Автор: admin

Таразда қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өткен жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15 пайызға жаңа автобустармен қамтылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 автобуспен немесе 21 пайызға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтып берді. Сондай-ақ ол қаладағы барлық 670 автобустың 213-інің тозығы жеткенін, пайдалану мерзімдері 7 жылдан асқандығын жеткізді. Басқарма басшысы қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылып жатқанын да тілге тиек етті. «Ауданаралық автобус маршруттарына оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, бірін-бірі қайталайтын бағыттар саны қысқартылып, оның орнына…

Read More

Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен «Жеңіс саябағы» ерекше күйге енді. Қысқа мерзім ішінде демалыс бағының көнерген келбеті, атына заты сай саябаққа айналды «Ерлік» мемориалдық кешенінің құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған болатын. Жұмыскерлердің, жалпы осы құрылысқа қатысты адамдардың бәрінінің күндіз-түні еңбектенуінің нәтижесінде саябақтың келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді. Айта кетерлігі, мемориалды кешеннің ортасына облыстық драма театрдың бір шетінде тұрған Бауыржан Момышұлының ескерткіші әкелініп, тас тұғырға орналастырылды. Ал ескерткіш алдынан «Мәңгілік алау» орын тапты. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеңес Одағы Батырының есімдері жазылған арнайы тақтайшалар бой көтеріп, олар жеке-жеке тұғырға орнатылып, тұғырдың орта тұсына көзсіз ерлік көрсеткен жауынгерлердің кеудесіне тағылған «Алтын…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына Жолдауында бірқатар тапсырмалар жүктелген болатын. Саяси құжатта елдің әлеуметтік, білім беру мен денсаулық сақтау және мәдениет саласына айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта Тараз қаласында Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру кезең-кезеңімен іске асырылуда. Мәселен, Президент Жолдаудың үшінші бағытында қарқынды дамыған және инклюзивті экономика құру қажеттігін алға тартқан болатын. Осы орайда, жыл басынан бері облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы ілгерілеп келеді. Экономиканың табысты саласы – өнеркәсіп саласы десек, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды…

Read More

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы бағыттар бойынша Тараз қаласында қандай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, ондағы негізгі міндеттер халыққа толық жеткізілуде ме? Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай осы сұрақтардың жауабын берді. Кенжебек Мамашбайұлы ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған екі бірдей ауқымды бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттер облыс орталығында қаншалықты жүзеге асып жатқаны туралы айтып берді «Бүгінде облыс орталығында ҚР Тұңғыш Президентінің бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық әкімдік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қос бағдарламаны шаһарда сапалы іске асыру бойынша 2019 жылға арналған жоспарлар әзірленген. Биылғы жоспарға енгізілген іс-шараларға сай…

Read More

Биыл наурызда «Атшабар» скверіндегі абаттандыру жұмыстары аяқталып, «Жастар аллеясы» болып қайта ашылды. Бұл «Жастар жылына» орай тамаша тарту болды. Аталған саябақта «Ұлы дала ұландары» стеласы, «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» ескерткіші және “Сахна” алаңшасы ашылды. Мереке күні аталмыш «Жастар» аллеясы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Түркі әлемінің бесігі» бөлімін айшықтайтын театрландырылған көрініспен ашылып, 700-ге жуық өнерпаздардың қатысуымен «Көктем» хореографиялық композициясы және домбырашылар, қобызшы, дауылпазшылардың қатысуымен күй орындау шеберліктерін көрсететін композициялар ұсынылды. Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен Тараз қаласында «Балқарағай» фито бар емдеу-сауықтыру орталығы ашылды. Өңір басшысы фитобар аумағында ардагерлермен бірге тал егу рәсіміне қатысты. Облыста тұңғыш рет ашылған…

Read More

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауында еліміздің дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығуы үшін атқарылуы тиіс жұмыстардың басым бағыттарын белгілеп берді. Президенттің сайлауалды бағдарламасын іскеасырудың өзегіретінде бес міндетбелгіленді. Мемлекет экономикасын реформалау қоғамдық- саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін еместігін ескере келе, Президент ең алғашқы қадамды мемлекет тұрақтылығының негізін қалайтын «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есепті Үкімет» формуласынан бастауды мақсат етіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға назар аударды. Елбасы төрағалық ететін «Nur Otan» партиясы бүгінде халықтың шынайы саяси күшіне айналғаны баршамызға мәлім. Осы мақсатта алдағы уақытта мемлекеттің саяси тұрақтылығын нығайту жолында Президент көп партиялықты, саяси бәсекелестік пен пікір алуандығын арттыруды…

Read More

Ұлыбританиялық Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы графство полициясының ресми сайтында жазылған.  23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылды. © REUTERS «Апаттық қызмет оқиға орнына жетті. 39 адам өлі табылды. Оның 38-і ересектер, біреуі — жасөспірім», — делінген полицияның ресми хабарламасында. Адам өлтірді деген күдікпен жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі, Солтүстік Ирландия тумасы ұсталды. Құқық қорғаушыларының алдын ала болжамы бойынша, жүк көлігі Болгариядан келіп, елге сенбіде Уэльстің Холихэд атты шекаралық қаласы арқылы кірген. © REUTERS «Осы оқиғаға байланысты жүк көлігінің жүргізушісін ұсталды, ол полиция тұтқынында, себебі тергеу…

Read More

Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген Өкімде. Осыған дейін, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлия Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылғаны айтылған. Редактировать

Read More

Тараз тұрғындары көшеде мылтық ұстап жүрген ветеринария қызметкерлерін видеоға түсірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосы Tarazlive.kz Instagram-паблигінде жарияланды. Видео авторы көшеде ұйымның арнайы киімін киген ер адамның артынан түсірген. Қолында мылтығы бар. Оқиғаның Тараз қаласында шамамен таңғы 8:45-те болғаны айтылады. Видеода ер адамның жанына тұрғындар өтіп жатқаны байқалады. Посмотреть эту публикацию в Instagram От подписчика 📸 : Доброе утро!опубликуйте, пожалуйста.8:45 утра.этот человек ходит по дворам и стреляет из воздушки.на вопрос кто дал право он ответил: Акимат.Когда эти сидящие жирные дядечки в актмате прекратят беспредел и найдут более безопасное для всех решение? @akimat.taraz Публикация от Тараз | TarazLIVE.kz (@tarazlive.kz) 22 Окт 2019…

Read More