Автор: admin

Адамзаттың әсем жаратылысы ретінде әйел адамға о баста табиғатпен дүниеге ұрпақ алып келу, болашақ ұрпақты тәрбиелеу, ошақ басының ұйытқысы секілді қызметтерді атқару жазылып қойылған. Алайда, тарихи процесс барысында орын алған түрлі оқиғалардың әсер етуімен мүлде кереғар жағдай орын алып отыр. Әйел адамның табиғатына кей жағдайда жат болып келетін, мысалы, қарамағындағыларға шектен шыққан озбырлық көрсету, тыңшылық қызмет, мақсатты түрде кісі өлтіру, т.б. осы секілді қызметтері аңыздар мен тарихи фактілермен дәлелденген. Ең алғаш әйелдің қатысуымен болған террористік актінің тарихи-мәдени куәсі ретінде еврей әйел Юдифтің әрекетін санауға болады. Туған қаласын ассириялықтар қоршап, қамауға алғаннан кейін,ол ең әдемі жамауларын киіп, ассириялықтардың қолбасшысы Олофреннің…

Read More

Аталмыш заң жобасы жыл соңына дейін Парламентте тыңдалуы тиіс. Егер құжат қабылданса, ел азаматтарына да бала асырап алу жеңілдейді «Шетелдіктерге қарағанда, қазақстандықтар көбірек бала асырап алуы тиіс». Мемлекеттік емес бала асырап алу жөніндегі агенттіктің бұл бастамасы енді арнайы заң жобасына енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Аталмыш мәселені заңдастыратын құжат қазір Парламент қарауында жатыр екен. «Кейбір депуттар бұл бастамаға қарсы болса да, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау бар. Шенеуніктер, қоғам азаматтық бірлестіктер тарапынан ұсынылған пікірлерді «Неке және отбасы туралы» заң жобасын енгізіп, өзгерту керек дейді. Істеген ісіміздің бекер еместігі қуантады», – дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Балия Әкімбекова. Негізіне, аталмыш заң…

Read More

АҚШ-та сынақ кезінде SpaceX компаниясына тиесілі зымыран прототипі жарылды. Бұл туралы NASAspaceflight сайтында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сайттағы мәліметке қарағанда, төтенше жағдай кеше, сәрсенбіде Американың Техас штатындағы Бока Чика полигонында болған. Компаниядағылардың айтуынша, жүйеде қысым жоғарылап кеткендіктен осындай төтенше жағдай болған. Енді SpaceX компаниясындағылардың сөзіне сенсек, алдағы уақытта зымыранның жетілдірілген нұсқасын жасау жоспарда бар.

Read More

Жамбыл облысында елді газбен қамтамасыз ету мәселесіне қандай кедергілер бары анықталды.  ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі газбен қамтамасыз ету мәселелерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізген. Бес әлеуметтік бастаманың маңызды бағдарламаларының бірі — елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Осы бағыттағы проблемаларды анықтау үшін өңірде сауалнама жүргізілген болатын. Оның нәтижесі бойынша анықталған мәселелер: газ тұтынушылары үшін қосылу қызметінің қымбаттығы — 56,0 пайызы. Сауалнама жүргізу барысында ауыл тұрғындарының қаражаттың жетіспеушілігінен газсыз отырғанын айтып түсіндірді. Бұған себеп — әр…

Read More

Жетінші сынып оқушысының зорлануынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатуды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», — деп жазды Тоқаев Twitter желісінде. Әкім қызметіне Досаев биыл сәуір айында кіріскен еді. Оның алдында шенеунік 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген еді. Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол…

Read More

Тараздағы мектеп оқушысын зорлау ісінен кейін Білім және ғылым министрлігі облыстық білім басқармаларына тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін облыстардың білім басқармалары басшыларының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өткен кеңесте мынадай тапсырмалар жүктелген: Біріншіден, нормативтік талаптарға сәйкес келетін бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Бұл міндет бойынша балалардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде штаттан тыс жағдайларда уақытылы әрекет ету үшін бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер белгілеу міндеттелді. Екіншіден, барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына шығару мәселесін көтеру.…

Read More

Деструктивті діни ағымдардың ерекшелік сипаттамасы азаматтардың әлеуметтік, мүліктік, және құқықтық еркіндіктеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасау болып табылады. Қарапайым азаматтың деструктивті дін ортасына түсуінің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда оның ең басты факторлары әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен психологиялық босаңдық, сонымен қатар азаматтардың діни сауатының жеткіліксіздігі болып табылады. ҚР ҰҚК мәліметтеріне сәйкес қазақстандықтардың деструктивті діни ағымдарға тартылу динамикасы төмендемей отыр. Дін ұстанушылардың радикализациялау процесі жалғасуда. Ол бойынша деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту әдістерінің, сонымен қатар олардың таралуының алдын алу жұмыстары бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. Аурулардың халықаралық классификациясына сәйкес сектомания (деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсушілік) психологиялық – психиатриялық ауытқу болып табылады…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді. Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент…

Read More

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғындарын таяуда дүрліктірген оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ауыл тұрғыны 1998 жылы ер адамды өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Осыған дейін, «Тараз триосы» тобының мүшесі Асылхан Шүңіреков 21 жыл бойы іздеген туған ағасының өлтірілгенін енді білгенін айтып, сұхбат берген еді. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайы мен тергеу барысы қалай жүріп жатқанын білу үшін Жамбыл облыстық прокуратураға сауалхат жолдаған болатын. Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы 1 тамызда Шүңіреков Асылхан Мәдіханұлы ағасы 1950 жылғы Кеңесхан Мәдіхановтің 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткені бойынша арыз түсірген. Ол арызында Мойынқұм ауылының тұрғынынан ағасын 1998 жылы қасақана өлтіргені бойынша күдіктенетінін жазған. Кеңесхан Мәдіхановтің мәйіті табылған…

Read More

Полиция 20 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның кім екенін анықтап, егде жастағы адамды ұстады. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. «Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің…

Read More