Автор: admin

Энергетика министрі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыбек Жеңісбек телеграм-каналында Қанат Бозымбаевтың неліктен қызметінен кеткенін түсіндірді.  Бүгін Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды. «Бозымбаев мырза ҚР Президентіне денсаулық жағдайы туралы айтты, оның мойын омыртқасына ота жасалған. Осыған байланысты, дәрігерлердің нұсқаулығымен көлік және әуепойыздарымен жүруды қысқартуы керек. Сондай-ақ, дәрігерлер оған ұзақ физиотерапиялық қайта қалпына келу курстанынан өтуге кеңес берген», — деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек. «Министр өңірлерге салалық нысандарға, стансаларға және кен орындарына жиі сапарлайды, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және әріптестермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен — ОПЕК, МАГАТЭ және т.б. келіссөздер жүргізу үшін жиі сапарлайтыны белгілі», — деп түсіндірді ол.…

Read More

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында ел туы ақылы түрде боялды деген ақпаратты жоққа шығарды.  «Кеше Бурдж-Халифа беткейінде Қазақстан туы нақты бір қаражат арқылы шықты деген мәліметтер айтылды. Негізінде бастаманы Дубай әмірліктері ұсынды. Бұл — тегін акция. Мұндай тәжірибе бұрындары да болды, Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары көрсетілді. Сол күні сыртқы бетінде Бахрейннің де туы көрсетілді», — дейді Смадияров. «Сыртқы істер министрлігі осы әрекетке қандай да бір қатысы бар (қаражат жұмсады) деушілердің барлығы да жалған. Мен осындай ақпаратты нақтыламай жатып, таратып жатқан блогерлер мен журналистерді ар-ұятты ұмытпауға шақырамын», — деді ол. Айта кетейік,…

Read More

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», — делінген Ақорданың хабарламасында. Еске салайық, Тасмағамбетов бұл қызметке 2017 жылы тағайындалған болатын.  Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының…

Read More

Панама түрмесінде жаппай төбелестен 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті, — деп хабарлайды РИА Новости. Панама астанасының шығысындағы түрмеде жаппай төбелес болды. Бұл туралы елдегі түзету мекемелерінің дирекциясы өкілдері мәлімдеді. «Сейсенбіде түстен кейін Хойита түрмесінде сотталушылар арасында төбелес болды. Оқиғаны полиция бақылауға алды. Өкінішке орай оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті», — делінген хабарламада. Қаза тапқандар арасында түрме қызметкерлері не полицейлер жоқ. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты әкімшілік және қылмыстық іс қозғалған. Төтенше жағдай қайталанбасы үшін төбелескен тараптарды екі жаққа бөлген.

Read More

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді, — деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, Пәкістанның мамандандырылған алқа соты елдің экс-президентін 6-бап бойынша айыпты деп танып, өлім жазасына кесті. Пәкістан заңы бойынша, конституция ережелерін бұзған адам мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталады екен. Үш адамнан құралған алқа сотының екі мүшесі экс-президенттің қатаң жазалануына дауыс берген. Тергеу мәліметінше, 2001-2008 жылдары ел басқарған Мушарраф 2007 жылы мемлекетке сатқындық жасаған. Ол елде төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот мүшелерін қамауға алу туралы бұйрық берген.

Read More

ҚР Тәуелсіздік күні мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай Жаңатас қаласында 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Сарысу ауданының оратылығы Жаңатас қаласындағы бос тұрған көппәттерлі үйлерді қалпына келтіру шарарлары жалғасуда. Бұл жолы қаладағы 1-шағын аудандағы 120 пәтерлі №9 көпқабатты үй қалпына келтіріліп, 120 отбасы баспаналы болды. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Қанатек Мәдібеков арнайы қатысты. Ол әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамту басты мақсат болып отырғанын жеткізді. «Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатасымыз үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда, жарты ғасырлық тарихы бар қаламызда мемлекеттік бағдарламалар…

Read More

Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Синхуа агенттігі. Агенттіктің мәліметінше, Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында көмір шахтасында көмір мен газ қопарылып, салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы екеуі жер астында қалып қойды. Жарылыс сейсенбіде түнгі сағат 01:00-де болған. 7 кенші қауіпсіз жерге шығарылған. 14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған. Қазіргі уақытта, дереккөз мәліметінше, құтқару шаралары жалғасып жатыр.

Read More

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 28 жылында 870-тен астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Облыста Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді десек, осы уақыт аралығында өңіре 871 әлеуметтік нысан салынған. Атап айтар болсақ, 28 жылда барлығы 245 білім, 126 денсаулық сақтау, 500-ге тарта спорт нысандары жаңадан бой көтеріп, есігін айқара ашқан. «Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, өңірде 126 медициналық нысан салынды. Қазір жалпы саны 391 денсаулық сақтау ұйымы тұрақты қызмет көрсетеді. Тиісінше саланы қаржыландыру да ондаған есеге артқан. Мәселен, 2000 жылы салаға бөлінген қаржы 2 миллиард теңге болса, ағымдағы жылы ол көрсеткіш 61,4 миллиардқа жетіп отыр», — дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының…

Read More

В праздничные дни – 28-ю годовщину Независимости Республики Казахстан, с 14 по 18 декабря 2019 года личный состав ДП Жамбылской области переводится на усиленный режим несения службы, — передает Пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. Согласно Приказа начальника ДП полковника полиции Армана Оразалиева, сотрудники всех ведомственных подразделений будут задействованы в обеспечении общественного порядка. В местах массового скопления людей и праздничных мероприятий, в том числе увеселительных заведений (кафе, рестораны) будут уплотнены патрульные наряды полиции. Кроме того, особое внимание в рейдовых мероприятиях будет уделяться дорожной и общественной безопасности, в частности, выявлению фактов управления транспортным средством в состоянии алкогольного, наркотического или токсического опьянения. К…

Read More

Түркістан облысында Елбасы –Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі орны мен Түркістан облысын құрудағы тарихи рөлі ескеріле отырып, «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім жобасы және түрколог ғалымдардың Түркістан атауына қатысты ғылыми ізденістері мен идеялық концепциясы» жобасының аясында, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Түркістан тұлғасы» деп аталатын бірегей ғылыми еңбек жарық көрді. Аталмыш еңбектің авторлары – белгілі түрколог ғалымдар А.Жалмырза, Б.Ғабдулина, Қ.Жанпейісова. Айта кететін жайт, ғылыми ортада өз ізденістерімен ерекшеленген ғалымдар бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ еңбек етеді. Біршама ғылыми монографиялар мен еңбектердің авторларына айналып үлгерген олар бүгінгі таңда ұсынып отырған еңбектеріне де аз ізденбегендерін жасырмады. Осы орайда, биыл ғана жаңадан…

Read More