Автор: admin

Коронавирус Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден табылды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Риестер әзірге ауруханада емес, үйінде жатыр делінеді. Қазір министрмен қатынаста болған адамдар анықталуда. Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған. COVID-19 деген атау берілген жаңа коронавирустың тарағаны 2019 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын белгісіз болып келген ауру өршіп кетті. Қазіргі уақытта коронавирус 100 елге таралды. Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша, коронавирусты 113,773 адам жұқтырды, 4 008 адам қайтыс болды, 63,663 адам жазылды. Ресми ақпарат Қазақстанға коронавирус келген жоқ деп отыр.

Read More

Жамбыл облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Себебі азаматтың автокөлігін тінту кезінде салмағы 4 келі 630 гр гашиш табылған. Есірткі заты целлофан пакетке оралыпты. Ал күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде 12 — калибрлі мылтық, 4 оқ-дәрі, ал қоймасынан тағы салмағы 30 келі 380 гр болатын марихуана тәркіленген. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының тергеу изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Read More

Қытайда коронавирус тарай бастаған кезде Ухан қаласында салынған уақытша ауруханалардың бәрінен емделушілер үйіне шығып кеткен. Осыған байланысты барлық 14 аурухана жабылды, — деп хабарлайды CCTV агенттігі Твиттер әлеуметтік парақшасында.   Стадиондар мен көрме орталықтарына орналасқан медициналық мекемелер демалыс режиміне көшті. 10 наурыз күні Уханға ҚХР басшысы Си Цзиньпин арнайы келген. Ол COVID-19 вирусымен күрес бойынша жергілікті билік қабылдаған шаралармен танысып, дәрігерлермен, әлеуметтік жұмыскерлермен және әскери қызметкерлермен кездескен еді.

Read More

9 наурыз күні АҚШ доллары күрт қымбаттап, 398, кей жерлерде 400 теңгеге сатылды. Валюта бағамының құбылуына Brent маркалы мұнай бағасының 30% арзандап, $31 құрауы себеп болды. Осылайша, қара алтын шикізатын өндіретін Ресей мен Қазақстанның ұлттық валюталары төмен құлдилады. Azattyq Ryhy нарықтағы соңғы күндері болған жағдайға, сарапшылар пікірі мен Үкімет шешімдеріне сүйеніп, қазіргі ахуалдың картинасын жасап көрді. АРАБТАР АРЗАНДАТЫП ЖІБЕРДІ 2016 жылы мұнай экспорттаушы елдердің ОПЕК ұйымына кіретін 14 ел мен басқа да 11 мемлекет мұнай өндіру көлемін төмендету туралы келісімге келген. Осылайша, олар нарықтағы мұнай бағасын ұстап тұруға қадам жасады. Логикасы қарапайым: қара алтынды неғұрлым аз өндірсе, сұраныс артып, баға да…

Read More

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин бүгін таңертең Ухан қаласына келді, — деп хабарлайды РИА Новости. Ол жергілікті билік өкілдерімен коронавирус бойынша күрестің қалай жүргізіліп жатқанын талқылауға келген. Президент Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де ұшып келген. Сапар барысында Си Цзиньпиннің дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, еріктілермен, қоғамдық қауіпсіздік органдары қызметкерлерімен, науқастармен және жергілікті тұрғындармен кездесетіні айтылады. Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.

Read More

Чили әуежайында белгісіз біреулер 14 миллион доллар мен бір миллион еуро ұрлап кеткен, — деп хабарлайды Guardian басылымы. Басылымның мәліметінше, қаруланған топ әуежайда тұрған көлікке шабуылдаған. Шамамен 7-10 адам екі көліктегі терминалды ашқан. Чили полицейлерінің айтуынша, қаскөйлер ол көлікте ақша болатынын алдын ала білген. Төтенше жағдай салдарынан екі күзетші зардап шеккен.

Read More

Джек Ма Азиядағы ең бай адам болып танылды, — деп хабарлайды Fortune. Басылымның мәліметінше, осыған дейін ең бай адам ретінде саналған үндістандық кәсіпкер Мукеш Амбани 5,8 миллиард доллардан айырылып қалған. Forbes дерегіне сүйенсек, Амбанидың байлығы 41,8 миллиард долларға бағаланып отыр. Бизнесмен әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде 19-орында тұр. Ал Джек Маның активтері 44,5 миллиард долларға бағаланып отыр, яғни 17 205 триллион теңгеге.  Бірақ, басылымның мәліметінше, коронавирус әлемдік компаниялардың табысына кері әсерін тигізіп жатыр. Өткен аптаның өзінде әлемнің ең бай адамдары 18,8 миллиард доллардан аса ақшадан айырылған.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді, — деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі. «Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады», — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Read More

«Валюта айырбастау орындарында долларды сату тоқтатылды» деген ақпарат шындыққа жатпайды. Қазақстан валюта айырбастау орындары қауымдастығының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Кез келген валюта еркін саудаланып жатыр. Ақша жетіспеушілігі туралы мәселе туындаған емес дейді қауымдастық президенті Аршын Ғалымбаев. Бүгін кейбір ақпарат құралдарында ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюталарды сату және сатып алу тоқтады деген ақпараттар тараған болатын. Осы қауымдастықтың өкілі Данияр Әбдірахманов Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген сұқбатында «Доллар сатып алуға байланысты дүрбелең болған емес» деп мәлімдеді. Қазақстан валюта айырбастау орындары қауымдастығында жұмыс істейтін маман шетел валютасына деген сұраныстың әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. «Қазір сұраныс туралы айтсақ, ақша өткізетіндер оның құны өсіп қала ма…

Read More

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін. «Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері», — деді Бекшин. Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.

Read More