Автор: admin

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қаңтарда  жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасау фактісі бойынша 5 айыпталушыға қатысты іс қозғалды Сотпен айыпталушылардың 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады. Мемлекеттік мекемелер басып алынып, қиратылған, ал сотталушылар жараланып, оқиға орнында жан тапсырған. “Сотталушылардың кінәләрі алынған бейнежазбалармен, куәләрдің және туыстарының тану туралы хаттамаларымен, жүргізілген сот-медициналық сараптамалары және ұялы телефон болған жердің мәліметтерімен, жәбірленушілердің Алматы қаласы Үкіметіне және Президенттің Резиденциясына шабуыл жасаған және қару қолданғаны туралы жауаптармен расталады.Аталған қылмыстық іс сотпен қарастырылған себебі, яғни тергеу барысында, сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР…

Read More

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бірқатар мерекелік іс-шара өтті. Соның бірі «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу. Республика бойынша бір уақытта басталған жалпыұлттық диктантқа Әуезов университетінің студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты. Республикалық патриоттық диктантта қазақ елінің басты құндылығы – Тәуелсіздік дәріптеліп, ұрпаққа мирас болып қалған киелі жерлер жайында айтылады. Сонымен қатар көп тілді меңгерген білімді, заманауи жастармен ел болашағының жарқын екендігі баяндалады. Бірнеше күнге созылған мерекеде университет студенттері Сайрам Ұлттық театрының аты аңызға айналған Б.Момышұлының ерлігі мен қайсарлығы және Ұлы Отан соғысының қасіретінен сыр шертетін танымдық қойылымын да тамашалады.  Бұл қойылымның басты…

Read More

«Бізді бар кемшілігімізбен қабылдап, ұнатыңыз, ал жақсы жағымызды бәріде ұната алады» Федор Достоевский «Адам жадында жылдар бойы қалғың келсе — гүл ек, ұзақ жылдар есте сақталамын десең — ағаш ек, ал егер ғасырлар бойы есте сақталуды қаласаң — балаларға білім бер». Арнайы педагог(дефектолог) — психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға қоғамға бейімделуге көмектесетін маман. Дефектология балалардың даму ерекшелігіне қарай олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог пен логопед болып салаларға бөлінеді. Дефектолог-логопед арнайы мұғалімдер тобына жатқызуға болады, олардың кәсіби қызметі психология, медицина, әлеуметтанумен, тығыз байланысты. Міне, осындай ерекшелікке толы маман иелерін бүгінгі күнге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Арнайы және әлеуметтік педагогика»…

Read More

2023 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласындағы теміржол депосының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Полицейлер 16 калибрлі «ИЖ-18» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығын, патронсыз «ТТ» маркалы тапанша және әртүрлі калибрлі 189 бірлік патрон тауып, тәркіледі. — Осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі уақытта осыған байланысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімдігінің әлеуметтік сала басқарма басшылары есеп беріп, баяндама жасады. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 92,6 пайызды құраған. Студенттер мен мектеп оқушыларының 77 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. Ал мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 100 пайызға жеткен. Жыл басынан бері тегін оқыту курстарына 1726 тыңдаушы қабылданса, оның 1412-сі мемлекеттік тілде білім алған. Ал 69 адам орыс, 245-і ағылшын тілін таңдаған. Сондай-ақ Р.Тұрмаханбетова ономастикалық комиссиялардың жұмысы, өңірдегі көрнекі ақпарат пен жарнаманы безендіру және орналастыру бойынша түсіндірме-насихат жұмыстары туралы да айтып өтті. Облыс әкімі қазақ…

Read More

Астана тұрғыны қаладағы балабақшалардың бірінде 6 жасар ұлының бірнеше рет қорланғанын айтып тағы шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2023 жылдың қаңтарында Астана тұрғыны ерекше балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың бірінде тәрбиешілер баласын бірнеше мәрте қорланғанын айтып шағымданған болатын. Ол бірнеше мәрте баласының денесі көгеріп жерлерін байқаған. Алайда, балабақша тәрбиешілері мұны баланың бейқамдығымен байланыстырып, барлық баланы қарауға уақыт жетпейтінін айтып түсіндірген. Кейін баланың анасы балабақшадағы бейнежазбаны тексергеннен кейін тәрбиешінің баласын жиі қорлағанын көріп, шошып, бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Қазір іс 110-бап «Азаптау» бойынша тергеліп жатыр. Алайда кеше түнде әйел редакцияға тағы да хат жазды. Басқа орталыққа ауыстырылғаннан кейін бала тағы да қорлық көрген. «Әлеуметтік…

Read More

Сәуір айында тараздық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің назарына автокөлік руліне отырған мектеп оқушылары ілікті. Бірі жексенбі күні әкесінің «Audi» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап әкетіп, рульге ие бола алмай көпірден құлап кеткен. 15 жастағы жасөспірімнің жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқанын Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасынан байқаған. Олар аталған аумаққа шұғыл түрде ППБ инспекторларын жіберген. ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ. 10-сыныпта оқитын жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта істі сотқа жолдау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

Үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген Ақтаудың 36 жастағы тұрғыны Жәнібек Есеновтің «Жусан» операциясымен Сириядан келгені белгілі болды. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Күдікті «Жусан» операциямен елге келген, деструктив діни ағым бойынша есепте тұрған», — деді тәртіп сақшылары журналистерге. Есеновтың бұрынғы әйелінің туыстары оның дәстүрлі емес діни ағымның мүшесі екенін айтса, көршілері Есеновтың бұрынғы әйелі хиджаб кигенін, пәтерден сирек шығатынын, ешкіммен араласпайтынын айтқан. Қайтыс болған балалардың анасы, күдіктінің бұрынғы әйелі Айдана телефон арқылы журналистерге қысқаша пікір білдірген. «Айта берсін, мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Намаз оқимын, рас. Вахабист дейді, маған бәрібір. Сөйлей берсін, ешкімнің аузына…

Read More

Ұлттық экономика министрі Мәжіліс кулуарларында Қазақстанда «бай адам» ұғымының енгізілуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінің басшысы еліміздің жаңа Салық кодексінің жобасына «бай адам» ұғымын енгізу мүмкіндігін жоққа шығармағанын атап өтті. Журналистер ҰЭМ басшысынан бұл қалай жүзеге асырылатынын сұрады. «Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Оның атауы басқаша болатын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді, халыққа түсінікті болуы үшін сән-салтанат салығы деп жүрміз. Бұл – қымбат көліктерге, авиапаркке, яхталарға, қымбат жүн бұйымдарына, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық», — деп атап өтті Әлібек Қуантыров. Оның айтуынша, «бай адам» ұғымы түрлі мағынада қолданылады. «Ыбырай…

Read More

Ыстамбұлдың оңтүстігінде, Мәрмәр теңізіндегі Ханзада аралдары гүл хош иістерімен безендірілген керемет пейзаждар мен жанға жағымды самалымен тартымды. Аралдар таңғажайып жағажайларымен, өзіне тән көшелерімен, жергілікті менталитетке сәйкес келетін үйлесімді түстерімен және сәулетімен ерекше сұлулыққа ие. Ыстамбұлға жақын орналасқан Ханзада аралдары арал өмірінің тыныштығы мен Ыстамбұлдың сән-салтанатын сезінгісі келетіндер үшін таптырмас мекен. Кейде табиғат аясында және оның зәулім сарайларының көлеңкесінде, ал кейде күнделікті күйбең тірліктен алшақ демалыс күндері демалатын Ханзада аралдары әр келушінің көңіліне тыныштық сыйлайтын орындардың бірі. Жасыл мен көгілдір түс бір-бірімен астасқан Мәрмәр теңізі толқыған аралдар сұлулығымен адамдарды арбайды. Ханзада аралдары тоғыз әдемі аралдан тұрады: Буюкада, Хейбелиада, Киналяда, Бургазада, Седеф…

Read More