Автор: admin

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласын дамыту бойынша қала активімен кездесуінде облыс орталығында 2 жаңа мектеп, 3 спорт кешені салынатыны айтылды. Кездесуге мәслихат депутаттары, ұлттық палата, қоғамдық бірлестіктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Корановирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл аясында қауіпсіздік шараларын сақталуына байланысты жиналысқа қатысушылар құрамы барынша сараланған. Дегенмен, облыс орталығының дамуына қатысты маңызды тұлғалар мүмкіндігінше қамтылды. Басқосуда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс орталығының тұрғындарының барлық қол жетімді байланыс арналары, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен хабарламаларында ескертілген көптеген кемшіліктерге қатысты жауап беруге мәжбүр болды. Қала тұрғындары қалалық қызметтер мен тікелей Тараз әкімдігінің жұмысына байланысты 16 мыңнан астам…

Read More

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы кезекті жұмыс сапары бұған дейін облыс әкімдігінде өткен құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге қатысты кеңестің қисынды жалғасы десек те болады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аталған жиында аймақ басшысы асфальтбетон зауыттарын құруды, битумның қажетті мөлшерін жинап, радиаторлар өндірісін ұлғайтуды тапсырған еді. Нақты жағдайдан хабардар болу үшін Бердібек Сапарбаев барлық құрылыс түрлерімен айналысатын «АрайСтройМаркет-2030» ЖШС-не ат басын бұрды. Кәсіпорынның асфальтбетон зауыты үлкен және аз қуатты екі өндірістен тұрады. Бірінші жағдайда, сағатына 200 тонна, екіншісінде — 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс материалдары өндірісі қызу жүруде. Кәсіпорын иесі Арман Еділбаев жуырда кірпіш зауытын салуға ниетті екендігін айтып,…

Read More

Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бүгінгі таңда үш мектептің, оның ішінде Қалғұты және Күнбатыс ауылдарында білім нысандарының құрылысы басталып үлгерді десек, бұл нысандар ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Сарыбұлақ ауылының Мәдениет үйіндегі қазандықтың құрылыстары бастау алды. Ол ғана емес, Қордай және Әлжан Ана ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын төрт ауыл арасындағы жолдарды орташа жөндеу, Кенен ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, бес оқу орнының қазандықтарын қатты отыннан табиғи…

Read More

Сонымен, сот үкімі шыққаннан кейін Қайрат Қырықбаев Тараз қаласы Жамбыл даңғылы №180 мекенжайда орналасқан ЖД-158/1 УКУИС облыстық түзеу мекемесінің 5-камерасына қамалды. Көршілес 6-камерада бауыры Ерғали отырды. Айта кетейік, осыған дейін «Ағайынды атышулы Қырықбаевтар» деген мақала жарияланған еді. Ағайындылар түрмеде «авторитет» болғандықтан, оның үстіне сотталғандар мен түрме әкімшілігіне сөздері өткендіктен, абақты ішінде еркін жүріп-тұрумен қатар, темір тордың арғы жағында да аяқты кеңінен салып өмір сүрді. Сырттан қалта телефонын, спиртті ішімдіктер, тағы басқа қалаған затын алдыртып, түрмеде емес, дәп бір атасының үйінде жүргендей, кез-келген камераға кіріп-шығып еркін қозғалушы еді. Сол кезде ағайындылармен қатар сол түрмеде Марат Әбдуәлі деген жігіт те қамауда болатын. Қылмыс әлемінде «Маратенок»…

Read More

Жамбыл облысы мен Тараз қаласын ағайынды Қырықбаевтарға бола «бандиттердің отаны» атаса керек, сірә. Шынымен де, егер облыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбірін жеке зерттер болсаңыз, бұл өңірдің бандиттері қанішерлігімен де, қаталдығымен де, ешкімге ұқсамайтынымен де ерекшеленіп тұрады. Олар үшін адам өлтіру түк емес. Бүгін мен Тараздың басқа бандиттерінен бөліп алып, ағайынды Қырықбаевтар туралы баяндамақпын. Олардың отбасында 10 ағайынды бар. Өксікбай мен Шамқыздың әулеті Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылында тұрды. Он ұлдың алтауы қылмыстық жолға түскен. Оған дәлел – үстілерінен «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ретінде қылмыстық іс қозғалған. Алайда қазір олардың үшеуі ешкімге соқтықпай, тыныш өмір сүріп жатқанға ұқсайды. Ең…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Меркі ауданына жұмыс сапары барысында жергілікті азаматтардың Біріккен араб әмірліктеріне жуырда ғана 60 тонна қой етін экспорттағаны белгілі болды. Арабтар, тіпті, Меркіде өндірілген қой етіне қызығушылықтары соншалықты, жолаушыларсыз арнайы ұшақ жіберіп, барып-келу шығынын өздері көтеріп отыр екен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бердібек Сапарбаев алдымен Ақтоған ауылындағы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектепке барды, онда Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек білім беру саласының жай-күйі туралы баяндады. Ауданда 36 мектеп жұмыс істейді десек, оның 25-і жазда жылы дәретханалармен қамтылмақ, төртеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Гранитогорск ауылында жаңа оқу орны салынады. Ауданда жеке меншік балабақшалар ашу…

Read More

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы оразада орындайтын он амалды оқырман назарына ұсынып отыр. №1. Құранмен дос болу Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды. Ардақты Пайғамбарымыз: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар…» деп өсиет еткен. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).Алла Елшісі Рамазан айында Құранды бірнеше рет хатым ететін. Қасиетті кітапты хатым етумен қатар, жаттауға, оған амал етуге тырыссақ – нұр үстіне нұр. Арапшадан оқи алмайтын адам аудармасын оқыса да сауап алады. Алланың мейірімі кең, Ол – кеңшілік Иесі. Ниетке сай сауабын береді №2. Түнді намазбен өткізу Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік…

Read More

Ушел гулять… на балконе. Лишившись возможности наслаждаться прогулками, казахстанцам пришлось штурмовать свои лоджии. Теперь многие коротают карантинные дни именно здесь. Проводят концерты, песни поют или просто ищут уединения. Фотограф Tengrinews.kz Турар Казангапов наблюдал за балконной жизнью в Нур-Султане. Из-за климата в Нур-Султане балконы редко используют как место для отдыха. Чаще как кладовку. Из-за небольшой квадратуры жилья люди хранят на балконах все что можно. Сезонная обувь, шины, столы. Ну а зимой балкон — идеальное место для хранения согыма. Из-за введенного режима ЧП жители вынуждены находиться целыми днями в стенах квартир. И балкон стал единственной возможностью подышать свежим воздухом. Мы заглянули в окна и…

Read More

Инклюзивті білім беру — жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлық адамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта. Қазақ ұлттық фольклоры — қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол болатынына дау болмасы анық. Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребековті 95 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау хатын тапсырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл облысында Тілеуқабыл Төребекұлы Төребеков туралы білмейтін адам кемде-кем. Кеңес Әскерінің қатарында милитаристік Жапониямен соғысқан ержүрек майдангер Т. Төребеков соғыс аяқталған соң барлық күш-жігерін Жамбыл облысының дамуына арнады. 1950-1966 жылдар аралығында ол облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1970 жылдан 1983 жылға дейін Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.…

Read More