Автор: admin

Жамбыл облысында карантин режимі сақталады. Дегенмен, 11 мамырдан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі енгізілмек. Тиісті шешім облыстық жедел штабпен және өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қабылданды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Атап айтқанда, ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (барлық бағыттар) және тұрмыстық техника дүкендерінің қызметіне рұқсат етіледі. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 11 мамырдан бастап тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу бойынша сервис орталықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, жарнама агенттіктері, риэлтерлік және сақтандыру компаниялары жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеке медициналық орталықтардың (алдын ала жазылым бойынша), оптика дүкендерінің, фотосалондардың, гүл дүкендері мен дүңгіршектердің қызметі қайта жанданады. Жұмыс уақыты сағат…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады. Ол жол жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ бірқатар орта білім беру мекемелерінің нысандарымен танысты. Облыс әкімімен бірге Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Байзақ батыр көшесі бойындағы ұзындығы 1,17 шақырым болатын автожолды орташа жөндеу жұмыстарын «Тараз Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Оның құрылысына 20 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылған. Мердігер компанияның директоры Майра Молдабаева Бердібек Сапарбаевқа жөндеу жұмыстары барлық технологиялық шарттарды сақтай отырып, кесте бойынша жүргізілетінін баяндады. Автомобиль жолының Байзақ батыр көшесі бойындағы 1,17 шақырымдық учаскесін орташа жөндеуді «Тараз Құрылыс» ЖШС жүргізеді. Жұмысқа 20 адам, 12 техника жұмылдырылды. Мердігер…

Read More

Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына бүгін қордайлықтардан алғашқы көмек керуені жіберілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Үлкен жүк көлігіне 25 тонна азық-түлік тиеліп, көршілес облысқа аттандырылды. Сортөбе ауылының тұрғындары қажетті азық түлік, оның ішінде 12 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон, 300 кг тұз, 1000 дана шай, 2000 литр өсімдік майы, 5 тонна картошка және киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар бар. «Қайырымдылық жасау – қайырлы іс» демекші аудан әкімі Р.Дәулет көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созып, игі іске бірлесе атсалысу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар Рүстем Рысбайұлы қамқорлық қашанда сауапты іс екенін…

Read More

Адамзат тарихында өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Жамбыл облысында айрықша акция бастау алды. «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» мерекелік акциясы аясында облыстың өнер шеберлері жылжымалы экипажбен Тараз қаласының тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Жылжымалы экипаж бағдарламасы ең алдымен «Жеңіс» саябағынан бастау алды. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары радио құрылғысы арқылы тұрғындарға мерекелік құттықтау жолдап, әскери және патриоттық әндерден радиокопозияциялар ұсынды. Ал облыстық қазақ және орыс драма театрларының өнер шеберлері хас батырлар Б.Момышұлының, Ә.Молдағұлованың, Р.Қошқарбавтың бейнелерін сомдап, А.Константинованың «Фронтовая любовь» диалогын орындады. Сұрапыл соғыстағы батырлардың өшпес ерлігіне, өлшеусіз еңбегіне құрмет көрсетуге бағытталған акцияны қала тұрғындары ерекше…

Read More

Халқымыз асылын ардақтап, қариясын құрметтеген, өмірден көргені, көңілге түйгені мол, тыңдай білгенге ақыл-ойы алтын көмбе ардагерлерді әспеттеп, оларға құрмет көрсету-баршамыздың парызымыз. Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыс өртінде өткізген соғыс ардагерлерінің қатары күн санап азайып барады. Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының, өңірлік штаб жастарының ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналды. Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, ардагерлерге атаулы көмек көрсетуге және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай «#Жеңіс үшін рахмет!» акциясы аясында штаб өкілдері ардагерлердің үйлеріне барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады. Ардагерлерді құттықтай отырып, жастар қозғалысының төрайымы…

Read More

Ардақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлер!Құрметті Тараздықтар!Бүгін батырлық пен жанқиярлық ерліктің, бірлік пен тату тірліктің мерекесі – Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр.Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!Аға ұрпақтың жеңісі мен бүгінгі біздің жетістігіміз – бір-бірімен тығыз байланысты. Егер аға буынның ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекет құра алмас едік. Бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 800 мың Қазақстандық аттанып, соның тең жартысы қан майданнан қайтпады.Миллиондаған адам «бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп бел шешпей еңбек етті.Қасіреті мол соғыс оты әрбір шаңыраққа тиіп, өшпес дақ қалдырды. Тараз жерінен майданға 120 мыңнан астам адам аттанды. Олардың жартысынан көбіне туған жерден топырақ…

Read More

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Сонымен қатар, осы күн Ардагерлер туралы заңның қабылдануымен ерекшеленеді! Әрине, Ұлы Отан соғысының ардгерлеріне бұрыннан бері қолдау көрсетілуде, бірақ осы заңгың қабылдануы олардың дәрежесін одан сайын көтереді деген сенімдемін! Бұл заңға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; еңбек ардагерлерге қолдау көрсету маңыздылығы айқындалған. Бұдан былай оларға түрлі әлеуметтік қолдау шаралары қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді; жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай көмек көрсетіледі; жеке тұрғын…

Read More

Накануне 75-летнего Юбилея Победы в Великой Отечественной войне Глава Государства К.К.Токаев подписал Закон «О Ветеранах». Главной целью принятия этого закона является точное определение 5 социально-значимых категории ветеранов. В законе точно указаны правила оказания социально-правовой помощи всем ветеранам ВОВ, труженникам тыла, для военнослужащих участвовавших в боевых действия Афганистана, а также на территории других иностранных государств и что важно отметить это область применения принятого закона касается и иностранцев лиц без гражданства, которые постоянно проживают в Республике Казахстан. В новопринятом законе четко видно, что были расширены категории ветеранов боевых действий на территории других государств, усилены меры по социальной поддержке воинов-интернационалистов, чернобыльцев, а также…

Read More

2020 жылғы 3 сәуірдегі министрліктердің (ҚР-ның сауда және интергация министрлігі, ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігі) «Әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауарларының шекті бағалары белгіленген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Тараз әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараз қаласы әкімінің 22.04.2020 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру туралы» №47-ө өкімімен шекті бағаларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылды. 05.05.2020 жылы жұмысшы тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 2 дүкенде…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімдігінде кеңес өткізіп, онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысы және жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жауапты бақылау міндеті қаланың әр аудандарында құрылған 11 мобильді топқа жүктелген. Олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен басқа, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері енді. Облыс әкімі топқа экологтарды да қосуды ұсынды. Сонымен қатар, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын тексеру тапсырылды. Жалпы, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жалпы құны 17 миллиард теңгеге болатын 94…

Read More