Автор: admin

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес саясатын қалыптастыру мәселесі ел қауіпсіздігін күшейтудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлемдік терроризм құблысы қаншалықты күрделі, құпия, латентті және қорқынышты болғанымен тиімді терроризмге қарсы күрес саясаты осы қауіпті құбылысты ауыздықтауға қабілетті екендігі белгілі. Қазақстанда терроризмге қарсы күрес саясатының қалыптасуы елдің тәуелсіздік алуы үрдісімен бірге басталған деп есептеуге болады. Елдің ашық қоғам орнатуда мақсат тұтқан стратегиялық бағыты әлемдік қауіптерге де есік ашуға мәжбүр етті. Қазақстанның кең байтақ территориясы, зор қуатты шикізат қорлары, поликонфессиялық халық құрамы шетелдік діни секталар, миссионерлік топтар, террористік топтар мен трансұлттық корпорациялар үшін ерекше қызығатын обьектіге айналды. Елдің гоестратегиялық маңызы оның алып Евразия…

Read More

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қараалма» тау шаңғы базасының құрылысымен танысты. Бүгінде тау шаңғы базасының құрылыс жұмыстары 85 пайызы аяқталған. Қонақ үй-котедждері, туристерге қызмет көрсету сервистік кешенінің құрылысы салынуда. Сондай-ақ, жеті шақырымдық жол салынып, инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталған. Керек құрал-жабдықтардың дені жеткізілген. Құрылыс басында 100-ден астам жұмысшы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күн-түн демей білек-сыбана еңбектенуде. Айта кету керек, мұнда демалыс кешенінде қонақтар жыл он екі ай бойы демалуға мүмкіндік алады. Жаз мезгілдерінде саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құратын орындар ашылады деп күтілуде. Жалпы, нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны – 4 миллиард теңге. Туристік…

Read More

Қазіргі кезде әлеуметтік және саяси өмірде діни мән-мағынаның эмоционалдық сипаты басымдырақ. Дінмен байланысты сұрақтар жалпы қызығушылық пен ізденісті ғана туғызып қоймай, діни және саяси қақтығыстардың туындауына себеп болып тұр. Бұл мәселелер идеологиялық тұрғыда да, қоғамдық ортада күнделікті пікір алмасуда белгілі бір ауыр реңмен талқыланады. Олай болса, дін сияқты нәзік тақырыптың соншалықты ауыр болуы дін мен зайырлылықтың, мемлекет пен діни бірлестіктердің, дәстүрлі құндылықтар мен жаңа эпистемалардың арасында жаңа қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыруды талап етеді. Жаңғыру – дәстүрлі қоғамнан замануи қоғамға өтетін әлемдік-тарихи үрдіс. Дін – дәстүрлі қоғамға тән құбылыс, ал жаңғыру дегенде оның ролі қандай? Жаңа сатыға өту деген бұрынғыны түбегейлі теріске…

Read More

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.  Былтыр сәуір айында компанияда «нөлдік» төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни билетсіз жолаушы және заңды түрде рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатаң шара қолданылады. Осы мерзім арасында осындай заң бұзушылыққа жол берген 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, 145 қызметкер қатаң сөгіс алды. «Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша сервисті жақсарту мақсатында шаралар қабылдайтынын жеткізеді. Ал жолаушылардан өз сапарларын алдын-ала жоспарлап, билеттерді тек темір жол кассалары немесе онлайн-сату арқылы алуын сұрайды. Заңсыз сату немесе…

Read More

Telegram-ды құрған Павел Дуров қаңтарда Америка құрама штаттарында Gram жергілікті қаржы реттеушісінің валютасын орналастыруға қарсы талап арызы бойынша дәлелдемелерге қатысты сот алдында жауап береді, — деп хабарлайды РИА Новости. Дәлелдемелер бойынша тыңдау 7 не 8 қаңтарда болады. Бұған дейін қымбат қағаздар мен биржа бойынша АҚШ Комиссиясы Telegram Group Inc сотқа жүгінген. Себеп — компания жүргізілген ICO бойынша 1,7 миллиард доллар жинаған. Комиссияның арызы бойынша, компания Gram криптовалютасын лайықты түрде орналастырмаған. Нәтижесінде Американың құнды қағаздар бойынша заңы бұзылған. Комиссия сот Telegram Group Inc және оның бөлімшесі TON Issuer Inc-ке тиісті айыппұл санкцияларын жариялап, қаражатты мемлекет пайдасына өндіруді сұраған. Ал Telegram өз өнімдеріне айтылған «құнды қағаздар» туралы мәлімдемеге байланысты дау шығарған. Компания реттегіштерді заңды…

Read More

Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, — деп хабарлайды Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметі.  «Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікті болған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын», — делінген хабарламада. Бір топ тұлға алдын ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемелер территориясында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан…

Read More

Тараздық оқушының әжетханада зорлану дерегі бойынша қалалық білім бөлімі басшысы жұмысынан кетті, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева өз еркімен арыз жазып, қызметінен кетті. Ол денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген. 12 жастағы қызға азғындық жасалған күні де ауруханада жатқан. Алайда оның сырқаты қызметте қалуына себеп бола алмады. Жинақбаева мекемені екі жарым жылдай басқарған. Айта кетейік, бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы да қызметінен кеткен еді.  Еске салайық, мұның алдында Таразда 7-сынып оқушысын 36 жастағы ер адам сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де…

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.  «Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Асқар Мамин. Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: «Заречное» БК АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОТХК» БК» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8 пайыз), осы жылдың 9 айында — 6645,8 тонна уран өндірді. Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын,…

Read More

В Жамбылской области 30-летний мужчина пытался украсть девушку и заставить выйти за него замуж. Инцидент сняли на видео, сообщает КТК. Все произошло в городе Шу. Местный житель сделал предложение своей знакомой, но получил отказ. Однако сдаваться горе-жених был не намерен. И решил силой увести 20-летнюю избранницу. Он ворвался к ней на работу, пытался выбить дверь комнаты, где спряталась девушка. Когда за нее заступился коллега, мужчина ранил его ножом в грудь. Пострадавший был доставлен в больницу. Нападавшего удалось задержать. «Подозреваемый дал признательные показания. И в отношении него следственным судом избрана мера пресечения — содержание под стражей. Начато досудебное расследование», — сообщила руководитель пресс-службы департамента…

Read More

Грузияның арнайы жасақ қызметкерлері қала орталығындағы парламент ғимараты алдында сайлау жүйесін өзгертуді талап еткен оппозиционерлер мен олардың жақтаушыларын суатқышпен қуып, тыныштандырып жатыр, — деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті Бірінші арнаның мәліметінше, наразалық шарасына қатысушылар парламентке кірер жолдардың барлығын жауып тастаған. Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарының өкілдері осыған дейін де оппозиционерлерді суатқышпен қуған. «Наразылық шарасы барысында полицейлер 28 адамды ұстады, олар 173 және 166-баптар бойынша ұсталды. Үш адам түрлі жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетілді», — делінген Грузияның ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Read More