Автор: admin

Республикалық бюджеттен инфрақұрылым тартуға (2,0 миллиард теңгеге дейін) қаражат қарастыру үшін 10,0 миллиард теңгеге жобалар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасының жанындағы Әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету ораталығымен бірлесе «Қарапайым заттардың экономикасы» бағытын дамыту мақсатында, бизнес–жобаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 миллиард теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 200 миллиард теңгесі агро өнеркәсіп кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеуге бағытталмақ. Жеңілдетілген несие бойынша екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 пайызбен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның…

Read More

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2018 жылы – 154 миллиард 68,5 миллион теңге), физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Өткен жылмен салыстырғанда 29 миллиард 929,9 миллион теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (357,9 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты (2018 жылы – 432,4 мың теңге). Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: өңдеу өнеркәсібінде 149 миллиард 830,8 миллион теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9 пайыз құрады (2018 жылы – 117 547,1 миллион теңге); кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 миллион теңге немесе нақты…

Read More

Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015–2019 жылдарға арналған индустриялды–инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2019 жылы жалпы құны 4 миллиард 47,0 миллион теңгені құрайтын  2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделген, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ: «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 миллиард 870 миллион теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 миллиард 177 миллион теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297…

Read More

2019 жылы әлеуметтік салаға 35 миллиард 775,7 миллион теңге немесе қала бюджетінің 49,9 пайыз бағытталды. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 4 миллиард 319,6 миллион теңге қарастырылған (2018 жылы – 2 миллиард 23,1 миллион теңге), — деп хабарлайды Tarazy.kz. 2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында 2 миллиард 446,2 миллион теңгеге 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2804 отбасына 113,2 миллион теңгеге тұрғын үй көмегі, 7438 отбасының 37184 адамына 2 миллиард 333,0 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3875 азамат қамтылды, оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 1727 адам, әлеуметтік жұмыс…

Read More

24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде орналасқан көп қабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйде 9 жастағы қызға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Facebook желісіндегі «Тараз. Открытый Диалог» тобына сілтеме жасап. Аталған дерек бойынша Тараз қаласының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (жас балаға азғындық әрекет жасау). Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толығымен…

Read More

Кәсіпкерлер палатасының алаңында ісін жаңадан бастап келе жатқан және де өз ісін бастағысы келетін болашақ кәсіпкерлер бизнесті жүргізудегі жеткіліксіз білімдерін алып, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Өңірлік палатаның бизнес-жаттықтырушысы Гульмира Метерованың айтуынша, жыл сайын бизнесті жүргізу бойынша білім алуға үміткерлердің саны өсіп келеді. Мысалы, биыл «Бизнес-кеңесшіні» онлайн оқып, 943 адам аталған оқу бойынша сертификаттар алған. Бұлармен бірге Жамбыл облысына берілген жоспардағы 210 адам, сондай-ақ оффлайн түрде оқыған 620 адам оқыған. Мәселен, 19-20 қыркүйек күндері өткен оқыту семинарында 65 адам қамтылды. Егер де Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында грант алу үшін өтінім беруге ниет білдірсеңіз, «Бизнес-Кеңесші» жобасы…

Read More

Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев бір топ жергілікті жас ақындармен кездесіп, әдебиет тақырыбында емен-жарқын әңгімелесті. Әкімнің өзі «галстуксыз жүздесу» деп атаған іс-шараны жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізіп отырды. Басқосуға жиырмаға жуық жас ақын қатысты. Бұл күні ақындар жыр оқыды, гитарамен ретроға айнала бастаған әндерді де шырқады. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде алғаш сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман жастардың көкейінде жүрген бірқатар мәселені тарқатып айтты. «Тараз топырағында қала басшысының ақындармен кездесуі көптен бері болмаған еді. Бүгін сол олқылықтың орнын толтырып, жастардың жанынан табылып отырғаныңыз үшін алдымен зор алғысымды білдіремін. Тараз — шайырлардың…

Read More

2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында инфляция деңгейі 3,0 пайызды құрады (оның ішінде: азық–түлік тауарлары – 6,0 пайызға, азық–түлік емес тауарлар – 2,7 пайызға өссе, ақылы қызметтер тарифі – 0,6 пайызға төмендеген), — деп хабарлайды Tarazy.kz. Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының 33 көрсеткішіне сәйкес, қалада әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының бағалары өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 23 көрсеткіш бойынша 5,8 пайызға төмендеп, 4 көрсеткіш 11,2 пайызға өскен (ол: нан 1–ші сұрыпты, сиыр еті, қой еті, пияз және сәбіз). Ал қалған 6 көрсеткіш сол деңгейде қалып отыр. 2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 30 миллиард…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы бойынша ауылшаруашылық саласында 2 миллиард 913,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады (2018 жылы – 2 879,7 миллион теңге), — деп хабарлайды Tarazy.kz. Мал шаруашылығы бойынша 924,3 миллион теңгеге (2018 жылы – 827,5 миллион теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 1 миллиард 766,7 миллион теңгеге (2018 жылы – 1 801,9 миллион теңге) өнім өндірілген. Осы сала бойынша ірі қара мал – 263 басқа немесе 5,8 пайызға (2018 жылы – 4545 бас, 2019 жылы – 4808 бас), жылқы 2 басқа немесе 0,2 пайызға (2018 жылы – 1134 бас 2019 жылы – 1136 бас), ешкі – 47…

Read More

Қазақстанның индустриялды картасынан тыс, бір инвестициялық  жоба  іске асырылуда. «GOODLOOK» ЖШС–нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жобаның құны – 1 миллиард 264 миллион теңге, қуаттылығы жылына 160,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 36 бірлік.  Қазіргі таңда қосымша инвестициялар тарту мақсатында, Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында («Тараз металлугиялық зауыты» ЖШС–і жанынан) орналасқан 94,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Аталған аймаққа инженерлік инфрақұрылым тарту үшін жобалық–сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 29 тамызында №3034 Қаулысымен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай–коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берілді. Бүгінгі…

Read More