Автор: admin

«Су – тіршілік көзі» – деп халқымыз текке айтпаған. Бұл ретте мемлекет тарапынан да соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Соның ішінде бүгін біз Жамбыл облысы, Байзақ ауданында атқарылып жатқан ауыз су мәселесі бойынша жұмыстарға тоқталмақпыз. Байзақ ауданында ұзын-ырғасы 43 елді мекен болса, соның жиырмасы ауыз сумен қамтылыпты. Бұл қазіргі таңдағы жергілікті халық санымен 47 904 адам немесе 44,6 пайызды құрайды. Осы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген он жеті елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, үш елді мекенге «Теміржол су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетуде екен. Байзақтағы ауыз су…

Read More

Сенбі, 16 мамыр күні экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірдегі су шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Тиімді суару жүйесі болмаса, суармалы жер көлемін ұлғайту мүмкін емес. Осындай суармалы алқаптарды 200 мың гектарға ұлғайту міндеті қойылған болатын. Бүгінгі таңда оның көлемі 110 мың гектарды құрайды. Ал, суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарынан соң бұл көрсеткіш кем дегенде 180 мың гектарға дейін артады деп күтілуде. Жамбыл ауданындағы 3098 гектар алқап Раис магистральды каналына байланған шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арналарынан келетін суға тәуелді. Бүгінде ондағы 36 шаруа қожалық жоңышқа,…

Read More

Егер Сіз 7 санат бойынша коммуналдық төлемдер үшін 15000 теңгеге өтініш беруге call орталығына хабарласа алмасаңыз, онда qamqor-taraz.kz сайтына кіріп, өтініш қалдырыңыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Тараз қаласы тұрғындарының назарына! Егер Сіз 7 санат бойынша коммуналдық төлемдер үшін 15000 теңгеге өтініш беруге call орталығына хабарласа алмасаңыз, онда qamqor-taraz.kz сайтына кіріп, өтініш қалдырыңыз. Вниманию жителей города Тараз! Если не можете дозвониться до call центра, то можете оставить заявку на сайте qamqor-taraz.kz, на списание 15000 тенге по коммунальным платежам для 7-ми категорий граждан. Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 17 Май 2020 в 11:35 PDT Вниманию жителей города Тараз! Если не можете дозвониться…

Read More

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы, «Қаратау» м/а №1, 2, 3, 4, 5 үйлерінің ауласында жалпы жер көлемі 1300 шаршы метр құрайтын кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының құрылысы «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік қаражаты есебінен «Менің Елім» бағдарламасы бойынша басталды. Жобаны іске асыруды «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры қамтамасыз етеді. Алаңша түрлері: жасанды төсеніші бар және қоршалған кіші-футбол алаңшасы, тартан төсеніші бар көше тренажерлары, тартан төсеніші бар балалар ойын алаңшасы. «Қаратау» мөлтек ауданында 11800 адам тұрады, оның ішінде №1, 2, 3, 4, 5 үй тұрғындарының саны – 1500 адам. Аталған мөлтек ауданда 1592 оқушыға 1 жалпы білім беретін №38…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! 2020 жылдың 14-31 мамыр аралағында Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау жарияланады.Байқау материалдарын Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1 (4 кабинет) мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.Байқауға эскиздер jpeg, cdr, psd нұсқасында ұсынылуы қажет.Байланыс телефондары: 45-54-97, 8 776 622 97 97Е-mail: gor_arhitektura@list.ru Тараз қаласының әкімдігі. Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау өткізу туралыЕРЕЖЕЖалпы ереже Ең жақсы логотипқа ашық байқау өткізу туралы осы Ереже байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген жұмыс талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу мен жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.Қағиданың мақсаты – Тараз қаласының үздік…

Read More

Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандағы екі күнге жоспарланған жұмыс сапары барысында аталған жобалардың сапалы орындалуы, қордайлықтардың қоғамдық-саяси ахуалы және көңіл-күйлері басты назарға алынды. Аты аңызға айналған халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туған жері Кенен ауылы табиғаты тамаша, мәуелі мекен десек артық айтпаймыз. Аудан басшылығы оны облыстың ең үздік ауылдық елді мекені байқауына қатыстыруды жоспарлауда. Дегенмен ауылдықтардың көтерер мәселесі де жоқ емес. Соның бірі – таза ауыз судың тапшылығы. Бұл түйткілді оңынан шешу үшін 132 миллион теңгеге 16 шақырымдық су құбыры тартылуда екен.…

Read More

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен бекітілді. Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі болмақ. Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен,…

Read More

Мерекеге қарамастан, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 9 мамыр күні Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы мақсат – ауылдарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы кездесіп отырған мәселелермен танысу, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Айта кету керек, биыл Байзақ ауданына 173 жобаны жүзеге асыруға 12,9 млрд. теңге бөлінген десек, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6,3 млрд. теңге және өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бурыл ауылында ағымдағы жылдың наурыз айында 300 оқушыға арналған орта мектептің құрылысы басталған. Жобаның сметалық құны — 1,2 млрд. теңге. Мердігер ұйымның директоры Еркін Құлманбетовтың айтуынша, нысанда жұмыс кесте бойынша жүруде, ешқандай мәселелер…

Read More

«Жұмыс нашар жүргізілуде» — Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі цифрландыруды енгізуге бағытталған шаралар барысын осылай бағалады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл мәселе ағымдағы жылдың сәуір айында өткен кеңесте жан-жақты талқыланған. Бір айдан кейін бұл тақырып тағы да қаралмақ десек, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің баяндамасынан цифрландыруды енгізу бойынша бірқатар бастамалардың орындалмағанын байқауға болады. Айталық, білім беру саласында 7 бастаманың бесеуі, денсаулық сақтау саласында 12 бастаманың 10-ы ғана жүзеге асырылған. Әлеуметтік қызметтерді ұсынуда, қалалық басқарушылықта, көлік, жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да кемшіліктер бар. — Ел…

Read More

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Мемлекеттік “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалардың сапасын бақылау және елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қадағалау бойынша Тараз қаласының аумақтық округтері бойынша 11 жұмыс тобы құрылғаны сіздерге мәлім. Тараз қаласының №11 территориялық округіне қарасты-Құмшағал шағын ауданы және Қызылабад, Көлтоған, Жиделі, Казарма, Береке, Шөлдала алқаптарында үстіміздегі жылдың 8 мамырынан бастау алған жұмыстар №11 жұмыс тобының жетекшісі Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың ұйымдастыруымен өз жалғасын табуда. Жұмысшы топтың мүшелері округ территориясын аралап, ондағы мәселелерді анықтап, жағдаймен танысу нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні топтың бірінші отырысында атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Жұмысшы топқа округ бойынша 19 870 тұрғынды…

Read More