Автор: admin

Тараз қаласы әкімінің өкімімен аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін анықтайтын арнайы 13 мобилдік топ құрылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері бекітілген аумақтағы сауда орындарын, көшелерді аралып тұрғындардың тазалық жұмыстарына қаншалықты белсенділік танытқанын анықтауда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Төтенше жағдайға байланысты 1937 сауда нысандар жабылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері крантиндік режимнен шығуға рұқсат берілетін нысандардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруде. Кәсіпкерлер өзінің аумығын көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, дүкенін сырлап, әрлеп, арықтарын қоқыстан тазалау тиіс. Арнайы санитарлық құралдармен жабдықтап, әкімдікпен мемарандумға отыруы шарт. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда мобилдік топ мүшелері кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға құқылы. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Акимат города Тараз (@akimat.taraz)…

Read More

Жамбылдықтар ауыз бекіткен азаматтар мен отбасыларға жеткізіп беру арқылы ауызашар ұйымдастырды. Жамбыл облысында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Рамазанның алғашқы аптасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы маңындағы Шөлдала ауылында және Қарасу 5-мөлтек ауданындағы және Төлеби көшесіндегі жатақханаларда тұратын тұрғындарының ішінде ауыз бекіткен 500 адамға ауызашар таратты. Қазіргі карантин жағдайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, әрбір ауыз бекіткен азаматқа арнайы ауызашар мәзірі алдын ала әзірленіп, облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері мен волонтерлар жеткізіп берді – деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Облыстың бас имамының…

Read More

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапары барысында Төле би ауылы мен Шу қаласының ортасында бой көтерген Салтанат сарайын сын тезіне алды. Өйткені мұндай нысанға деген  ешқандай қажеттілік жоқ. Сондықтан облыс әкімі оны Оқушылар сарайы секілді тиімді мақсаттарға пайдалануды ұсынды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өз кезегінде өңір басшысы аудандық аурухана мен емхананың, Жаңажол ауылында орналасқан сүт цехының тыныс-тіршілігімен танысты. Мәселен, мақсары майын өндіретін «КазИрАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Аз ғана уақыт ішінде аяғына нық тұрған кәсіпорын бүгінде өз өнімдерін Еуропа және Азия елдеріне экспорттайды. Алайда шикізатпен қамтуда мәселе туындап тұрады екен. айталық, өткен жылы жергілікті диқандар мақсарыдан өте аз өнім…

Read More

Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2,№4,№22,№16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда. Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады. Сондай-ақ, сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты. Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі…

Read More

Тараз қаласында былтыр жылу құбырларын ауыстыру кезінде қазылған жолдар тұрғындардың наразылығын, автокөлік қозғалысының қолайсыздығын тудырған болатын. Бүгінде сол көшелерді асфальттау жұмыстары қолға алынды. Өткен жылдың еншісінен қалған Абай даңғылы, Қойгелді және Байзақ батыр көшелерімен алдағы аптада еркін жүйткуге жол ашылады. Күні бүгін қажет техникалар жеткізіліп, алғашқы жұмыстар басталып кетті. Облыс әкімі адам аяғы азайған карантин кезінде жол жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Жалпы 2020 жылы қала бойынша қаланың 90 км жолын жөндеу бойынша 100 жоба жүзеге асырылады. Бұл деген сөз — 96 көше (81 км), Б.Момышұлы, Абай даңғылы, Желтоқсан-Қазыбек би, Қойгелді-Қонаев көшелері бойында жаяу жүргіншілер жолағы салынады деген сөз. Астын…

Read More

В связи с продлением режима ЧП до 11 мая оставшиеся без дохода граждане еще раз получат по 42500 тенге. В связи с ситуацией по коронавирусу, в нашей стране граждане, оказавшиеся без средств к существованию, получили помощь от государства. Но режим чрезвычайного положения в республике продлен до 11 мая, и мы попросили руководителя отдела занятости и социальных программ акимата Тараза Гаухар Олжабаеву прокомментировать сложившуюся ситуацию. «На 24 апреля было подано 248815 заявлений. Назначено выплат 93213 горожанам, выплачено 89300 человекам. Также 155605 заявлений были отклонены. Отказ обоснован тем, что данные граждане не смогли пройти проверку на соответствие правилам касательно выплат — сообщила…

Read More

Қордай ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 606 мың гектарды құрайды. Биылғы жылы егістікке 123 мыңнан астам гектар алқап бөлінсе, бұл жерлерге дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс орналастыру жоспарланған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Егіншілер көктемгі дала жұмыстарына алдын ала қамданып, егу үшін сапалы тұқымдарын дайындаған. 560-тан астам трактор, 278 тұқым сепкіш, 1600-ден астам тырма және 150 қопсытқыш қондырғылары әзірленген. Олардың қатарында лизингке сатып алынған жаңа қондырғылар да бар. Ауыл шаруашылығы техникаларын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапқан десек, дала жұмыстарын жүргізуге 2405 тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған. Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, ауданда бұл мәселе бойынша…

Read More

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Төменгі Шуға іс сапармен барды, — деп хабарлайды Taraz.kz тілшісі. Аудан басшысы Жайлаукөл ауылының қарияларына жеке-жеке кіріп, округтегі маңызды мәселелер турасында сөйлесіп, сауалдарына жауап берді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен бюджеттің көп қаражатын жұмсамай, оңтайлы, ықшамдалған шығынмен ауыл жолдарын жаңарту, елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі Төменгі Шу бойында оңтайлы іске асып жатыр. Талай жылдар арман болған облыстық маңызы бар Жайлаукөл-Қамқалы арасындағы 31 шақырым автокөлік жолын орта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жұмылған «Тараз-Көлік-Жолы»-ЖШС-нің жұмыс қарқын көрген Шу бойындағы ағайынның қуанышы зор. Бүгінде Шу бойындағы тұрғындар Президентіміздің соңғы мәлімдемесін жылы қабылдап,…

Read More

Әлемді әбігерге салған індетті ауыздықтау өз елімізге де оңай соққан жоқ. Бірінші кезекте елдің амандығы, аурудың таралмауы басты қаперге алынды. Осы ретте мемлекетімізде сақтық шаралары күшейтіліп, төтенше жағдай режимі енгізілді. Жұмбақ аурумен күресу мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, елдегі ахуал бақылауға алынды. Соның арқасында халық қатты зардап шеге қойған жоқ. Жағдай әлі де бақылауда болмақ. Десе де күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған мәлімдемесі арқылы 11 мамырда Заңға сәйкес төтенше жағдай аяқталатынын айтып, жұртшылықтың көңілін орнына түсіргені анық. Мұны Жамбыл облысының зиялылы қауымым мен ақсақалдары, халық қалаулылары мен шаруалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мәлімдемесіне орй білдірген пікірінен…

Read More

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуынша, ұн, макарон, жұмыртқа және сары май өндірісін екі есеге ұлғайту үшін жергілікті ресурстар жеткілікті. Бір ай ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуетіне мониторинг жүргізіліп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтыну арасындағы балансты сақтау жөнінде ұсыныстар әзірленбек , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өңір басшысы көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйіне зерделеу жүргізудің маңыздылығына тоқталып, қажет болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа құрылыс салу керектігіне көңіл бөлді. Бұл жұмыстарға тарту үшін бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Аудан әкімдері тиісті жер телімдерін барынша қысқа мерзімде бөлуді қарастырғаны абзал. Облыста өндірілмейтін немесе олардың тапшылығы байқалатын өнімдерді жеткізіп отыру бойынша басқа…

Read More