Author: admin

Қалада мереке күніне қарамастан жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Абай даңғылынан Көшеней көшесіне дейінгі аралықты былтырғы жылы «Таразтрасэнерго» мекемесі жылу құбырын жүргізу жұмыстарын атқарған. Қыс бойы жүргізушілердің тоқылдақ жолмен жүріп, мезі болғаны бәрімізге мәлім. Бүгін осы даулы мәселенің түйіні шешілуде.Мердігер техникаларын қойып, жолдарға асфальт төсеу жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерінің шағымы көп айтылған Әйтиев көшесінің Қазыбек би көшесінен-Қонаев көшесіне дейінгі аралығындағы жолды асфальттау жұмыстарын «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі жүргізуде. Жалпы ені 11-12 метр болатын көшенің 570 метр жол бөлігі жөнделеді. Осындай жөндеу жұмыстарын «Ая-Сервис» ЖШС-гі Байзақ батыр көшесінде жүргізуде. Серіктестік Төле би көшесінен-Ташкент көшесіне…

Read More

Кешелі бері әлеуметтік желі бетіндегі ағаштарды кесіп жатқан бейнесюжет таралды. Әлеуметтік желі бетіндегі бейнесюжет жарияланған сәтте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Сейфуллин көшесіне жетті. Талдарды аяусыз отағандарға іс қозғауға тапсырма берді. Анықталғандай «Талас «мөлтекауданы №17 үйдің жанындағы қауіпті 27 ағашты жасарту мақсатында төбелерін қысқартуға әкімдіктің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан а.ж. 20 наурызда рұқсат берілген. Алайда,кәсіпкер өзім білемдікке салып ағаштарды түбінен отап тастаған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан кәсіпкердің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті полиция мен орман шаруашылығы мамандары келтірілген залал мөлшерін анықтауда. Кәсіпкерге келтірілген залал үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай ақ Абай даңғылы мен…

Read More

2019-2020 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өту барысында Жамбыл облысы энергетикалық ұйымдарында технологиялық бұзушылықтардың төмендеуі бақылануда. 2018-2019 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өтуімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтың саны 40 данадан 35 данаға төмендеді. Қазақстан Республикасы біріккен электр энергетикалық жүйесінің жұмысында технологиялық бұзушылықтар ауыр салдар және өзгешелікке тәуелді, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электорлық және жылу тораптары I дәрежелі істен шығу және II дәрежелі істен шығу, аварияларымен жүйеленеді. Алайда, 2018-2019 жылдардың және 2019-2020 жылдардың жылу беру маусымдарында энергомекемелерде I дәрежелі істен шығу, ауыр зардабымен авариялар тіркелмегендікті айта кету керек. «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС–де II дәрежелі істен шығу саны ең көп айқындалды, дегенмен, 2018-2019 жылдары жылыту маусымында олардың…

Read More

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал, бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр. Бүгінгі күні ауданда отызға тарта ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сондықтан бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен…

Read More

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 119 дерегі тіркеліп отыр, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өңірдегі медицина саласының мамандары қауіпті індетпен мейлінше күресуде. Осы уақытқа дейін облыста біраз азаматтар ауруынан айығып, аман-есен отбасыларына оралуда. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда өңірде 45, 50 және 75 жастағы үш әйел азаматы емделіп шыққан. Үш тұрғын да коронавирус індетін жұқтырған науқастарға арналған стационарға 14 сәуір күні әртүрлі жағдайлармен түскен. 75 жастағы Қордай ауданының тұрғыны қауіпті инфекцияны туысының жаназасында  жұқтырған болып шықты. Ал, 50 жастағы екінші емделуші науқаспен байланыста болған кезде инфекция жұқтырып алған. Сонымен қатар, 45 жастағы үшінші адам Ресей…

Read More

Ардагерді мерекесімен құттықтады Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Муталип атаны Тараз қаласының әкімі төл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев жауынгер ардагерлерді төл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды. Мұндай құрметке бөленген жандардың бірі — Ұлы Отан соғысына қатысушы Ережепбай Муталип. Тоқсан беске аяқ басқан қарияға қала әкімі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан мерекелік ыстық лебізін білдіріп, лайықты құрмет көрсетті. Бүгінде қалада 33 ҰОС ардагері бар. Бұлардың әрқайсына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты, мерекелік сыйлықтар табысталды. «Талас ауданынан 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сапары Талас ауданындағы бірнеше кәсіпорынға барумен жалғасты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобалық қуаттылығы 700 миллион текше метр болатын «Амангелді Газ» ЖШС жыл сайын 355 миллион текше метр көгілдір отын өндіруде. Алдағы бес жылда компания өндіріске 42 миллиард теңге қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Ал барланған газдың қоры 16 миллиард текше метрді құрайды, мұны теңгемен бағалағанда, 59 миллиардқа дейін жетіп жығылады. Қазіргі таңда зауытта 385 адам жұмыс істейді, олардың 80 пайызы жамбылдықтар. Ауысымның ұзақтығы – екі апта. 135 адамға арналған жатақханасы, асханасы, футбол және волейбол алаңдары тағы бар. Мұнда облыс әкімі…

Read More

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек. Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек…

Read More

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевпен кездесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір ғана «Ерке сылқым» күйінің өзі Әбдімомын Желдібаев есімінің дәстүрлі музыка өнерінің тарихында мәңгілікке қалуына, халық композиторының шын мәнінде даңқы асқақтап тұруына жеткілікті еді. Бірақ ол бұл тамаша туындысынан басқа да 70-тен астам күйлер мен әнді өмірге алып келді. Оның «Арман құстары», «Абай Арманы», «Жамбыл толғауы» және басқа да керемет шығармалары тыңдармандардың жүрек төрінен орын алған. Композитор туындыларынан Ұлы дала перзенттерінің кең әрі таза болмысы, асқақ рухы, еркіндікті сүйетін дархан мінезі көрініс тауып отырады.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Сапарбаев барған алғашқы нысан 505 гектар аумақты алып жатқан «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы болды. АЭА тікелей инвестицияларды тарту, 16 жоғары технологиялық химия өндірісін ашу мақсатында құрылған. Жоба құны – 37,2 миллиард теңге. Қазіргі уақытта мұнда бір ғана зауыт, яғни тек 1,7 миллиард теңгенің өнімін өндірген «ХИМ-плюс» ЖШС жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек жалпы сомасы 631,9 миллиард теңге болатын тағы алты жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бойынша Бердібек Мәшбекұлы былай деді: «АЭА құрылғаннан бастап жеті жыл ішінде бір ғана өндіріс іске қосылған! Сіздер менің…

Read More

Тараз қаласы әкімінің өкімімен аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін анықтайтын арнайы 13 мобилдік топ құрылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері бекітілген аумақтағы сауда орындарын, көшелерді аралып тұрғындардың тазалық жұмыстарына қаншалықты белсенділік танытқанын анықтауда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Төтенше жағдайға байланысты 1937 сауда нысандар жабылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері крантиндік режимнен шығуға рұқсат берілетін нысандардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруде. Кәсіпкерлер өзінің аумығын көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, дүкенін сырлап, әрлеп, арықтарын қоқыстан тазалау тиіс. Арнайы санитарлық құралдармен жабдықтап, әкімдікпен мемарандумға отыруы шарт. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда мобилдік топ мүшелері кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға құқылы. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Акимат города Тараз (@akimat.taraz)…

Read More

Жамбылдықтар ауыз бекіткен азаматтар мен отбасыларға жеткізіп беру арқылы ауызашар ұйымдастырды. Жамбыл облысында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Рамазанның алғашқы аптасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы маңындағы Шөлдала ауылында және Қарасу 5-мөлтек ауданындағы және Төлеби көшесіндегі жатақханаларда тұратын тұрғындарының ішінде ауыз бекіткен 500 адамға ауызашар таратты. Қазіргі карантин жағдайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, әрбір ауыз бекіткен азаматқа арнайы ауызашар мәзірі алдын ала әзірленіп, облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері мен волонтерлар жеткізіп берді – деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Облыстың бас имамының…

Read More

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапары барысында Төле би ауылы мен Шу қаласының ортасында бой көтерген Салтанат сарайын сын тезіне алды. Өйткені мұндай нысанға деген  ешқандай қажеттілік жоқ. Сондықтан облыс әкімі оны Оқушылар сарайы секілді тиімді мақсаттарға пайдалануды ұсынды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өз кезегінде өңір басшысы аудандық аурухана мен емхананың, Жаңажол ауылында орналасқан сүт цехының тыныс-тіршілігімен танысты. Мәселен, мақсары майын өндіретін «КазИрАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Аз ғана уақыт ішінде аяғына нық тұрған кәсіпорын бүгінде өз өнімдерін Еуропа және Азия елдеріне экспорттайды. Алайда шикізатпен қамтуда мәселе туындап тұрады екен. айталық, өткен жылы жергілікті диқандар мақсарыдан өте аз өнім…

Read More

Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2,№4,№22,№16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда. Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады. Сондай-ақ, сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты. Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі…

Read More

Тараз қаласында былтыр жылу құбырларын ауыстыру кезінде қазылған жолдар тұрғындардың наразылығын, автокөлік қозғалысының қолайсыздығын тудырған болатын. Бүгінде сол көшелерді асфальттау жұмыстары қолға алынды. Өткен жылдың еншісінен қалған Абай даңғылы, Қойгелді және Байзақ батыр көшелерімен алдағы аптада еркін жүйткуге жол ашылады. Күні бүгін қажет техникалар жеткізіліп, алғашқы жұмыстар басталып кетті. Облыс әкімі адам аяғы азайған карантин кезінде жол жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Жалпы 2020 жылы қала бойынша қаланың 90 км жолын жөндеу бойынша 100 жоба жүзеге асырылады. Бұл деген сөз – 96 көше (81 км), Б.Момышұлы, Абай даңғылы, Желтоқсан-Қазыбек би, Қойгелді-Қонаев көшелері бойында жаяу жүргіншілер жолағы салынады деген сөз. Астын…

Read More

В связи с продлением режима ЧП до 11 мая оставшиеся без дохода граждане еще раз получат по 42500 тенге. В связи с ситуацией по коронавирусу, в нашей стране граждане, оказавшиеся без средств к существованию, получили помощь от государства. Но режим чрезвычайного положения в республике продлен до 11 мая, и мы попросили руководителя отдела занятости и социальных программ акимата Тараза Гаухар Олжабаеву прокомментировать сложившуюся ситуацию. «На 24 апреля было подано 248815 заявлений. Назначено выплат 93213 горожанам, выплачено 89300 человекам. Также 155605 заявлений были отклонены. Отказ обоснован тем, что данные граждане не смогли пройти проверку на соответствие правилам касательно выплат – сообщила…

Read More

Қордай ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 606 мың гектарды құрайды. Биылғы жылы егістікке 123 мыңнан астам гектар алқап бөлінсе, бұл жерлерге дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс орналастыру жоспарланған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Егіншілер көктемгі дала жұмыстарына алдын ала қамданып, егу үшін сапалы тұқымдарын дайындаған. 560-тан астам трактор, 278 тұқым сепкіш, 1600-ден астам тырма және 150 қопсытқыш қондырғылары әзірленген. Олардың қатарында лизингке сатып алынған жаңа қондырғылар да бар. Ауыл шаруашылығы техникаларын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапқан десек, дала жұмыстарын жүргізуге 2405 тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған. Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, ауданда бұл мәселе бойынша…

Read More

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Төменгі Шуға іс сапармен барды, – деп хабарлайды Taraz.kz тілшісі. Аудан басшысы Жайлаукөл ауылының қарияларына жеке-жеке кіріп, округтегі маңызды мәселелер турасында сөйлесіп, сауалдарына жауап берді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен бюджеттің көп қаражатын жұмсамай, оңтайлы, ықшамдалған шығынмен ауыл жолдарын жаңарту, елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі Төменгі Шу бойында оңтайлы іске асып жатыр. Талай жылдар арман болған облыстық маңызы бар Жайлаукөл-Қамқалы арасындағы 31 шақырым автокөлік жолын орта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жұмылған «Тараз-Көлік-Жолы»-ЖШС-нің жұмыс қарқын көрген Шу бойындағы ағайынның қуанышы зор. Бүгінде Шу бойындағы тұрғындар Президентіміздің соңғы мәлімдемесін жылы қабылдап,…

Read More

Әлемді әбігерге салған індетті ауыздықтау өз елімізге де оңай соққан жоқ. Бірінші кезекте елдің амандығы, аурудың таралмауы басты қаперге алынды. Осы ретте мемлекетімізде сақтық шаралары күшейтіліп, төтенше жағдай режимі енгізілді. Жұмбақ аурумен күресу мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, елдегі ахуал бақылауға алынды. Соның арқасында халық қатты зардап шеге қойған жоқ. Жағдай әлі де бақылауда болмақ. Десе де күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған мәлімдемесі арқылы 11 мамырда Заңға сәйкес төтенше жағдай аяқталатынын айтып, жұртшылықтың көңілін орнына түсіргені анық. Мұны Жамбыл облысының зиялылы қауымым мен ақсақалдары, халық қалаулылары мен шаруалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мәлімдемесіне орй білдірген пікірінен…

Read More

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуынша, ұн, макарон, жұмыртқа және сары май өндірісін екі есеге ұлғайту үшін жергілікті ресурстар жеткілікті. Бір ай ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуетіне мониторинг жүргізіліп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтыну арасындағы балансты сақтау жөнінде ұсыныстар әзірленбек , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Өңір басшысы көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйіне зерделеу жүргізудің маңыздылығына тоқталып, қажет болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа құрылыс салу керектігіне көңіл бөлді. Бұл жұмыстарға тарту үшін бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Аудан әкімдері тиісті жер телімдерін барынша қысқа мерзімде бөлуді қарастырғаны абзал. Облыста өндірілмейтін немесе олардың тапшылығы байқалатын өнімдерді жеткізіп отыру бойынша басқа…

Read More

Сарысулық азаматтар туған жерлеріне жақсылық жасап жарысуда. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Президент бастамасымен қолға алынған, Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін арнайы қор құрылған болатын. Белсенді нұротандықтар мен қатар Сарысу ауданынан шыққан жүрегі кең азаматтардан құрылған еріктілер де қайырымдылық шарасына үлес қосуда. Олар ауданымыздың барлық аумағында қауіпсіздік шараларын ұстана отырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік салынған пакеттерді тегін таратып беруде. Демалыс күндеріне қарамастан сауапты іс жасаған еріктілердің қайырымдылық істері көпке үлгі. Бүгінгідей бүкіл әлемді жайлаған қауіпті індетке қарсы күресті баршамыз бірігіп қана жеңе аламыз. Сарысулықтардың …

Read More

Облыс әкімі Тараз қаласының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысуды жалғастыруда. Дүйсенбі күні ол кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығында болды. Материалдық-техникалық базасының жағдайы және мамандардың біліктілік деңгейі бойынша бұл медициналық мекеме республикадағы ең алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылады. Күні бойы мұнда жүзге жуық науқас қабылданады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медициналық орталықтың директоры Сейітхан Жошыбаев Бердібек Сапарбаевті нысанда аралатып, медициналық бөлмелерді, зертханаларды, операциялық бөлмелерді және палаталарды көрсетті. Емханада 7 бөлім, 65 стационарлық төсек бар. Медицина қызметкерлері – 74 адам, оның ішінде 20 дәрігер бар. Ғылыми орталық негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, басқа медициналық қызметтерді…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ветеринарлық қауіпсіздік және идеологиялық жұмыстар барысы қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов ағымдағы жылы атап өтілетін мерекелер мен мерейтойлар, «Бейбітшілік пен келісім», «Сөзден іске» және т.б. жобалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралар және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, ол корановирустық инфекциямен күрес, карантин жағдайында облыс тіршілігін БАҚ-та жариялау, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жан-жақты тоқталып өтті. Дауыл Бейсенқұлов тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ерекше көзге түскендерді және азаматтардың өтініштеріне жауап…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, өткен жылы және ағымдағы жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы сараланды. Ондағы көрсеткіштер сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекет үшін әлі де елеулі мәселе болып отырғандығын айғақтай түскендей , — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – 2019 жылы Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 33 лауазымды тұлға сотталса, олардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Басқа салалардан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылар бар. Ең көп қылмыс Тараз қаласында, Шу, Байзақ, Жуалы және Меркі аудандарында орын алған, – деп атап өтті облыс әкімі. Өзекті тақырып…

Read More

Ознакомилась с новым заявлением Президента, в котором он обращается к соотечественникам о продлении режима чрезвычайного положения до 11 мая. В нем он говорит о том, что угроза заражения коронавирусной инфекцией несет в себе угрозу здоровью людей, и это, к сожалению, наша реальность. И это признает практически весь мир. В настоящее время Государственная комиссия готова смягчить режим карантина в некоторых областях и городах, где ситуация с распространение вируса находится под контролем. Но это вовсе не означает, что частичное послабление карантина вернет нас к обычному укладу жизни, так как это может увеличить количество зараженных. Не надо забывать, что вакцины против этого заболевания…

Read More

Сегодняшнее заявление Президента Республики Казахстан К.К. Токаева было очень своевременно, так как население практически «устало» от тревоги и неопределенности, от переживания за работу, семью и в общем – за будущее. На мой взгляд, каждый казахстанец понимает, что предпринимаемые руководством страны меры необходимы, так как это касается самого главного – здоровья. Очевидно, что меры, направленные на наименьшие «потери» оправдываются.Выделены колоссальные средства для оказания финансовой помощи всем, кого коснулись материальные проблемы. Все это видим и испытываем на себе. Конечно, большая тревога за экономику, за ее восстановление и дальнейшее развитие. Перспективы в этом направлении кардинальны и Президент обозначил их конкретно. Отсрочка по выплатам…

Read More

Сабыр түбі – сары алтын! Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған мәлімдемесінде, ел аумағындағы төтенше жағдайдың мерзімі тағы да екі жетіге созылатыны айтылды. Әрине, бұл, халықтың қауіпсізідігі үшін, ұлттың саулығы үшін жасалынып жатқан қадамдар. Қырық күн үйде оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп отырудың өзі де қиынға соқты. Бірақ, мемлекет басшысы қанша күн ұзартса да елдің болашағы үшін үйде болуымыз қажет. Мемлекеттің түсімі де азайған тұста, әр отбасына кіретін табыстың да азайғаны рас. Осы тұрғыда Президентіміз мәлімдемесінде халықтың табысын сақтап қалу үшін үкімет бар жағдайды қарастыратының баса айтты. Бұған дейін берілген әлеуметтік төлемдер, келесі айдада да жалғасын таппақ. Біз Президенттің мәлімдемесін қолдап, бір-бірімізді…

Read More

Бүгін Президент К. Тоқаевтың коронавирус жағдайы бойынша карантиндік шараларға қатысты мәлімдемесі жарияланды.Мемлекет басшысы күрделі жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды. Біз бұл шешімді түсіністікпен қабылдаймыз және қолдаймыз, өйткені ең маңыздысы халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты.Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің дамудың жаңа сатысына енгенін жариялады. Ол дағдарыстан кейінгі жағдай сөзсіз басталатынына және бізге жаңа кезеңде өмір сүруге тура келетініне ерекше назар аударды.Айта кету керек, мемлекет тарапынан өз азаматтарын қауіпсіздендіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Бүгінгі таңда халықты қолдаудың барлық шарттары мен әлеуметтік шаралары қабылданып, іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен бизнестің мемлекеттің қолдауы жалғастырылатыны…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесінде еліміздегі төтенше жағдай режимінің мамыр айының 11-не дейін жалғасатыны айтылды. Бұл Қазақстан халқының, әрбір азаматтың амандығы үшін жасалған қадам деп есептеймін. Олай болмаған жағдайда жанған отқа май құйғандай өршіп кету қаупі бар екенін жеткізді. Әрине, күнделікті күйбең тіршілікке төселген тұрғындарға үйде отыру оңай емес екені анық. Табыс көзінен айырылған азаматтардың жағдайын да жақсы түсінеміз. Дегенмен мемлекет бұл мәселелерде дер кезінде тиісті шешімдерді қабылдап жатыр. Әрбір азаматқа көмек көрсетіліп, тиісті жәрдемақылар тағайындалуда. Төтенше жағдай режимі енгізілгелі 500 мыңнан аса ел тұрғыны азық түлікпен қамтылған болса, енді осындай жәрдемді миллионнан аса адамға жасау көзделуде. Төрт жарым…

Read More

Бүгін, 27-сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті мәлімдемесін жасады. Бұл мәлімдеме бүгінгі хәл-ахуалымызға, карантин кезінде атқарылып жатқан жұмыстарға арналды. 16-наурыздан бастап еліміз төтенше жағдай режиміне көшкені белгілі. Сол уақыттан бері біраз қызмет түрлері қашықтықтан қызмет көрсетуге көшті. Оның ішінде білім беру саласы да бар. Орта және жоғары білім беру орындары қашықтықтан оқытуға көшіп, қарқынды жұмысты жалғастырып келеді. Әрине, төтенше жағдай режимінен зардап шеккендер де бар. Мемлекет осы қиын-қыстау кезеңде ел азаматтарын қолдаусыз қалдырмады. Қазіргі таңға дейін 4 млн 250 мың адамға қаржылай көмек көрсетілген екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Біргеміз» қоры құрылып, мұқтаждарға көмек көрсетіліп келеді. Президент өз…

Read More

2020 жылы 27 сәуірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен қала аумағында орналасқан 6 дүкен (орта және шағын супермаркеттер) араланды. Оның ішінде, «Юбилейный», «Әуес», «Халил» және Жібек жолы көшесінің бойындағы «Таңшолпан» және «Дәулет» дүкендері. Аталған дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағалары бірлескен бұйрықпен белгіленген шекті бағаларымен сәйкестендірілді. Сондай-ақ, «Нұрислам» супермаркетіндегі қарақұмықтың бағасы 440 теңгеден 260 теңгеге өзгертілді. Айта кетейік, 2020 жылы 26 сәуірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен қала аумағында орналасқан 11 дүкен (орта және шағын супермаркеттер) араланды. Атап айқанда, «Корвет»,…

Read More

Елімізде әлемді жаппай жайлаған қауіпті індет тіркелгелі бері төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Сақтық шаралары күшейтіліп, қажетті барлық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Соның бірі – заласыздандыру жұмыстары. Аудан әкімдігі мен шаруа қожалықтар бірлесіп, 17 ауыл шаруашылығы техникалары мен жүзден астам адам жұмыслдырылған заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Рауан», «Байзақ дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Манат», «Жетітөбе», «Шарипов», «Казаки», «Әлихожа» шаруа қожалықтары бірлесе атсалысқан шараға 17 дана техника, 2 дана дезинфекциялық қондырғы, 1 дана су тасушы, 14 дана трактор, 34 дана дезинфекциялауға арналған бүріккіш жұмыслдырылды. Нәтижесінде аудан аумағындағы 43 елді мекен қамтылып, ондағы 176 көше мен 51 аялдама және 94…

Read More

Бүгінгі таңда, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын бірлескен бұйрыққа қол қою арқылы реттеуді қолға алып отыр. Осы мақсатта Байзақ ауданы әкімдігі тарапынан тиісті шаралар шұғыл түрде қолға алынып, нәтижесінде күн сайын сауда нүктелерін аралап шығатын комиссия мен мобильдік топтар құрылды. Алдымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының аудан кәсіпкерлеріне арнаған Үндеуі жергілікті баспасөз және әлеуметтік желілер арқылы жарияланған болатын. Сонымен бірге, жергілікті әкімшіліктер мен тиісті саланың мамандары арқылы ауданның әрбір кәсіпкерімен жекелей түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…

Read More

Биыл 16 наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуі бойынша «Biz bіrgemiz» республикалық акциясы аясында Байзақ ауданының жастары мен еріктілері  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, игілікті тірліктер атқаруда. Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарияларға көмектерін көрсетті. Атап айтқанда, жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, медициналық бетперде мен қауіпті індеттен сақтану шаралары туралы түсіндірме қағаздарын таратты. Сонымен бірге екі қарияға дәрі-дәрмек, бес қарияға азық-түлік өнімдері жеткізіліп берілді. Жеті қарияның үйлеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, орталықтың инспекторлары төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға, жалпы 980 адамға 42 мың 500 теңгені рәсімдеуге…

Read More

Президент мәлімдемесі. Қысқаша. ТЖ режимі 11 мамырға дейін ұзарады. Вирус жұқтыру дерегі қайта көбеймесе, режим аяқталадыҚазақстанда індеттің жаппай таралуы біткен жоқМемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын42500 теңгені тағы да төлейді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ.Аулалар мен ойын алаңдарын ашу жоспарда барСаяжай иелері мәселесі жақында шешіледі1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашыладыҚазақстандық тест-жүйесі өндірісін өнеркәсіптік деңгейге шығару керек.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды «бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге» шақырды.

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс саласындағы кәсіпорындардың жаңа маусымға сапалы дайындық барлауды жалғастыруда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Негізі, құрылыс маусымы басталып үлгерді, алайда жұмыстың негізгі көлемі әлі қарқын алған жоқ. Кезекті жұмыс сапары барысында өңір басшысы «Альтаис Групп» холдингіне кіретін кәсіпорындарға ат басын бұрды. Асфальт-бетон зауыты елімізде алғашқылардың бірі болып қиыршықты-мастикалық асфальт қоспасын шығаруды қолға алған, оның нақты қолданысын облыс орталығының орталық алаңында көруге болады. Қазіргі уақытта мұнда сағатына 180 тонна асфальт-бетон шығарылуда, өндірістік процесс толығымен автоматтандырылған, сондықтан АБЗ-да бар-жоғы 13 адам еңбек етуде. Сондай-ақ, кәсіпорында сыйымдылығы алты мың тонна битум шұңқырлары, 4,5 мың тонна инертті материалдар қоймасы, 150 тонна қазандар,…

Read More

Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бүгінгі таңда облыста коронавирустың 106 жағдайы тіркелген, 43-і емделіп шықты. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау. Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс «COVID-19» бойынша тесттердің санын арттыруға назар аударды.261 мыңнан астам жамбылдықтар жалпы сомасы 11,5 млрд. болатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Ал, 77 мың адам 440 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығын алды. «Біз біргеміз!» акциясы аясында…

Read More

2020 жылы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында былай деген еді: «Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық. Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ. Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет. Біз төтенше…

Read More

Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған. ҚазАқпарат

Read More

Америкалық New York Post басылымы 25 сәуірде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы хабарлады. Басылым тілшілері гонконгтық БАҚ-қа сілтеме жасайды, ал олар өз кезегінде «сенімді дереккөздерге» сілтеме жасаған. Сонымен қатар, басылым аты аталмаған жапондық басылымға сілтеме жасайды, онда Ким Чен Ын айдың басында жүрегіне жасалған отадан кейін «вегативті жағдайда жатқаны» яғни психикалық ауруға шалдыққан және қозғалыссыз жатқаны туралы дегенді меңзейді. Мақалада «Бейжің жоғары шенді партиялық дереккөздердің» расталмаған хабарламалары да келтірілген, онда КХДР лидеріне жасалған ота сәтсіз болғанын, өйткені ота жасау кезінде хирургтың қолы қатты дірілдегені айтылған. Ким Чен Ынның жағдайы туралы ресми мәлімет жоқ. Соңғы екі апта бойы ол…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласын дамыту бойынша қала активімен кездесуінде облыс орталығында 2 жаңа мектеп, 3 спорт кешені салынатыны айтылды. Кездесуге мәслихат депутаттары, ұлттық палата, қоғамдық бірлестіктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Корановирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл аясында қауіпсіздік шараларын сақталуына байланысты жиналысқа қатысушылар құрамы барынша сараланған. Дегенмен, облыс орталығының дамуына қатысты маңызды тұлғалар мүмкіндігінше қамтылды. Басқосуда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс орталығының тұрғындарының барлық қол жетімді байланыс арналары, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен хабарламаларында ескертілген көптеген кемшіліктерге қатысты жауап беруге мәжбүр болды. Қала тұрғындары қалалық қызметтер мен тікелей Тараз әкімдігінің жұмысына байланысты 16 мыңнан астам…

Read More

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы кезекті жұмыс сапары бұған дейін облыс әкімдігінде өткен құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге қатысты кеңестің қисынды жалғасы десек те болады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аталған жиында аймақ басшысы асфальтбетон зауыттарын құруды, битумның қажетті мөлшерін жинап, радиаторлар өндірісін ұлғайтуды тапсырған еді. Нақты жағдайдан хабардар болу үшін Бердібек Сапарбаев барлық құрылыс түрлерімен айналысатын «АрайСтройМаркет-2030» ЖШС-не ат басын бұрды. Кәсіпорынның асфальтбетон зауыты үлкен және аз қуатты екі өндірістен тұрады. Бірінші жағдайда, сағатына 200 тонна, екіншісінде – 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс материалдары өндірісі қызу жүруде. Кәсіпорын иесі Арман Еділбаев жуырда кірпіш зауытын салуға ниетті екендігін айтып,…

Read More

Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бүгінгі таңда үш мектептің, оның ішінде Қалғұты және Күнбатыс ауылдарында білім нысандарының құрылысы басталып үлгерді десек, бұл нысандар ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Сарыбұлақ ауылының Мәдениет үйіндегі қазандықтың құрылыстары бастау алды. Ол ғана емес, Қордай және Әлжан Ана ауылдарының жаңа тұрғын алқаптарына инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 40 шақырым болатын төрт ауыл арасындағы жолдарды орташа жөндеу, Кенен ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, бес оқу орнының қазандықтарын қатты отыннан табиғи…

Read More

Сонымен, сот үкімі шыққаннан кейін Қайрат Қырықбаев Тараз қаласы Жамбыл даңғылы №180 мекенжайда орналасқан ЖД-158/1 УКУИС облыстық түзеу мекемесінің 5-камерасына қамалды. Көршілес 6-камерада бауыры Ерғали отырды. Айта кетейік, осыған дейін «Ағайынды атышулы Қырықбаевтар» деген мақала жарияланған еді. Ағайындылар түрмеде «авторитет» болғандықтан, оның үстіне сотталғандар мен түрме әкімшілігіне сөздері өткендіктен, абақты ішінде еркін жүріп-тұрумен қатар, темір тордың арғы жағында да аяқты кеңінен салып өмір сүрді. Сырттан қалта телефонын, спиртті ішімдіктер, тағы басқа қалаған затын алдыртып, түрмеде емес, дәп бір атасының үйінде жүргендей, кез-келген камераға кіріп-шығып еркін қозғалушы еді. Сол кезде ағайындылармен қатар сол түрмеде Марат Әбдуәлі деген жігіт те қамауда болатын. Қылмыс әлемінде «Маратенок»…

Read More

Жамбыл облысы мен Тараз қаласын ағайынды Қырықбаевтарға бола «бандиттердің отаны» атаса керек, сірә. Шынымен де, егер облыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбірін жеке зерттер болсаңыз, бұл өңірдің бандиттері қанішерлігімен де, қаталдығымен де, ешкімге ұқсамайтынымен де ерекшеленіп тұрады. Олар үшін адам өлтіру түк емес. Бүгін мен Тараздың басқа бандиттерінен бөліп алып, ағайынды Қырықбаевтар туралы баяндамақпын. Олардың отбасында 10 ағайынды бар. Өксікбай мен Шамқыздың әулеті Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылында тұрды. Он ұлдың алтауы қылмыстық жолға түскен. Оған дәлел – үстілерінен «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ретінде қылмыстық іс қозғалған. Алайда қазір олардың үшеуі ешкімге соқтықпай, тыныш өмір сүріп жатқанға ұқсайды. Ең…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Меркі ауданына жұмыс сапары барысында жергілікті азаматтардың Біріккен араб әмірліктеріне жуырда ғана 60 тонна қой етін экспорттағаны белгілі болды. Арабтар, тіпті, Меркіде өндірілген қой етіне қызығушылықтары соншалықты, жолаушыларсыз арнайы ұшақ жіберіп, барып-келу шығынын өздері көтеріп отыр екен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бердібек Сапарбаев алдымен Ақтоған ауылындағы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектепке барды, онда Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбек білім беру саласының жай-күйі туралы баяндады. Ауданда 36 мектеп жұмыс істейді десек, оның 25-і жазда жылы дәретханалармен қамтылмақ, төртеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Гранитогорск ауылында жаңа оқу орны салынады. Ауданда жеке меншік балабақшалар ашу…

Read More

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы оразада орындайтын он амалды оқырман назарына ұсынып отыр. №1. Құранмен дос болу Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды. Ардақты Пайғамбарымыз: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар…» деп өсиет еткен. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).Алла Елшісі Рамазан айында Құранды бірнеше рет хатым ететін. Қасиетті кітапты хатым етумен қатар, жаттауға, оған амал етуге тырыссақ – нұр үстіне нұр. Арапшадан оқи алмайтын адам аудармасын оқыса да сауап алады. Алланың мейірімі кең, Ол – кеңшілік Иесі. Ниетке сай сауабын береді №2. Түнді намазбен өткізу Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік…

Read More

Ушел гулять… на балконе. Лишившись возможности наслаждаться прогулками, казахстанцам пришлось штурмовать свои лоджии. Теперь многие коротают карантинные дни именно здесь. Проводят концерты, песни поют или просто ищут уединения. Фотограф Tengrinews.kz Турар Казангапов наблюдал за балконной жизнью в Нур-Султане. Из-за климата в Нур-Султане балконы редко используют как место для отдыха. Чаще как кладовку. Из-за небольшой квадратуры жилья люди хранят на балконах все что можно. Сезонная обувь, шины, столы. Ну а зимой балкон – идеальное место для хранения согыма. Из-за введенного режима ЧП жители вынуждены находиться целыми днями в стенах квартир. И балкон стал единственной возможностью подышать свежим воздухом. Мы заглянули в окна и…

Read More

Инклюзивті білім беру – жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлық адамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта. Қазақ ұлттық фольклоры – қазақ ұлттық педагогикасының тарих түбінен келе жатқан тұмасы болса, оның сабақтастығы, дәстүрлілігі, толығып тұруға бейімділігі, көркемдік жетілгендігі қазіргі қазақстандық қоғамда бүр жарып келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне берер қуаты мол болатынына дау болмасы анық. Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребековті 95 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құттықтау хатын тапсырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл облысында Тілеуқабыл Төребекұлы Төребеков туралы білмейтін адам кемде-кем. Кеңес Әскерінің қатарында милитаристік Жапониямен соғысқан ержүрек майдангер Т. Төребеков соғыс аяқталған соң барлық күш-жігерін Жамбыл облысының дамуына арнады. 1950-1966 жылдар аралығында ол облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1970 жылдан 1983 жылға дейін Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ірі құрылыс ұйымдарының басшыларымен жиналыс өткізді. Онда жергілікті материалдарды кеңінен пайдаланып, аймаққа бөлінген қыруар қаржыны тез әрі сапалы игеру туралы әңгіме қозғалды. Биыл облысымыз алып құрылыс алаңына айналғалы отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Әңгіме 1 237 жоба туралы болды. Бүгінде 135 нысанда жұмыс басталды. Облыс әкімі соның нәтижесінде 25 мың жұмыс орны құрылатынын ерекше атап өтті. Бұл – қазіргідей шектеу шаралары енгізілген кезде уақытты ұтымды пайдалану маңызды болып табылады. Әзірге күн жылы болып тұр, уақыт аз қалды – ары кетсе 5-6 ай. Негізгі 24 құрылыс материалының он үші жамбылдық 153 кәсіпорында өндіріледі. Ал, жергілікті материалдардың үлесі 60…

Read More

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыста карантиндік режим енгізілуіне байланысты қиындықтарға  тап болған  өндіріс орындарының тынысымен танысуды жалғастыруда. Осы аптада аймақ басшысы «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы ат басын бұрды. Аталған серіктестік Тараз қаласындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған мекеме болып табылады. Кәсіпорын шығарып отырған жарықдиодты шамдарының қуатты күші 10 пайызды көрсеткенімен, сапасы жағынан әлемдік нарықтағы шамдардан кем емес. Ал бағасы үш есе арзан. Алайда жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіру желісі 30 пайыздық қуаттылықты көрсетсе, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мүлде көрінбейді. Осының салдарынан алдыңғы қатарлы қондырғылары бола тұра кәсіпорын толық қуатты күшіне шыға алмауда. Нәтижесінде 150 жұмысшы 36 адамға дейін қысқартылған. Сондай-ақ 12…

Read More

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған 235 мыңнан астам облыс тұрғыны әлеуметтік төлемге қол жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданды. Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолдарды жөндеу және жылыту маусымының қорытындысына қатысты жайттар сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы экономиканы дамыту үшін жол желісінің маңыздылығын айрықша атап өтіп, ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы және Алматыға баратын республикалық жолының нашар жағдайына назар аударды. – Жолдардың нашарлығымеғн қатар айналасы қоқысқа толы, – деп атап өтті облыс әкімі. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, 122 жоба жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Сондай-ақ,…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларымен кеңес отырысын өткізіп, онда өзекті мәселелер сараланды. Аймақ басшысының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы есеп берді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші кезекте коронавирустық инфекциямен күрес және аймақтағы шектеу шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, күн тәртібінде көктемгі-дала жұмыстарының орындалу барысы, карантин режимі жағдайында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтірудің алгоритмдері қаралды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында жобаларды жедел және тиімді іске асырудың маңызы зор. Аталған жобалар, оның ішінде газ және сумен жабдықтау, аумақты…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавируспен күрес, ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және өңірдегі карантиндік шараларды іске асыру. Сонымен қатар, Президенттің азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тің жұмыс режиміне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету, егіс жұмыстары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер қозғалды. Облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының тіркелуіне байланысты 6 сәуірде Қордай ауданында, 7 сәуірде – Тараз қаласында және 9 сәуірде аймақтың барлық аумағында карантин режимі енгізілген болатын. 17 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Бүгінде облыс көлемінде, соның ішінде Тараз қаласында карантин режимі енгізіліп отырғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Күні бүгінге дейін тиісті мекемелермен көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын таба бермек. Ал ертеңнен бастап карантин режимі күшейтіле түсетінін хабарлаймын. Өйткені, еліміздің ең бірінші байлығы – адам, оның денсаулығы десек, қазіргі жағдайда біз азаматтарымызды аман-есен сақтап қалу үшін қатаң шараларға баруымызға тура келіп тұр. Бұл шаралардың барлығы, айналып келгенде тұрғындар игілігі үшін жасалып жатқан іс екенін жете түсінсеңіздер дейміз. Ертеңнен бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктер толықтай тоқтатылады. Карантинге дейін 43 бағыт бойынша 442 автобус жүріп тұрған болса,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова және Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына ат басын бұрған өңір басшысы ондағы оқу кабинеттері, жатақханалар, акт және спорт залдарымен танысты. Оқу ордасында үш жүзге жуық оқушы білім алуда. Олардың білім көрсеткіштері үнемі жақсы деңгейде. Түлектердің көпшілігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде грант бойынша білім алуда. – Лицейде оқыту ісі тиісті деңгейге қойылғаны белгілі. Мұндай оқу орындарын біз кеңейтіп,…

Read More

Жамбылда жұптасып қаржы жымқырған ерлі-зайыпты әкім-кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкере болды. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаев заңды некедегі әйелі Марал Есқожаның «Жарық құрылыс компания» ЖШС-на бір көзден 11 мәрте, жалпы сомасы 23 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырысты жеңіп алып берген. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дәурен Сәбиевтің айтуынша, әкімнің осынау іс-әрекеті ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабы 1-бөлігі 2,4 және 5 тармақтары бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіру деп бағаланған. Осыған орай оның үстінен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі қарап, сәуірдің 9-ы күні кеңес отырысының…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелер талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында облыс бойынша 114,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптегі өнім көлемінің индексі 97,9 пайызды құраған. Экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне «Қазфосфат» ЖШС зауытындағы пештің және Тараз бен Меркі қант зауыттары жұмыстарының тоқтауы әсер еткен. Бюджет кірісіндегі көрсеткіштер де ойдағыдай емес. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының хабарламасында көрсетілгендей, жергілікті бюджеттің…

Read More

В период чрезвычайного положения в связи с коронавирусной инфекцией сотрудники Департамента полиции Жамбылской области переходят на пешее патрулирование, к которому также привлечены дополнительные силы воинской части 5513 Национальной гвардии Республики Казахстан и военной полиции Таразского гарнизона. С сегодняшнего дня Департамент полиции области будет акцентировать внимание на усилении пешего патрулирования как одного из наиболее действенного метода профилактики и предупреждения, а также оперативного реагирования на факты правонарушений на улицах и в общественных местах. В состав пешего патруля входит один офицер полиции и два военнослужащих. Пешие патрули должны держать в поле зрения обстановку по всему периметру вверенной им территории, включая и труднодоступные места…

Read More

Басшыларының немкеттілігінен өзіне коронавирус індетін жұқтырдым деп санайтын Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның әлеуметті дүр сілкіндірген әлеуметтік желідегі жазбасы негізінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жүргізген тексеру кезінде ауруханадағы басқа да былық-шылықтар анықталыпты. Нәтижесінде ауруханада ойларына келгендерін істеп келген Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушы мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының балдыздары, Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бас есепші қызметтерінен қуылды. — Комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі…

Read More

Жамбыл облысы Меркі ауданының ақ халатты абзал жандарына қатысты істің нүктесі қойылғандай. Апта басында әлеуметтік желіні  шулатқан дәрігерлердің шағымын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жеке бақылауына алып, толыққанды тексеріс жүргізген болатын. Нәтижесінде аудандық ауруханада білгенін істеген басшы мен оның қосшылары қызметімен қош айтысты.   – Комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының өз кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарағандығы себеп болған, – деді Е.Жылқыбаев. Жол берілген заң бұзушылықтар үшін аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Д.Нүсіпбаев, бас дәрігердің…

Read More

Жамбыл облысының тұрғыны коронавирустан жазылып шықты Жамбыл облысы Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан сауығып шықты. Қырғыз Республикасынан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын. Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады. Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды. Он енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады. Сондай-ақ, бұған дейін ауруы анықталған жүк тасымалын жүзеге асыратын 1958, 1975, 1984 жылдары туған қырғызстандық үш азамат өз Отанына жіберілді. Олардан мемлекеттік шекараны өту кезіндегі тексеріс барысында коронавирус анықталған. Арнайы автокөліктермен олар шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай Қырғыз…

Read More

Басшылары бетпердені өздеріне тіктіріп, қауіпті індеттен қорғану құралдарын «үнемде» деп бермеуінің салдарынан коронавирус жұқтырдым деген Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның басындағы жағдайды Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов жеке бақылауына алғанын айтқанымен, мәселе оңынан шешілудің орнына шиеленісе түскендей. Олай дейтініміз – кеше Т.Ордабаеваның жұмыс кабинетіне түн жарымында тексеру жүргізіліп, 400 дана бір реттік бетперде және басқа да қорғану құралдарының «табылғаны». Бұл жайында Толқынай кеше түнде әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Біз бұл бойынша бүгін Толқынайға тағы да хабарластық. Денсаулығы түзеле бастағанын, дене қызуының түскенін айтқан Ордабаева кабинетіне тексерушілердің барып, 400 бетперде мен өзге де қауіпті індеттен қорғану құралдарының табылғаны жөнінде…

Read More

Советник акима Жамбылской области Канат Кульшманов рассказал подробности о вирусном видео с медиками, одетыми в самодельные защитные костюмы из мусорных пакетов. Выяснилось, что ролик все-таки был снят в Жамбылской области. Кульшманов рассказал, что на видео запечатлены работники неправительственной организации – фонда поддержки онкологических больных «Амазонка». «Они не имеют никакого отношения к государственным медицинским учреждениям. Ко мне обратилась директор данного фонда Анжелика Сарьян. Она очень расстроена и возмущена поступком автора видеоролика и попросила разместить опровержение», – пояснил он. Выяснялось, что ролик был снят в Таразе 8 апреля. Работники общественной организации в тот день выехали на осмотр тяжелобольной пациентки, которая живет без…

Read More

Елімізге танымал кәсіпкерлер – Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев Алматының медициналық мекемелеріне Жоғары дәрежелі мамандалған жедел жәрдем қызметін көрсететін мобильді орталықтарын тапсырды. Алматы қаласының әкімдігінің сұранысы бойынша Қазақстанда коронавирустық COVID-19 індетімен күресті қаржылай қолдау үшін ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен бизнесмен Қайрат Боранбаев Алматының медициналық мекемелеріне толықтай заманауи медициналық жабдықтармен жасақталған “Ford Tranzit” үздік жедел жәрдем көрсететін автокөлігінің негізінде жасалған сегіз жылжымалы орталықты табыстады. «Ford Tranzit» негізіндегі медициналық жедел жәрдем автокөліктері барлық қажетті медициналық жабдықтармен жасақталған, солардың ішінде электрокардиограф (ЭКГ), өкпені жасанды инвазивті және инвазивті емес желдету портативті аппараты, оттекті ингалятор, ларингоскоп, аспиратор, салмалы зембілі…

Read More

Коронавирус жұқтырған жамбылдық дәрігердің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасы дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Біз бұл бойынша қауіпті індетті жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаевамен телефон арқылы тілдесіп, айтқандарын шып-шырғасын бұзбай оқырманға жеткізуге тырыстық. Толқынай Ордабаева, Меркі аудандық емханасының инфекционист дәрігері: Мен сәуірдің 6-сынан бері Тараз қаласы Бейбітшілік көшесіндегі жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханада жатырмын. Сол күні сағат 12-де тапсырған сынамадан коронавирус жұқтырғаным анықталды. Қауіпті індетті жұқтырғаным белгілі болған соң, бас дәрігердің бұйрығымен үйімізге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, мені Таразға жеткізіп, осы ауруханаға жатқызды. Алғашында менің сынама тапсыруыма Меркі аудандық бас дәрігердің орынбасары Жаңыл Шойбекова қарсы болды. Бірақ, мен сәуірдің 2-сінен бастап өзімді әлсіз сезініп, дене…

Read More

Министр здравоохранения Казахстана Елжан Биртанов поделился прогнозами по поводу ситуации с коронавирусом. «Опыт других стран позволяет прогнозировать, что основной период заболеваемости придется на апрель-май, с пиком в первой половине апреля. В этот период мы прогнозируем порядка 3500 заболевших (сейчас 551. – Прим. автора)», – написал Биртанов на своей странице в Facebook. По данным Минздрава, карантинные меры позволили снизить темпы распространения коронавирусной инфекции с 52 процентов прироста 28 марта до 12 процентов за вчерашние сутки. «В дальнейшем, в летние месяцы, эпидемиологи ожидают спада темпов, но не полного прекращения эпидемии. Эксперты не исключают повторного сезонного подъема эпидемии осенью этого года», – добавил Биртанов. В связи с…

Read More

Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. 1) Төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады: медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары;Тараз қаласының жедел штабы (431516, 455985) рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары;тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар. 2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 3) Төмендегі жағдайларды қоспағанда,…

Read More

Сенбі күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралап, облыс орталығын абаттандыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы алдымен әл-Фараби және Төле би көшелерінің қиылысындағы аллея құрылысы басына барды. Жоба авторларының айтуынша, мұнда ұлы ойшылға ескерткіш орнату және қала тұрғындарының тынығуына арналған аумақты абаттандыру шаралары жоспарланған. Алайда, Тараз қаласының бір топ тұрғындары тұрғындары бұл құрылысқа қарсылықтарын білдіруде. Олардың бірқатары Бердібек Сапарбаевқа саябақ құрылысын басқа орынға ауыстыру туралы өтініштерін жеткізіп жүгінген болатын. Тұрғындар зираттың жанында орналасқан аумақта ескі жерлеу орындарының болуы мүмкін екендігін алға тартады. Аймақ басшысы…

Read More

2020 жылдың 5 сәуірінде, жексенбі күні, сіздер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (42 500 теңге) әлеуметтік төлемдерді алу үшін арнайы шотты, мына мекен-жайлар бойынша, Қазпошта бөлімшелерінде аша аласыздар: Төле би көш., 79Қазыбек би көш., 140Сатпаев көш., 9 (Телецентр)Жәйлау мөл. ауд., 5аТеатральная көш., 5бСамаркандская көш., 34Шөлдала мөл. ауд., Заводской көш., 13/2Кұмшағал мөл. ауд., Байстұрсынов көш., 4 Пошта бөлімшелерінің жұмыс уақыты: 09-00-ден 18-00-ге дейін.

Read More

Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланып, шектеулер қойылған сәттен бастап донорлардың саны күрт төмендеді. Осыған байланысты, аймақтағы полиция қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облыстық қан орталығының кезекті қан тапсырушылары Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов бастаған тергеушілер мен анықтаушылар болды. Қан тапсыру арқылы полиция қызметкерлері халыққа көмек көрсетуде тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен азаматтық белсенді көзқарастарын танытып, адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Қазір медицина қызметкерлері полициямен бірге пандемияның кеңінен таралмауына тосқауыл болуда алдыңғы қатарда қызмет етуде. Біз бүгін медицина қызметкерлеріне аз да болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймын,- деді Т.Оразымбетов. Қазіргі уақытта әлемдік дәрежеде таралған…

Read More

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа форматта оқыту түрі тек білім беру мекемелерін жоғары деңгейде компьютерлермен қамту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың үй жағдайында да гаджеттерге қол жетімділігін талап етеді. Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 пайызы оқушылардың қашықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі бар. Олардың қолда бар гаджеттерді үйде пайдалану жағдайы қарастырылған. Бұл орайда қалған 16 пайыз яғни 37,2 мың оқушы үшін қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр. Олардың…

Read More

6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының жаңа бұл бағыттағы дайындық барысы талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жуырда Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жергілікті мектептердің біріне бас сұғып, бірқатар жайтқа қанықты. Ондағы тозығы жеткен парталар мен тақталарда балалардың әлі күнге сабақ оқып жатқанын ескерсек, жоғары жылдамдықты интернет туралы айтудың өзі ұят. – Көзбояушылықпен айналысуды тоқтатыңыздар. Нақты ахуалды көрсетіңіздер. Әйтпесе, біз жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл тек білім беруде ғана емес, өңіордегі барлық салаға қатысты, – деді аймақ басшысы кеңес барысында…

Read More

Таразда көпбалалы отбасыларға бетперде таратылады. Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен коронавирустың алдын алу мақсатында 4000 мыңға жуық медициналық бетперделер дайындалып жатыр. Бұл маскаларды бірнеше рет қолдануға болады. «Бұл бетперделер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады. Бетперделерді қаладағы тігін шеберханалардың иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде дайындап жатыр. Бұл бастаманы Жуалы ауданының қыз-келіншектері де қолдап, өздері де арнайы маска тігіп жатыр», – деп пікір білдірді Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова.

Read More

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде. Ағымдағы жылы өңіріміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінге  дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын белсенді атқаруда. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айының соңындағы аудандардың мәліметі бойынша 93277 гектарда көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып,  99,2 пайызды,  292035 гектар жер өңделіп, 71,6 пайызды,  жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егіліп, 81,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар…

Read More

2020 жылдың 31 наурызынан бастап Жамбыл облысы аумағында енгізілген шектеу шараларына қоғам, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ұсынысы бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгертулер: 1) Облыс пен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайлардан бөлек көліктер мен жолаушылардың кіруіне және шығуына тыйым салынады: – транзиттік көлік құралдары; – емделуге жіберілген адамдар (қолында медицина ұйымдарының анықтамасы немесе жекеменшік емхананың шақыруы болған жағдайда); – облыс пен Тараз қаласында тұрақты жұмыс істейтін, қолында жеке куәлігі, жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар адамдар; – Жамбыл облысында уақытша немесе тұрақты тіркеуде тұрған,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен, абаттандыру жұмыстары және жекелеген білім беру нысандарының жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңестік кезеңде химия өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп те жергілікті экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі болатын. Таразда аяқ киім, резеңке бұйымдарын шығару, жүн өңдеу зауыттары жұмыс істеген. Бүгінде бұл сала Әлима Садықованың «Асыл-Ай» тігін шеберханасы секілді шағын кәсіпорындардың арқасында біртіндеп жанданып келеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аталмыш шеберханада дайындалатын мектеп формасының сапасының жоғарылығы мен құнының тиімділігін оң бағалады. ШОБ-тің кез келген субъектісі сияқты кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және өндірістік ғимараттардың тапшылғын…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен облыстық жедел штабтың кезекті отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шаралары сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, өңірде COVID-19 вирусымен ауырған адамдардың саны бұған дейін тіркелген 3 жағдаймен қалып отыр. Баяндамашы құқық қорғау органдарынан азаматтардың дәрігерлердің заңды талаптарына бағынбауына қатысты мәселелерді шешуге атсалысуын сұранды. Мұндай оқиға Қордай ауданында орын алған. Ондағы тұрғын тек ұзақ әңгімелесуден кейін ғана ауруханаға баруға көніп, қажетті талдауларды тапсырған. Талдау нәтижесі теріс болып шыққан, егер жағдай басқаша болғанда, онда мәселе тіпті күрделене түсуі…

Read More