Автор: admin

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ірі құрылыс ұйымдарының басшыларымен жиналыс өткізді. Онда жергілікті материалдарды кеңінен пайдаланып, аймаққа бөлінген қыруар қаржыны тез әрі сапалы игеру туралы әңгіме қозғалды. Биыл облысымыз алып құрылыс алаңына айналғалы отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Әңгіме 1 237 жоба туралы болды. Бүгінде 135 нысанда жұмыс басталды. Облыс әкімі соның нәтижесінде 25 мың жұмыс орны құрылатынын ерекше атап өтті. Бұл — қазіргідей шектеу шаралары енгізілген кезде уақытты ұтымды пайдалану маңызды болып табылады. Әзірге күн жылы болып тұр, уақыт аз қалды – ары кетсе 5-6 ай. Негізгі 24 құрылыс материалының он үші жамбылдық 153 кәсіпорында өндіріледі. Ал, жергілікті материалдардың үлесі 60…

Read More

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыста карантиндік режим енгізілуіне байланысты қиындықтарға  тап болған  өндіріс орындарының тынысымен танысуды жалғастыруда. Осы аптада аймақ басшысы «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы ат басын бұрды. Аталған серіктестік Тараз қаласындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған мекеме болып табылады. Кәсіпорын шығарып отырған жарықдиодты шамдарының қуатты күші 10 пайызды көрсеткенімен, сапасы жағынан әлемдік нарықтағы шамдардан кем емес. Ал бағасы үш есе арзан. Алайда жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіру желісі 30 пайыздық қуаттылықты көрсетсе, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мүлде көрінбейді. Осының салдарынан алдыңғы қатарлы қондырғылары бола тұра кәсіпорын толық қуатты күшіне шыға алмауда. Нәтижесінде 150 жұмысшы 36 адамға дейін қысқартылған. Сондай-ақ 12…

Read More

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған 235 мыңнан астам облыс тұрғыны әлеуметтік төлемге қол жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданды. Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолдарды жөндеу және жылыту маусымының қорытындысына қатысты жайттар сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы экономиканы дамыту үшін жол желісінің маңыздылығын айрықша атап өтіп, ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы және Алматыға баратын республикалық жолының нашар жағдайына назар аударды. — Жолдардың нашарлығымеғн қатар айналасы қоқысқа толы, — деп атап өтті облыс әкімі. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, 122 жоба жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Сондай-ақ,…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларымен кеңес отырысын өткізіп, онда өзекті мәселелер сараланды. Аймақ басшысының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы есеп берді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші кезекте коронавирустық инфекциямен күрес және аймақтағы шектеу шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, күн тәртібінде көктемгі-дала жұмыстарының орындалу барысы, карантин режимі жағдайында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтірудің алгоритмдері қаралды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында жобаларды жедел және тиімді іске асырудың маңызы зор. Аталған жобалар, оның ішінде газ және сумен жабдықтау, аумақты…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавируспен күрес, ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және өңірдегі карантиндік шараларды іске асыру. Сонымен қатар, Президенттің азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тің жұмыс режиміне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету, егіс жұмыстары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер қозғалды. Облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының тіркелуіне байланысты 6 сәуірде Қордай ауданында, 7 сәуірде – Тараз қаласында және 9 сәуірде аймақтың барлық аумағында карантин режимі енгізілген болатын. 17 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Бүгінде облыс көлемінде, соның ішінде Тараз қаласында карантин режимі енгізіліп отырғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Күні бүгінге дейін тиісті мекемелермен көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын таба бермек. Ал ертеңнен бастап карантин режимі күшейтіле түсетінін хабарлаймын. Өйткені, еліміздің ең бірінші байлығы – адам, оның денсаулығы десек, қазіргі жағдайда біз азаматтарымызды аман-есен сақтап қалу үшін қатаң шараларға баруымызға тура келіп тұр. Бұл шаралардың барлығы, айналып келгенде тұрғындар игілігі үшін жасалып жатқан іс екенін жете түсінсеңіздер дейміз. Ертеңнен бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктер толықтай тоқтатылады. Карантинге дейін 43 бағыт бойынша 442 автобус жүріп тұрған болса,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова және Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына ат басын бұрған өңір басшысы ондағы оқу кабинеттері, жатақханалар, акт және спорт залдарымен танысты. Оқу ордасында үш жүзге жуық оқушы білім алуда. Олардың білім көрсеткіштері үнемі жақсы деңгейде. Түлектердің көпшілігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде грант бойынша білім алуда. — Лицейде оқыту ісі тиісті деңгейге қойылғаны белгілі. Мұндай оқу орындарын біз кеңейтіп,…

Read More

Жамбылда жұптасып қаржы жымқырған ерлі-зайыпты әкім-кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкере болды. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаев заңды некедегі әйелі Марал Есқожаның «Жарық құрылыс компания» ЖШС-на бір көзден 11 мәрте, жалпы сомасы 23 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырысты жеңіп алып берген. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дәурен Сәбиевтің айтуынша, әкімнің осынау іс-әрекеті ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабы 1-бөлігі 2,4 және 5 тармақтары бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіру деп бағаланған. Осыған орай оның үстінен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі қарап, сәуірдің 9-ы күні кеңес отырысының…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелер талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында облыс бойынша 114,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптегі өнім көлемінің индексі 97,9 пайызды құраған. Экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне «Қазфосфат» ЖШС зауытындағы пештің және Тараз бен Меркі қант зауыттары жұмыстарының тоқтауы әсер еткен. Бюджет кірісіндегі көрсеткіштер де ойдағыдай емес. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының хабарламасында көрсетілгендей, жергілікті бюджеттің…

Read More