Автор: admin

Үшінші дүниежүзіліс соғыс басталып, жаппай жою құралы қолданылса, бұл өркениетіміз үшін соңғы шайқас болады. Мұндай пікірді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып, жаппай жою құралы қолданылса, бұл өркениетіміз үшін соңғы шайқас болады. Қақтығыссыз өмір сүру, қорқынышсыз өмір, ертеңгі күнге, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген сенімге мұқтаждық бұрыннан қалыптасты», — деді Назарбаев IV Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері жиынында. Оның айтуынша, Жердің барлық тұрғыны ядролық қарусыздандырумен ғаламдық күреске араласып, ғаламшардағы өмірді қорғауға белсенді атсалысуы керек. Назарбаев елдердің парламентерийлерін саясаткерлерге ықпал етуге шақырды. «Ақыр-аяғы, парламентаралық одақ 1889 жылы құрылған, бүгін оған 130 жыл толды, 1919 жылғы Ұлттар…

Read More

23 қыркүйекте №91 «Қызылорда — Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз — Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, — деп хабарлайды «Елорда Инфо» «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. «6-шы вагонда келе жатқан Гүлнұр Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігер іздеді. Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандары, атап айтқанда Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның сапар шегіп бара жатқаны анықталды. Бірден 6 вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алды. Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді», — делінген хабарламада. Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар…

Read More

Бүгінде облыста білім саласын цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы өңір мектептері 161 робототехника кабинетімен жабдықталған болса, жаңа оқу жылында ол көрсеткіш 49-ға артып, 210 мектепке жеткен. Жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашу көзделіп, көрсеткішті елу пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Сонымен қоса, басқосуда облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова білім беру мекемелерінде IT сабақтарының және робототехника үйірмелерінің ұйымдастырылу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша бұл бағытта оқыту шаралары үйірмелер және таңдау курстары есебінен информатика пәндерінің мұғалімдерімен жүргізілуде екен. Жалпы, облыс мектептерінде барлығы 790 информатика мұғалімдері жұмыс істесе,…

Read More

31 жастағы әйел қозғалыс кезінде тамбурдағы есіктен құлап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 20 қыркүйекте таңғы 05.00 шамасында болған. Әйел адам Алматыдан Қостанайға қатынайтын пойызда болған. «Шу станциясының желілік полиция бөлімшесіне Шығанақ — Мыңарал 1328-шақырымында жолаушылар пойызында 31 жастағы әйел вагондардың бірінің тамбурының есігінен құлап кеткен. Соның салдарынан ол жарақат алды», — деді көліктегі полиция департаментінің өкілдері. Әйел Приозерск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын…

Read More

Заведующая детским садом «Бөбек» отдела образования акимата Мойынкумского района осуждена за хищение бюджетных средств, передает Антикоррупционную служба. «Департаментом Антикоррупционной службы Жамбылской области закончено досудебное расследование в отношении заведующей детским садом «Бөбек» отдела образования акимата Мойынкумского района Абдрамановой Л. М. по факту хищения бюджетных средств», — говорится в официальном сообщении. Сообщается, что она подозревалась в хищении денежных средств в сумме свыше 600 тысяч тенге. Женщина перечисляла деньги со счета детского сада на свой личный карточный счет. «18 сентября приговором суда Мойынкумского района Абдрамановой Л. М. за хищение бюджетных средств назначено наказание в виде штрафа в сумме 5,2 миллиона тенге, с пожизненным лишением права…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Елдік елге байланысты» атты форум барысына бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер арқау болды,-деп хабарлайды tarazy.kz. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға облыс бойынша ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, билер кеңесінің мүшелері, ұлттық мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, оқытушылар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатына негізделген форумда қоғамдағы кертартпалық пен ысырапшылықтар жайы сөз болды. Шараны облыстық мәслихат депутаты Масат Берік жүргізіп отырды. Кеш барысында алдын-ала жазылған спикерлер сөз сөйлеп, орамды ойларын ортаға салды. Облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің…

Read More

Тараз қаласында алдағы жылыту маусымы қарсаңында адамдардың өлімі мен жарақаттануын, сондай-ақ табиғи және ысты газдан улануын болдырмау мақсатында жер үйлерге датчиктер орнатылуда. Бүгінгі күнге дейін 1673 дана газ сараптауыш құралы орнатылды. Жұмыстарды Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мекемесімен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі» айлығы аясында жүзеге асыруда. «Газ сараптауыш қондырғыларды тұрғын үй секторында орнату жалғасуда. Тұрғын үйде автономды сигнализатор немесе улы газды анықтайтын датчикті орнату арқылы уланудың алдын алуға болады», — Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Омар Такеев. Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан Тараз қаласы аумағында табиғи газбен…

Read More

Аптаның соңғы жұмыс күндері жамбылдық полицейлер үшін ерекше іс-шараларға толы болды. Атап айтқанда, 19 қыркүйекте бірден бес фронт-кеңсе ашылса, бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылдыққа екінші рет халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Ал кешке қарай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековпен бірге патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті. Облыс тұрғындарымен кездесу Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті, кездесуге келген халықтың көпшілігі залға сыймады. Өзінің кіріспе сөзінде Арман Оразалиев құқық қорғау органдары ашықтық пен жариялылық қағидаттарын енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, халықпен тығыз байланыс орнату бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.…

Read More

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы монгиторинг жүргізіп бірқатар кемшіліктер анықтады. Кірістер департаментінің ұсынған ақпаратына сәйкес, Меркі және Қордай аудандарындағы өткізу пунктерінде жұмыс жасайтын экспорттық бақылау қызметкерлерінің басым бөлігі Тараз қаласында тұрып, өткізу пунктеріне қатынап жұмыс атқаратындығы белгілі болды. Бұған қоса, мониторингпен аталған қызметкерлерге бюджеттен іссапар шығындары, сондай-ақ қосымша ақылар төленбейтіндігі анықталды. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге қолайсыздық туындатып, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің пайда болуына жол ашады. Мониторинг барсысында Кірістер департаментінің ұсынған ақпараты негізінде, «Қарасу» өткізу пункті арқылы 53 автокөлікті тіркемей…

Read More

Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасын Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі белсенді іске асырып келеді. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген. Бағдарламаның «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында ағымдағы жылы қала деңгейінде 245 іс-шара өткізіліп, оған 24327 адам қамтылды. Аталған іс-шаралардың барлығы дерлік мекемелердің ресми сайттарында  әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-тың баспа беттерінде 72 мақала жарық көрді. Бөлімнің жоспарына сәйкес бүгінгі күні 25 іс-шара іске…

Read More