Автор: admin

Тұрғындардың тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта өңірде қолға алынып отырған ауқымды пилоттық жобаға старт беруге облыс сақадай-сай. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов баяндады. Ашығын айту керек, ауылды жердегі халықты жаппай жұмыспен қамтудың бірден бір жолы – ол қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту. Осы орайда бұған дейін хабарлағанымыздай облыс әкімінің өзі бастаған жұмысшы топ өңірдегі барлық аудан, ауылдық елдімекендерге арнайы барып, 138 мың аула толық зерделенген болатын. Талдау нәтижесі көрсеткендей, салыстырмалы түрде тұрғындар қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдыра алмай отыр. Себеп – тиісті ұйымдастыру жұмыстарының жоқтығы. Осы тұрғыда зерделеу барысында тұрғындардың…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Қазақстан Президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады», — деп жазды Берік Уәли.

Read More

Жамбыл облысында 4 күнде 700-ге жуық шетел азаматы жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Олар ел аумағында жүріп-тұру ережесін өрсекел бұзған. Қазір 4 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оның біреуі адамдардың көшіп-қонуын заңсыз ұйымдастырып келген. Басым көпшілігі құжаттарын уақытылы рәсімдемейді. Олар негізінен Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, келімсектер саны жылдағыдан артқан. Олардың дені жұмыс іздеп, табыс табу мақсатында келеді. Жедел алдын алу шарасы кезінде аймақта жүрген 152 шетелдік Қазақстан шекарасынан шығарылды. Қалғандарына ескерту жасалған. «Көші-қон қызметі заңы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасап, соттың шешімін дұрыс орындамағаны үшін тартылған азаматтар. Жеке адамдарға жұмысқа келген адамдар бар. Немесе компаниялар,…

Read More

Өңірде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарламаларды іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан және жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырылған. Осы орайда аталған қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарының партия фракциясы жанындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссия мүшелері облыс орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына рейдке шықты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 45 жобаны іске асыруға 16,6 миллиард теңге қарастырылыпты. Оның ішінде «Жылумен қамту жүйелерін жаңғырту» бағыты бойынша республикалық…

Read More

Колумбияның Попаян қаласында бортында жеті жолаушы екі ұшқыш болған жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады. Осы дерекке қатысты Колумбияның азаматтық авиация басқармасы тергеу бастады. Апат салдарынан жеті адам қаза тапты, — деп хабарлайды Reuters. Попаян қаласының басшысы тірі қалған екі адамды ауруханаға жеткізгенін айтты. Colambia Reports мәліметінше, Попаян әуежайынан Лопес-де-Микай қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген бетте құлаған. Ұшақ қаланың оңтүстік батысындағы үйлердің бірінің үстіне құлаған. Сол үйдің екі тұрғыны ауыр жарақат алған, жағдайы мүшкіл. Зардап шеккендердің арасында, он жастағы бала да бар, оның жағдайы тұрақты. Колумбия президенті Иван Дуке Twitter желісіндегі парақшасында қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Үкімет зардап шеккендерге көмек көрсететінін айтты. https://twitter.com/JuliAlexRuiz/status/1173369874095202306?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1173369874095202306&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fkolumbiyada-jenlmotorlyik-ushak-apatka-ushyiradyi-7-adam-301110%2F

Read More

«Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Сене алар емеспін. Ардақты ағайын… Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық… Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына…

Read More

Жамбылда күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханада жатыр. Аса қауіпті індеттке шалдыққан науқастардың жағдайы қалыпты дейді ақ халаттылар. Ал мал дәрігерлері бұл кеселдің қайдан келгенін білмей бас қатырып жатыр, — деп хабарлайды КТК арнасы. «Тиісті ем қабылдауда. Жұқпалы аурулар ауруханасында 20 күндей ем қабылдайды. Сібір жарасы адам өміріне өте қауіпті. Өйткені бұл аса қауіпті індет», — дейді Жамбыл облыстық инфекциялық аурулардың қатерлерін бақылау кеңестік-әдістемелік орталық жетекшісі Гүлфайра Мырзабекова. Науқастың біреуі — Жуалы ауданы Шақпақ ауылындағы шаруа қожалылығының шопаны. Ал екіншісі — әйелі. Өзге екі азамат — қасапшы. Соңғы екеуі — Жамбыл ауданының тұрғындары. Бұларға аса қауіпті індет мал сойған кезде жұққан деген күдік бар. Өйткені өздері…

Read More

Жамбыл облысында күзгі жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өңір шаруалары дәнді-дақылдарды толықтай орып, қамбаға 800 мың тонна дән түсті, деп хабарлайды Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ке артық. Аймақта техникалық дақылдарды жинау жұмыстары да басталып кеткен. Бүгінде 10 мың гектар картоптың жартысынан көбі жинап алынды. Енді шаруалар қант қызылшасын дер кезінде теріп алуға дайындалуда. Биыл Жамбыл өңірінде қант қызылшасы алқабының көлемі  жылдағыдан әлдеқайда кем. Жыл басында балтамырды 9 мың гектар жерге себу жоспарланған. Алайда қант зауыттары шаруаларға өткен жылғы өнімнің ақшасын уақытылы төлемегендіктен шаруалар тәуекелге бармады. Салдарынан қант қызылшасы бар-жоғы 5600 гектарға себілді. «Біз 100 гектар егейін деп едік, 50 гектар…

Read More

Қоқандта халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің бірінші халықаралық фестивалі өтті. Оған әлемнің 78 елінен 370-тен астам шебер қатысты. Көрмеде қайталанбас қолөнер мен халықтық және заманауи сәндік бұйымдар қойылды. Шеберлер көрмені тамашалап келген жұртқа ұсталық өнердің қыр-сырын көрсетті. Фестиваль аясында жастарға белгілі суретшілер мен дизайнерлер шеберлік сабақтарын өткізді. ЮНЕСКО қолдау білдірген фестивальде Өзбекстандағы 12 облыспен қатар Қарақалпақстан автономиялық Республикасының және әлемнің түпкір-түпкірнен келген қолөнер шеберлердің мыңдаған туындысын көрерменге паш етті. Халықаралық шараның ашылуына арнайы қатысқан Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев «Халықтық қолөнер ұлттық мәдениетінің ажырамыс бөлігі және өркенниеттің бастауы», деп атап өтті.  Екі мың жылдық тарихы бар көне қаланың орталық саябағына темірден түйілген…

Read More

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. «Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», — деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов. https://youtu.be/8qeVYEDhuEk Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тоғыз адам зардап шеккен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрды. Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қалалық…

Read More