Автор: admin

Биыл Жамбыл облысында мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Атап айтар болсақ өңірде«Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында алты жаңа ауылдық мәдениет үйі мен клубтар ашылады. Сонымен қатар, екі ауылдық клуб пен кітапхана жөндеуден өтеді. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағыт жөндеуден, ал Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағаты абаттандырылады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Сейсенбі, 12 мамыр күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы жұмыс сапары барысында «Қарахан» және «Тектұрмас» этно-тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған жоспарлы жұмыстар барысымен танысты.Қазіргі таңда бұл нысандар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, тағзым етшілер үшін де тартымды орын саналады. Алдағы уақытта…

Read More

Қаһарына мінген қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Таразды күл-қоқыстан аршып, бей-берекетсіздіктермен бел шешіп күресуді бастап кетті. Соңғы күндердегі қауырт жұмыстардың нәтижесінде 374 тонна күл-қоқыс шығарылып, 58 шақырым арық жүйесі тазартылған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, Тараз қаласында 1799 тал-дарақ бұталанып, 103 құрылыс нысанының қоршаулары қалыпқа келтірілген. Бей-берекет орналасқан 109 сауда орынын тып-типыл етіп, заңсыз тұрған 65 дүңгіршекті алып тастаған. «Қызыл сызық» нормаларын бұзған 13 құрылыс нысанын бұзуға пәрмен берілсе, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылған. Ал жабайы жарнамалар ілінетін орынға айналған 221 аялдама сырланып, қалыпқа келтірілген. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамту…

Read More

Моңғолиядағы ең танымал спорт түрлерінің бірі Моңғолияның ұлттық күресі. Бұл елде ұлттық күрес балуаны олимпиада жүлдегеріненде артық сый құрметке ие болып жатады. Себебі бұл спортпен шұғылдану кез келген адамның қолынан келе бермейді. Тұла бойға біткен табиғи күш, жылдамдық, әдіс тәсіл, оған қоса дайындық барысындағы көп жылғы төккен тердің арқасында ғана жоғары жетістікке жетуге болады. Жәнеде бұл күресте салмақ айырмашылығы дейтін болмайды. Сондықтан да Моңғолдар бұл спортты тектілердің спорты деп атайды. Балуандар сұмындық, аймақтық, мемлекеттік дәрежелі деп бөлінеді. Сұмындық дәрежелі балуан 32 немесе 64 балуаннан ағалап сұмындық піл атағын алса, аймақтық дәрежелі балуан 128 немесе 256 балуаннан ағалап аймақтық арыстан атағына…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінен кейін бірден облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Еліміздің алдында корановирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермей, экономиканы қалпына келтіруге қатысты үлкен міндет тұр. Бұл орайда көп нәрсе қазақстандықтардың өздеріне, олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға деген жауапкершілктеріне байланысты болып отыр. Қазір төтенше жағдай режимі аяқталып, мемлекеттік комиссия өзінің басымдықтары мен атауын өзгертпек. Енді ол экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықты бұрынғы тіршілігіне тез оралту, тіпті одан да жақсарта түсу мәселелерімен айналысатын болады. Мемлекет басшысы жергілікті материалдарды барынша пайдалана отырып, экономиканың…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы спорт нысандарын аралау барысында осындай талап қойды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Ағымдағы жылы Жамбыл облысында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 13 жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) және 92 спорт алаңы салынады. Екі стадион күрделі жөндеуден өтеді деп көзделсе, үлкен теннис орталығы қайта жаңартылмақ. Сонымен қатар, 12 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл орайда Тараз қаласында 41 жоба жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек. Олардың қатарында үш денешынықтыру-сауықтыру кешені, 35 алаң, мектеп стадионын ағымдағы жөндеу, «Ұлан» стадионын күрделі жөндеу және теннис орталығын қайта жаңарту жұмыстары бар. Аймақ басшысы алдымен теннисті дамыту орталығына…

Read More

Бөлінген қаражатты тиімді игеру, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың үнемі назарында. Бұл туралы мәселелер әкімдікте өткен жиындардың күн тәртібінен түскен емес. Кезекті рет өткен кеңесте бұл аспект білім беру саласының жай-күйімен бірге қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.          Күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылаудан бұрын, аймақ басшысы өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге назар аударды. Тиісті құрылымдар осы бағыттағы бақылауды күшейтуі керек. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, аймақтағы 442 мектептің 5-еуі апаттық жағдайда. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдан бастап Қордай ауданында бір және Шу ауданында екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Басқарма…

Read More

Жамбыл облыстық білім басқармасының қолдауымен шығыс ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әлем өркениетіндегі Фараби феномені» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Адамзаттың екінші ұстазы, энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани, ғылыми мұрасын насихаттау және оның шығармашылық, ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару мақсатына негізделген шара Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде ұйымдастырылды. Онлайн конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков және Шымкент, Алматы, Атырау қалаларының және Ресей, Эфиопия, Өзбекстан елдерінің жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. Ғылыми-практикалық конференция барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптері…

Read More

Шаһардың сәулеттік келбеті күн санап көркеюде. Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында ағымдағы жылы бірқатар әлеуметтік нысандар мен гүлзарлар, саябақтар мен аяқжол, фонтандар орналасқан арбат құрылыстары жүргізілуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Таразда соңғы жылдары бой көтерген түрлі нысандар мен демалыс орталығы көздің жауын алады. Елде болып жатқан жағдайға қарамастан қала бойынша абаттандыру, көгалдандыру, жалпы қаланың сәулеттік келбетін келістіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Барлық жоспарланған құрылыс нысандары облыстық әкімдік жанындағы сәулеттік кеңесте қарастырылған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей басшылығымен қаланың келбетіне көрік беретін бірқатар нысандардың жобалары қайта қарастырылды. Мәселен, «Март» сауда үйінің маңы мен Адамбаев көшесі бойынан арбат құрылысы жүруде.…

Read More

Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын. Қарапайым халықты қауіпті індеттен құтқару, оларды қолдау мақсатында көпшілік қолдан келген көмектерін де ұйымдастырған еді. Бұл ретте Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен карантин кезінде көпшілікке азық-түлік таратылып, тұрғындар қажетті тауарлармен қамтылды. Сонымен қатар, мыңдаған медициналық маскалар тегін таратылды. Көпшілікті коронавирус індетінен қорғау жұмысына тараздық қыз-келіншектер де өзіндік үлесін қосқан болатын. Тараздық 30 қыз-келіншек медициналық маска тігуге тегін атсалысып, нәтижесінде 10 мыңға жуық бетперде тігілді. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тегін таратылып берілген еді. Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, төтенше…

Read More

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы мен төрт ауданындағы 1500-ге жуық аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмегіне ие болды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қазақстан бойынша қолға алынған қайырымдылық акциясына «Халық» қайырымдылық қоры мұрындық болған. Қор 20 мың азық-түлік жиынтығын қалыптастырып, төтенше жағдай режимі мен карантиндік шараларға байланысты күрделі қаржылық жағдайда қалған мұқтаж отбасыларға үлестірді. Өнімнің жалпы көлемі 1200 тоннаны құраған. Игі бастаманы алғашқылардың бірі болып еріктілер қолдап, азық-түлікті жеткізіп беруді қамтамасыз етуге барынша атсалысқан. Еріктілердің айтуынша, тұрғындар әлеуметтік көмекті өте жылы қабылдап, ризашылықтарын білдірген. Бұл бүгінгі күні бизнес тарапынан әлеуметтік қолдаудың, сондай-ақ азаматтық қоғамның бірігуінің қаншалықты маңызды екенін тағы…

Read More