Автор: admin

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленский жайлы не ойлайтынын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости. Путин Зеленскиймен жеке таныс емес екенін, тек телефон арқылы сөйлескенін айтқан. «Менің Зеленскиймен қарым-қатынасым қандай? Ешқандай! Мен оны ешқашан көрмедім, жеке таныс емеспіз, тек телефон арқылы сөйлескенбіз. Меніңше, ол өте сүйкімді және шынайы адам», — деді Путин «ВТБ Капиталдың» «Россия зовет!» форумында. Еске салайық, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді кездестіріп, келіссөз жүргізуге ниет білдірген. Тұңғыш Президенттің ұсынынсына Украина президенті тет-а-тет кездесуге келісім берген.

Read More

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтар үшін жаза қатаңдатылмақ. Заң жобасын мәжілісмендерге таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай мәлімдеді. Ал педофилия қылмысына қатысты айғақтарды жасырып, біле тұра хабарламаған азаматтар да жазасыз қалмайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Бұған дейін зорлық-зомбылық және жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін сотталатын. Бірақ соңғы кезде балалар мен әйелдерге көрсетілетін зорлықтың артуынан қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетін болды. Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары: Жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар…

Read More

Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды. Төтенше жағдай салдарынан алты жұмысшы зардап шекті. Барлығы Өзбекстан азаматтары, — деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі. Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, 21 қарашада 15:30-да Сайрам тұрғын алабындағы ғимарат опырылған. «Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың барлығы — Өзбекстан Республикасының азаматтары», — делінген баспасөз қызметі хабарламасында. Олардың үлкені 41-де, ал ең жасы — 23-те. Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен «Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. Үйінділер астында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 24 қызметкер және…

Read More

Гонконгта наразылық шарасы кезінде қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи ұсталды, — деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Гонконг қалалық полицияның мәліметінше, қазақстандық студент 18 қарашада ереуіл кезінде ұсталған, ол Баптист университетінің 1-курс студенті Абилькаир Нукпи», — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, қазақстандықтың жағдайы дұрыс, тек оң қолын жарақаттап алған. Ешқандай шағымы жоқ дейді. «Бүгін студентке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Қазргі уақытта біздің бас консулдық осы істі ерекше бақылауға алды. Соңғы күнде Гонконгта 4 мыңнан аса адам ұсталды», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты СІМ өкілдері Гонконгта оқып жатқан студенттерге Қазақстанға қайтуға кеңес береді. Еске салайық, мұның алдында митинг салдарынан қазақтандық…

Read More

Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәрігерге Қылмыстық кодекстің «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған. «Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды. Тергеу барысында азамат А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға…

Read More

Синдзо Абэ Жапония премьер-министрінің қызмет ету мерзімінде ел тарихында рекорд орнатты, — деп хабарлайды РИА Новости. Синдзо Абэнің үкімет басында отырғанына 2887 күн болған. Ел үкіметін басқаруға құқығы бар, Либерал-демократиялық партияның басшысы бұл қызметінде 2021 жылға дейін жұмыс істейді. «Партия төрағасы қызметінде әлі екі жыл жұмыс істеймін. Бар жауапкершілікті сезіне отырып, бар күш-жігерімді саяси мәселелерді шешуге жұмсаймын», — дейді премьер. Маңызды мәселелердің бірі деп ол елдің дефляциядан шығуы екенін атап өтті. Сонымен қатар, премьер-министр елдегі туу деңгейінің төмендеуі, соғыстан кейін шешілмеген дипломатиялық проблемалар мен елдің конституциясын реформалау мәселелерін де айта кетті.

Read More

Таразда 7-сынып оқушысын зорлаған азғынға қатысты жаңа деректер шықты, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Азғындық жасады деп айыпталған ер адам 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды. «Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген», — деді Жамбыл облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев. Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, Таразда педагогтарды қызметтен шеттету әлі жалғасып жатыр. Ал жәбірленуші қыз бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі ол психологиялық қысымға ұшырауы мүмкін. Еске салайық, өткен жұмада Таразда азғынның 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі…

Read More

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұжданы мен дін ұстану еркіндігін қорғауға кепілдік береді. Конституция конфессиялық, этникалық және басқа да белгілерге байланысты кез келген сипаттағы дискриминацияға тыйым салады. Қазақстан Республикасы Конститутция бойынша зайырлы мемлекет.  Зайырлы мемлекет деп  саяси шешімдер қабылдауда қандай да бір діннің құндылықтарына сүйенбеу, яғни  дін мемлекеттен бөлінген дегенді білдіреді,  бірақ  бұл дінді қоғамнан аластату емес, сондай-ақ ол қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ықпал ету салаларын ажыратуға ықпал етеді. Зайырлы мемлекеттерді жіктеу критерийлері: 1) мемлекет пен діни ұйымдар әріптестігінің болуы және 2) діннің мемлекеттің құқықтық жүйесіне әсер ету. Бұл…

Read More

Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорланғанына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Хабар 24. Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеді. Оқытушылық өтілі 30 жылдан асады. Тараздағы мектепте оқушының зорлануына байланысты облыстық білім басқармасы басшысынан бөлек 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мектептің оқу ісі меңгерушісі, математика мұғалімі, кезекші мұғалім, күзетші және мектеп инспекторы да қызметтерінен босатылғаны белгілі болды. Айта кетсек, өткен жұма күні Таразда №6 мектепте 7-ші сынып оқушысын мектеп әжетханасында зорлап кеткен. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды. Қыз бала география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім оны 45 минут бойы оны іздемепті.…

Read More

Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды. Елде қардың қалың жаууына байланысты ағаштар құлап, электр желілері үзілген, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Ол Дроме, Рон, Ардеч және Изре әкімшілік департаменттеріндегі электр қуатына да әсер етіпті. Өткен бейсенбіде қар қалыңдығы мен көктайғаққа байланысты аймақтың жеті департаментінде қауіптің қызғылт деңгейі жарияланған еді. Ал елімізде 19-21 қараша күндері минус 33 градусқа дейін күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы -28-ден -33° аязға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында қар, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Бұл жерлерде ауа температурасы түнде -…

Read More