Автор: admin

Ирак астанасы Бағдаттың орталығында — басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, Бағдаттың солтүстігінде америкалық әскерилер пайдаланған «Балад» әскери-әуе базасына да шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, база аймағында «Катюшаға» ұқсас екі зымыран жарылған. Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған. Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берді. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын…

Read More

Air Canada компаниясының үлестік жолаушылар ұшағы Монреальдан Сагеней бағытында ұшып шығып, қайта оралуға мәжбүр болған. CBC телеарнасының мәліметінше, ұшақ шассиінің дөңгелегі жұлынып қалған, — деп хабарлайды РИА Новости. Bombardier Dash 8-300 ұшағының қайта қонуына техникалық ақау себеп болған. 43 жолаушы мен үш экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. «Біздің тәжірибелі ұшқыштар ұшақты толық өз бақылауында ұстады. Біздің мамандар осындай жағдайларда дереу әрекет ету үшін дайындықтан өтеді, олар белгіленген ереже бойынша ұшақты қондырды», — делінген Jazz Aviation компаниясының өкілдері телеарнаға берген сұхбатында. Ұшақ жанармай таусылмай тұрып, әуе кемесі Монреаль әуежайына қонды.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, — деп хабарлайды Ақорда.  Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды. Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды. Сондай ақ аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Read More

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені «жеті» енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, — деп хабарлайды РИА Новости. «Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы — қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида — киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», — деді Microsoft баспасөз қызметі. Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың…

Read More

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен науқастың жағдайын білді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-да болғанын айтты. «Орталықта Алматы маңында әуе апатынан зардап шеккен науқас жатыр. Санитарлық авиация кеше 14:40-та жеткізді. Зардап шеккен әйелдің жағдайы орта деңгейдегі ауырлық. Ол көптеген жарақат алған және көп қан жоғалтқан. Өміріне қауіп жоқ. Орталық мамандары қажетті зерттеулер жүргізіп, ота жасауға дайындап жатыр. Қазіргі уақытта ТОҒЗИ директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен емдеу шараларының бірінші кезеңі өтті», — деп жазды министр. Біртанов әуе апатынан зардап шеккендерге қажетті емдеу шаралары көрсетіліп жатқанын атап өтті. Республикалық ҒЗИ мен орталықтардың…

Read More

Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады, — деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2 қаңтарда 15:20-да 101 пультіне Әбіш Кекілбайұлы көшесінің бойында «бензавоз өртенді» деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінен мамандар аттанған. Осы уақытта газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Оспанов Оңғарбек абдырап қалмай, өртті сөндіруге кіріскен. Сондай-ақ, кездейсоқ өтіп бара жатқан авто жүргізушілер көмекке келген. «Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ толы цистернаны суытуға кіріскен. Жүргізушінің әрекеті мен басқа да адамдардың көмегінің арқасында 10 тонна көлеміндегі газ жарылу қауіпі сейілген», — делінген хабарламада. Газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі жолда келе жатып, құрылғылар…

Read More

Ресей Беларуське мұнай жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости басылымына республикадағы мұнай саласындағы дереккөз хабарлаған. «Беларусь мұнай өңдеу зауыттары бағытында тасымалданып жатқан жоқ», — деді ол. Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап мұнай жеткізу тоқтаған, ал «үздіксіз партиялар» 31 желтоқсанда таусылған. Соған қарамастан Беларусьте мұнай қоры әзірге жеткілікті және МӨЗ штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. «Белнефтехим» концерннің өкілі мұнай жеткізу тоқтағанын растады, МӨЗ жүктемесі технологиялық минимумаға дейін төмендетілген. Беларусьте екі мұнай өңдеу зауыты бар — Мозырде («Мозыр МӨЗ» ААҚ) және Новополцкіде («Нафтан» ААҚ). Айта кетейік, 31 желтоқсанда Ресей мен Беларусь жанармай жеткізу бойынша келісімге келе алмағаны айтылды. Осыдан кейін республика президенті Александр Лукашенко…

Read More

Индонезия астанасы Джакартада су тасқынынан зардап шеккендер 43 адам қаза таптығ — деп хабарлайды Jakarta Post газеті BNPB ұйымына сілтеме жасап. Осыған дейін су тасқынынан 26 адамның қаза тапқаны айтылған еді. Елдің табиғи апаттарының алдын алу ұлттық агенттігінің баспасөз жетекшісі Агус Вибово осыған дейін 90 ауданда Жаңа жыл қарсаңында басталған нөсер жауын әлі тоқтамағанын, сонымен қатар өзендер арнасынан тасығанын айтты. Көлік қозғалысы шектеліп, электр қуаты сөнген. Жергілікті уақыт бойынша, бейсенбіде кешкі уақытта 400-ден аса адам өз үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа бас сауғалауға мәжбүр болған.

Read More

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде денесімен аяғы ауыр әйелді жауып қалған жігіт марапатталды, — деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  23 жастағы Темірлан Қадауовқа 2 қаңтарда медаль берілді. Алматы полиция департаментінің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев оның кеудесіне «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін тақты. «Ол төтенше жағдайда ерлік көрсетіп, денесімен қасында отырған аяғы ауыр әйелді жауып қалды. Сонымен қатар, ол алған жарақаттарына қарамастан жедел қызмет өкілдері келгенше басқа жолаушыларға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл наградаға лайық. Бірінші кезекте, бұл — халықтың атынан айтылған алғыс», — деді полицияда.

Read More