Автор: admin

Жамбыл облысында мұқтаж және аз қамтылған тұрғындарға облыстық экономикалық тергеу департаменті контрабандашылардан тәркілеген тұтыну тауарларын таратады. Олардың ішінде 546 миллион теңгенің 530 түрлі атаулы киімі, төсек-орын жабдықтары және басқа да тауарлар бар, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтың айтуынша, тауарларды іске асыру тетігі пысықталып, оларды үлестіру бойынша адамдардың санаттары анықталған. «Ең алдымен, әлеуметтік мекемелер – балалар үйлері, қарттар үйлері, психоневрологиялық және өзге де аурулармен ауыратындарға арналған интернат үйлеріндегі қызмет алушылар іріктелді. Сонымен қатар, бұл тізімге облыстағы аз қамтылған азаматтар мен АӘК алушылар, сондай-ақ өмірлік қиын…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыстық туризм басқармасының бастығы болып Майлыбаев Ғани Айдарұлы тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ғани Майлыбаев 2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін (бакалавр) қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы осы университетті «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының «Аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын 2008 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, бас есепшісі болып бастаған.2010 жылдан 2013 жылға дейін — «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібіне еңбек нарығындағы ахуал және орындаушылық тәртіп мәселелері қойылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Корановирустың салдары еңбек нарығына айтарлықтай әсер етті. Көптеген шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе қызмет көрсету нысандары әлі де өз жұмысын қайта бастаған жоқ. Демек, жұмыс орындарын тез арада құру, азаматтарды қайта даярлау жүйесін жолға қою, «Бастау Бизнес» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет. Бұл мақсаттарға қол жеткізуге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы арқылы қол жеткізілмек. Оның жүзеге асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Берік Болатұлы Нығмашев тағайындалды. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін болады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Берік Нығмашев 2009 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының «Кирилловка-Айыртау» ЖШС агроном болып бастады. 2010-2013 жылдары Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман — агрономы. 2013-2014 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің бас сарапшысы, өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының басшысы, өсімдік шараушылығы өнімдерін өндіру…

Read More

Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген…

Read More

2 мамыр, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына барған жұмыс сапары барысында кәсіпорындар мен өндірістік кооперативтерді аралады. Олар қызмет түрі бойынша ерекшеленгенімен, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ортақ мақсатта жұмыс істеуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан көкөніс пен жемістерді сақтаумен және сатумен айналысатын «Kaz Fruits Line» ЖШС-нің қызметіне тікелей қатысты. Жалпы серіктестіктің сыйымдылығы екі мың тонна болатын екі қоймасы бар. Ондағы заманауи неміс қондырғылары ауаны зиянды микробтар мен бактериялардан тазарту кезінде температура мен ылғалдылықты реттеуге мүмкіндік береді. Бүгінде сақтауға арналған қоймалар бос. Аймақта қарқынды бақтардың көптігіне қарамастан,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Мойынқұм ауданына жұмыс сапары ұзақ жол, қолайсыз ауа-райына қарамастан мазмұнды өрбіді. Аймақ басшысы ондағы әлеуметтік және өндірістік нысандардың, су шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, ол ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқандығын барлады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мойынқұм ауданы бүкіл Жамбыл облысы жерінің жартысына жуық аумағын алып жатқандығымен ерекшеленеді. Мұнда бірнеше ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан. Сонымен қатар, ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін жайылым қоры жеткілікті. Өңір басшысының аудандағы жұмыс сапар әлеуметтік мекеме – Айдарлы ауылындағы №2 орта мектептен басталды. Онда мектепке дейінгі балаларға…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 200 азаматқа ауызашар таратты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қала әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен мұқтаж тұрғындардың тізімі алынып, оларға арнайы әзірленген ас таратылды. Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен бүгінде қаланың көптеген аумағында бірқатар құрылыс және тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қала әкімі сол жұмыстарға атсалысып жүрген азаматтарды ауқаттандыруды да назардан тыс қалдырмады.

Read More

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінде Жаңталап аулының тұрғыны 88 жастағы еңбек ардагері, ардақты ана Молдабекова Сәдікен апаның отбасына барған аудан басшысы Қанатбек Мәдібек бірлік күні мен және Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап қайтты. 90 жасқа таяп қалған қария аудан басшысының арнайы уақыт бөліп келгені үшін аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Дариха Үмбетиярова. Жоғары да тоқтала өткеніміздей еңбек ардагері, ардақты ана Сәдікен Молдабекова 1932 жылы бұрынғы Сталин атындағы елді-мекенінде дүниеге келді. Басынан небір қиын-қыстау шақты өткізген, қарт ананың айтуынша сол кездегі Когонович орта мектебін бітіріп, жастық шағы Ұлы Отан соғысы…

Read More

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Дариха Үмбетиярова. Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын жылдарында Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық келісім тұрақты түрде сақталды. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн…

Read More