Автор: admin

Туриндік «Ювентус» футболдан Италия чемпионатының 18-кезеңінде өз алаңында «Кальяри» командасын талқандады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Туринде өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Криштиану Роналду хет-трик орындады (49-шы және 82-ші минуттарда қарсыластар қапасынан саңылау таба білді, ал 67-ші минутта пенальти орындау кезінде мүлт кеткен жоқ. Тағы бір голдың авторы (81-ші минутта) аргентиналық Гонсало Игуаин болды, ол кезде де португалиялық футболшы нәтижелі пас шығарған еді. 45 ұпай жинаған «Ювентус» бірінші орынға қайтып келді, ал 29 ұпайы бар «Кальяри» алтыншы орында. Туриндіктер «Интер» командасында қосымша көрсеткіштермен ғана озып тұр, алайда миландықтар 18-кезеңдегі ойынды «Наполиге» қарсы өткізеді.

Read More

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, — деп хабарлайды «Лента.ру». Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді. Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты. Оның бірінші сатысы (бұрындары үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You («Әрине, мен сені әлі де сүйемін») платформасына қонды. SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.  «Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады. Конфессияаралық келісім — мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз», — делінген мәтінде. Тоқаев Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосып жатқанын айтты «Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз. Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!», -…

Read More

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) жарақатынан кейін рингке қашан оралатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Қазіргі таңда Жаңабаев Таразда, ол қайтадан жаттыға бастаған көрінеді. Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Нұрсұлтан келесі жекпе-жегін наурызға белгілеп отыр. Қазақстандық жартылай орта дивизионда WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулеріне ие. Айта кетейік, Жаңабаев 21 желтоқсан Ресейде өткен бокс кешіне он күн қалғанда жарақаттанған болатын. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болу керек еді. Ал бұл шоудың басты кездесуінде ресейлік Денис Лебедев (32-2, 23 КО) африкалық Табисо Мчунуден (21-5, 13 КО) төрешілер…

Read More

eGov.kz порталында әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік қызметтері қолжетімсіз, — деп хабарлайды ҰАТ баспасөз қызметі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы» өкілдері ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары жүргізген жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұсынатын мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында 2020 жылы қаңтардың 6-7 аралығында қолжетімсіз болатынын хабарлайды», — делінген хабарламада. Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша электрондық қызметтер, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген кезеңде жұмыс істемейді.

Read More

Филадельфиядағы Темпл университетінің ғалымдары куркуминнің қабынуға қарсы және антиоксидант қасиеттері қатерлі ісікті жоюға қабілетті екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды «МедикФорум». Ғалымдар мұндай тұжырымдаманы 1924 жылдан бері шыққан куркуминнің қасиеттері туралы жазылған ғылыми жұмысты зерттей келе анықтаған. Барлығы 12 595 есеп іріктеліп, куркуминнің қатерлі ісікке әсері жайлы 4738 құжатқа куәлік берілген. Америкалық зерттеушілердің сөзінше, куркума қатерлі ісіктің көзін жоюға ықпал етеді және қоректік заттарды жаңа өскіндерге жеткізудің алдын алады, сондай-ақ сау жасушалардың өлуінің алдын алады.  Лаборатория зерттеулерінде куркумин қатерлі ісіктің сегіз түрінің өсуінің алдын алған.  Куркума — зімбір тұқымдас көпжылдық шөп өсімдіктерінің түрі. Куркуманың емдік қасиеттері Индостан түбегінде ежелден белгілі. Куркума организмді тазартады деп есептелді.

Read More

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында елорданың бірқатар медициналық нысанды аралады, — деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Министр Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасында болып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы медициналық мекемедегі пациенттердің тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Қазіргі таңда аурухана бөлімшелерін басқа жерге көшіру үшін екі корпуста жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: гинекологиялық корпус және жеті қабатты ғимарат. Тексеру барысында Елжан Біртанов қажет емес бөлмелерді оңтайландыру арқылы ауруларды қабылдау бөлмесінің ауданын ұлғайтуға назар аударды, сонымен қатар жедел және жоспарлы түрде келетін…

Read More

Жамбыл облысы Мерке ауданындағы «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. «5 қаңтар күні сағат 19:26 Мерке ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 шақырым жердегі «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станция аумағынан өрт шықты. Автоцистернадан шыққан газдан өрт тұтанған. Шыққан жалын операторлық ғимарат пен оның қасында жапсарлас орналасқан дүкендерді шарпыған. Өрт сағат 19:56 ауыздықталып, сағат 20:33-де толық сөндірілді. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген» — делінген комитет хабарламасында. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Оқиғаның басқа да себептері анықталып жатыр.

Read More

Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. Өсербаеваның айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәйітті жеткізу шығындарын көтерген. «Еламанның жары мен оның балалары әзірге Мысырда екен. Ол жүкті, онда қанша болатынын білмейміз», — дейді әйел. Нәзипа Өсербаева туысының неден қайтыс болғанына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін қаза тапқан дипломаттың жары Айнұр…

Read More

Қытай және Үндістан азматтары үшін Қазақстан арқылы транзитпен ұшатындар үшін 72 сағаттық визасыз режим ашылды, — деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналы. «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келу, болу және кетудің 72 сағаттық визасыз режимі жұмыс істейді. Өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген ҚХР мен Үндістанның транзиттік азаматтарының төлқұжатына мөр қойылады», — делінген хабарламада. Бұл жаңашылдық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру,…

Read More