір жарым ай бұрын берілген тапсырмалар толықтай орындалып жатыр. Атап айтсам, қаланың ирригация жүйесін жаңғырту бойынша лотоктар орналастыру және қала тазалығын сақтау аясындағы қоқыстар жинау мәселесі шешімін тапқан», – деді қала әкімі. А.Қарабалаевтың бұл мәлімдемесі аталған мәселелерге бақылау жүргізуші басқарма басшыларының өз салалары бойынша жасалған баяндамаларымен сәйкестік тапқанын айта кету керек.

Read More

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах қаңғыбасқа тиіскен бұзақыларды қуып жіберді. Бұл оқиға камераларға түсіп қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Оқиға 28 қыркүйекте болған, ойыншы өз командасымен бірге лондондық «Арсеналға» қарсы матчынан қайтып бара жатқанда болған. Шабуылшы жасөспірім бұзақылардың қаңғыбасты қорлап жатқанын көріп, өтіп кете алмаған. Салах тәртіп бұзушыларды қуып жіберді, кейін жәбірленушіге 100 фунт берген. Ағылшын премьер-лигасының осы маусымында Мохаммед Салах төрт матч өткізіп, бес гол соққан. АПЛ төртінші турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Астон Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын.

Read More