Автор: admin

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген сайтта.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде «Голландия» Нидерланд мемлекетін білдіретін атау ретінде қолданылмайды, — деп хабарлайды NOS радиостанциясы. Енді жергілікті билік, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар мен басылымдар «Нидерланд» атауын қолдануы керек. Үкімет бұл қадам арқылы мемлекетті есірткі мен жезөкшелікке байланысты ел образынан айырады деп санайды. Сондай-ақ ел билігі бұл шешім туристер ағынын өзгертеді деп болжап отыр. Себебі бүгінде шетелдіктердің көбі тарихи Голландияны — Амстердам, Харлем және Гааганы көру үшін барады екен. Ал бұл қалалар қазір туристер ағынын қабылдауға дайын емес. Ел атауын өзгертуге қатысты реформа корольдіктің бюджетін 200 мың еуроға азайтады.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жазылған. Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді — табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар…

Read More

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды. Қайғылы хабарды саясаттанушы Ерлан Саиров Tengrinews.kz порталына растаған.  Серікболсын Әбділдин — қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі — Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады. Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Read More

2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады, — деп хабарлайды Uchet.kz. Биылғы демалыстар дәстүр бойынша Жаңа жылдан басталады. Жыл басында қазақстандықтар 4 күн — 1, 2, 3 және 4 қаңтарда демалады. 5, 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі. Ал 7 қаңтарда қазақстандықтар Рождество құрметіне демалады. 2020 жылы ең ұзақ демалыс наурыз, мамыр, желтоқсанда болады. Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар 3 күн — 7, 8 және 9 наурызда демалады. Ал Наурыз мейрамында 5 күн — 21-25 наурыз аралығында демалады. Ал мамырда демалыс күндері Қазақстан халқының бірлігі мейрамында 1, 3 күндері және 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде демалады. Айта кетейік, 8 мамыр жұмыс күні болып есептеледі, алайда 9 мамыр сенбіге түскендіктен демалыс дүйсенбі 11 мамырдан 8 мамыр…

Read More

Жаңа жылда елордада 24 сәби дүниеге келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел-жәрдем қызметкерлері 1628 қоңырау қабылдады. 2020 жылдың 1 қаңтарында сағат 00:00-12:00 аралығында елордада барлығы 24 бала өмірге келді. Оның 14 — қыз, 10 — ұл», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сауалына. 2020 жылы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордалық ауруханаларды аралап қайтты. Олар Жаңа жылды ауруханада қарсы алған тұрғындардың жағдайын біліп қайтты. Астаналық медициналық ұйымдар Жаңа жыл мерекесі күндері штаттық режимде жұмыс істейді.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Ведомство мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі — көпбалалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. «Көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің үдемелі дамуына, сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстарға қанағаттанушылық білдірді, бұл Қазақстан мен Ресейдің одан әрі жақындасуының ортақ ісіне пайда болуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты, сондай-ақ жаңа жылдық құттықтаулармен алмасты.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап WhatsApp мессенджері iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқаларында істен шығады. Бұл туралы бағдарламаның қолдау орталығының парақшасында жазылған, — деп хабарлайды РИА Новости. Қосымшаның жұмыс істеуі үшін Android-та 4.0.3 және одан жоғары, ал iOS-та 9, KaiOS-та 2.5.1 және одан жаңасы болуы тиіс. Девайстарда ескі нұсқалар болған жағдайда WhatsApp қолданушылары қосымшада тіркеле алмайды және өзінің қазіргі аккаунтында пайдалан алмайды. Компания ескі смартфондар үшін жаңа жүйе құрастырмайды, сол себепті кейбір қосымшалар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Хабарламада 31 желтоқсаннан бастап Windows Phone қолданушылары мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылғаны айтылады.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2020 жылмен құттықтады. Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл — табиғи дүние. Біздің бүгінгі басты бағытымыз — Жаңғыру жолы. Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі. Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды. Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл…

Read More