Автор: admin

18 қазанда өз қызын қорлады деген Тараз тұрғыны Алматыда ұсталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. 36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға зәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Бұл жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген. Күдікті Алматы қаласында ұсталған. «Биыл 21 қазанда сағат 17.00 шамасында Алматы қаласында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған деген 36 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті ары қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін Тараз қаласына жеткізіледі», — деп жазды Жамбыл облысы ПД басшысы Арман Оразалиев Facebook.kz желісіндегі парақшасында. Ал тәртіп…

Read More

Жамбыл облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы барысында қызыл кітапқа енген жануарларды атқан аңшылар ұсталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы прокуратурасының бастамасымен республикалық «Охотзоопром» аңшылық инспекциясы және​ облыстық полиция департаменті қызметкерлерімен бірігіп, өңірдегі заңсыз аңшылықты анықтауға бағытталған іс-шараларды атқару барысында Қамқалы ауылына жақын маңда Тараз қаласының 31 және 36 жастағы тұрғындары Suzuki маркалы мотоциклімен ұсталды. Аталған азаматтардың көлігін тексеру кезінде 2 дана өлі қарақұйрық аңына ұқсас жануардың денесі мен бір денесіз жануардың басы, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді», — делінген хабарламада. Анықталған дерек аудан прокуратурасының арыз-шағымдарды есепке алу тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі…

Read More

Жамбыл облысының орталығында кәмелетке толмаған қызды қорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Ағымдағы жылдың 18 қазанында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 39 жастағы облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 17 қазан күні өзінің таныс адамының кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандығы, сондай-ақ «Thomson» маркалы теледидарын ұрлап кеткендігі туралы айтқан. Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі және 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта күдікті анықталып, полиция қызметкерлерімен 36 жастағы ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Істің толық…

Read More

Тараз қаласында химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 млрд. 931,8 млн. теңгенің өнімдерін өндірген немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 млрд. 157,2 млн. теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 млн. 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ, майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос…

Read More

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдауды аяқтады. Сыйлықақы- үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың бір түрі. ҮЕҰ-ды дамытуға қолдау көрсету, олардың әлеуетін арттыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады. Өтінімдер 2019 жылғы 1 шілдеден 2 қыркүйекке дейін қабылданған болатын. Жалпы үміткерлерден 134 өтініш келіп түсті (ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Олардың ішінен 14 өтінім келесі себептер бойынша кері қайтарылды: ҮЕҰ дерекқорында болмауы – 9 өтінім; ҮЕҰ филиалдарының өтінімдері – 3; құжаттар пакетінің толық болмауы – 2 өтінім. Министрліктің мәліметіметінше «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және…

Read More

На одной из главных улиц Кордайского района Жамбылской области задержан водитель Mercedes-Benz, который дрифтовал на проезжей части, передает Tengrinews.kz со ссылкой на пресс-службу ДП области. Нарушитель был задержан сотрудниками спецвзвода Управления местной полицейской службы Департамента полиции Жамбылской области. В отношении водителя Mercedes-Benz составлены три административных протокола по статьям 613 части 1 КоАП РК (невыполнение законного требования сотрудника полиции об остановке транспортного средства), 606 части 1 КоАП РК (нарушение участником дорожного движения правил дорожного движения, повлекшее создание аварийной обстановки, то есть вынудившее других участников движения резко изменить скорость, направление движения) и 590 части 5 КоАП РК (управление транспортными средствами, не отвечающими требованиям технических регламентов, национальных стандартов, а…

Read More

Қай салаға салсаңыз да әңгімені талдап, таразылап айтатын, бақытын бүліктен емес, білімнен тапқан азаматтар болады. Солардың бірі – Сейтжан Өскенбаев еді. Ол аудандық білім бөлімін басқарған кезеңді әріптестері аңыз ғып айтады. Ұзақ жылдар бойы Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінің директоры қызметін де абыроймен атқарды. Жә, біздің айтпағымыз бұл емес. Жадында адам баласының бойынан қайраткерліктің ұшқынын байқасақ, кісі баласы елдік мүддені өзінен биік қоя білсе, одан артық не керек? Сол Секең аудандық мәслихаттың депутаты бола жүріп, жұрттың жүрегіндегі мәселелерді көтерді, олардың оң шешім табуына тікелей үлес қосты. Бастықтармен жиі «ұстасты». Тіпті қудаланды. Сондағысы адалдық үшін күрескені өзіне жау болды. Бірақ оның…

Read More

Ілгеріде бір кездесуімде Жүрсін ағама @zhursin_yerman «келесі айтыстарда ақындарды сахнада, яғни, жұрт көзінше жұптасаңыз дұрыс әрі әділетті болады»- деп ұсыныс айтып едім. Ол кісі де осы идеяның көптен бері жоспарында жүргенін, қарсы емес екенін білдірген болатын. Бұл — менің ойлап тапқан жаңалығым емес, айтыс әділетті әрі таза өтуі үшін айтыскерлер сахнада, елдің көзінше жұпталуы тиіс екенін ақын Ринат Зайытов та бір емес, бірнеше рет айтқан еді, өзім куә. Менің ойымша, қазіргі айтыскер ақындардың көпшілігі суырып салып, ‘тап бермеде тауып айтатындай’ өте жоғары деңгейде. Сондықтан бұл тәсіл ақындарды да, айтысты да жаңа деңгейге көтермесе, зияны жоқ деп ойлаймын. Биыл бірінші рет Қырғыз Республикасына…

Read More

 2019 жылдың 16 қазанынан «Арбат» жаяу жүргіншілер кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Төле би даңғылы Байзақ батыр көшесінен С. Аққозиев көшесі аралығы жолаушы көліктерінің қатынауына жабылатын болады, — деп хабарлайды Тarazy.kz Тараз қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Осыған орай, жолаушы бағыттарының жүру схемалары төмендегідей өзгертіліп, қатынайды: — № 23 автобус бағыты Пушкин көшесінен Байтасов көшесі арқылы Аскаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен); — № 47 автобус бағыты Төле би даңғылынан Бектұрғанов көшесіне, Пушкин көшесіне, Байтасов көшесі арқылы А.Аскаров көшесімен әрі қарай өзінің бағытымен (қайтарда да сол бағытпен); — № 13, №14, №19, №27, №46,…

Read More

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы мен Мойынқұм ауданы арасында әуе тасымалы іске қосылады. Бұл туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ауданға арнайы барған жұмыс сапары барысында жауаптыларға нақты тапсырма берген болатын. Мойынқұм – облыс орталығынан ең шалғайда жатқан аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығы қатынап жүрген жолаушылардың көптен көңілінде жүргені даусыз. Бұл мәселе енді оңынан шешілмек.«Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, облысымыздағы шағын авиацияны дамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда, облысымыздың орталығынан Мойынқұм және Төле би ауылдарына әуе маршруттарын ашу мүмкіндіктерін зерделеу, соның ішінде қажеттілікті анықтау, әуеайлақ салуға кететін шығын көлемін анықтау бойынша жұмыстарын жүргізілуде»,-дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары…

Read More