Автор: admin

Таразда 2 қыркүйекте іске қосылған қосылған JÁRDEM-109 коммуналдық мекемесінің байланыс орталығына 276 өтініш түскен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 1000-нан аса қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық іске қосылды. Бұл тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз орын болып табылады. Тұрғындардың өтінімдері барлық байланыс арналары арқылы қабылданып, әрі қарай мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық мекемелерге жіберіледі. «JÁRDEM-109» бірыңғай байланыс орталығының бағыты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру. Аталған әмбебап көмекші каталогында 1000-нан астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады. Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі де беріледі. Қыркүйек айының екінші…

Read More

Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда. «Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын», — делінген хабарламада. Қырымбек Көшербаев Әкімшілік басшысы қызметінде 82 күн болды. Айта кетейік, Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Ерлан Қошанов 57 жаста. Ол 1962 жылы 14 сәуірде Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары — Мәжілістегі, Парламенттегі Үкіметтің өкіл қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған. 2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болған.

Read More

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропа елдерінде қызылша ауруының кең таралуы және өсуі екпенің дер кезінде салынбағандығынан деп танылған болатын. Жамбыл облысында қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталды. Екпе 20 мен 29 жас аралығындағы жастарға міндетті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Надуев айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропа елдерінде қызылша ауруының кең таралуы және өсуі екпенің дер кезінде салынбағандығынан деп танылған болатын. Мұндай қолайсыздық Қазақстанды да айналып өтпеді. Мамандардың айтуынша, 2018 жылдың қараша айынан бастап біздің елде де қызылша ауруына шалдығушылар саны артқан. — Қызылша аурушаңдығы…

Read More

Жамбылда «Мектепке жол» акциясы аясында бүгінге дейін 29 927 балаға 435 миллион 224 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Бұл ағымдағы жылғы 1 шілде мен 16 қыркүйек аралығындағы көрсеткіш. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөзге жауапты маманының берген мәліметіне сүйенсек,  бұл басқарманың ұйымдастыруымен өтіп жатқан осынау дәстүрлі жалпы республикалық акциясы жыл бойы жалғасатын болады. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігі тарапынан бекітілді. Акция аясында өңірдегі түрлі себептермен оқумен қамтылмай отырмай отырған мектеп жасындағы балаларды анықтау мақсатында 1 шілде – 16 қыркүйек аралығында 1276 рейдтік іс-шара жүргізілді. Оған білім беру және балалардың құқығын қорғау…

Read More

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 911 азамат деструктивті діни ағымдардың ықпалында жүр. Жамбыл облыстық дін істері басқармасы ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің басшысы Еркебұлан Ақбайдың айтуынша, өңірде оңалту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. — 2015 жылдан бүгінге дейін жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, деструктивті діни бағыттағы 679 азамат қоғамға бейімделсе, оның 118-іне ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді. Оның ішінде 11 азамат жастар санатына кіреді. Аталған жұмыстар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ұсынылған оңалту критерийлеріне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жыл ішінде теолог мамандар тарапынан түзеу мекемелеріндегі 172 адаммен жеке…

Read More

ҚР «Салық кодексінің» 127 бабына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша МКД салықтары бойынша берешегі бар азаматтардың тізімін жариялады. Тізімде борышы жарты миллионнан асып кеткен азаматтар да бар, — деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. Салықтарды төлеу туралы міндеттеме мемлекетіміздің Ата заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабында белгіленген, атап айтқанда заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. Салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін жеке тұлғалардың мекенжайларына есептелген салық сомасы көрсетілген хабарламалар алдына ала жолданады. Сонымен қатар, жеке тұлға өзіне қатысты салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, есептелген салықтарды міндетті түрде мәжбүрлеп алынуы қамтамасыз…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Отбасы күніне орай оқырмандар арасында отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында «Ынтымағы жарасқан отбасы» тақырыбында өнегелі, өнерлі Қамбатыровтар отбасымен кездесу кешін ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері отбасы кіші әлеуметтік топ, ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеті мен рухани құндылығының қазынасы дей келе, қанша жыл отасса да бірлігі мен берекесі таймаған, күннің шуағындай жылылығымен баурайтын мерейлі айтыскер-ақын Ербол Қамбатыров пен ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, еліміздің Білім беру ісінің үздігі Үміт Битенованың отбасымен таныстырды. Үлгілі отбасы Үміт Битенова мен Ербол Қамбатыров кездесу…

Read More

Тараздықтарға ыстық суды жыл он екі ай бойы пайдалануға жағдай жасалуда. Осылайша, жылдар бойы күрмеуі тарқатылмай келе жатқан мәселелер шешімін таппақ, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Аталған шаруаның төңірегінде жұмыс барысын энергетика саласының мамандары «Тараз энерго орталығында» өткен жиында шетелдік компания өкілдерімен талқылады. Айта кетейік, 55 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан «Тараз энерго орталығындағы» қондырғылардың едәуір бөлігінің тозығы жеткен. Барлық құрылғылар мен жабдықтар жаңалауды қажет етеді. Басқосу барысында да модернизациялау мәселесі қаралып, алдағы он жыл ішінде қайта құру жұмыстарын шет елдік компания өкілдерімен бірлесе отырып шешу мәселесі қаралды. «Тараз энерго…

Read More

Жамбыл обылсының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде Сібір жарасын жұқтырған адамдардың жағдайын айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. «Ресми мәлімет бойынша, төрт адам ауру жұқтырған, олар ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ. Алдағы екі күнде олар ауруханада шығарылады. Қазірші уақытта олармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, соның аясында қажетті шаралар қабылданатын болады», — деді Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында. «Бізге карантин енгізу үшін, Қазақстанның бас ветеринариялық дәрігерінің ресми шешімі қажет. Әзірге Ветеринария комитетінен ондай нұсқаулықтар түскен жоқ, сол себепті біз өздігімізден ондай карантин енгізе алмаймыз», — деді Асқар Мырзахметов. Айта кетейік, Жамбылда күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханада жатыр. Аса қауіпті індеттке…

Read More

Бірінші сынып оқушысын кәмелетке толмаған оқушы мотоциклмен қағып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 қыркүйек сағат 20:10 да Қобда ауданында Racer 110N мотоциклінің кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы Әбілқайыр хан көшесі 41-інші үйдің жанында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қақты», — делінген хабарламада. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бірінші сынып оқушысын Қобда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. «Осыған орай, ата-аналарға балаларына мұқият болуды, көлік құралдарын жүргізуге рұқсат бермеуін сұраймыз», — делінген хабарламада.

Read More