Автор: admin

Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. 1) Төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады: медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары;Тараз қаласының жедел штабы (431516, 455985) рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары;тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар. 2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 3) Төмендегі жағдайларды қоспағанда,…

Read More

Сенбі күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралап, облыс орталығын абаттандыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы алдымен әл-Фараби және Төле би көшелерінің қиылысындағы аллея құрылысы басына барды. Жоба авторларының айтуынша, мұнда ұлы ойшылға ескерткіш орнату және қала тұрғындарының тынығуына арналған аумақты абаттандыру шаралары жоспарланған. Алайда, Тараз қаласының бір топ тұрғындары тұрғындары бұл құрылысқа қарсылықтарын білдіруде. Олардың бірқатары Бердібек Сапарбаевқа саябақ құрылысын басқа орынға ауыстыру туралы өтініштерін жеткізіп жүгінген болатын. Тұрғындар зираттың жанында орналасқан аумақта ескі жерлеу орындарының болуы мүмкін екендігін алға тартады. Аймақ басшысы…

Read More

2020 жылдың 5 сәуірінде, жексенбі күні, сіздер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (42 500 теңге) әлеуметтік төлемдерді алу үшін арнайы шотты, мына мекен-жайлар бойынша, Қазпошта бөлімшелерінде аша аласыздар: Төле би көш., 79Қазыбек би көш., 140Сатпаев көш., 9 (Телецентр)Жәйлау мөл. ауд., 5аТеатральная көш., 5бСамаркандская көш., 34Шөлдала мөл. ауд., Заводской көш., 13/2Кұмшағал мөл. ауд., Байстұрсынов көш., 4 Пошта бөлімшелерінің жұмыс уақыты: 09-00-ден 18-00-ге дейін.

Read More

Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланып, шектеулер қойылған сәттен бастап донорлардың саны күрт төмендеді. Осыған байланысты, аймақтағы полиция қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облыстық қан орталығының кезекті қан тапсырушылары Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов бастаған тергеушілер мен анықтаушылар болды. Қан тапсыру арқылы полиция қызметкерлері халыққа көмек көрсетуде тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен азаматтық белсенді көзқарастарын танытып, адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Қазір медицина қызметкерлері полициямен бірге пандемияның кеңінен таралмауына тосқауыл болуда алдыңғы қатарда қызмет етуде. Біз бүгін медицина қызметкерлеріне аз да болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймын,- деді Т.Оразымбетов. Қазіргі уақытта әлемдік дәрежеде таралған…

Read More

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа форматта оқыту түрі тек білім беру мекемелерін жоғары деңгейде компьютерлермен қамту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың үй жағдайында да гаджеттерге қол жетімділігін талап етеді. Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 пайызы оқушылардың қашықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі бар. Олардың қолда бар гаджеттерді үйде пайдалану жағдайы қарастырылған. Бұл орайда қалған 16 пайыз яғни 37,2 мың оқушы үшін қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр. Олардың…

Read More

6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының жаңа бұл бағыттағы дайындық барысы талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жуырда Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жергілікті мектептердің біріне бас сұғып, бірқатар жайтқа қанықты. Ондағы тозығы жеткен парталар мен тақталарда балалардың әлі күнге сабақ оқып жатқанын ескерсек, жоғары жылдамдықты интернет туралы айтудың өзі ұят. — Көзбояушылықпен айналысуды тоқтатыңыздар. Нақты ахуалды көрсетіңіздер. Әйтпесе, біз жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл тек білім беруде ғана емес, өңіордегі барлық салаға қатысты, — деді аймақ басшысы кеңес барысында…

Read More

Таразда көпбалалы отбасыларға бетперде таратылады. Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен коронавирустың алдын алу мақсатында 4000 мыңға жуық медициналық бетперделер дайындалып жатыр. Бұл маскаларды бірнеше рет қолдануға болады. «Бұл бетперделер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады. Бетперделерді қаладағы тігін шеберханалардың иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде дайындап жатыр. Бұл бастаманы Жуалы ауданының қыз-келіншектері де қолдап, өздері де арнайы маска тігіп жатыр», — деп пікір білдірді Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова.

Read More

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде. Ағымдағы жылы өңіріміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінге  дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын белсенді атқаруда. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айының соңындағы аудандардың мәліметі бойынша 93277 гектарда көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып,  99,2 пайызды,  292035 гектар жер өңделіп, 71,6 пайызды,  жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егіліп, 81,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар…

Read More

2020 жылдың 31 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында енгізілген шектеу шараларына қоғам, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ұсынысы бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгертулер: 1) Облыс пен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайлардан бөлек көліктер мен жолаушылардың кіруіне және шығуына тыйым салынады: – транзиттік көлік құралдары; – емделуге жіберілген адамдар (қолында медицина ұйымдарының анықтамасы немесе жекеменшік емхананың шақыруы болған жағдайда); – облыс пен Тараз қаласында тұрақты жұмыс істейтін, қолында жеке куәлігі, жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар адамдар; – Жамбыл облысында уақытша немесе тұрақты тіркеуде тұрған,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен, абаттандыру жұмыстары және жекелеген білім беру нысандарының жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңестік кезеңде химия өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп те жергілікті экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі болатын. Таразда аяқ киім, резеңке бұйымдарын шығару, жүн өңдеу зауыттары жұмыс істеген. Бүгінде бұл сала Әлима Садықованың «Асыл-Ай» тігін шеберханасы секілді шағын кәсіпорындардың арқасында біртіндеп жанданып келеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аталмыш шеберханада дайындалатын мектеп формасының сапасының жоғарылығы мен құнының тиімділігін оң бағалады. ШОБ-тің кез келген субъектісі сияқты кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және өндірістік ғимараттардың тапшылғын…

Read More