Автор: admin

Бүгінгі таңда Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, №3 үйдің 2-ші кіреберісі (15 пәтер), «Қаратау» мөлтекауданындағы №22 үйдің 2-ші кіреберісі (15 пәтер), Байзақ батыр көшесі, №242 үйдің 1-ші кіреберісі (15 пәтер), «Алатау» мөлтекаудындағы №43 үйдің 1-ші кіреберісі (8 пәтер), «Қарасу» мөлтекауданындағы №25 үйдің 1 блогы (8 пәтер) карантин режимінде. Аталған тұрғын үйлердің аумағында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандары күнделікті дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. «Жасыл-Ел Тараз» ЖШС-ның қызметкерлері қаладағы «Құмшағал», «Қызыл абад», «Көлтоған», «Шөлдала», «Шалғай Қарасу», «Қант зауыты», «Ақбұлым» аумақтарының және ықшам аудандардың көшелірінде дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға 6 қызметкер, 6 техника жұмылдырылып, 300 кг дезинфекциялық ерітінді жұмсалып,…

Read More

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ағымдағы жылдың маңызды даталары ретінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Бауыржан Момышұлының 110 жылдығын атап өтті. Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, сондай-ақ дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етті. Бердібек Машбекұлы мәдениет қызметкерлерінің онлайн форматқа негізделген мерейтойлық іс-шаралар жоспарына ерекше көңіл бөліп, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен «Мұражай түні» бағдарламасының ұнағанын жеткізді. Еркін форматта өткен кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Шынында да, Бердібек Машбекұлының өнер адамдарына үлкен құрметпен қарайтынын көпке белгілі. «Біз бұл кездесуді үлкен форматта өткізуді ойлағанбыз, алайда пандемияға байланысты…

Read More

Жамбыл облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім нысандары мен «Даңқ» аллеясын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы «Даңқ» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Осыдан 50 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне салынған аллеяның талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмегені көрініп тұр. Аллеяны уақыт талабына сай қайта жаңғырту үшін бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген. Құрылысты «Самұрық 2020» ЖШС жүргізуде. Серіктестік директоры Нұрғиса Қуанышбаев аллеяны жаңғырту жұмыстары аясында жаңа су бұрқақ салынып, «Мəңгілік алау» стелласы және өзге де көрнекі белгілер пайда болатынын жеткізді. Алайда, бөлінген қаражаттың аллеяны толық жөндеуге жетпейтінін, оның жарты бөлігінің ғана…

Read More

Жамбыл облысы орталығында «Тараз – Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша «Taraz city» мобильді қосымшасы іске қосылады. Облыс әкімдігінде өткен басқосуда «Тараз – Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарының және облыс орталығындағы қылмыс деңгейін төмендету мақсатында облыс прокуратурасымен әзірлеген «Taraz city» мобильді қосымшасының жобасы талқыланды. Олар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тұрғындардың өз шағымдары мен сұрақтарына дер кезінде жауап алуына, қала өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік бермек. «Тараз — қауіпсіз қала» жобасын әзірлеушілер оны іске асыру қаладағы моральдық-адамгершілік ахуалды жақсартып, қылмыстық көріністерді барынша азайтуға көмектеседі деп есептейді. Отырысқа қатысушылар ұсынылған жобаны құптады. Өз кезегінде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров…

Read More

Жамбыл облысында алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында тегін білім беретін алғашқы жекеменшік мектеп-гимназияны ашу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев төрт қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты. «ARAI-ELITE» жекеменшік элиталық мектеп-гимназиясы — тегін білім беретін облыстағы алғашқы жекеменшік білім ордасы болмақ. Өткен жылдың тамыз айында іргесі қаланған нысанның құрылысы қызу жүргізілуде. Бас мердігер «Арайқұрылысмаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері ғимаратты жаңа оқу жылы басталғанша пайдалануға беруге уәде беріп отыр. Жұмыс сапары кезінде Бердібек Сапарбаев құрылыстың барысымен жан-жақты танысты. Төрт қабатты ғимарат 1025 оқушыға шақталған. 41 оқу кабинеті, компьютер сыныбы, химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ балаларға арнап…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде болды. «Көне Тараз» кешенінде Бердібек Сапарбаев «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінің жұмысымен танысты. Достық үйі облыс орталығының көрікті орындарының бірі болып табылады. Ерекше ғимарат Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған. Бүгінде мұнда этномәдени бірлестік орталықтары, медиация кабинеттері, оқушыларға арналған шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Ғимараттың фойесінде әртүрлі көрмелер жиі өтіп тұрады десек, ал мәжіліс залында іс-шаралар ұйымдастыру дағдыға айналған. Дегенмен нысандағы барлық кабинеттер толығымен пайдаланылып отыр дей алмаймыз. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаеваның жаңбыр жауғанда шатырдың кей бөліктерінен су ағатынын…

Read More

Таразда алғаш рет тұрмыстық техникалар шығаратын зауыт салу жобасы қолға алынып отыр. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ғимаратында жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Жобамен Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Жұманқұлов таныстырды. Оның айтуынша, алдағы уақытта салынатын зауыт газ плиталарын, тоңазытқыштар, кондиционерлер тағы да басқа тұрмыстық заттар шығарумен айналыспақ. Бүгінде отандық өндірісті қолдау үшін барлық жағдай жасалуда. Енді тек зауыт салынатын орынды анықтап алу керек. Ол үшін Тараз қаласы аумағынан жаңа зауыт салуға 7 гектар жер телімі қарастырылуда. Аталған жобаның жүзеге асырылуын және іске қосылуын Әлия Көмекбаева басшылық ететін «Alima DELUX» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып…

Read More

Облыстың бас санитарының 2020 жылдың 18-ші мамырдағы №20 қаулысына сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілген құрылыс материалдарын сатушы сауда орындарында санитарлық талаптардың орындалуы және заңсыз ашқан сауда нысандарын қадағалау мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен «Ауыл Береке», «Бек» және «Яка Сарай» базарлары, сондай-ақ, Ташкент көшесінде орналасқан құрылыс материалдарын сататын сауда нысандары және «Жібек жолы» базары жұмыстарына мониторинг жүргізілді.Мониторинг нәтижесінде «Ауыл Береке», «Бек» және «Яка Сарай» базарлары санитарлық талаптарды сақтай отырып, киім-кешек және басқа да тауарлар сататын халық көп жиналатын бөлімдерін ашпай жұмыс істеуі байқалды. Ташкент көшесі бойындағы бірнеше сауда нысандары араланды. Олардың ішінде санитарлық талаптарды бұзған (антисептик,…

Read More

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі Халықаралық музей күніне орай онлайн форматта «Музей түні» акциясын өткізді, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі z-taraz.kz сайтына сілтеме жасап. «Ұлы тұлғалар – ұлт болмысы» айдарымен Әбу Насыр әл-Фараби – 1150 жыл, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған қойылым көрсетілді. Бұл дәстүрлі шара коронавирус індетіне байланысты «Facebook» әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/konetaraz парақшасында онлайн форматта жалғасын тапты. Өткен ғасырларға онлайн саяхаттау мақсатында ұйымдастырылған шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев сөз сөйлеп ашты. – Тарихымызды болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізу…

Read More

Бүгін Тараз қалалық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері № 4 аумақтық округ тұрғындары ғасыр жасаған ана Е.Пономаренкоға, тыл еңбеккерлері А.Мадикеновке, В.Локшинаға, А.Марченкоға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті. Тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен ерекше табандылығы, маңдай терінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді атап өткен қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлерге денсаулық, ашық аспан тіледі. 1941 жылдың маусымында басталып, 5 жылға созылған сұрапыл соғыстың аяқталғанына тура 75 жыл. Жеңіс туын желбіретуге сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтары қомақты үлес қосты. Бұл соғысқа қазақ жерінен 1 миллион 200 мыңдай адам аттанды. Олардың жартысынан көбі майдан даласынан оралмады.…

Read More