Автор: admin

«Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек» – деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығына сілтеме жасап. Еліміздің болашағы ретінде – біз жастар Президент үндеуін қолдап, жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз парыз. Өйткені, саяси билік мәселесінен бастап, ел экономикасы мен салт-дәстүр Абаймен тығыз байланысты. Президенттің алғашқы мақаласы Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығармасы мен сол Абайдың сүйіп өткен халқына арналды.Егеменді ел болып…

Read More

Қаланың сəулеттік келбетіне облыс әкімі айрықша көңіл бөлуде. Аймақ басшысы шаһардағы бірқатар тұрғын үйдің сыртқы келбетімен, №15 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Бердібек Сапарбаев облыс əкімдігі ғимаратынан шыққан бойда қарсы бетте орналасқан үйлердің жағдайына баса назар аударды. Мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбеті қайта жаңғыртылмақ. Бұл көпқабатты тұрғын жайларды толық жөндеу үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген. «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Осыған мән бере отырып, қасбеттері мен шатырын ауыстыруға көмек беретін…

Read More

Қазіргі таңда еліміздің қай өңірінде болмасын тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру ең өзекті мәселелердің бірі екені түсінікті. Бұл ретте Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар болса, бүгінде соның 521-і жөндеуді қажет етеді. Дегенмен, Тараз қаласының тұрғын үй саласына жауапты мамандары қазір солардың 270-і жаңартылғанын айтады. Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы бірқатар тұрғын үйлердің сыртқы келбетімен, сондай-ақ жаңадан салынып жатқан №15 ықшам аудандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан еді. Сапарбаев қаладағы жұмыс сапарын облыс әкімдігінен шыққан бетте, жаяулап жолдың қарсы бетіне өтіп, орталық көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерден бастапты. Бұл бойынша білгеніміз жақын күндері әкімдікке қарама-қарсы тұрған 5 көпқабатты…

Read More

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері мен бюджеттің орындалу мәселелері қаралған селекторлық режимде өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев экономика өсімінің қосымша көздерін құруды тапсырды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың баяндамасына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,3%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 101%, құрылыс жұмыстары 112% деңгейінде күтілуде. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 187 мың шаршы метрді құрайды деп болжануда. Бұдан соң қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева баяндама жасады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларындағы бюджеттің игерілуі 99,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл орайда артта қалғандар қатарында Шу, Жуалы, Сарысу, Талас,…

Read More

Таяу күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарланып отыр. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады. Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршрут автобустары мен парктерді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады. Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіру тиіс. Жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Сондай-ақ, маршруттың аяқталуы…

Read More

Таразда ерекше форматта «Соңғы қоңырау — 2020» мерекелік іс-шарасы өтті. Облыс орталығындағы «Жастар аллеясында» өткен соңғы қоңырау барысында 6 автокөлік Ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген байрақты желбіретіп, 6 бағыт бойынша Тараз қаласын жүріп өтті. Көлікте пәндік олимпиадалар, түрлі шығармашылық халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Жас ұлан» ұйымының белсенді көшбасшылары, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшелері отырды. Балалар ақынның поэзиясын, өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін орындады. Бұдан бөлек көліктерде дауыс күшейткіш арқылы «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған құттықтаулар, білім саласының жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, бұл күні әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен онлайн соңғы қоңырау және сынып сағаттары өткізілді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев жергілікті телеарнадан оқушыларды…

Read More

2020 жылдың 24 мамыр күні Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Мыңбұлақ», «Диана», «Айрылмас», «Гаухар», «Зарина» сауда орталықтарында рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде карантин режимін сақтамаған азаматтарға хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылды. Карантин режимін тұрғындардың сақтамай, сауда орындарында, далада топтасып жүруі ауруды жұқтырудың бірден бір жолы. Тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, үйде болуға, көшеге серуенге шыққанда бетперде, қолғап кию түсіндірілуде. Қалалық полиция қызметкерлері, мобильдік топ мүшелері Б.Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларын, рұқсат берілген сауда орындарын аралап, сақтық шараларын берік ұстануды, келушілердің кіре берісте антисептикалық сұйықтықтармен залалсыздандырылуын, бетпердесіз дүкенге кіргізбеуін және бизнес нүктелерінің белгіленген уақытқа дейін барлық сақтық шараларын сақтай отырып жұмыс істеуіне…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандарға жұмыс сапарын жалғастыруда. 22 мамыр, жұма күні аймақ басшысы Жуалы ауданына барып, онда ауызсу, көгілдір отынмен қамту, мектеп құрылыстары мен жөндеу жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Ауданда түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 38 жобаны жүзеге асыруға 4,6 миллиард теңге бөлінген. Қарасаз ауылдық округінің Ақбастау ауылында 136 аулада 720 адам тұрады. Бердібек Сапарбаев 1993 жылы бой көтерген, бүгінде 187 бала біліп алып жатқан ауыл мектебіне ат басын бұрып, кабинеттер мен спорт және акт залдарын аралады. Ол мектеп басшылығының назарын оқу ордасының ішкі безендіру, балаларға қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне аударды. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында…

Read More

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің жұмысшылары тарихи кешен «Қарахан» кесенесі маңындағы сквер аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Кешен аумағы тазаланып, алуан түрлі гүлдер отырғызылуда. Кешеннің жан-жағындағы сынған кафельдер орнына жаңалары салынуда. Сонымен қатар Абай, Төле би даңғылдары мен қаланың шығыс және батыс қақпалары жағының көше бойындағы шөптері орылып, талдар әкпен балақталуда. Облыстық, қалалық мекеме, кәсіпорындарының қызметкерлері қала аумағында бекітілген көшеде тазалық жұмыстарын жүргізді. Алдын ала сенбілік туралы хабарлама таратылды. Жапы сенбілікке 2810 адам тартылып, 163 тонна күл-қоқыс шығарылды, ұзындығы 47,8 км арық жүйелері тазартылып, 72 дана техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары кезінде санитарлық талаптарды сақтауға баса назар аударылды. Жұмысқа жұмылдырылғандар арасында сақтық шараларына сәйкес…

Read More

Бүгін коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың тапсырмасымен «Темірқазық» волонтерлар қозғалысының еріктілері қала тұрғындарына 3000 бетперде таратты. Мамандар қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының күрт өсуіне байланысты, санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі, атап айтқанда жеке қорғаныс құралдарын қолдану (қорғаныс бетперделерді кию, антисептиктерді қолдану) өз денсаулығыңыз үшін маңызды екенін ескертіп отыр.

Read More