Автор: admin

Қалада мереке күніне қарамастан жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Абай даңғылынан Көшеней көшесіне дейінгі аралықты былтырғы жылы «Таразтрасэнерго» мекемесі жылу құбырын жүргізу жұмыстарын атқарған. Қыс бойы жүргізушілердің тоқылдақ жолмен жүріп, мезі болғаны бәрімізге мәлім. Бүгін осы даулы мәселенің түйіні шешілуде.Мердігер техникаларын қойып, жолдарға асфальт төсеу жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерінің шағымы көп айтылған Әйтиев көшесінің Қазыбек би көшесінен-Қонаев көшесіне дейінгі аралығындағы жолды асфальттау жұмыстарын «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі жүргізуде. Жалпы ені 11-12 метр болатын көшенің 570 метр жол бөлігі жөнделеді. Осындай жөндеу жұмыстарын «Ая-Сервис» ЖШС-гі Байзақ батыр көшесінде жүргізуде. Серіктестік Төле би көшесінен-Ташкент көшесіне…

Read More

Кешелі бері әлеуметтік желі бетіндегі ағаштарды кесіп жатқан бейнесюжет таралды. Әлеуметтік желі бетіндегі бейнесюжет жарияланған сәтте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Сейфуллин көшесіне жетті. Талдарды аяусыз отағандарға іс қозғауға тапсырма берді. Анықталғандай «Талас «мөлтекауданы №17 үйдің жанындағы қауіпті 27 ағашты жасарту мақсатында төбелерін қысқартуға әкімдіктің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан а.ж. 20 наурызда рұқсат берілген. Алайда,кәсіпкер өзім білемдікке салып ағаштарды түбінен отап тастаған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан кәсіпкердің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті полиция мен орман шаруашылығы мамандары келтірілген залал мөлшерін анықтауда. Кәсіпкерге келтірілген залал үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай ақ Абай даңғылы мен…

Read More

2019-2020 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өту барысында Жамбыл облысы энергетикалық ұйымдарында технологиялық бұзушылықтардың төмендеуі бақылануда. 2018-2019 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өтуімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтың саны 40 данадан 35 данаға төмендеді. Қазақстан Республикасы біріккен электр энергетикалық жүйесінің жұмысында технологиялық бұзушылықтар ауыр салдар және өзгешелікке тәуелді, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электорлық және жылу тораптары I дәрежелі істен шығу және II дәрежелі істен шығу, аварияларымен жүйеленеді. Алайда, 2018-2019 жылдардың және 2019-2020 жылдардың жылу беру маусымдарында энергомекемелерде I дәрежелі істен шығу, ауыр зардабымен авариялар тіркелмегендікті айта кету керек. «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС–де II дәрежелі істен шығу саны ең көп айқындалды, дегенмен, 2018-2019 жылдары жылыту маусымында олардың…

Read More

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі — барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал, бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр. Бүгінгі күні ауданда отызға тарта ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сондықтан бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен…

Read More

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 119 дерегі тіркеліп отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өңірдегі медицина саласының мамандары қауіпті індетпен мейлінше күресуде. Осы уақытқа дейін облыста біраз азаматтар ауруынан айығып, аман-есен отбасыларына оралуда. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда өңірде 45, 50 және 75 жастағы үш әйел азаматы емделіп шыққан. Үш тұрғын да коронавирус індетін жұқтырған науқастарға арналған стационарға 14 сәуір күні әртүрлі жағдайлармен түскен. 75 жастағы Қордай ауданының тұрғыны қауіпті инфекцияны туысының жаназасында  жұқтырған болып шықты. Ал, 50 жастағы екінші емделуші науқаспен байланыста болған кезде инфекция жұқтырып алған. Сонымен қатар, 45 жастағы үшінші адам Ресей…

Read More

Ардагерді мерекесімен құттықтады Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Муталип атаны Тараз қаласының әкімі төл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жауынгер ардагерлерді төл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды. Мұндай құрметке бөленген жандардың бірі — Ұлы Отан соғысына қатысушы Ережепбай Муталип. Тоқсан беске аяқ басқан қарияға қала әкімі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан мерекелік ыстық лебізін білдіріп, лайықты құрмет көрсетті. Бүгінде қалада 33 ҰОС ардагері бар. Бұлардың әрқайсына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты, мерекелік сыйлықтар табысталды. «Талас ауданынан 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сапары Талас ауданындағы бірнеше кәсіпорынға барумен жалғасты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобалық қуаттылығы 700 миллион текше метр болатын «Амангелді Газ» ЖШС жыл сайын 355 миллион текше метр көгілдір отын өндіруде. Алдағы бес жылда компания өндіріске 42 миллиард теңге қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Ал барланған газдың қоры 16 миллиард текше метрді құрайды, мұны теңгемен бағалағанда, 59 миллиардқа дейін жетіп жығылады. Қазіргі таңда зауытта 385 адам жұмыс істейді, олардың 80 пайызы жамбылдықтар. Ауысымның ұзақтығы – екі апта. 135 адамға арналған жатақханасы, асханасы, футбол және волейбол алаңдары тағы бар. Мұнда облыс әкімі…

Read More

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек. Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек…

Read More

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевпен кездесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір ғана «Ерке сылқым» күйінің өзі Әбдімомын Желдібаев есімінің дәстүрлі музыка өнерінің тарихында мәңгілікке қалуына, халық композиторының шын мәнінде даңқы асқақтап тұруына жеткілікті еді. Бірақ ол бұл тамаша туындысынан басқа да 70-тен астам күйлер мен әнді өмірге алып келді. Оның «Арман құстары», «Абай Арманы», «Жамбыл толғауы» және басқа да керемет шығармалары тыңдармандардың жүрек төрінен орын алған. Композитор туындыларынан Ұлы дала перзенттерінің кең әрі таза болмысы, асқақ рухы, еркіндікті сүйетін дархан мінезі көрініс тауып отырады.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Сапарбаев барған алғашқы нысан 505 гектар аумақты алып жатқан «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы болды. АЭА тікелей инвестицияларды тарту, 16 жоғары технологиялық химия өндірісін ашу мақсатында құрылған. Жоба құны – 37,2 миллиард теңге. Қазіргі уақытта мұнда бір ғана зауыт, яғни тек 1,7 миллиард теңгенің өнімін өндірген «ХИМ-плюс» ЖШС жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек жалпы сомасы 631,9 миллиард теңге болатын тағы алты жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бойынша Бердібек Мәшбекұлы былай деді: «АЭА құрылғаннан бастап жеті жыл ішінде бір ғана өндіріс іске қосылған! Сіздер менің…

Read More