Автор: admin

2020 жылы 27 сәуірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен қала аумағында орналасқан 6 дүкен (орта және шағын супермаркеттер) араланды. Оның ішінде, «Юбилейный», «Әуес», «Халил» және Жібек жолы көшесінің бойындағы «Таңшолпан» және «Дәулет» дүкендері. Аталған дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағалары бірлескен бұйрықпен белгіленген шекті бағаларымен сәйкестендірілді. Сондай-ақ, «Нұрислам» супермаркетіндегі қарақұмықтың бағасы 440 теңгеден 260 теңгеге өзгертілді. Айта кетейік, 2020 жылы 26 сәуірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен қала аумағында орналасқан 11 дүкен (орта және шағын супермаркеттер) араланды. Атап айқанда, «Корвет»,…

Read More

Елімізде әлемді жаппай жайлаған қауіпті індет тіркелгелі бері төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Сақтық шаралары күшейтіліп, қажетті барлық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Соның бірі – заласыздандыру жұмыстары. Аудан әкімдігі мен шаруа қожалықтар бірлесіп, 17 ауыл шаруашылығы техникалары мен жүзден астам адам жұмыслдырылған заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Рауан», «Байзақ дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Манат», «Жетітөбе», «Шарипов», «Казаки», «Әлихожа» шаруа қожалықтары бірлесе атсалысқан шараға 17 дана техника, 2 дана дезинфекциялық қондырғы, 1 дана су тасушы, 14 дана трактор, 34 дана дезинфекциялауға арналған бүріккіш жұмыслдырылды. Нәтижесінде аудан аумағындағы 43 елді мекен қамтылып, ондағы 176 көше мен 51 аялдама және 94…

Read More

Бүгінгі таңда, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын бірлескен бұйрыққа қол қою арқылы реттеуді қолға алып отыр. Осы мақсатта Байзақ ауданы әкімдігі тарапынан тиісті шаралар шұғыл түрде қолға алынып, нәтижесінде күн сайын сауда нүктелерін аралап шығатын комиссия мен мобильдік топтар құрылды. Алдымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының аудан кәсіпкерлеріне арнаған Үндеуі жергілікті баспасөз және әлеуметтік желілер арқылы жарияланған болатын. Сонымен бірге, жергілікті әкімшіліктер мен тиісті саланың мамандары арқылы ауданның әрбір кәсіпкерімен жекелей түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…

Read More

Биыл 16 наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуі бойынша «Biz bіrgemiz» республикалық акциясы аясында Байзақ ауданының жастары мен еріктілері  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, игілікті тірліктер атқаруда. Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарияларға көмектерін көрсетті. Атап айтқанда, жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, медициналық бетперде мен қауіпті індеттен сақтану шаралары туралы түсіндірме қағаздарын таратты. Сонымен бірге екі қарияға дәрі-дәрмек, бес қарияға азық-түлік өнімдері жеткізіліп берілді. Жеті қарияның үйлеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, орталықтың инспекторлары төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға, жалпы 980 адамға 42 мың 500 теңгені рәсімдеуге…

Read More

Президент мәлімдемесі. Қысқаша. ТЖ режимі 11 мамырға дейін ұзарады. Вирус жұқтыру дерегі қайта көбеймесе, режим аяқталадыҚазақстанда індеттің жаппай таралуы біткен жоқМемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын42500 теңгені тағы да төлейді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ.Аулалар мен ойын алаңдарын ашу жоспарда барСаяжай иелері мәселесі жақында шешіледі1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашыладыҚазақстандық тест-жүйесі өндірісін өнеркәсіптік деңгейге шығару керек.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды «бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге» шақырды.

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс саласындағы кәсіпорындардың жаңа маусымға сапалы дайындық барлауды жалғастыруда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Негізі, құрылыс маусымы басталып үлгерді, алайда жұмыстың негізгі көлемі әлі қарқын алған жоқ. Кезекті жұмыс сапары барысында өңір басшысы «Альтаис Групп» холдингіне кіретін кәсіпорындарға ат басын бұрды. Асфальт-бетон зауыты елімізде алғашқылардың бірі болып қиыршықты-мастикалық асфальт қоспасын шығаруды қолға алған, оның нақты қолданысын облыс орталығының орталық алаңында көруге болады. Қазіргі уақытта мұнда сағатына 180 тонна асфальт-бетон шығарылуда, өндірістік процесс толығымен автоматтандырылған, сондықтан АБЗ-да бар-жоғы 13 адам еңбек етуде. Сондай-ақ, кәсіпорында сыйымдылығы алты мың тонна битум шұңқырлары, 4,5 мың тонна инертті материалдар қоймасы, 150 тонна қазандар,…

Read More

Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бүгінгі таңда облыста коронавирустың 106 жағдайы тіркелген, 43-і емделіп шықты. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау. Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс «COVID-19» бойынша тесттердің санын арттыруға назар аударды.261 мыңнан астам жамбылдықтар жалпы сомасы 11,5 млрд. болатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Ал, 77 мың адам 440 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығын алды. «Біз біргеміз!» акциясы аясында…

Read More

2020 жылы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында былай деген еді: «Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық. Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ. Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет. Біз төтенше…

Read More

Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған. ҚазАқпарат

Read More

Америкалық New York Post басылымы 25 сәуірде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы хабарлады. Басылым тілшілері гонконгтық БАҚ-қа сілтеме жасайды, ал олар өз кезегінде «сенімді дереккөздерге» сілтеме жасаған. Сонымен қатар, басылым аты аталмаған жапондық басылымға сілтеме жасайды, онда Ким Чен Ын айдың басында жүрегіне жасалған отадан кейін «вегативті жағдайда жатқаны» яғни психикалық ауруға шалдыққан және қозғалыссыз жатқаны туралы дегенді меңзейді. Мақалада «Бейжің жоғары шенді партиялық дереккөздердің» расталмаған хабарламалары да келтірілген, онда КХДР лидеріне жасалған ота сәтсіз болғанын, өйткені ота жасау кезінде хирургтың қолы қатты дірілдегені айтылған. Ким Чен Ынның жағдайы туралы ресми мәлімет жоқ. Соңғы екі апта бойы ол…

Read More